Семей қаласының әкімдігі
3.05K subscribers
10.2K photos
2.75K videos
9 files
783 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
♻️Сенбілік нәтижесі: Тазалықты ту еткен күн

Табиғатты аялауға, туған қаламыздың тазалығына бейжай қарамайтын 20 мыңға жуық семейлік сенбілікке белсене атсалысты.

Қала көшелері мен аулаларын, қоғамдық орындар мен жасыл аймақтарды тазалау жұмыстарына 75 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 16 саябақ тазартылып, жалпы көлемі 1000 шаршы метрден астам қатты тұрмыстық қалдық шығарылды.

Бұл сенбілік – тек тазалық шарасы ғана емес, бірлік пен жауапкершіліктің, қоршаған ортаға деген қамқор көзқарастың көрінісі болды. Семейліктердің белсенділігі мен ауызбіршілігі қаламыздың келбетін жақсартуға зор үлес қосты.

Тазалық – әрбіріміздің ортақ міндетіміз. Алда әлі талай игі істер күтіп тұр. Сенбіліктер 31 мамырға дейін жалғасатын болады. Табиғатты аялап, қоршаған ортаға жанашыр болайық!

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Семей қаласының әкімдігі
♻️Сенбілік нәтижесі: Тазалықты ту еткен күн Табиғатты аялауға, туған қаламыздың тазалығына бейжай қарамайтын 20 мыңға жуық семейлік сенбілікке белсене атсалысты. Қала көшелері мен аулаларын, қоғамдық орындар мен жасыл аймақтарды тазалау жұмыстарына 75…
♻️Итоги субботника: День под знаком чистоты

Около 20 тысяч жителей Семея, неравнодушных к окружающей среде и чистоте родного города, приняли активное участие в общегородском субботнике.

Для уборки улиц, дворов, общественных пространств и зелёных зон было привлечено 75 единиц специальной техники. В результате очищены 16 парков, вывезено более 1000 кубометров твёрдых бытовых отходов.

Этот субботник стал не просто мероприятием по наведению порядка, а настоящим проявлением единства, ответственности и бережного отношения к природе. Активность и сплочённость семейцев внесли весомый вклад в улучшение облика города.

Чистота — наша общая ответственность. Впереди ещё много полезных дел: субботники в Семее продолжатся до 31 мая. Давайте вместе беречь природу и заботиться об окружающей среде!

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#АкиматГородаСемей
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📷Шығыс кенті:
📷Пос. Восточный:
📷Водный кенті:
📷Пос. Водный:
📷343 квартал:
📷343 квартал:
📷Степной кенті:
📷Пос. Степной:
🔺Семей қаласында жылыту маусымы аяқталуға жақын

Семей қаласында 2024-2025 жылғы жылыту маусымы аяқталуға жақын. Қала әкімі Талғат Мұратов жылыту маусымының нәтижесі мен келесі маусымға дайындықты жоспарлау үшін жиын өткізді.

Биыл жылыту маусымы ақаусыз өтіп, орталықтандырылған жылыту жүйесімен барлығы 2 535 тұрғын үй, 2 404 заңды тұлға (ЖШС, АҚ, ЖК), 134 білім беру мекемесі, 37 денсаулық сақтау ұйымы, 26 әкімшілік ғимарат қамтылды.

Ауа райының жылынуына байланысты қалада 10 сәуірден бастап жылу беру кезең-кезеңімен өшіріле бастайды.

2024 жылы жоспар бойынша ЖЭО–1 және 9 жылу көзінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ұзындығы 3,76 шақырым болатын ОЖП-518 және кварталіші жылу желілерінің реконструкциясы аяқталды. Ал 2025 жылы 12 жылу көзін жөндеу жоспарланған.

Аталған жұмыстар келесі жылу маусымына дайындықты сапалы түрде қамтамасыз ету мақсатында жүргізілмек.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM