Семей қаласының әкімдігі
2.88K subscribers
11.1K photos
2.85K videos
9 files
970 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
❗️Бөгеттер құрылысы мен қар тазалау жұмыстары жалғасуда

Семей қаласына жұмыс сапарымен ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Батыржан Байжұманов келіп, қала әкімі Талғат Мұратов және бөлім басшыларымен бірге су тасқынына қарсы іс-шаралардың орындалуын тексерді.

Алғашқы нысан – Шығыс кентіндегі бөгет құрылысы. Осыған дейін кент тұрғыны әкімнің жеке қабылдауында осы мәселені көтерген болатын. Қала басшысы жағдайды өз көзімен көріп, бөгет салуға тапсырма берген еді. Бүгінде бөгет құрылысы аяқталды.

Келесі нысан – Суық бастау кентіндегі ұзындығы 1200 метрді құрайтын қорғаныс бөгетінің құрылысы болды. Коммуналдық қызметтер тұрғын үйлерді су басу қаупін азайту үшін қорғаныс үйінділерін салу жұмыстарын жүргізуде.

«Бөгет құрылысы аяқталуға жақын. Сонымен қатар, қар тазалау және шығару жұмыстары тәулік бойы жалғасуда. Көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары толық көлемде жүзеге асырылуда», – деді қала әкімі.


Сроства, Қазкрай, Затон, Юность және Шығыс кенттері мен аудандарында қар тазалау және шығару жұмыстары жүргізілуде. Бұл аумақ су басу қаупі жоғары аймақтар қатарында.

Учаскелерді нығайту мақсатында 1000 дана қап инертті материал (құм және саз) дайындалды. Көктемгі су тасқынының алдын алу және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін қар тазалау және шығару жұмыстары жалғасады.

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
1
Семей қаласының әкімдігі
❗️Бөгеттер құрылысы мен қар тазалау жұмыстары жалғасуда Семей қаласына жұмыс сапарымен ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Батыржан Байжұманов келіп, қала әкімі Талғат Мұратов және бөлім басшыларымен бірге су тасқынына қарсы іс-шаралардың…
❗️Строительство дамб и уборка снега продолжаются

В город Семей с рабочим визитом прибыл государственный инспектор Администрации Президента РК Батыржан Байжуманов. В сопровождении акима города Талгата Муратова и руководителей отделов проверил выполнение противопаводковых мероприятий.

Первым объектом стало строительство дамб в поселке Восточный. Ранее жители поселка на личном приёме у акима подняли вопрос о необходимости её строительства. После обращения аким выехал на место, осмотрел ситуацию и поручил реализовать проект. На сегодняшний день строительство дамбы завершено.

Следующим объектом стал поселок Холодный Ключ, где ведётся строительство защитной дамбы протяженностью 1200 метров. Коммунальные службы выполняют работы по возведению защитных насыпей, чтобы минимизировать риски подтопления жилых домов.

«Строительство дамб близится к завершению. Кроме того, работы по очистке и вывозу снега продолжаются в круглосуточном режиме. Все необходимые мероприятия по предотвращению весеннего паводка осуществляются в полном объеме», – отметил аким города.


В районах Сроства, Казкрай, Затон, Восточный и Юность проводится расчистка и вывоз снега, так как они находятся в зоне повышенного риска подтопления.

Для укрепления наиболее уязвимых участков подготовлено 1000 мешкотар с инертным материалом (песком и глиной). Очистка и своевременный вывоз снега продолжатся, чтобы предотвратить возможные подтопления в весенний период и обеспечить комфортные условия для жителей.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📍Бөгеттер құрылысы мен қар тазалау жұмыстары жалғасуда
———
📍 Строительство дамб и уборка снега продолжаются
«Қарызсыз қоғам» жобасы – халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған бастама.

Жоба несиелік берешегі бар, борышкерлер тізімінде тұрған немесе қарыздарын уақытында төлей алмаған азаматтарға қолдау көрсетуге арналған.
Бағдарлама тек оқытумен шектелмей, қаржылық басқару мәселелері бойынша да көмек көрсетуді көздейді.

Осыған орай «Қарызсыз қоғам» сізге қаржылық қиындықтан шығуға тегін көмектеспек.

Толық ақпарат және тіркелу үшін: www.qogamfin.kz;
Немесе +7 (778) 219-65-32
———
Проект «Қарызсыз қоғам» — инициатива, направленная на повышение финансовой грамотности населения.

Проект предназначен для поддержки граждан, имеющих кредитную задолженность, находящихся в списках должников или не способных вовремя погасить свои долги.
Программа не ограничивается только обучением, но также предоставляет помощь по вопросам финансового управления.

В связи с этим проект «Қарызсыз қоғам» готов бесплатно помочь вам выйти из финансовых трудностей.

Для получения подробной информации и регистрации посетите: www.qogamfin.kz;
Или позвоните по телефону: +7 (778) 219-65-32.

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
👍1
🔴Су тасқынын алдын алу мақсатында техникалардың дайындығы тексерілді

Семей қаласында су тасқынын алдын алу және салдарын жою үшін арнайы техниканың дайындығы тексерілді.

Шараға Семей қаласының әкімі Талғат Мұратов, Төтенше жағдайлар департаменті, жедел-құтқару жасағының және коммуналдық қызметтердің өкілдері қатысты.

«Су тасқынына қарсы барлық қажетті шаралар қабылдануда. Басты мақсат – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және табиғи апаттың алдын алу. Барлық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуі керек», – деді қала әкімі Талғат Мұратов.


Жалпы, қала бойынша 96 маман мен 48 техника бірлігі дайындықтан өтті. Сондай-ақ жолдарды қардан тазарту және су тасқынына қарсы шараларды жүргізу үшін қажетті құрал-жабдықтар әзірленді. Қолайсыз ауа райы жағдайларына жедел әрекет ету мақсатында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Қалың қар жауған жағдайда мердігер ұйымдар қарды жаппай шығару үшін қосымша техника жұмылдырады.

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
🔴Су тасқынын алдын алу мақсатында техникалардың дайындығы тексерілді Семей қаласында су тасқынын алдын алу және салдарын жою үшін арнайы техниканың дайындығы тексерілді. Шараға Семей қаласының әкімі Талғат Мұратов, Төтенше жағдайлар департаменті, жедел…
🔴Проверена готовность техники к весенним паводкам

В городе Семей в рамках подготовки к весенним паводкам проверена готовность техники, необходимой для предотвращения и ликвидации последствий паводков.

В проверке приняли участие аким города Семей Талгат Муратов, представители Департамента по чрезвычайным ситуациям, оперативно-спасательного отряда и коммунальных служб.

«Принимаются все необходимые меры по противодействию паводку. Главная цель – обеспечение безопасности жителей и предотвращение природного бедствия. Все службы должны работать в усиленном режиме», – заявил аким города Талгат Муратов.


В общей сложности в городе прошли подготовку 96 специалистов и 48 единиц техники. Также были подготовлены инструменты и оборудование для очистки дорог от снега и проведения противопаводковых мероприятий.

Для оперативного реагирования на неблагоприятные погодные условия организовано круглосуточное дежурство.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📍 Су тасқынын алдын алу мақсатында техникалардың дайындығы тексерілді
———
📍 Проверена готовность техники к весенним паводкам
⚡️Қордаланған мәселелер шешімін таппақ

Қала әкімінің жеке қабылдауына 18-қосалқы станса ауданының тұрғындары келіп, жол жөндеу, көше жарығы, балалар ойын алаңын салу және қоқыс шығару мәселелерін көтерген болатын.

Тұрғындардың өтінішін назарға алған қала әкімі Талғат Мұратов жағдайды өз көзімен көру үшін ауданға арнайы жұмыс сапарымен барды. Кездесуге жауапты бөлім басшылары, коммуналдық қызмет өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және жергілікті тұрғындар қатысты.

«Тұрғындардың көтерген мәселесі орынды, сұраныстар ескерусіз қалмайды. Әр мәселе кезең-кезеңімен шешілуі тиіс», – деді қала әкімі.


Жұмыс сапарының нәтижесінде қала басшысы бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді.

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM