Семей қаласының әкімдігі
2.97K subscribers
10.7K photos
2.8K videos
9 files
898 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Бобровка кентінде 100 адамнан құрылған “Наурыз керуені” шеруі өтті

⚜️ Бүгін қаланың шеткері аумақтарында Наурыз мейрамы тойланды. Атап айтқанда, Степной, Водный, Бобровка, Шығыс кенттері мен Дальняя, Жоламан, Компоселок, Холодный ключ аудандарында «Наурыз мейрамы-2024» мерекесіне арналған ұлттық мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Мерекелік шараны 10 000-ға жуық адам тамашалады.

Бобровка, Водный кеттеріндегі Наурыз мейрамына қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов, Семей қаласының әкімінің орынбасары Арайбек Хамзаев қатысты.

Өздеріңіз білетіндей қаланың шеткері аумақтарында менің инпекторларым бар. Кенттердегі Наурыз мейрамын сол инспекторлар ұйымдастырды. Ертең, 22 наурызда, орталық алаңда және әртүрлі аумақтарда киіз үйлер тігіліп, ұлыстың ұлй күні - Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтілетін болады. Сол шараға барша семейліктерді шақырамын,- деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов журналистерге берген сұхбатында.

Бобровка кентінде өткен Наурыз мейрамында түйе, жылқы, жеті қазынаның бірі тазы, бүркіттен құрылған “керуен” жүрді. Сонымен қатар, қалалық мәдениет сарайының әншілері өнер көрсетіп, арқан тартысу, асық ойыны, қой көтеру сынды ұлттық ойындардан жарыстар өтті. Тұрғындарға Наурыз көже, бауырсақ, палау тегін таратылды.

✍️ Семей қаласы әкімінің баспасөз қызметі