Семей қаласының әкімдігі
3.04K subscribers
10.3K photos
2.75K videos
9 files
785 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
🎶. Алдағы күндері Семей қаласында қайда баруға болады?

Халықты ақпараттандыру мақсатында біз сіздердің назарларыңызға қаламызда өткізілетін іс-шаралардың анонсын ұсынамыз. Семейде 8-14 қаңтар аралығында күндері аралығында қандай қызықты іс-шаралар ұйымдастырылмақ➡️

.....................

🎸. Какие культурные мероприятия пройдут в ближайшие дни?

Дорогие семейчане и гости города!
В целях информирования населения о мероприятиях, проводимых в нашем городе, мы представляем вашему вниманию следующий анонс.
Что интересного будет проходить в Семее с 8 января по 14 января.

#Семейқаласыәкімдігі
Семейде қар тазалауды коммуналдық қызметтер күні-түні жүргізіп жатыр.

Семейде көше-жол желісін тазалауға және көктайғаққа қарсы материалдармен себуге 100-ге жуық техника мен 80-нен жұмысшы жұмылдырылды. Күндізгі тазалауға сыпыру-жинау техникасы, тиегіштер, құм таратқыштар, МТЗ, шнекороторлар, самосвалдар тартылды...


🚜Жалпы алғанда, бүгінде коммуналдық қызметтердің қарамағында 110-нан астам техника, оның ішінде қар тазалау кезінде таптырмайтын шнекороторлар, тиегіштер бар.

Көктайғаққа қарсы материалдармен өңдеу кезінде авариялық-қауіпті учаскелерге: көпірлерге, өткелдерге, көлік көтеріліп, түсетін жерлерге, тротуарларға, қоғамдық көлік аялдамаларына ерекше назар аударылады.

Қар шығаруға қатысты немесе басқа да сұрақтарыңыз болса біздің WhatsApp нөмірімізге +7 (700) 718-71-60 жаза аласыздар. Барлық мәселелер қала әкімдігінің толық бақылауында.

#Семейқаласыәкімдігі
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
В Семее коммунальные службы осуществляют уборку и вывоз снега круглосуточно.

🔸 В очистке улично-дорожной сети и в посыпке противогололедными материалами задействовано около 100 единиц техники и порядка 80 специалистов ручного труда. К дневной уборке привлекаются подметально-уборочная техника, погрузчики, пескоразбрасыватели, МТЗ, шнекороторы, самосвалы...

🚜 В общей сложности сегодня в распоряжении коммунальных служб свыше 110 единиц техники, в том числе незаменимые при уборке снега шнекороторы, погрузчики.

При обработке противогололедными материалами особое внимание уделяется аварийно-опасным участкам: мостам, путепроводам, подъемам и спускам, тротуарам, остановкам общественного транспорта.

По вопросам вывоза снега и другим вопросам можете писать на WhatsApp номер +7 (700) 718-71-60. Все вопросы находятся под контролем акимата города.

#Семейқаласыәкімдігі
Соңғы уақытта Семей қаласында люк қақпақтары жиі ұрлануда. Қала әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасына да кәріз қақпақтарының ұрланып жатқандығы туралы шағымдар толассыз келіп жатыр.

Осы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Семей қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі мен Семей қаласы Полиция басқармасы бірлесіп қаладағы металл қабылдайтын орындарды тексерді. Сондай-ақ меншік иелеріне заңсыз жолмен алынған заттарды қабылдауға тыйым салу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Полицейлердің айтуынша, ұрлықшылар канализациялық құдық қақпақтарымен қатар, аккумулятор батареяларын, электрлі мыс кабельдерін де қолды етеді екен. Люк қақпақтарын ұрлау әсіресе балалар мен мектеп оқушылары үшін үлкен қауіп төндіреді

Айта кетейік, 2022 жылы 15 кәріз қақпағы ұрланса, 2023 жылдың 46 люк қақпағы қолды болған.

📞Егер сіз құқық бұзушылықтың және люк қақпағы ұрлығының куәсі болсаңыз, полицияның 102 нөміріне хабарласыңыз.