Семей қаласының әкімдігі
2.99K subscribers
10.6K photos
2.79K videos
9 files
871 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Семейде мердігер ұйымдардың күшімен  жаяу жүргіншілер тротуарлары мен магистраль жолдары барынша тазаланып жатыр.

Әсіресе орталық көшелер, аялдамалар, көпірлерді, жарықтандыру тіректерін, жалпы пайдалану орындарын тазалау және жуу бойынша жоспарлы жұмыстар мейілінше жалғастырылып жатыр.

👷‍♀️ Аталмыш жұмыстарға бүгін 32 бірлік арнайы техника мен 80-нен астам жол жұмысшысы жұмылдырылды.

• • •

В городе полным ходом продолжается плановая работа по очистке пешеходных тротуаров от посыпки пескосоляной смеси после зимнего периода, а также мойке центральных улиц, тротуаров, остановок, мостов, опор освещения, ограждений и мест общего пользования.

👷‍♂️ Сегодня в работах задействованы 32 единиц спецтехники и более 80 дорожных рабочих.
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Қала аумағындағы тарихи және мәдени ескерткіштердің жай-күйіне  мониторинг жұмыстары жүргізілді.

Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың тапсырмасына сәйкес, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің, тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық бөлімінің, сәулет және қала құрылысы бөлімінің, «Абай облысының тарихи-мәдени мұрасын қорғау орталығы» КМҚК қызметкерлерімен және БАҚ өкілдерімен   қала аумағындағы тарихи және мәдени ескерткіштердің жай-күйіне  мониторинг жұмыстары жүргізілді.
 
Абай облысы  әкімдігінің 2023 жылғы 20 наурыздағы №58 «Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» қаулысына сәйкес қалада 68 тарих және мәдениет ескерткіштері тіркелген. Оның ішінде 35 сәулет және қала құрылысы, 17 монументалды өнер, 16 тарих және археологиялық  ескерткіштер бар. Олардың 10 – республикалық, 58 - жергілікті маңызы бар ескерткіштер болып табылады.