Семей қаласының әкімдігі
2.91K subscribers
10.9K photos
2.83K videos
9 files
949 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Бүгін қала әкімі Восход және Водный кенттерінің белсенділерімен кездесті. Кездесу барысында бірнеше тақырып талқыланды.

✔️Водный кентінің атынан келген белсенділер, мектеп құрылысының қашан басталатынын сұрады. Қала әкімі: "2023 жылы 600 оқушыға шақталған мектеп Водный кентінде салынады. Аталған мектептердің құрылысы "Самұрық-Қазына"АҚ қоры арқылы іске асырылатын болады",- деді.

✔️ Восход пен Водный кентіндегі ауыз су мәселесі жөнінде де сұрақтар көтерілді. Қала әкімі: “2023 жылы Восход пен Водный кентіне құдық қазу, ауыз су тарту жұмыстары басталады. Алайда жұмыстар ұзақ уақытты алуы мүмкін”,- деді.

✔️Кенттердегі көше шамдарының аздығы жөнінде де сұрақтар көтерілді. Қала әкімі: "Биыл қала бойынша 100 көшеге жарықтандырулар жүргізу жоспарлануда. Алайда біз әлеуметтік нысандар мен мектептерге жарықтандыруды бірінші жүргіземіз. Биыл осы кенттегі 8 көшені және "Орталық", "Южный", "Малая Заливная" көшелеріне жарықтандыруды тартуды қарастырайық",- деді.

✔️Сонымен қатар, қоқыс шығару мәселесі бойынша "публичный договор" жасауды, қосымша контейнерлер қою сынды тақырыптар да талқыланды.

📍Естеріңізге сала кетейік, қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов қаланың шеткері аумақтарындағы кенттерде күн сайын тұрғындармен кездесу жүргізуде.
👏2👍1
Аким города Нурбол Нурсагатов провел встречу с жителями поселков Восход и Водный. Во время встречи активисты данных жилых массивов задали главе города наиболее волнующие их вопросы.

✔️Население посёлка Водный больше всего имеет жилых домов, когда будет построена новая школ? «В 2023 году в поселке начнётся строительство школы на 600 ученических мест. Финансирование будет проводиться из фонда АО «Самрук Казына», - сказал аким.

✔️ Участники встречи также говорили о проблеме с питьевой водой в пос. Восход и Водный. «В 2023 году начнется строительство водопровода, однако это масштабные работы, которые потребуют много времени», - ответил Нурбол Нурсагатов.

✔️По вопросам освещения поселков аким города отметил, что в текущем году в посёлках будет проведено освещение на 100 улицах. Однако в первую очередь, мы проведем освещение вблизи школ и соцобъектов.

📍Добавим, что в настоящее время Нурбол Нурсагатов ежедневно проводит квартальные встречи с жителями жилых массивов и поселков.
👍5
В Семее коммунальные службы осуществляют уборку и вывоз снега круглосуточно.

❄️ Сегодня в ночную смену в уборке городской улично-дорожной сети задействованы 5 единиц «пескачей», 14 единиц подметальной техники, 6 автогрейдеров, 10 погрузчиков и 38 единиц самосвалов и более 30 человек.

🚜 В общей сложности сегодня в распоряжении коммунальных служб свыше 70 единиц техники, в том числе шнекороторы и другая специализированная техника.

При обработке противогололедными материалами особое внимание уделяется аварийно-опасным участкам: мостам, путепроводам, подъемам и спускам, тротуарам, остановкам общественного транспорта.

#Семейқаласыәкімдігі
👍6👎2
«Абай облысы Семей қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ Жалпықалалық бос жұмыс орындар жәрмеңкесiне шақырады.  Жәрмеңкеге жұмыс берушiлер, Жұмыссыздар, жұмыс iздеушiлер  қатысады.

Жәрмеңке Семей қаласының мәдениет үйінде, мекен-жайы: Б. Момышұлы, 43 көшесі 2023  жылдың  21 қаңтарында, сағат 10.00 - де  басталады.
👍1
КГУ «Центр занятости населения акимата города Семей области Абай» приглашают всех желающих принять участие в общегородской ярмарке вакансий. На ярмарке вакансий участвуют работодатели, безработные, лица, ищущие работу.

Ярмарка проводится в помещении КГКП «Городской дворец культуры            г. Семей», 21 января 2023 года в 10.00 часов, по адресу: ул. Б. Момышулы, 43
Бүгін қала әкімі қаланың оң жағалауындағы аула аумақтарын аралады.

Тексеру жұмыстарына "Семей Водоканал" және "Теплокомэнерго" КММ өкілдері және тұрғындар да қатысты.

«Өздеріңіз білетіндей, жер астында су және жылу желілері бар. Біз аулаларды жөндеуден бұрын, желілерді жөндеп алуымыз керек. Өйтпеген жағдайда жер астындағы желілерден ақау шығып, ауладағы асфальтті бұзуға тура келеді. Сонымен қатар, тұрғын үй ауласын күтіп ұстауды тұрғындар назарға алулары керек. Ауланың жан- жағына гүлзарлар мен ағаш отырғызуды да жоспарлап отырмыз»,- деді қала әкімі тұрғындарға.

Тұрғын үй аулаларындағы су және жылу желілерінің жағдайын тексеруге қала әкімі тиісті мекемелерге тапсырмалар берді. Семей қаласында 576 аула бар. Оның 90%-ның тозығы жеткен. Жан жақты тексеру жұмыстары аяқталғаннан кейін, аулаларды абаттандыру жұмыстары басталатын болады. Биыл жылдың соңына дейін 70 ауланы толық аяқтау жоспарлануда.
👍1