Семей қаласының әкімдігі
2.99K subscribers
10.6K photos
2.79K videos
9 files
871 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
🌷1 наурыз – алғыс айту күніне орай Семей қалалық мәдениет Сарайында  «Семей Хиросима» қоғамдық бірлестігі мен Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен ерекше қажеттілігі бар қыз балалар мен олардың аналарының арасында «Көктем гүлі» байқауы өтті.    
Байқаудың мақсаты - ерекше қажеттілігі бар балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеу, шығармашылықтарын шыңдау.

🌈Сайыс сән үлгісі және өз өнерін көрсету сияқты кезеңдерден тұрды. Аталған іс-шараға Нұрғазы Еркеназ, Жексенбаева Елназ, Ертаева Нұрсезім, Ғабулғазизова Ақтілек, Кузнецова Александра, Рахимжанова Амина, Токенгазынова Айана, Яцук Елизавета және олардың аналары қатысты.

🌸. Шара соңында қаланың кәсіпкерлері қатысушыларға алғысын білдіріп, бағалы сыйлықтарын тапсырды.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🌷1 марта – ко Дню благодарности в Городском Дворце культуры совместно с общественным объединением «Семей Хиросима» и отделом культуры и развития языков города Семей прошел конкурс «Көктем гүлі» среди девочек с особыми потребностями и их матерей. Цель конкурса - адаптация детей с особыми потребностями в социальной среде, развитие творческих способностей.

🌈Конкурс состоял из таких этапов, как мода и демонстрация своего искусства. В мероприятии приняли участие Нұрғазы Еркеназ, Жексенбаева Елназ, Ертаева Нұрсезім, Ғабулғазизова Ақтілек, Кузнецова Александра, Рахимжанова Амина, Токенгазынова Айана, Яцук Елизавета и их матери.

🌸. В завершение мероприятия предприниматели города поблагодарили участников и вручили ценные подарки.
 
 
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ағымдағы жылдың 27 ақпаны мен 5 наурыз аралығында "Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" КеАҚ-ның ғимаратында жоғары және орта білім оқу орындары арасындағы ерлер командаларынан жасақталған волейболдан қалалық чемпионат өтуде.

Айта кетейік, тартысты доданы "Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ мен Шәкәрім университеті ұйымдастыруда.

🏅Жарыс қорытындысына сәйкес жеңімпаздар Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің грамоталарымен марапатталатын болады.
Семей қаласының әкімдігі
Ағымдағы жылдың 27 ақпаны мен 5 наурыз аралығында "Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" КеАҚ-ның ғимаратында жоғары және орта білім оқу орындары арасындағы ерлер командаларынан жасақталған волейболдан қалалық чемпионат өтуде. Айта кетейік, тартысты…
С 27 февраля по 5 марта текущего года в здании НАО «Университет им. Шакарима г.Семей» проводится первенство города по волейболу среди мужских команд между высшими и средними учебными заведениями.

Организаторами состязания являются ГУ "Отдел физической культуры и спорта города Семей" и Университет Шакарима.

🏅По итогам соревнований победители будут награждены дипломами ГУ "Отдела физической культуры и спорта города Семей".
Семей қаласында 2023 жылғы 2 наурыз күні ауа райының қолайсыздығына байланысты(көктайғақ) 2 ауысымда оқитын 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтық форматқа ауыстырылады.


2 марта 2023 года в городе Семей из за неблагоприятных погодных условий(гололед) занятия для учащися 1-9 классов 2 смены переводятся на дистанционный формат обучения.

#Семейқаласыәкімдігі
Семей қаласының әкімдігі pinned «Семей қаласында 2023 жылғы 2 наурыз күні ауа райының қолайсыздығына байланысты(көктайғақ) 2 ауысымда оқитын 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтық форматқа ауыстырылады. 2 марта 2023 года в городе Семей из за неблагоприятных погодных условий(гололед)…»
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Семейде Ертіс өзенінде мұзды жару жұмыстары жүргізілді

Су тасқынына қарсы іс-шаралар шеңберінде бүгін мұзды ұсақтау шаралары басталды. Ең алдымен Мирный кенті маңындағы Ертіс өзенінде мұз кептелуі мүмкін жерге мұз жару жұмыстары жүргізілді. "Көктем – 2023" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына Абай облысының әкімінің орынбасары Димитрий Гариков және қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов қатысты.


💬 «Су тасқынына қарсы шаралар шеңберінде бүгін мұздарды жару жұмыстарын бастадық. Сонымен қатар, бүгін Бейбітшілік аралындағы жағалауды нығайту жұмыстары, Купеческий көпірі маңындағы бұталар мен қамыстарды кесу, су бұру арналары мен арықтарды тазарту, қонақ үйлердегі халықты уақытша орналастыру пунктін тексеру жұмыстарын жүргіземіз. Қазіргі таңда жеке секторлардағы үйлердің маңынан қарларды полигонға тасып шығару үшін 50 техника жұмыс жүргізіп жатыр. Қала бойынша су басу қауіпі бар аймақтардың саны – 15. Мұздарды жару үшін қажетті қаражат бөлінді. Егер қажет болған жағдайда біз резервтегі қаражатты бөлуге әзірміз» - деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Естеріңізге сала кетейік, Ертіс өзеніндегі мұзды ұсақтаудың жалпы ауданы 9340м3 құрайды. Семей қаласы бойынша көктемгі су тасу қауіпі бар аймақтар – «Пожарная Согра» және Шығыс кенті. Қазіргі уақытта осы тұрғын аумақтарында ұзындығы 500 және 700 метр болатын бөгеттер салынды.

Семей қаласы бойынша жағдай тұрақты. Ертіс өзенінің деңгейі 211 см, шекті деңгейде 450 см құрайды.