Семей қаласының әкімдігі
3K subscribers
10.5K photos
2.77K videos
9 files
832 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Семей қаласының әкімдігі
Video
🧹Семейде 24/7 режимінде жаппай қар шығару іс-шаралары жалғасуда. Айта кетейік, наурыздың бірінші онкүндігінде жауын-шашын мол түсті, тек алғашқы 7 күнде айлық норманың 60% - дан астамы жауды. Сондықтан учаскелерде қарды жаппай шығару қайта жүргізіледі. Қыс мезгілінің басынан бастап қар полигонына барлығы 470 текше метр қар шығарылды.

Сонымен қатар, жоғары температура қардың еруіне әсер етті. Сондықтан тәулік бойы еріген қар суынан тазарту бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Бүгінгі таңда 16 0000 текше метр су шығарылды.
Жұмыстар жалғасуда.
______________________

🧹В г. Семей в режиме 24/7 продолжаются мероприятия по массовому вывозу снега. Отметим, первая декада марта выдалась обильной на осадки в виде дождя и снега, только за первые 7 дней выпало более 60% от месячной нормы. Поэтому массовый вывоз снега на участках проводится повторно. Всего с начала зимнего сезона на снежный полигон вывезено 470 куб. метров снега.

Кроме того, плюсовая температура повлияла на таяние снега. Поэтому в круглосуточном режиме проводятся также мероприятия по откачке талых и дождевых вод. На сегодняшний день откачано 16 000 куб. метров воды.
Работы продолжаются.

#Семейқаласыәкімдігі
⚡️Дәл қазір қала әкімі Таткрай, Казкрай және қаланың орталығындағы тұрғындарымен кездесу өткізуде
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Биыл 32 көппәтерлі тұрғын үйдің қасбеттеріне жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

📍Бұл туралы бүгін Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов Таткрай, Казкрай және қаланың орталық бөлігінің тұрғындарымен өткен кездесуінде мәлімдеді.

💬 ”Биыл қала әкімдігі қаланың сыртқы келбетіне ерекше көңіл бөледі. 2023 жылы қаланың сыртқы келбетін жақсарту үшін тұрғын үй шаруашылығын дамыту жөніндегі жұмыстар шеңберінде 32 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады”, -деп атап өтті қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

🏙Қасбеттерді жөндеу жұмыстары әртүрлі көшелердегі тұрғын үйлерге жүргізіледі. Сондай-ақ, биыл бірнеше көпқабатты тұрғын үйлердің қабырғаларына муралдар бейнеленетін болады.

💬. “Тұрғын үйлердің сыртына Семей қаласының туристік келбетін бейнелейтін және қалаға ерекше көрік беретін муралдарды салуды жоспарлаудамыз. Мысалы, Ш. Құдайбердіұлы, Б. Момышұлы, Қ. Сәтбаев көшелеріндегі үйлерге сол ұлы тұлғалардың бейнелері бар муралдар салынады. Сонымен қатар, №1 шағын аудандағы бірнеше үйдің қабырғаларына Абай облысының көрікті жерлерінің суреттері бейнеленеді”, -деді қала басшысы Нұрбол Нұрсағатов.
В 2023 году в Семее будет проведен ремонт фасадов 32 многоэтажных жилых домов.

📍 Об этом сообщил аким города Нурбол Нурсагатов на встрече с населением.

💬 «В этом году акимат города планирует уделить особое внимание внешнему облику города, благоустройству и развитию ЖКХ, в рамках финансирования. Текущий ремонт фасадов поможет преобразить вид зданий», отметил аким города Нурбол Нурсагатов.

🏙 Реставрация фасадов будет проводиться на разных улицах города, кроме того на нескольких МЖД появятся муралы.

💬 «Несколько многоэтажных домов будут украшены муралами, отражающими особенности и туристический облик города. Например, на пр. Шакарима, ул. Момышулы и Сатпаева будут нанесены муралы с изображениями великих личностей, в честь которых были названы данные улицы. В 1-м мкр. на нескольких домах будут нанесены изображения туристических мест области Абай, что придаст отдельный колорит городу», добавил аким.