Семей қаласының әкімдігі
2.91K subscribers
11K photos
2.83K videos
9 files
955 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
🏫Семей қаласының Қарағайлы ықшам ауданында 1200 орындық мектеп ашылды

Бүгін Семей қаласының Қарағайлы ықшам ауданында 1200 орындық мектеп пайдалануға берілді. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған №51 білім ордасының ашылу салтанатына облыс әкімі Берік Уәли, «Самұрық Қазына констракшн» АҚ басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов, білім саласының ардагерлері, ақсақалдар және ата-аналар қатысты.

🔺Жаңа да жайлы мектепте оқушылардың жан-жақты білім алуына барлық жағдай жасалған. Заманауи жабдықтармен толық қамтамасыз етілген білім ордасында 65 сынып-комплект бар. Оның ішінде екі мектепалды даярлық сыныбы жұмыс істейді. Мектепте 100-ге жуық педагог еңбек етеді.

➡️Жаңа мектеп 33 оқу кабинетімен қатар, үш информатика кабинеті, робототехника сыныбы, STEM зертханасы, графика және модельдеу, мультимедиа, визуалды өнер пәндік кабинеттерімен жабдықталған.

📌Сондай-ақ «үй мәдениеті» мен «тамақтану мәдениеті» шеберханалары қарастырылған. 250 орындық акт залы, 338 орындық асхана, ресурстық орталық пен кітапхана, екі спорт залы, екі футбол алаңы оқушылардың шығармашылық, интеллектуалдық, спорттық тұрғыдан дамуына мүмкіндік береді.

⚡️Аймақ басшысы жаңа мектептің ашылу салтанатында сөйлеген құттықтау сөзінде білім ордасының Қарағайлы ықшам ауданы үшін ғана емес, қала тұрғындары үшін маңызы зор екенін атап өтті.

«Өздеріңіз жақсы білесіздер, Мемлекет басшысы өз Жолдауында «Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс» деп «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыруды тапсырған болатын. Бүгін, міне, осы жоба аясында Абай облысындағы алғашқы мектепті пайдалануға беріп жатырмыз. Оқушылар мен ата-аналар бұл күнді асыға күтті. Біз де әкімдік тарапынан мектептердің тезірек, төртінші тоқсанда пайдалануға берілуіне күш салдық. Бұған дейін қаланың басқа мектептеріне қатынап оқыған оқушыларға тамаша тарту жасадық деп ойлаймын. Білім ордасының барлық ұстаздары мен оқушыларына үздік жетістіктер мен жарқын болашақ тілеймін. Жаңа да жайлы мектеп құтты болсын» деді облыс әкімі.


➡️Аймақ басшысы облыста «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 5 мектеп салу жоспарланғанын, бүгін Бесқарағай ауданында 300 орындық мектеп ашылатынын, жаңа оқу жылында Семей қаласы мен Аягөз қаласында екі білім ордасы пайдалануға берілетінін айтты.

⚡️Облыс әкімі ашылу салтанатынан соң қонақтармен бірге мектептің кабинеттері, кітапханасы, зертханаларын және шеберханаларын аралап, спорт залдары мен футбол алаңын көрді. Оқушылармен, мұғалімдермен пікірлесіп, жаңа мектептегі жаңа қадамдарына сәттілік тіледі.
Оқушылардың ата-аналары жаңа ықшам ауданның екінші мектеппен толыққанына ризашылықтарын жеткізді.

«Жаңа мектептің салынуы Қарағайлы тұрғындарының көптен бергі арманы еді. Ықшам ауданның ата-аналары балаларын қаланың түкпір-түкпіріндегі мектептерге түрлі көлікпен тасып, қиналып жүруші еді. Өйткені, Қарағайлыда жалғыз ғана мектеп болды. Бүгін осы мәселе шешімін тауып, қуанышқа бөленіп отырмыз. Жаңа мектепте оқушыларға не керектің бәрі бар. Барлық жағдай жасалған. Осындай мектеп салып бергені үшін Президентімізге алғыс айтамыз», - деді Қарағайлы ықшам ауданының тұрғыны Бақтылы Қанафина.


АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
🏫В микрорайоне Карагайлы открылась новая школа на 1200 мест

Сегодня в микрорайоне Карагайлы в Семее состоялось открытие новой школы на 1200 мест. Учебное заведение №51 построено в рамках национального проекта «Комфортная школа».

🔺В торжественной церемонии приняли участие аким области Абай Берик Уали, председатель правления АО «Самрук-Казына Констракшн» Маулен Айманбетов, ветераны образования, общественные деятели и родители.

⚡️Новая школа полностью оснащена современным оборудованием и создает все условия для качественного образования. В учебном заведении 65 классов, включая 2 подготовительных, и работает около 100 педагогов.

➡️Школа включает 33 учебных кабинета, три компьютерных класса, лаборатории STEM, робототехники, графики и мультимедиа, а также мастерские по бытовой культуре и кулинарии. Для учеников предусмотрены актовый зал на 250 мест, столовая на 338 мест, библиотека, ресурсный центр, два спортзала, два футбольных поля.

➡️Выступая на открытии, аким области отметил, что школа важна не только для микрорайона, но и для всего города:

«Как вы знаете, Президент поручил создать комфортные условия для обучения каждого ученика и реализовать национальный проект «Жайлы мектеп», в рамках которого мы сегодня открываем первую школу в области Абай. Дети и родители очень ждали этого момента. Мы со своей стороны старались ускорить процесс строительства, чтобы ученики могли начать занятия уже в этом учебном году. Желаю успехов учителям и ученикам!», - сказал аким области.


⚡️Аким также сообщил, что в области планируется построить пять школ в рамках нацпроекта, а сегодня в Бескарагайском районе открывается еще одна – на 300 мест. В новом учебном году школы появятся в Семее и Аягозе.

🔺Родители учеников выразили благодарность за строительство второй школы в микрорайоне.

«Мы давно ждали эту школу! Раньше приходилось возить детей в разные школы по всему городу, а теперь у нас есть современное учебное заведение рядом с домом. Благодарим Президента за этот проект!» – сказала жительница Карагайлы Бактылы Канафина.


Напомним, ранее в микрорайоне функционировала лишь одна школа.

ПРЕСС-СЛУЖБА АКИМА ОБЛАСТИ АБАЙ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏫ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі баланы бірінші сыныпқа қабылдау мәселелеріне тоқталды
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏫Официальный представитель Министерства просвещения РК о вопросах приема ребенка в первый класс
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1