Семей қаласының әкімдігі
2.88K subscribers
11.2K photos
2.86K videos
9 files
974 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
📌Семейде ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Семей қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Яна» сауда үйінің алдында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге қала әкімі Талғат Мұратов қатысып, ұсынылған өнімдермен танысты.

«Мұндай жәрмеңкелер қала халқы үшін аса маңызды. Біріншіден, тұрғындар сапалы және табиғи өнімдерді қолжетімді бағамен сатып ала алады. Екіншіден, жергілікті тауар өндірушілер өз өнімдерін тікелей тұтынушыға ұсыну арқылы сауда аясын кеңейтеді. Біз осындай жәрмеңкелерді тұрақты түрде өткізіп, жергілікті өндірісті қолдауды жалғастыруымыз қажет», - деді қала басшысы.


Жәрмеңкеде қала маңындағы шаруа қожалықтары мен кәсіпорындар өз өнімдерін ұсынды. Саудаға 300 литр сүт, 1 тоннаға жуық ет (сиыр еті, жылқы еті, қой еті), 200 кг тауық еті, 100 литр қымыз, 1000 дана жұмыртқа, 1,5 тонна картоп пен сәбіз, 500 кг ұн өнімдері және 50 кг бал шығарылды.

❗️Жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өз өнімдерін нарық бағасынан 10-15%-ға төмен бағамен сатты. Бұл шара халықтың әлеуметтік тауарларды тиімді бағада сатып алуына, әрі жергілікті өнімдерді насихаттауға бағытталған.

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Семей қаласының әкімдігі
📌Семейде ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті Семей қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Яна» сауда үйінің алдында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге қала әкімі Талғат Мұратов қатысып, ұсынылған өнімдермен танысты. «Мұндай жәрмеңкелер…
📌В Семее прошла сельскохозяйственная ярмарка

При содействии акимата города Семей перед торговым домом «Яна» прошла ярмарка сельскохозяйственной продукции. В мероприятии принял участие аким города Талгат Муратов, который ознакомился с представленными товарами.

«Подобные ярмарки имеют большое значение для горожан. Во-первых, жители могут приобрести качественные и натуральные продукты по доступным ценам. Во-вторых, местные товаропроизводители получают возможность расширить рынок сбыта, предлагая свою продукцию напрямую потребителям. Мы должны проводить такие ярмарки на регулярной основе и продолжать поддерживать местных производителей», — отметил глава города.


На ярмарке свою продукцию представили крестьянские хозяйства и предприятия, расположенные вблизи города. В продажу было выставлено 300 литров молока, около 1 тонны мяса (говядина, конина, баранина), 200 кг куриного мяса, 100 литров кумыса, 1000 штук яиц, 1,5 тонны картофеля и моркови, 500 кг муки и 50 кг меда.

❗️Местные сельскохозяйственные товаропроизводители продавали свою продукцию на 10-15% дешевле рыночной стоимости. Это мероприятие было направлено на то, чтобы жители могли приобрести социально-значимые товары по выгодным ценам, а также на продвижение местной продукции.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📍Семейде ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
———
📍В Семее прошла сельскохозяйственная ярмарка
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔺Арық жүйесін тазарту жұмыстары жалғасуда

Бүгінде Семей қаласының шет аумақтарында арық жүйесін тазарту жұмыстары жалғасып жатыр. Коммуналдық қызметтер көктемгі су басу және су тасқынын алдын алу мақсатында күшейтілген режимде қызмет атқаруда.

Арық жүйесін тазарту жұмыстары қала әкімі Талғат Мұратовтың жеке бақылауында.
———
🔺Продолжаются работы по очистке арычной системы

На сегодняшний день в различных районах города Семей продолжаются работы по очистке арычной системы. Коммунальные службы продолжают эффективно использовать все необходимые ресурсы для своевременной очистки арыков и устранения последствий зимней погоды.

Работы по очистке арычной системы находятся под контролем акима города Талгата Муратова.

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
🥋Семейде Шинкиокушинкай каратэден қала чемпионаты өтті

8-9 ақпан күндері Семей қаласында Жақсылық Үшкемпіров атындағы №1 ООРМБСМ-де балалар, жасөспірімдер және жастар арасында Шинкиокушинкай каратэден қала чемпионаты өтті. Қала әкімі Талғат Мұратов жарысты тамашалап, жеңімпаздарды марапаттады.

Чемпионат «кумитэ» және «ката» санаттары бойынша 57 салмақта өтіп, 300 спортшы қатысты.

«Балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту – біздің міндеттеріміздің бірі. Біз Семейді әлемге танытатын спортшыларымыздың жетістіктерімен мақтанамыз. Спортты қолдау – дені сау ұрпақ тәрбиелеу бағытындағы маңызды қадам», - деді қала әкімі Талғат Мұратов.


Абай облысы (Семей қаласы) Шинкиокушинкай каратэ федерациясында 5 жастан бастап 1000-нан астам спортшы жаттығады. Толықтай жабдықталған 3 Каратэ орталығы, 15 орта мектеп пен балабақшада, сондай-ақ 20 федерация жаттықтырушысы жұмыс істейтін жеке залдар бар. Федерация тәрбиеленушілері Әлем, Азия, Қазақстан чемпиондары және халықаралық турнирлердің жеңімпаздары.

Біздің спортшыларымыз Шинкиокушинкай каратэден республикалық чемпионатта жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Жетістіктері үшін үш спортшыға ҚР спорт шеберлігіне үміткер атағы берілді. Бұл олардың табандылығы мен еңбегінің лайықты марапаты.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дене шынықтыру және спорт бөлімінің мадақтама грамоталарымен және медальдарымен марапатталды. Шинкиокушинкай каратэ жаттықтырушыларына алғыс хаттар табысталды.

❗️2025 жылы Семей қаласында жаңа «Каратэ орталықтарын» ашу жоспарлануда. Бұл спортты дамыту бағытындағы тағы бір маңызды қадам болмақ.

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM