Семей қаласының әкімдігі
3.05K subscribers
10.2K photos
2.75K videos
9 files
783 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Семейде санитарлық тазарту бойынша ауқымды жұмыстар жалғасуда

🚜 Жолдар, тротуарлар, жол жиектері, көпірлер қоршаулары, аялдамалар, қоқыс жәшіктері шаң мен балшықтан жуылуда, ашық аумақтар қоқыстан тазартылуда.

Жалпы тазалау тек қаланың орталық көшелерінде ғана емес, сонымен қатар тұрғын алаптарда да жүргізіледі.

Коммуналдық қызметтер екі ауысымда жұмыс істеуде, сондықтан тазалық шаралары тәулік бойы жалғасуда.

_________________

Масштабные работы по санитарной очистке продолжаются в г. Семей

🚜 Дороги, тротуары, прибордюрные полосы, мостовые ограждения, остановки, урны моются от пыли и грязи, от мусора очищаются открытые территории.

Активные уборочные работы ведутся коммунальщиками во всех районах города.
Генеральная уборка ведется не только на центральных улицах города, но и в жилых массивах.

Коммунальные службы работают в две смены, поэтому очистка ведется круглосуточно.
Жалпықалалық сенбілікке шақырамыз!
Осы сенбі, 8 сәуірде баршаңызды қаламыздың тазалығына үлес қосуға шақырамыз! Сенбілік сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін өтеді. Барлық қалалық шағын және орта бизнес нысандарының қатысуы міндетті. Бизнес өкілдері өздерінің және оған іргелес аумақтарды тазалауы қажет.

Сонымен қатар, экологиялық акцияға еріктілер, әлеуметтік нысандарғы қызметкерлер, бюджеттік және жеке мекеме ұжымдары, көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару органдары және жеке сектордың үй иелері қатысады.

Қаламыздың тазалығына үлес қосыңыз! Сенбілікке шығыңыз!
.......................

Приглашаем на общегородской субботник!

В эту субботу, 8 апреля приглашаем всех внести свой вклад в чистоту нашего города! Субботник будет проходить с 10: 00 до 13:00 часов. Участие всех городских объектов малого и среднего бизнеса обязательно! Представителям бизнеса необходимо произвести очистку своей и прилегающей территории.

Кроме того, в экологической акции примут участие активисты, коллективы социальных объектов, государственных, бюджетных и частных учреждений, органы управления многоквартирными жилыми домами, домовладельцы частного сектора и все неравнодушные семейчане.

Внесите вклад в чистоту своего города! Выходите на субботник!

#Семейқаласыәкімдігі
Семей қаласында заңсыз орналасқан дүңгіршектер, гараждар мен жарнамаларды сүру жұмыстары жалғасуда.

Экологиялық екі айлық тазалық акциясы аясында қалада заңсыз орналасқан дүңгіршектердің иелеріне хабарламалар жолданып, дүңгіршектерді сүру жұмыстары жалғасуда.

Сондай-ақ, көрнекі ақпараттар мен жарнамалардың «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» және «Жарнама туралы» Заңдары талаптарына сай келмейтін, жыртылған, ескірген, жарнамалар алынып тасталуда. Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері қалада заңсыз жарнамалады алып тастау жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келеді.

✔️Осы сенбі, 8 сәуірде баршаңызды қаламыздың тазалығына үлес қосуға шақырамыз! Сенбілік сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін өтеді. Барлық қалалық шағын және орта бизнес нысандарының қатысуы міндетті. Бизнес өкілдері өздерінің және оған іргелес аумақтарды тазалауы қажет.
В городе Семей продолжаются работы по удалению нелегальных киосков, гаражи и рекламы.

В рамках акции экологическая двухмесячная уборка владельцам незаконно расположенных в городе киосков были направлены уведомления, продолжается работа по наведению порядка территории города.

Также снимается визуальная информация и реклама, не соответствующая требованиям Законов «О языке в Республике Казахстан» и «О рекламе», рваная, устаревшая, реклама. Напомним, с начала года в городе непрерывно ведется работа по удалению незаконной рекламы.

📷В эту субботу, 8 апреля приглашаем всех внести свой вклад в чистоту нашего города! Субботник будет проходить с 10:00 до 13:00 часов. Участие всех городских объектов малого и среднего бизнеса обязательно! Представителям бизнеса необходимо произвести очистку своей и прилегающей территории.
Құрметті Семей қаласының тұрғындары!


«Халық қатысатын бюджет» жобасы (бұдан әрі – жоба) шеңберінде жобалық ұсыныстарға дауыс беру 2023 жылдың 6 - 24 сәуір аралығында өтеді. Дауыс беруге қаланың барлық тұрғындары қатыса алады.
Жобаның шарттары бойынша сайттың басты бетіндегі «Пайдалы сілтемелер» «Халық қатысатын бюджет-2023» бөлімінде қала әкімдігінің интернет-парақшасында, бір адам, бір жобаға дауыс бере алады.
Сізге, жобалық ұсынысқа дауыс беру үшін:
1. ЭЦҚ кілті арқылы Семей қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына тіркелу керек;
2. «Халық қатысатын бюджет-2023» бөліміне өту;
3. Жобаға «Дауыс беру» түймесін басыңыз;
4. Алдыңғы кезеңдердің барлығын орындағаннан кейін Сіздің дауысыңыз тіркеледі.
Жалпы саны 50 тұрғыннан кем дауыс берілген жобалық ұсыныс іске асырылмайды.