Семей қаласының әкімдігі
2.88K subscribers
11.2K photos
2.86K videos
9 files
974 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
❗️Азаматтардың өтініші назардан тыс қалмайды

Семей қаласының әкімі Талғат Мұратов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, өтініштер мен ұсыныстарды тыңдады. Қабылдау барысында жол жөндеу, баспана кезегі, электр желілері, қоғамдық көлік, денсаулық сақтау саласындағы түйткілдер және өзге де маңызды мәселелер көтерілді.

Кездесуге барлық тиісті бөлімдер мен коммуналдық қызметтердің басшылары қатысып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Жалпы 20-ға жуық азамат өз өтінішін жеткізді, әрқайсысының мәселесі мұқият қарастырылды.

«Әр тұрғынның өтініші маңызды. Азаматтардың мәселелері назардан тыс қалмайды, оларды шешу жолдары жан-жақты қарастырылады. Қала тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту – біздің басты міндетіміз», – деп атап өтті қала әкімі Талғат Мұратов.


Кездесу нәтижесінде әкім тиісті бөлім басшыларына көтерілген мәселелерді шешу бойынша нақты тапсырмалар берді.

Қала әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін Семей қаласы әкімдігінің ғимаратына келіп (Мәңгілік Ел көшесі, 4-үй), 109-кабинетке жазбаша өтініш қалдыру қажет.

Қосымша ақпарат алу үшін: 52-35-08.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Семей қаласының әкімдігі
❗️Азаматтардың өтініші назардан тыс қалмайды Семей қаласының әкімі Талғат Мұратов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, өтініштер мен ұсыныстарды тыңдады. Қабылдау барысында жол жөндеу, баспана кезегі, электр желілері, қоғамдық көлік, денсаулық сақтау…
❗️Обращения граждан не останутся без внимания

Аким города Семей Талгат Муратов провёл личный прием граждан, в ходе которого выслушал обращения и предложения. Жители подняли вопросы ремонта дорог, очереди на жилье, состояния электросетей, работы общественного транспорта, здравоохранения и другие актуальные проблемы.

В приёме приняли участие руководители отделов и коммунальных служб, которые отвечали на вопросы граждан. В общей сложности на прием пришли около 20 человек, и каждое обращение было тщательно рассмотрено.

«Каждое обращение жителей важно. Ни одна проблема не останется без внимания, все вопросы будут всесторонне изучены, и мы постараемся найти их решения. Улучшение качества жизни горожан – наша главная задача», – отметил аким города Талгат Муратов.


По итогам встречи аким дал конкретные поручения руководителям отделов для оперативного решения озвученных проблем.

Чтобы записаться на личный прием к акиму города Семей, необходимо прийти в здание акимата (ул. Мәңгілік Ел, 4) и оставить письменное заявление в 109-м кабинете.

Дополнительная информация: 52-35-08.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📍Азаматтардың өтініші назардан тыс қалмайды
———
📍Обращения граждан не останутся без внимания
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Тіл – ұлт бірлігінің айнасы
 
Тіл – әр халықтың ұлттық құндылығын сақтаудың, рухани бірлігін нығайтудың ең басты құралы. 1999 жылы 17 қарашада ЮНЕСКО-ның Бас конференциясының 30-сессиясында 21 ақпан – Халықаралық ана тілі күні болып бекітілді. 2000 жылдан бастап бұл күн әлем бойынша тілдік және мәдени әртүрлілікті насихаттайтын мереке ретінде атап өтіліп келеді.
 

Мерекеге орай, Семей қаласының Мәдениет сарайында Халықаралық ана тілі күніне арналған мерекелік кеш өтті. Іс-шараға Семей қаласы әкімі аппаратының басшысы Нұржан Есенжолов, «Халықаралық қазақ тілі қоғамы» ҚБ Абай облыстық филиалының төрағасы Оралғазы Шәріпбаев, М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің директоры Шағангүл Жанаева және қала тұрғындары қатысты.
 
«Бүгінде елімізде жүз отыздан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, әр  ұлт өкілінің ана тілін дамытуға қолдау көрсетілуде. Қаламызда түрлі этномәдени бірлестіктер белсенді жұмыс істеп, өз тілдері мен мәдениеттерін сақтап, дамытуда. Бұл біздің көпұлтты қаламыздың бірлігін нығайтып, өзара түсіністікті арттырады», – деді Нұржан Есенжолов.

 
Мерекелік кеш барысында қазақ, корей, украин, француз, орыс және татар халықтарының әндері шырқалып, ұлттық билері орындалды. Кештің әр сәті түрлі ұлттардың мәдени бояуымен көмкеріліп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
 
Тіл – халықтың жаны. Ана тілді қадірлеу – ұрпақ алдындағы басты міндет!

 #СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💯1
Семей қаласының әкімдігі
⚡️Тіл – ұлт бірлігінің айнасы   Тіл – әр халықтың ұлттық құндылығын сақтаудың, рухани бірлігін нығайтудың ең басты құралы. 1999 жылы 17 қарашада ЮНЕСКО-ның Бас конференциясының 30-сессиясында 21 ақпан – Халықаралық ана тілі күні болып бекітілді. 2000 жылдан…
⚡️Язык – основа национального единства

Язык – это главный инструмент сохранения национальных ценностей каждого народа и укрепления его духовного единства. 17 ноября 1999 года на 30-й сессии Генеральной конференции ЮНЕСКО 21 февраля было провозглашено Международным днем родного языка. С 2000 года этот день отмечается во всем мире как праздник, пропагандирующий языковое и культурное многообразие.

В честь этого праздника в Дворце культуры города Семей состоялся торжественный вечер, посвященный Международному дню родного языка. В мероприятии приняли участие руководитель аппарата акима города Семей Нуржан Есенжолов, председатель областного филиала ОО «Международное общество казахского языка» по Абайской области Оралгазы Шарипбаев, директор педагогического колледжа имени М. Ауэзова Шагангуль Жанаева, а также жители города.

«Сегодня в нашей стране более 130 этносов живут в мире и согласии, и каждому народу предоставляется поддержка в развитии родного языка. В нашем городе активно работают различные этнокультурные объединения, которые сохраняют и развивают свои языки и культуры. Это укрепляет единство нашего многонационального города и способствует взаимопониманию», – отметил Нуржан Есенжолов.


Во время праздничного вечера звучали песни и были исполнены национальные танцы казахского, корейского, украинского, французского, русского и татарского народов. Каждое мгновение мероприятия было наполнено многообразием культурных красок, оставив незабываемые впечатления у зрителей.

Язык – это душа народа. Беречь родной язык – главная обязанность перед будущими поколениями!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏠Аймақта тұрғын үй саясатын реформалау бойынша заңнама өзгерістері жүзеге асуда

Елімізде тұрғын үй саясатын жаңғырту жалғасуда. Еске салсақ, өткен жылы қарашада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Отбасы банкіне» ұлттық даму институты мәртебесін беретін заңға қол қойды. Бұл өзгеріс тұрғын үйге кезекті орталықтандыруға, мұқтаж азаматтарды есепке алу үдерісін жеңілдетуге және мемлекеттік қолдау шараларын күшейтуге мүмкіндік бермек.

Заңға сәйкес, енді тұрғын үйді есепке алу, кезекке қою және бөлу функциялары жергілікті атқарушы органдардан «Отбасы банкіне» беріледі.

Өтпелі кезең 2025 жылғы 23 мамырға дейін жалғаспақ. Осы уақыт ішінде әкімдіктер тұрғын үй кезегіндегі азаматтардың деректерін «Отбасы банкіне» тапсырады, ал банк есепке алудың жаңа цифрлық жүйесін іске қосады. Жүйе қазіргі таңда 8 мемлекеттік дерекқормен біріктірілген, болашақта олардың саны артады. Бұл өзгеріс өтініш берушілердің мүліктік жағдайын автоматты түрде тексеріп, олардың қажеттілік критерийлеріне сәйкестігін бағалауға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта банк жаңа жүйеге көшуге дайындық жүргізіп, аудандарда қызметкерлерді тарту және оқыту жұмыстарын қолға алған.

— Тұрғын үйді бөлу кезінде тек кезекке тұрған күні ғана емес, өтініш берушінің табыс деңгейі де ескеріледі. Әкімдіктер баспана кезегінде тұрған азаматтар үшін тұрғын үй салу және сатып алу жұмыстарын, сондай-ақ бастапқы жарнаға тұрғын үй сертификаттарын беруді жалғастырады. Кезектегі азаматтардың деректері тоқсан сайын түгенделіп отырады, — деп нақтылады Семей қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Диана Шаяхметова.


Оның айтуынша, өтпелі кезең аяқталғанға дейін әкімдіктер мұқтаж азаматтарды есепке алу жұмыстарын жалғастырады. Егер өтініш берушінің соңғы 5 жыл ішінде меншігінде тұрғын үйі болса, бұған дейін мемлекеттік тұрғын үй алған және жекешелендірген болса, ұсынылған деректер дұрыс болмаса немесе өзге де заңнама талаптарына сәйкес келмесе, тұрғын үй кезегіне қоюдан бас тартылуы мүмкін.

«Отбасы банкінің» ресми сайтында кезекте тұрған азаматтардың және мемлекеттік қолдаумен баспана алғандардың тізімдері жарияланатын болады.

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Семей қаласының әкімдігі
🏠Аймақта тұрғын үй саясатын реформалау бойынша заңнама өзгерістері жүзеге асуда Елімізде тұрғын үй саясатын жаңғырту жалғасуда. Еске салсақ, өткен жылы қарашада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Отбасы банкіне» ұлттық даму институты мәртебесін беретін заңға…
🏠Реформа жилищной политики новые механизмы поддержки в области Абай

В Казахстане продолжается модернизация жилищной политики. В ноябре прошлого года Президент Касым-Жомарт Токаев подписал закон, согласно которому «Отбасы банк» получил статус национального института развития. Это позволит централизовать очередь на жилье, упростить учет нуждающихся и усилить государственную поддержку граждан.

Теперь все функции учета, постановки на очередь и распределения жилья переходят от местных исполнительных органов к «Отбасы банк».

Переходный период составит 6 месяцев — до 23 мая 2025 года. В этот срок акиматы передадут очередь банку, а сам банк запустит новую цифровую систему учета. Уже сейчас он интегрирован с 8 государственными базами данных, в будущем их число увеличится. Это позволит автоматически проверять имущественное положение заявителей и их соответствие критериям нуждаемости.

Сейчас банк активно готовится к переходу, в том числе привлекает сотрудников в районах.

— Распределение жилья будет учитывать не только дату постановки в очередь, но и уровень дохода. Акиматы продолжат строительство и выкуп жилья для очередников, а также предоставление жилищных сертификатов на первоначальный взнос. Инвентаризация очереди будет проводиться ежеквартально, — уточнила руководитель отдела жилищных отношений и жилищной инспекции г. Семей Диана Шаяхметова.


По ее словам, до завершения переходного периода учет нуждающихся ведут акиматы. В постановке на учет могут отказать, если у заявителя есть жилье в собственности за последние 5 лет, если он ранее получил и приватизировал государственное жилье, если представленные данные оказались недостоверными, а также в ряде других случаев.

На официальном сайте банка будут публиковаться списки очередников и тех, кто уже получил жилье с господдержкой.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
📍Аймақта тұрғын үй саясатын реформалау бойынша заңнама өзгерістері жүзеге асуда
———
📍Реформа жилищной политики новые механизмы поддержки в области Абай
❗️Бөгеттер құрылысы мен қар тазалау жұмыстары жалғасуда

Семей қаласына жұмыс сапарымен ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Батыржан Байжұманов келіп, қала әкімі Талғат Мұратов және бөлім басшыларымен бірге су тасқынына қарсы іс-шаралардың орындалуын тексерді.

Алғашқы нысан – Шығыс кентіндегі бөгет құрылысы. Осыған дейін кент тұрғыны әкімнің жеке қабылдауында осы мәселені көтерген болатын. Қала басшысы жағдайды өз көзімен көріп, бөгет салуға тапсырма берген еді. Бүгінде бөгет құрылысы аяқталды.

Келесі нысан – Суық бастау кентіндегі ұзындығы 1200 метрді құрайтын қорғаныс бөгетінің құрылысы болды. Коммуналдық қызметтер тұрғын үйлерді су басу қаупін азайту үшін қорғаныс үйінділерін салу жұмыстарын жүргізуде.

«Бөгет құрылысы аяқталуға жақын. Сонымен қатар, қар тазалау және шығару жұмыстары тәулік бойы жалғасуда. Көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары толық көлемде жүзеге асырылуда», – деді қала әкімі.


Сроства, Қазкрай, Затон, Юность және Шығыс кенттері мен аудандарында қар тазалау және шығару жұмыстары жүргізілуде. Бұл аумақ су басу қаупі жоғары аймақтар қатарында.

Учаскелерді нығайту мақсатында 1000 дана қап инертті материал (құм және саз) дайындалды. Көктемгі су тасқынының алдын алу және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін қар тазалау және шығару жұмыстары жалғасады.

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
1