Семей қаласының әкімдігі
3.04K subscribers
10.3K photos
2.75K videos
9 files
787 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
«Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!» тағылымды кеші өтті

Семей қаласының орталықтандырылған кітапханасында Ұлыстың ұлы күні – Амал мерекесіне арналған «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!» тағылымды кеш өтті. Көне дәстүрімізді жаңғыртып, елдің ынтымағы мен бірлігін дәріптеген бұл мерекелік шарада ұлттық салт-дәстүрлер ұлықталып, өнер мен руханият тоғысты.

Іс-шараға «Ертіс толқындары» ансамблі, М.Төлебаев атындағы музыка училищесінің талантты студенттері, кітапхана оқырмандары мен қала тұрғындары қатысты. Ансамбль мүшелері әсем әндерімен көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйласа, училище студенттері режиссер Болат Қамзиннің жетекшілігімен театрландырылған «Қауышу» қойылымын ұсынып, көктем мерекесінің рухын айшықтай түсті.

Сонымен қатар, қазақтың көнеден келе жатқан ғұрыптарының бірі – тұсаукесер рәсімі көрсетілді. Ұлттық тағамдарды насихаттауға бағытталған «Baursak Day» шеберлік сағаты ұйымдастырылып, келген қонақтар бауырсақ пісіріп, оның жасалу әдістерімен танысты. Көпшілік Наурыз көжеден дәм татып, қазақтың дәстүрлі тағамдарынан ауыз тиді.

Кітапхана қабырғасында «Қазақ халқының құндылықтары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, ұлттық мәдениетіміз, салт-дәстүріміз, қазақтың бай мұрасы туралы құнды еңбектер көпшілік назарына ұсынылды.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Семей қаласының әкімдігі
«Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!» тағылымды кеші өтті Семей қаласының орталықтандырылған кітапханасында Ұлыстың ұлы күні – Амал мерекесіне арналған «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!» тағылымды кеш өтті. Көне дәстүрімізді жаңғыртып, елдің ынтымағы мен бірлігін…
Состоялся познавательный вечер «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!»

В Центральной библиотеке города Семей прошел познавательный вечер «Нур себеле, Ұлыстың ұлы күні!», посвященный Великому дню народа – празднику Амал. Это мероприятие, направленное на возрождение древних традиций и популяризацию единства и сплоченности народа, стало настоящим синтезом национальных обычаев, искусства и духовности.

В вечере приняли участие ансамбль «Ертіс толқындары», талантливые студенты музыкального училища имени М. Төлебаева, читатели библиотеки и жители города. Артисты ансамбля радовали гостей своими прекрасными песнями, а студенты училища под руководством режиссера Болата Камзина представили театрализованную постановку «Қауышу», передав атмосферу весеннего праздника.

Также был продемонстрирован один из древних казахских обычаев – обряд тұсаукесер. В рамках мероприятия прошел мастер-класс «Baursak Day», посвященный национальной кухне, где гости смогли не только попробовать свои силы в приготовлении баурсака, но и познакомиться с его рецептом. Кроме того, всех участников угощали Наурыз коже и традиционными казахскими блюдами.

В стенах библиотеки была организована книжная выставка «Ценности казахского народа», на которой были представлены ценные труды, посвященные национальной культуре, обычаям и богатому наследию казахского народа.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#АкиматГородаСемей
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚜️«Халық дәстүрі – таусылмайтын байлық» этнографиялық кеші өтті

Семей қаласында Ұлыстың Ұлы күні аясында «Халық дәстүрі – таусылмайтын байлық» этнографиялық кеші өтті. Іс-шараның басты мақсаты – қазақ халқының бай мұрасын дәріптеу, ұлттық дәстүрлерді жаңғырту және ұрпақтар сабақтастығын нығайту болды.

Кеш барысында халықты біріктіретін мейірімділік, жанашырлық, қайырымдылық сынды асыл қасиеттер жайлы айтылып, ұлттық салт-дәстүрлердің маңыздылығы түсіндірілді. Қатысушылар «Жылу», «Жұртшылық», «Асар» сынды ата-бабамыздан мирас болып қалған игі дәстүрлермен танысып, олардың мән-мағынасын ұғынды. Сонымен қатар, викториналық сұрақтарға жауап беріп, білімдерін сынап көрді.

Мерекелік шара ән-жырмен көмкеріліп, жиналған қауым бір-біріне ақжарма тілектерін арнады. Ұлттық тағамдар ұсынылып, қатысушылар наурыз көже мен басқа да дәстүрлі дәмдерден ауыз тиді. Осындай тағылымды кеш қазақ халқының баға жетпес рухани байлығын тағы бір мәрте паш етіп, көпшілікке ерекше әсер қалдырды.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Семей қаласының әкімдігі
⚜️«Халық дәстүрі – таусылмайтын байлық» этнографиялық кеші өтті Семей қаласында Ұлыстың Ұлы күні аясында «Халық дәстүрі – таусылмайтын байлық» этнографиялық кеші өтті. Іс-шараның басты мақсаты – қазақ халқының бай мұрасын дәріптеу, ұлттық дәстүрлерді жаңғырту…
⚜️ Прошел этнографический вечер «Халық дәстүрі – таусылмайтын байлық»

В городе Семей в рамках празднования Наурыз состоялся этнографический вечер «Халық дәстүрі – таусылмайтын байлық». Основной целью мероприятия стало прославление богатого наследия казахского народа, возрождение национальных традиций и укрепление связи поколений.

В ходе вечера говорилось о таких вечных ценностях, как доброта, сострадание и милосердие, объединяющих народ. Участники познакомились с древними обычаями, переданными нам предками, такими как «Жылу», «Жұртшылық» и «Асар», и осознали их глубокий смысл. Кроме того, приняли участие в викторине, проверив свои знания о традициях.

Праздничное мероприятие сопровождалось исполнением песен и добрыми пожеланиями. Гостям предложили национальные блюда, в том числе наурыз-көже и другие традиционные угощения. Этот познавательный вечер еще раз подчеркнул бесценное духовное богатство казахского народа и оставил яркие впечатления у всех присутствующих.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#АкиматГородаСемей
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🌷Құрметті семейліктер және қала қонақтары!

Сіздерді Семей қалалық Мәдениет сарайында өтетін Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне арналған мерекелік кешке шақырамыз!

Күні: 17.03.2025
Уақыты: 11:00
Өтетін орны: Қалалық Мәдениет сарайы
-------
🌷Уважаемые жители и гости города Семей!

Приглашаем вас на торжественное мероприятие, посвящённое Дню культуры и национальных традиций!

Дата: 17.03.2025
Время: 11:00
Место: Городской Дворец культуры

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
#АкиматГородаСемей
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🎖️Қала әкімінің орынбасары Гүлдана Ноғайбаеваны марапатымен құттықтады

Халықаралық әйелдер күнінде дәстүрлі әнші, «Мәдениет саласының үздігі», Астана қаласында өткен халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, Павлодар қаласындағы Майра Уәлиқызы әндеріне арналған І Республикалық байқаудың жүлделі I орын иегері Гүлдана Ноғайбаева Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен «Парасат» орденімен марапатталған еді.

Осыған орай Семей қаласы әкімінің орынбасары Қуаныш Әбілдаев Гүлдана Ноғайбаеваны жоғары марапатымен құттықтап, оған әрі қарай шығармашылық табыс, отбасына амандық, береке мен бақыт тіледі.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Семей қаласының әкімдігі
🎖️Қала әкімінің орынбасары Гүлдана Ноғайбаеваны марапатымен құттықтады Халықаралық әйелдер күнінде дәстүрлі әнші, «Мәдениет саласының үздігі», Астана қаласында өткен халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, Павлодар қаласындағы Майра Уәлиқызы әндеріне арналған…
🎖️Заместитель акима города поздравил Гульдану Ногайбаеву с наградой

В Международный женский день заслуженная певица, обладатель почетного звания «Үздік мәдениет қызметкері», лауреат международного фестиваля «Шабыт» в Астане, обладательница Гран-при I Республиканского конкурса песен Майры Уәлиқызы в Павлодаре Гульдана Ногайбаева была награждена орденом «Парасат» по указу Президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева.

В связи с этим заместитель акима города Семей Куаныш Абильдаев поздравил Гульдану Ногайбаеву с наградой, пожелав ей дальнейших творческих успехов, благополучия, счастья и процветания ее семье.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#АкиматГородаСемей
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
17 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

Қазақ халқының бай мәдени мұрасы мен салт-дәстүрі – ұлттың рухани байлығының негізі. Бұл күні ұлттық құндылықтар мен дәстүр насихатталады.
———
17 марта – День культуры и традиций

Культурное наследие и обычаи казахского народа – основа духовного богатства нации. Пусть этот день напомнит нам о важности традиций, искусства и единства.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
#АкиматГородаСемей
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM