Семей қаласының әкімдігі
3.04K subscribers
10.2K photos
2.75K videos
9 files
783 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Семей қаласының әкімі Н.Т. Нұрсағатовтың қала тұрғындарымен есептік кездесуінде айтқан сөзінен үзінді:
 
🔸2023 жылы әлеуметтік осал топтағы 27 отбасыға пәтер кілттері берілді. Шілде айының соңына халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтар  45 тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Сондай - ақ, ағымдағы жылдың соңына дейін Ұшақтар шағын ауданы мен Комсомол кентіндегі салынып жатқан 124 жеке тұрғын үй кезекте тұрған азаматтарға беріледі.

 
🔸 Абай облысын дамытудың бекітілген кешенді жоспарына сәйкес «Омбы-Майқапшағай» тас жолынан  Энергетик ауданындағы «Северный» сауда логистикалық орталығына дейінгі жол құрылысын жасау қарастырылған. Қазіргі таңда мердігер ұйыммен келісімшарт  жасалып,  жұмысты шілде айының ортасында бастауды жоспарлануда.
 
🔸 2023 жылдың басынан бастап қалалық автопарктер 36 автобус сатып алды, жыл соңына дейін тасымалдаушылар шағын класты 30 жаңа автобус сатып алуды жоспарлауда. Бұл шара маршруттық автобустардың жиілігін арттырып, қаладағы қоғамдық көлік мәселесін ішінара шешуге мүмкіндік береді.
 
🔸 Бүгінгі таңда қала аумағында контейнерлік алаңдарды жайластыру үшін, 200-ден астам  алаң жабдықталды.  2023 жылы Семей қаласының әкімдігі жаңа стандарттарға сәйкес келетін 1125 қоқыс контейнерін сатып алды. 965 контейнер қалаға жеткізіліп көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларындағы қоқыс алаңдарына қойылды, қалған 160 қоқыс контейнері шіле айының бірінші он күндігінде қалаға жеткізіледі.
 
🔸 Жылыту маусымына дайындық аясында қазіргі уақытта 6 жылу көзінде жөндеу жұмыстарының жоспары бар. Олар ЖЭО-1, Орталық, Ғаббасов. 2 жылу қазандығына қосымша жылыту қазандықтары орнатылады.
 
🔸 2023 жылға қаланың орталық бөлігінде және шеткері аумақтарында 80 көше көшені жарықтандыру жұмыстары жоспарланған. "Мектепке жол" бағдарламасын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылы білім беру мекемелеріне апаратын барлық көшелерде сыртқы жарықтандыру жүргізіледі. Бүгінгі таңда 6 көшеде жұмыстар аяқталды. 

🔸 Оқушы орындарының тапшылығын азайту мақсатында 2023 жылы "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 2 мектептің құрылысы басталады.  Бұл: "Қарағайлы" шағын ауданындағы 1200 орындық мектеп және Водный кентіндегі 600 орындық мектеп. Аталған мектептердің құрылысы "Самұрық-Қазына"АҚ қоры арқылы жүзеге асырылады. Нысандарды салу мерзімі-2023-2024 жылдар.
 
🔸 Ағымдағы жылы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қолдау мақсатында қалада 25 орынға арналған дағдарыс орталығын ашу жоспарланған. Қазіргі уақытта 35 квартал ауданында орналасқан Тері-венерологиялық диспансер ғимаратын осы орталыққа беру үшінф күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары жүргізілуде.

🔸Қарағайлы шағын ауданында  нефрологиялық орталық пен емхана салу мақсатында ауданы 0,4906 гектар жер телімі бөлініп, құрылыс жүргізуге  дайындық жұмыстары басталды.
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Из выступления акима города Семей Нурбола Нурсагатова на отчетной встрече с жителями:

🔸 В июне т.г. 27 семьям из категории социально-уязвимых слоев населения были вручены ключи от квартир. В июле новоселье справят еще 45 семей. Кроме того, до конца 2023 г. планируется предоставить квартиры в мкр. Ушактар и пос. Комсомольский еще 124 гражданам, состоящим в очереди на получение жилья.

🔸В соответствии с утвержденным комплексным планом развития области Абай предусмотрено строительство автодороги от трассы «Омск-Майкапшагай» до ТЛЦ «Северный». В настоящее время с подрядной организацией заключен контракт, начало работ запланировано на середину июля т.г.

🔸 С начала 2023 г. городскими автопарками закуплено 36 автобусов, до конца года перевозчики планируют закупить еще 30 новых автобусов малого класса. Эта мера позволит увеличить частоту маршрутных автобусов и частично решить проблему общественного транспорта в городе.

🔸 На сегодняшний день для обустройства контейнерных площадок на территории города обустроено более 200 площадок. В 2023 г. акиматом города Семей приобретено 1125 мусорных контейнеров, соответствующих новым стандартам. 965 контейнеров установлены на мусорных площадках во дворах многоэтажных жилых домов, оставшиеся 160 будут доставлены в первой декаде июля.

🔸 В рамках подготовки к предстоящему отопительному сезону в настоящее время разработан план ремонтных работ на 6-ти теплоисточниках, в том числе ТЭЦ-1, Центр, Габбасова. На 2-х котельных устанавливаются дополнительные водогрейные котлы.

🔸 В 2023 г. запланированы работы по установке уличного освещения на 80-ти улицах в центральной части и на окраинах города. В рамках реализации программы «Дорога в школу» в текущем году будет проведено наружное освещение на всех улицах, которые ведут к образовательным учреждениям. На сегодня завершены работы на 6 из них.

🔸В целях снижения дефицита ученических мест в 2023 году начнется строительство 2 школ в рамках национального проекта «Комфортная школа»: в мкр. Карагайлы – на 1200 мест и в пос. Водный – на 600 мест. Срок строительства объектов: 2023-2024 гг.

🔸В текущем году в целях поддержки жертв бытового насилия в городе запланировано открытие кризисного центра на 25 мест. В настоящее время ведутся работы по передаче и проведению капитального ремонта здания кожно-венерологического диспансера, расположенного в районе 35 квартала.

🔸 С целью строительства нефрологического центра и поликлиники в микрорайоне Карагайлы выделен земельный участок площадью около 0,5 га, ведутся подготовительные работы.
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Бүгін Абай театрында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың Семей қаласы тұрғындарымен кездесуі өтті.

Сондай-ақ, Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов ағымдағы жылы жүзеге асырылап жатқан жұмыстар туралы есеп берді. Жиынға барлық мекеме, бөлім басшылары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, қала тұрғындары мен жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Семей қаласының облыс орталығы болуы - әлеуметтік-экономикалық, инфрақұрылымдық және коммуналдық дамуына оң әсерін тигізуде. 2023 жылға арналған бюджетінің көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 1,5 есеге ұлғайды. Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласының шығындары - 38,7 млрд. теңге, бұл қала бюджетінің жалпы көлемінің 40%. Әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға 9 млрд. теңге қарастырылған.

Қала тұрғындары алдында есеп берген Нұрбол Төлегенұлы қала тұрғындарың алаңдататын ең өзекті мәселелерге де тоқталды. Көбінесе тұрғындар қоғамдық көлік, ТКШ жұмысына шағымданады және әлеуметтік мәселелер бойынша жүгінді.

3 сағатқа созылған жиында аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев барлық сұрақтарға жауап беріп, Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовқа барлық сұрақтарды қатаң бақылауға ұстауды тапсырды.

Кездесу барысында қала әкімі көтерілген мәселелердің барлығы да өзекті екенін, бәрі де ретімен жүзеге асатынын, жиында айтылған ұсыныс-пікірлер бойынша хаттама түзілгенін, алдағы уақытта жоспар түзіліп, ол бойынша атқарылған жұмыстар әлеуметтік желілерде жарияланатынын түсіндіріп, жиынды қорытындылады.