Семей қаласының әкімдігі
3.03K subscribers
10.3K photos
2.75K videos
9 files
787 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Семей қаласының әкімдігі
Photo
🇰🇿Республика күніне орай Семейде бірқатар азаматтар марапатталды

⚜️25 қазан - Республика күніне орай салтанатты жиын өтті. Шара мемлекеттік әнұран шырқаудан басталды. Мерекелік жиында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтарға Абай облысының әкімі Н. Ұранхаевтың алғыс хаты, Семей қаласының әкімі Н. Нұрсағатовтың құрмет грамотасы, алғыс хаты және «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі табысталды.

Олардың қатарында спорт, денсаулық сақтау, мемлекеттік қызмет, ауыл шаруашылығы, өндіріс және бизнес салаларының өкілдері бар.

- Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, құт-береке тілеймін! Еліміздің тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!», - қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Сондай-ақ, Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың қаулысына сәйкес 9 қыркүйек пен 9 қазан аралығында күзгі экологиялық тазалық акциясы ұйымдастырылған болатын. Жоғарыда аталған марапаттардан бөлек, сенбілік аясында өткен «Таза Семей 2023» байқауына белсенді қатысқан мекеме ұжымдары марапатталып, оларға ақшалай сыйлықтар табысталды.

Атап айтқанда, «Знаменка орта мектебі», «Jq кафесі», «Немере балабақшасы», «Қалалық мәдениет сарайы», «22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі», «ForteBank», «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі», «Приречное жалпы орта білім беретін мектебі», «Геологиялық барлау колледжі», «Алёна Пасько», «Экономикалық лицейі», «25 жалпы орта мектебі» экологиялық акцияның белсенді қатысушалары аталымына ие болды.

Жиында көрермен назарына акция қатысушыларының сенбіліктегі дайындаған үздік фотосуреттері мен бейнежазбалары көрсетілді.

#RepulicDay
Семей қаласының әкімдігі
Photo
🇰🇿 В Семее ряд граждан наградили по случаю Дня Республики

25 октября – состоялось торжественное заседание по случаю Дня Республики.

Мероприятие началось с исполнения государственного Гимна. Аким города Семей Нурбол Нурсагатов вручил от имени акима области Абай Нурлана Уранхаева благодарственные письма, также почётные грамоты и нагрудные знаки "Қалаға сіңірген еңбегі үшін".

Наградили представителей спорта, здравоохранения, государственной службы, сельского хозяйства и предпринимательства.

"25 октября - одна из важнейших дат в истории Казахстана. Ведь именно с  этого дня ведётся отсчет становления и развития нашего государства.
Все эти годы город Семей демонстрирует положительную динамику роста экономических показателей. Наша главная цель – сохранить и приумножить завоеванные достижения!", - сказал аким города Н. Нурсагатов.

Также по решению акима Нурбола Нурсагатова с 9 сентября по 9 октября была организована экологическая акция. Помимо вышеперечисленных наград, команды учреждений, участвовавших на субботниках в конкурсе «Таза Семей -2023», были награждены денежными призами.

В частности, «Знаменская средняя школа», «кафе Jq», «Детский сад «Немере», «Городской дворец культуры», «22 общеобразовательная школа-лицей», «ForteBank», «Педагогический колледж имени М.О. Ауэзова», «Приречная средняя школа», «Геологоразведочный колледж», Алена Пасько, “Экономический лицей», «25 Средняя школа» удостоены звания активного участника экологической акции.

На церемонии вниманию зрителей были представлены лучшие фотографии и видеозаписи, подготовленные участниками субботней акции.

#Семейқаласыәкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
Photo
🔑Көпбалалы 32 отбасыға  тұрғын үй кілттері табысталды
 
Бүгін Республика күніне орай Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов  мемлекеттік тұрғын үй қорында «Көпбалалы отбасы» санаты бойынша кезекте тұрған 32 отбасына Ұшақтар  кентінен жеке тұрғын үйлердің кілтін табыстады.

Ағымдағы жылдың басынан бастап пәтер кезегінде тұрған көпбалалы отбасыларға Комсомол кентінен  50-ден астам жеке үйлердің кілттері табысталды. Аталған тұрғын үйлер сатып алу құқығынсыз берірлетін жалдамалы тұрғын үйлер болып табылады.

Әр үйдің жалпы ауданы 80-100 шаршы метрді құрайды, үйлер жылыту пештерімен толық қамтамасыз етілген, жөндеу жұмыстарын қажет етпейді. Ауласында бау-бақшаға арналған арнайы бос орын бар.

«Бүгін 32 отбасыға Архат көшесіндегі үйлерден баспаналы болды. Баспана иелерін – осындай айтулы күнмен шын жүректен құттықтаймын. Жаңа үйлер берекелі болып, барша шаңыраққа қуаныш әкелсін. Республика күні құтты болсын»- деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Айта кетейік, Семей қаласы бойынша үй кезегінде 13 000-нан астам қала тұрғындары тіркелген. Осыған орай, Қарағайлы ықшам ауданында  бюджеттік көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, биыл жыл соңына дейін 200-ден астам әлеуметтік осал және көпбалалы отбасылар тойлайды. Отбасыларды тұрғын үймен қолдаудың кешенді моделі жалғасатын болады.

#RepulicDay
#Семейқаласыәкімдігі