Семей қаласының әкімдігі
3.07K subscribers
9.94K photos
2.7K videos
9 files
705 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
WhatsApp нөмірімізге Семей қаласының тұрғындарынан келген пікірлер.

Отзывы от жителей города Семей, которые пришли на WhatsApp.

Біз әрқашан байланыстамыз!
Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Восход пен Водный кентіндегі жол қауіпсіздігін тексеріп қайтты

Өткен аптада Шығыс, Водный, Восход кенттерінің тұрғындарымен кездесуі кезінде жол қауіпсіздік мәселесі туралы шағымдар көп болған. Тұрғындар шағымының негізінде қала әкімі Водный кентіндегі "Протока" аялдамасы жанына Полиция басқармасымен бірлесіп, жол учаскесінде жаяу жүргіншілер өткелі және 40 км/сағ жылдамдықты шектеу жол белгілерін орнату мәселесін пысықтауды тапсырды.

Сонымен қатар, 14 Водный мекенжайындағы еріген және жаңбыр суларының кедергісіз ағуы мен өтуі үшін арық өткелін тазарту керектігін айтты. Сондай-ақ, өткелді жүргіншілерге ыңғайластыруды, жан-жағына жөндеу жүргізуді тапсырды.

Тұрғындар шағымының барлығы есепке алынды. Қала әкімі жағдайды толық бақылауында ұстауға уәде берді.

#Семейқаласыәкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Восход пен Водный кентіндегі жол қауіпсіздігін тексеріп қайтты Өткен аптада Шығыс, Водный, Восход кенттерінің тұрғындарымен кездесуі кезінде жол қауіпсіздік мәселесі туралы шағымдар көп болған. Тұрғындар шағымының негізінде…
Аким города Нурбол Нурсагатов проверил дорожную безопасность в поселках Восход и Водный

На прошлой неделе во время встречи с жителями поселков Восточный, Водный, Восход было много жалоб касательно безопасности дорожного движения. На основании жалоб жителей аким города поручил совместно с управлением полиции проработать вопрос установки пешеходных переходов и дорожных знаков с ограничением скорости 40 км/ч на участке дороги рядом с остановкой "Протока" в поселке Водный.

Кроме того, поручено очистить арычные сети для беспрепятственного стока и прохождения талых и дождевых вод в районе Водный, 14. Также Нурбол Нурсагатов поручил обустроить пешеходный переход и провести текущий ремонт участка.

Все жалобы жителей будут учтены в работе, аким города пообещал держать ситуацию на личном контроле.

#Семейқаласыәкімдігі
Әркімнің дауысы маңызды!
Өз таңдауыңды жаса!
__________________

Сделай свой выбор!
Твой голос важен!

#Семейқаласыәкімдігі
Бүгін қоғамдық кеңестің кезекті отырысында қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов жаңадан жасақталған кеңес мүшелерімен кездесіп, бірқатар мәселелерді талқылады.
Кеңес отырысына қала әкімінің орынбасарлары және БАҚ өкілдері қатысты.

Кеңес мүшелері дағдарыс орталығын салу, жаңа қоқыс полигонын салу, орталық саябақты абаттандыру, Знаменка тас жолы бойындағы зират аумағын шектеу сынды бірнеше ұсыныстарын қала әкіміне айтты. Сәйкесінше, Нұрбол Төлегенұлы әрбір кеңес мүшесінің сұрақтарын тыңдап, жауап берді.

«Қоғамдық кеңес мүшесі болу бұл жәй ғана мәртебе емес, бұқара мен билік арасын жалғаушы ретінде жұмыс жасау үшін жүктелген үлкен жауапкершілік. Қоғамдық кеңестің пікірі маңызды. Әкімдік депутаттар мен қоғамдық кеңес мүшелерімен бірлесіп жұмыс істеп, біраз шаруаларды бітіреміз деп сенемін»,- деді қала әкімі.

Бұдан бөлек ағымдағы жылы қалада атқарылған істер мен жүзеге асырылған жобаларға тоқталып өтті. Қоғамдық кеңес мүшелері мен қала әкімінің келесі кездесуі желтоқсан айында өтеді деп жоспарлануда.