Семей қаласының әкімдігі
3.06K subscribers
10.1K photos
2.73K videos
9 files
748 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Бүгін Семей қаласының Политехникалық колледжінде «From Semey» атты кең көлемді көрме өтті. Көрменің ұйымдастырушысы - Семей қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі. Көрмедегі бұйымдарды тамашалауға Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов және архитекторлар қатысты.

📍Бұл көрмені ұйымдастырудағы негізгі мақсат- жергілікті тауар өндірушілердің кәсібіне қолдау таныту. Семей қаласының экономикалық дамуына орасан зор үлес қосып келе кәсіпорындар өзара тәжірбие алмасты.

💬"Біз өнімдерімізді бұрын өзге қалаларға ұсынатынбыз. Жергілікті әкімдіктің бұйымдарға қызығушылық танытып жатқанына қуаныштымын",- деді Рауза Гаврилова.

Көрмеге 30-дан астам жергілікті кәсіпорын қатысып, тоқыма, полиграфия, қағаз, жиһаз, пластикалық материалдар, металл, құрылыс және басқа да қолдан жасалған өнімдерін ұсынды. Олар өз өнімдерін таныстырып, ерекшеліктері туралы баяндады.

💬"Биыл алдымызда үлкен шаруалар күтіп тұр. Семей қаласын көркейту мақсатында жұмыстар атқарып жатырмыз. Осындай өз өңірімізде кәсіпкерлердің барына қуаныштымыз. Болашақта бірлесіп жұмыс істейміз деп ойлаймын",-деп атап өтті қала әкімі Нұрбол Төлегенұлы.
Семей қаласының әкімдігі
Photo
В Политехническом колледже города Семей прошла широкомасштабная выставка «From Semey». Организатором мероприятия выступил отдел предпринимательства города Семей. Ярмарку товаропроизводителей посетил аким города Нурбол Нурсагатов.

💬«В этом году мы ставим перед собой большие цели для развития и процветания Семея. Хорошо, что в регионе есть такие предприятия, в будущем мы будем совместно работать на благо города», - отметил Нурбол Нурсагатов.

Основная цель организации ярмарки товаропроизводителей - поддержка местных предприятий, которые вносят вклад в экономическое развитие Семея.

💬"Раньше мы предлагали свои товары потребителям из других городов. Сейчас мы рады, что нашли поддержку в своем городе и что наши земляки проявляют интерес к местным товарам», - поделилась участница ярмарки Рауза Гаврилова.

Участниками выставки «From Semey» стали более 30 местных предприятий-товаропроизводителей, которые представили текстильную, полиграфическую, бумажную, мебельную, пластмассовую, металлическую, строительную и прочую продукцию, выпускаемую в Семее.
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Озерки ауылдық округіндегі тұрғындармен өткен кездесуден кейін, Талица ауылына барды.

Округ тұрғындарымен өткен есептік кездесуде Асель Кадирбекова есімді азаматша Озерки ауылдық округіне қарасты Талица ауылындағы қар тазалау жұмыстарына шағымданып, қала әкімінен мәселені шешуді сұрады. Қала басшысы жиналыс аяқталғаннан кейін аталмыш ауылға барып, ауылдың санитарлық тазалық жұмыстарын тексеріп округ әкіміне жағдайды бақылауға ұстауды тапсырды. Сонымен қатар, А. Кадирбекова интернет желісінің нашарлығына да шағымданды. Алайда ауылда "Beeline” бағанасы тартылған интернет желісі істеп тұр. Қала әкімі ауылдағы мектептің еденін ауыстыруды және спорт залды жөндеу жұмыстарын жүргізуді қолға алатынын мәлімдеді.

Айта кетейік, 2023 жылы Озерки ауылдық округіне 87, 4 млн тенге қаражат бөлінді. Оның ішінде нақты жобаларды іске асыруға 28 млн. теңге қарастырылған.

2023 жылы Половинка ауылының көшелерін жарықтандыру бағаналарын орнату жоспарланған. Қаракөл ауылының сыртында қар ұстау үшін қоршау тұрғызылатын болады. Округте тұрмыстық қатты қалдықтарды уақытша сақтау полигоны құрылады. Сонымен қатар, Талица ауылында су құбыры желілерін салу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Аким города после встречи с населением сельского округа Озерки по приглашению жительницы посетил аул Талица


Во время отчетной встречи Нурбола Нурсагатова с жителями пос. Озерки горожанка по имени Асель Кадирбекова пожаловалась на качество уборки снега в ауле Талица и попросила акима решить данный вопрос. После завершения встречи Нурбол Нурсагатов лично выехал в Талицу, проверил санитарное состояние аула и поручил местному акиму держать вопрос на личном контроле.
Кроме того, глава города сообщил о том, что в школе Талицы будет заменено покрытие пола и отремонтирован спортзал.

Добавим, что в 2023 г. бюджет сельского округа Озерки составляет 87,4 млн.тг.
В текущем году в пос. Половинка будут установлены опоры осветительных фонарей. В окрестностях пос. Каракол планируется строительство снегозадерживающих ограждений, также здесь будет построен полигон временного хранения ТБО. Вместе с тем, будет разработана проектно-сметная документация на строительство водопроводной сети в поселке Талица.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
2023 жылғы 10 ақпанда Семей қаласы әкімінің орынбасары Данияр Шәкәрімовтің басшылығымен Семей қаласының  ономастикалық нысандардың тарихи және дәстүрлі атауларын қалпына келтіру бойынша ұсыныстарды зерделеу және қарау жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Күн тәртібінде Семей қаласының идеологиялық тұрғыдан ескірген, мән-мағынасыз және атаулары қайталанатын көшелерін қайта атау туралы ұсыныстар қаралды.
__________
10 февраля 2023 года под руководством заместителя акима города Семей, председателя рабочей группы Данияра Шакаримова состоялось заседание рабочей группы по изучению и рассмотрению предложений по восстановлению исторических и традиционных названий ономастических объектов города Семей. На повестке дня были рассмотрены предложения о переименовании идеологически устаревших, не имеющих существенного значения и повторяющихся улиц города Семей.

 #Семейқаласыәкімдігі
Семей қаласының әкімдігі pinned «Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Озерки ауылдық округіндегі тұрғындармен өткен кездесуден кейін, Талица ауылына барды. Округ тұрғындарымен өткен есептік кездесуде Асель Кадирбекова есімді азаматша Озерки ауылдық округіне қарасты Талица ауылындағы қар тазалау…»
Соңғы уақытта Семей қаласында люк қақпақтары жиі ұрлануда. Қала әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасына да кәріз қақпақтарының ұрланып жатқандығы туралы шағымдар толассыз келіп жатыр.

Осы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Семей қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі мен Семей қаласы Полиция басқармасы бірлесіп қаладағы металл қабылдайтын орындарды тексерді. Сондай-ақ меншік иелеріне заңсыз жолмен алынған заттарды қабылдауға тыйым салу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Полицейлердің айтуынша, ұрлықшылар канализациялық құдық қақпақтарымен қатар, аккумулятор батареяларын, электрлі мыс кабельдерін де қолды етеді екен. Люк қақпақтарын ұрлау әсіресе балалар мен мектеп оқушылары үшін үлкен қауіп төндіреді

Айта кетейік, 2022 жылы 15 кәріз қақпағы ұрланса, 2023 жылдың басынан бастап 42 люк қақпағы қолды болған.

📞Егер сіз құқық бұзушылықтың және люк қақпағы ұрлығының куәсі болсаңыз, полицияның 102 нөміріне хабарласыңыз.