Семей қаласының әкімдігі
2.89K subscribers
11K photos
2.84K videos
9 files
964 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
🏵️«TOP PROFESSIONAL OF SEMEY»: кәсібіне адал арулар

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Семей қаласы әкімдігінің қолдауымен
және қалалық мәслихат депутаты Мадина Еділбекованың ұйымдастыруымен «TOP
PROFESSIONAL OF SEMEY» премиясы өтті.

Жиынға Семей қаласы әкімі аппаратының басшысы Нұржан Есенжолов, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Маржан Бахатова, сондай-ақ түрлі салада қызмет етіп жүрген әйелдер қауымы қатысты.

«TOP PROFESSIONAL OF SEMEY» премиясы – өз кәсібіне адал, қоғамның дамуына үлес қосып жүрген әйелдерді қолдауға және олардың жетістіктерін дәріптеуге бағытталған маңызды бастама. Сонымен қатар іс-шара аясында «TOP PROFESSIONAL OF SEMEY» журналының тұсаукесері өтті. Бұл басылым түрлі салада табысқа жеткен әйелдердің өмір жолы мен кәсіби жетістіктерін насихаттайды.

«Бүгін Семейде алғаш рет әртүрлі салада жетістікке жеткен әйелдердің еңбегін
дәріптейтін премия өтуде. Бұл бастама – еңбекқор, кәсібіне адал жандарға көрсетілген құрмет. Қаламыздың дамуына өз үлесін қосып жүрген нәзік жандыларға
алғысымыз шексіз. Толағай табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін» – деді Нұржан Есенжолов өз құттықтау сөзінде.


Іс-шара барысында кәсіби және жас таланттар өнер көрсетіп, әсем әндерін арнап, би биледі.

Барша әйелдер қауымын келе жатқан 8 наурыз мерекесімен құттықтаймыз!

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
🏵️«TOP PROFESSIONAL OF SEMEY»: кәсібіне адал арулар Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Семей қаласы әкімдігінің қолдауымен және қалалық мәслихат депутаты Мадина Еділбекованың ұйымдастыруымен «TOP PROFESSIONAL OF SEMEY» премиясы өтті. Жиынға Семей қаласы…
🏵️«TOP PROFESSIONAL OF SEMEY»: женщины, преданные своему делу

В Семее в рамках Года рабочих профессий при поддержке акимата города Семей и по инициативе депутата городского маслихата Мадины Едилбековой состоялась премия «TOP PROFESSIONAL OF SEMEY».

В мероприятии приняли участие руководитель аппарата акима города Семей Нуржан Есенжолов, глава отдела культуры и развития языков Маржан Бахатова, а также представительницы различных сфер деятельности.

Премия «TOP PROFESSIONAL OF SEMEY» направлена на поддержку женщин, преданных своей профессии и вносящих вклад в развитие общества. Кроме того, состоялась презентация журнала «TOP PROFESSIONAL OF SEMEY», который рассказывает о жизненном пути и профессиональных достижениях успешных женщин.

«Сегодня в Семее впервые проходит премия, чествующая женщин, достигших успеха в разных сферах. Эта инициатива – признание заслуг трудолюбивых и преданных своему делу людей. Мы искренне благодарны женщинам, которые вносят свой вклад в развитие нашего города. Желаю вам дальнейших успехов и благополучия вашим семьям», – отметил в своей поздравительной речи Нуржан Есенжолов.


Во время мероприятия профессиональные и молодые таланты радовали гостей концертными номерами.

Поздравляем всех женщин с наступающим праздником 8 Марта!
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📍«TOP PROFESSIONAL OF SEMEY»: кәсібіне адал арулар
———
📍 «TOP PROFESSIONAL OF SEMEY»: женщины, преданные своему делу
❗️ТАҒАЙЫНДАУ

Семей қаласы әкімінің орынбасары болып Әбілдаев Қуаныш Әділбайұлы тағайындалды.

Қуаныш Әділбайұлы 1989 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Ол 2011 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану» мамандығы, ал 2014 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2009 жылы Қызылорда облысы, Сырдария аудандық сотында жетекші маман ретінде бастаған. 2009 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш аудандық сотында бас маманы, 2011-2016 жылдары Қызылорда облысының сот актілерін орындау департаментінде мемлекеттік сот орындаушы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша басқармасында консультант, консультант-инспектор қызметтерін атқарды.

2016-2019 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы болды.

2019 жылдан осы уақытқа дейін Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарды.

2025 жылдың наурыз айынан бастап Семей қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔1
Семей қаласының әкімдігі
❗️ТАҒАЙЫНДАУ Семей қаласы әкімінің орынбасары болып Әбілдаев Қуаныш Әділбайұлы тағайындалды. Қуаныш Әділбайұлы 1989 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Ол 2011 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану» мамандығы, ал 2014 жылы Қорқыт Ата…
❗️НАЗНАЧЕНИЕ

Куаныш Адилбаевич Абилдаев назначен заместителем акима города Семей.

Куаныш Адилаевич Абилдаев родился в 1989 году в Кызылординской области. В 2011 году окончил Казахский гуманитарно-юридический университет по специальности «Юриспруденция», в 2014 году – Кызылординский государственный университет имени Коркыт Ата по специальности «Экономика».

Трудовую деятельность начал в 2009 году в Сырдарьинском районном суде Кызылординской области в должности ведущего специалиста.

В 2009 году работал главным специалистом Жалагашского районного суда Кызылординской области, а в 2011–2016 годах занимал должности государственного судебного исполнителя в Департаменте исполнения судебных актов Кызылординской области, консультанта и консультанта-инспектора в Управлении Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы по Кызылординской области.

С 2016 по 2019 год возглавлял управление контроля в сфере государственной службы в Департаменте Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции по Кызылординской области.

С 2019 года и до настоящего времени занимал должность заместителя руководителя Управления внутренней политики Кызылординской области.

С марта 2025 года назначен заместителем акима города Семей.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Президент түрлі салада табысты еңбек етіп жүрген бір топ қыз-келіншекке жоғары мемлекеттік наградалар тапсырды

⚡️Президент вручил высокие государственные награды ряду женщин за их вклад в развитие страны

t.me/aqorda_resmi
🔺«Әрбір тұрғынның мәселесі маңызды»

Қала басшысы Талғат Мұратов тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдап, өтініштерді тыңдады. Қабылдау барысында баспана кезегі, аулаларды абаттандыру, қоғамдық көлік, жарықтандыру және тағы да басқа мәселелер көтерілді.

Кездесуге 10 тұрғын келіп, бөлімдер мен коммуналдық қызметтердің басшылары қатысты.

«Әрбір тұрғынның мәселесі маңызды. Әр сұрақ назардан тыс қалмайды, оларды жүйелі түрде шешу үшін тиісті жұмыстар жүргізіледі. Біздің мақсатымыз – халықпен ашық диалог орнатып, көтерілген мәселелерге нақты шешімдер ұсыну», – деді қала әкімі Талғат Мұратов.


Кездесу нәтижесінде әкім бөлім басшыларына көтерілген мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берді.

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
🔺«Әрбір тұрғынның мәселесі маңызды» Қала басшысы Талғат Мұратов тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдап, өтініштерді тыңдады. Қабылдау барысында баспана кезегі, аулаларды абаттандыру, қоғамдық көлік, жарықтандыру және тағы да басқа мәселелер көтерілді. …
🔺 «Каждая проблема жителей важна»

Аким города Талгат Муратов провел личный прием граждан, выслушав обращения жителей. В ходе встречи были подняты вопросы очереди на жилье, благоустройства дворов, движения общественного транспорта, освещения и другие актуальные темы.

На встречу пришли 10 горожан, а также присутствовали руководители отделов и коммунальных служб.

«Каждая проблема жителей важна. Ни один вопрос не останется без внимания, и для их системного решения будут проведены соответствующие работы. Наша цель – выстроить открытый диалог с населением и предлагать конкретные решения по поднятым вопросам», – отметил аким города Талгат Муратов.


По итогам встречи глава города дал руководителям отделов поручения по решению озвученных вопросов.
🌷Семейде «Арулар барда – әлем көркем» мерекелік концерті өтті

Семей қаласының қалалық Мәдениет сарайында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Арулар барда – әлем көркем» мерекелік концерті өтті. Салтанатты шараға қала әкімі Талғат Мұратов, қоғам белсенділері, түрлі салада еңбек етіп жүрген әйелдер және қала тұрғындары қатысты.

Кеш барысында Талғат Мұратов «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі мен Семей қаласы әкімінің Құрмет грамоталарын табыстады.

«Еңбектеріңіз бен мейірімдеріңіз қалаға жылулық пен әдемілік сыйлайды. Білім, денсаулық сақтау, мәдениет, кәсіпкерлік, өндіріс және қызмет көрсету салаларында кәсіби шеберлік таныта білдіңіздер», - деді қала әкімі құттықтау сөзінде.


Кештің басты тосынсыйы – қазақ эстрадасының танымал әншісі Ернар Айдардың әсем әндері болды. Сонымен қатар, қала өнерпаздары өз өнерлерін ортаға салып, нәзік жандыларға ерекше көңіл-күй сыйлады.

Концерт соңында барлық әйелдер қауымына гүл шоқтары табысталып, мерекелік кеш шынайы құттықтаулар мен жылы лебіздерге ұласты.

Мереке құтты болсын!

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM