Семей қаласының әкімдігі
2.89K subscribers
11.2K photos
2.86K videos
9 files
976 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Семей қаласының әкімдігі
Photo
🏅Қала әкімі спорт ардагерлері мен федерация өкілдерімен кездесті

Қала әкімі Талғат Мұратов «Арена» мәдени-спорттық кешенінде болып, қазіргі жұмысымен танысты. Кешен үш бөліктен тұрады: 5500 орындық арена, әмбебап бассейн және жалпы ауданы 9 мың шаршы метрден асатын спорттық-ойын-сауық алаңы. Бүгінде 64 қызметкер жұмыс істейді. Мұнда баскетбол, футзал, үстел теннисі және жүзу сияқты спорт түрлерінен жаттығуға мүмкіндік бар.

Қала әкімі Талғат Мұратов Семей қаласының спорт ардагерлері, бас бапкерлер және спорт федерацияларының өкілдерімен кездесу өткізді.Жиынға Қазақстан барыстары Айбек Нұғымаров пен Мұхит Тұрсынов қатысты.

Кездесу барысында қаланың спорт саласындағы жетістіктері мен мәселелері талқыланды. Бүгінде қаладағы 3273 спорт секциясында 126 мыңнан астам азамат түрлі спорт түрімен шұғылданады. Қала спортшылары 2024 жылы айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. 25 спортшы халықаралық жарыстардың жүлдегерлері атанса, республикалық деңгейде 50-ден астам, облыстық деңгейде 100-ден астам медальға ие болған. 2024 жылдың қорытындысы бойынша қалада спортпен айналысатын азаматтардың саны 126 160 адамды, яғни қала тұрғындарының 40%-ын құрайды.

«Алдымызда тұрған ортақ мәселе ол - қаладағы спорт саласын дамыту, болашақ жоспарлармен бөлісу және пікір алмасу. Сондықтан біздің мақсатымыз – спортты қаланың әр тұрғыны үшін қолжетімді етіп, оның дамуына жаңа серпін беру, спортшылар үшін қажетті барлық жағдайды жасау», - деді әкім.


Кездесу ашық диалог форматында өтіп, спорт өкілдері өздерін алаңдатқан сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді. Осы орайда, олар қаламызда көптеген спорт түрлеріне арналған жабдықталған спортзалдардың жоқтығын, сондай-ақ спорт инфрақұрылымын жетілдіру керек екенін айтты.

Қала әкімі Талғат Мұратов бұл ұсыныстар мен мәселелерді назарға алып, әр өтінішті мұқият тыңдады.

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Семей қаласының әкімдігі
🏅Қала әкімі спорт ардагерлері мен федерация өкілдерімен кездесті Қала әкімі Талғат Мұратов «Арена» мәдени-спорттық кешенінде болып, қазіргі жұмысымен танысты. Кешен үш бөліктен тұрады: 5500 орындық арена, әмбебап бассейн және жалпы ауданы 9 мың шаршы метрден…
🏅Аким города встретился с ветеранами спорта и представителями федераций

Аким города Талгат Муратов посетил культурно-спортивный комплекс «Арена» и ознакомился с его текущей работой. Комплекс включает три секции: арену на 5500 мест, универсальный бассейн и спортивно-развлекательную площадку общей площадью более 9 тысяч квадратных метров. В настоящее время здесь работают 64 сотрудника, а комплекс предоставляет возможности для занятий баскетболом, футзалом, настольным теннисом и плаванием.

Кроме того, аким провел встречу с ветеранами спорта города, главными тренерами и представителями спортивных федераций. В обсуждении приняли участие казахстанские батыры Айбек Нугымаров и Мухит Турсынов.

В ходе встречи были обсуждены достижения и проблемы спортивной сферы города. На сегодняшний день в 3 273 спортивных секциях занимаются более 126 тысяч человек. В 2024 году семейские спортсмены показали высокие результаты: 25 спортсменов стали призерами международных соревнований, более 50 завоевали награды на республиканском уровне, а свыше 100 спортсменов – на областных чемпионатах. По итогам 2024 года число горожан, регулярно занимающихся спортом, составило 126 160 человек, что соответствует 40% населения Семея.

«Общая задача – это развитие спорта в городе, обсуждение будущих планов и обмен мнениями. Наша цель – сделать спорт доступным для каждого жителя, придать ему новый импульс и создать все необходимые условия для спортсменов», – отметил аким.


Встреча прошла в формате открытого диалога, где представители спортивной сферы озвучили волнующие их вопросы и предложения. В частности, было отмечено отсутствие оснащенных залов для ряда видов спорта и необходимость улучшения спортивной инфраструктуры города.

Аким Талгат Муратов внимательно выслушал все предложения и заверил, что поднятые вопросы будут приняты во внимание.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📍 Қала әкімі спорт ардагерлері мен федерация өкілдерімен кездесті
———
📍Аким города встретился с ветеранами спорта и представителями федераций
👍1
Семей қаласының әкімдігі
Video
❄️Семей қаласында екі күнде бір айлық нормадағы қар жауды

29 және 30 қаңтар күндері Семей қаласында 10,5 мм-ден астам қар жауды, ал бір айлық норма – 11,4 мм құрайды (1 мм шамамен – 1,5 см қар мөлшері). 1 қаңтардан бастап бүгінге дейін жалпы жауған қар – 25,1 мм. Ал қаланың шет аймақтарына 30 см-ден астам қар түскен.

Көшелерді қардан тазалауға 96 бірлік арнайы техника, соның ішінде автогрейдер, шұмшашқыш, тиегіш және самосвал жұмылдырылды. Екі күнде 140-тан астам адам қызмет етіп, негізгі трассалар мен аула жолдарын тазалады. Сонымен қатар қарды шығару жұмыстары жалғасуда.

Қыс басталғалы бері қаладан 35 мың текше метр қар шығарылды.

Қоммуналдық қызметтер тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін күшейтілген жұмыс режиміне көшкен.

❗️Қала тұрғындарынан коммуналдық қызметтердің жұмысына түсіністікпен қарап, жолда абай болуды, жылдамдықты асырмауды, арақашықтықты сақтауды және қар тазалаушы техниканың жұмыс істеп жатқан жерлерінде көліктерді тұраққа қоймауды сұраймыз.

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Семей қаласының әкімдігі
❄️Семей қаласында екі күнде бір айлық нормадағы қар жауды 29 және 30 қаңтар күндері Семей қаласында 10,5 мм-ден астам қар жауды, ал бір айлық норма – 11,4 мм құрайды (1 мм шамамен – 1,5 см қар мөлшері). 1 қаңтардан бастап бүгінге дейін жалпы жауған қар –…
❄️В городе Семей за два дня выпала месячная норма осадков

В городе Семей за два дня, 29 и 30 января, выпало более 10,5 мм осадков при месячной норме 11,4 мм снега (1 мм выпавшего снега в жидком эквиваленте может соответствовать 1,5 см снежного покрова). С 1 января по сегодняшний день общий объем осадков составил 25,1 мм. На окраинах местами выпало более 30 см снега.

Для расчистки улиц задействовано 96 единиц спецтехники, включая щетки, грейдеры, пескоразбрасыватели, погрузчики и самосвалы. За два дня в уборке снега трудились более 140 человек, которые круглосуточно обеспечивали проезд по главным трассам и внутриквартальным дорогам. Параллельно продолжается работа по вывозу снега.

С начала зимы из города уже вывезено 35 тысяч кубометров снега.

Коммунальные службы продолжают работу в усиленном режиме, чтобы минимизировать последствия снегопада и обеспечить безопасность передвижения горожан.

❗️Просим жителей города с пониманием относиться к работе коммунальных служб, соблюдать осторожность на дорогах, не превышать скорость, держать дистанцию и не парковаться в местах, где работает снегоуборочная техника.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤗1
Семей қаласының әкімдігі
Photo
🌾Ауыл шаруашылығын дамыту – азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі
 
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің форумында ауыл шаруашылығын бәсекеге қабілетті әрі алдыңғы қатарлы салаға айналдыру қажеттігін атап өтті. Ол агроөнеркәсіптік кешен экономикалық өсудің негізгі қозғаушы күштерінің біріне айналуы бизнес пен мемлекеттің ортақ мүддесі екенін айтты. Бұл еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан да аса маңызды.
 
2024 жыл қорытындысы бойынша қаладағы әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенді жоспарына енгізілген ауыл шаруашылығы саласындағы индикативті көрсеткіштер толық орындалды. Жалпы өнім 37,3 миллиард теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 6,4 миллиард теңгеге артты. Өсу қарқыны 120,7%, ал физикалық көлем индексі (ФКИ) 103,2% жетті. Қаладағы азық-түлік кәсіпорындары 81,8 миллиард теңгенің өнімін өндірді.

Ауыл шаруашылығына негізгі капиталға салынған инвестициялар 2,0 миллиард теңгені құрады. Бұл өндірістік көрсеткіштердің елеулі өсуіне ықпал етті. Мысалы, 2024 жылы 12,1 мың тонна ет (102,5%-ға артты), 7,1 мың тонна сүт (102,2%-ға артты), 2,6 миллион жұмыртқа (117,8%-ға артты) өндірілді.
Жергілікті тауар өндірушілері 41,4 мың тонна ұн және ұн өнімдері, 6,0 мың тонна нан-тоқаш өнімдері, 1,2 мың тонна сүт және сүт өнімдері, 62,0 мың тонна өсімдік майы және 4,0 миллион жұмыртқа өндірді. Қаланың алты кәсіпорны 404,9 мың тонна өнім, оның ішінде «QAZAQ - ASTYQ GROUP» ЖШС 401,5 мың тонна өнім экспорттады.

«2024 жылы ауыл шаруашылығы жануарларының саны артты. Ірі қара мал саны 120,9%-ға өсіп, 4,9 мың басты, ұсақ мал саны 123,7%-ға өсіп, 4,5 мың басты, ал жылқы 131,0%-ға өсіп, 2,0 мың басты құрады. Ауыл шаруашылығы дақылдары 3 470 га алаңға егілді, оның ішінде бақша массивтері – 1 720 гектар, жеке қосалқы шаруашылықтар – 1 750 гектар. Нәтижесінде 5,4 мың тонна картоп және 8,8 мың тонна көкөніс-бақша дақылдары жиналды. Қалада 6 саяжай-бағбандық кооператив белсенді жұмыс істейді, онда 1 300 тұрғын 593,3 гектар жерді көкөніс және бақша дақылдарын өсіруге пайдаланады», - деді Семей қаласы әкімі аппаратының басшысы Нұржан Есенжолов.


Айта кетейік, 2024 жылы үш қала кәсіпорны – «ВК МКК» АҚ, «Ай-Ар» ЖШС, «QAZAQ - ASTYQ GROUP» ЖШС – 7 мың тонна астықты элеваторларда сақтау үшін жөнелтті. Бұл көрсеткіштер ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің мемлекеттік бағдарламаларға қатысуының нәтижесінде мүмкін болды.
Құс етінің өнімділігі мен сапасын арттыру үшін «Восток Бройлер» ЖШС компаниясы 400 миллион теңге субсидия алды. «ВК МКК» АҚ сияқты қала кәсіпорындарына құрал-жабдық сатып алуға 19 миллион теңге көлемінде субсидия берілді.

Сонымен қатар, 175,5 миллион теңге субсидия өндірілген өнімнің сапасын арттыруға бағытталды. Бұл қаражат «Маслосырбаза» ЖШС мен «Каликов»ЖК сияқты май және ірімшік өндіріп жатқан кәсіпорындарға қолдау көрсетуге бағытталды.

«Абай облысы әкімі Нұрлан Телманұлының бастамасымен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік бағдарламаларға белсене қатысуда. Мәселен, әлеуметтік нанның бағасын тұрақтандыру мақсатында тұрақтандыру қорынан 1 656 тонна астық жергілікті ұн тарту зауыттарына жөнелтілді. Бұл өз кезегінде нанның бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, «Семей» ӘКК және «Агрофирма Приречное» ЖШС 5 478 тонна картоп-бақша өнімдерін тұрақтандыру қорына беріп, бұл да бағалардың тұрақтылығына әсер етті», - деп толықтырды Нұржан Есенжолов.


2024 жылдың қорытындысы бойынша 25-ке жуық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 200 тоннадан астам өнім 230 миллион теңгеге сатылды. Сондай-ақ, жыл бойы 1 902 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде ауыл шаруашылығы техникасына арналған құжаттарды рәсімдеу бойынша қызметтер ұсынылды.

2025 жылға арналған жоспарларға сәйкес барлық негізгі көрсеткіштерді одан әрі арттыру көзделуде. Жалпы өнім көлемі 106%-ға, физикалық көлем индексі 105%-ға арттыру жоспарда бар.

Бұл бағыттағы жұмыстар белсенді түрде жалғасып және қала ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту үшін барлық күш-жігерді салмақ.
 

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
👍1
Семей қаласының әкімдігі
🌾Ауыл шаруашылығын дамыту – азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі   Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің форумында ауыл шаруашылығын бәсекеге қабілетті әрі алдыңғы қатарлы салаға айналдыру қажеттігін атап өтті. Ол агроөнеркәсіптік кешен…
🌾Развитие сельского хозяйства – залог продовольственной безопасности
 
Президент заявил на Форуме работников сельского хозяйства, что необходимо превратить сельское хозяйство в конкурентоспособную и передовую отрасль. Он отметил, что агропромышленный комплекс должен стать одной из основных движущих сил экономического роста, что является важной задачей как для бизнеса, так и для государства. Это особенно важно с точки зрения обеспечения продовольственной безопасности страны.
 
По итогам 2024 года индикативные показатели в сфере сельского хозяйства, которые были включены в Комплексный план социально-экономического развития города, выполнены успешно. Объем выпуска валовой продукции (ВВП) составил 37,3 млрд. тенге, что на 6,4 млрд. тенге больше, чем в прошлом году. Темп роста составил 120,7%, а индекс физического объема (ИФО) – 103,2%. Пищевыми предприятиями города было произведено продукции на сумму 81,8 млрд. тенге.

Инвестиции в основной капитал сельского хозяйства составили 2,0 млрд. тенге. Это способствовало значительному росту производственных показателей. Например, в 2024 году было произведено 12,1 тысячи тонн мяса (увеличение на 102,5%), 7,1 тысячи тонн молока (увеличение на 102,2%), и 2,6 млн. штук яиц (увеличение на 117,8%).
Местными товаропроизводителями также было выпущено 41,4 тыс. тонн муки и мучных изделий, 6,0 тыс. тонн хлебобулочных изделий, 1,2 тыс. тонн молока и молочной продукции, 62,0 тыс. тонн растительного масла и 4,0 млн. штук яиц. Шесть предприятий города экспортировали 404,9 тыс. тонн продукции, среди которых ТОО «QAZAQ - ASTYQ GROUP» (401,5 тыс. тонн) и другие.

«В 2024 году наблюдался рост поголовья сельскохозяйственных животных. Количество крупного рогатого скота увеличилось на 120,9% и составило 4,9 тыс. голов, мелкого рогатого скота – на 123,7% (4,5 тыс. голов), а количество лошадей выросло на 131,0% (2,0 тыс. голов).Сельскохозяйственные культуры занимали площадь в 3 470 га, включая дачные массивы (1 720 га) и частные подворья (1 750 га). В результате получено 5,4 тыс. тонн картофеля и 8,8 тыс. тонн овощебахчевых культур. В городе активно работают 6 дачно-садовых кооперативов, где 1 300 жителей используют 593,3 га земли для выращивания овощей и бахчевых культур», - отметил руководитель аппарата акима города Семей Нуржан Есенжолов.


Примечательно, что в 2024 году три предприятия города – АО «ВК МКК», ТОО «Ай-Ар», ТОО «QAZAQ - ASTYQ GROUP» – заложили 7 тыс. тонн зерна на хранение в элеваторы. Для повышения продуктивности и качества мяса птиц, ТОО «Восток Бройлер» было выплачено 400 млн. тенге субсидий. В рамках программы возмещения части затрат на закупленную технику и оборудование, 19 млн. тенге субсидий получили предприятия города, такие как АО «ВК МКК» и другие.

Также было выплачено 175,5 млн. тенге субсидий для производства и повышения качества продукции. Эти средства были направлены на поддержку таких предприятий, как ТОО «Маслосырбаза» и ИП «Каликов», производящих масла и сыры.

«По инициативе акима области Абай Нурлана Тельмановича сельхозтоваропроизводители активно участвуют в рамках государственной программы по стабилизации цен. В частности, через стабилизационный фонд было реализовано 1 656 тонн зерна для мукомольных заводов города, что позволило стабилизировать цену на социальный хлеб. Также СПК «Семей» и ТОО «Агрофирма Приречное» заложили 5 478 тонн картофелеовощной продукции в стабилизационный фонд, что также способствовало стабильности цен», - добавил Нуржан Есенжолов.


По итогам 2024 года было организовано более 25 сельскохозяйственных ярмарок, где участники реализовали более 200 тонн продукции на сумму 230 млн. тенге. В этом году также было оказано 1 902 государственных услуг, связанных с оформлением документов на сельскохозяйственную технику, что способствовало развитию инфраструктуры.

В 2025 году планируется дальнейший рост всех ключевых показателей. Прогнозируется увеличение объема выпуска валовой продукции на 106%, а индекс физического объема составит 105%.

Работы в этом направлении активно продолжаются, и ожидается дальнейшее развитие сельского хозяйства города.
👍1
👥Әкім азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев азаматтарды кезекті мәрте қабылдап, олардың мәселелерін тыңдады. Тұрғындар аймақ басшысына өздерін толғандыратын сауалдарын қойып, нақты жауаптар алды. Қабылдауда жерлестеріміз тұрғын үймен қамтамасыз ету, медициналық және материалдық қолдау туралы өтініштерін жеткізді.

Қабылдауға жазылғандардың арасында тұрғын үймен қамтамасыз етуді сұраушыларға лайықты жауап қайтарылды. Облыс әкімі тұрғын үйді бөлу процесі белгіленген мемлекеттік нормаларға сәйкес жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Баспана кезегінде тұрғандар кезекке сәйкес қана пәтерге ие болатындығы айтылды.

«Әлеуметтік мәселелерді шешу - біздің міндетіміз. Облыстың әрбір тұрғыны мемлекет қамқорлығын сезінуі тиіс. Адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту, оларды қолдау шараларын кеңейту және әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру бойынша жұмысты жалғастырамыз», - деді өңір басшысы.


Жеке қабылдау соңында облыс әкімі жауапты ведомство басшыларына азаматтардың өтініштеріне мұқият мән беріп, оларды тезірек шешу үшін шаралар қабылдауды тапсырды. Көтерілген әр сұрақ бақылауға алынатынын айтты.

🚀#АбайОблысыныңӘкімдігі

Facebook | Instagram | gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Абай облысының әкімдігі
👥Әкім азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев азаматтарды кезекті мәрте қабылдап, олардың мәселелерін тыңдады. Тұрғындар аймақ басшысына өздерін толғандыратын сауалдарын қойып, нақты жауаптар алды. Қабылдауда жерлестеріміз…
👥Проведен прием по личным вопросам

Аким области Нурлан Уранхаев провел личный прием граждан, в ходе которого жители региона смогли напрямую задать волнующие их вопросы и получить разъяснения по актуальным социальным проблемам. На приеме жителями были подняты вопросы обеспечения жильем, а также медицинской и материальной поддержки.

Одной из актуальных тем на приеме стало обеспечение жильем. Жители обратились с просьбами получения жилплощади и сроки ожидания своей очереди. Аким области отметил, что процесс распределения жилья осуществляется в соответствии с установленными государственными нормами. Очередники получают квартиры согласно очереди.

«Решение социальных вопросов – наша главная задача. Каждый житель области должен чувствовать заботу государства. Мы будем продолжать работу по улучшению качества жизни людей, расширять меры поддержки и повышать доступность социальных услуг», — отметил глава региона.


По итогам встречи аким области дал поручения ответственным ведомствам проработать все обращения граждан и принять меры для их скорейшего решения. Он подчеркнул, что все поднятые вопросы взяты на контроль.

🚀#АбайОблысыныңӘкімдігі

Facebook | Instagram | gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM