Семей қаласының әкімдігі
2.91K subscribers
10.9K photos
2.83K videos
9 files
953 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Қала әкімінің шыршасы ерекше форматта өтті

Бүгін Семей қаласы әкімі атынан 250 балаға арналған жаңа жылдық шырша мерекесі өткізілді. Оған Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов және қала әкімінің орынбасары Данияр Шәкәрімов қатысты.

🎄 Қала әкімінің шыршасына қатысушылар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар, сондай-ақ оқуда, спортта, қоғамдық іс-шараларға белсене қатысқан, шығармашылықта, сонымен қатар өнерде жетістіктерге жеткен дарынды балалар қатысты.

Жаңа жылдық қойылым екі бөлімнен тұрды. Балалар мен жастардың шығармашылық сарайы қызметкерлері дайындаған, балалар шығармашылық ұжымдарының қатысуымен театрландырылған, музыкалық сүйемелдеумен жаңа жылдық қойылымды тамашалады. Сондай-ақ балалар жаңа жылдық шыршада Аяз Ата және Ақшақармен би биледі.

Сонымен қатар, шара барысында қала әкімінің атынан балаларға сыйлықтар жиынтығы үлестірілді.

#Семейқаласыәкімдігі
🔥2
250 детей посетили новогоднюю елку акима города Семей

Сегодня в Семее состоялся новогодний утренник от имени акима города Семей.
Новогодний праздник был организован для детей-сирот, оставшихся без попечения родителей, детей из малообеспеченных и многодетных семей, для детей с особыми образовательными потребностями, а также для одаренных детей, добившихся успехов в учебе, спорте, творчестве. Праздничное мероприятие посетил аким Нурбол Нурсагатов.

🎄Праздничное представление состояло из театральных и музыкальных постановок в исполнении артистов дворца творчества детей и молодежи и детских творческих коллективов. Также дети танцевали и веселились вместе с главными героями Нового года – Дедом морозом и Снегурочкой.

🦄 Всем маленьким гостям праздника были вручены подарки от акима города.
👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Семей қаласының сол жағалауындағы Әуезов алаңында орналасқан шырша.

🎄. Қаланың сол жағалауындағы шыршаның биіктігі -18 метр. Шыршаға 10 метрден 100 дана жарықдиодты гирляндалар және жылтыр ойыншықтар ілініп, жанына шағын сәулет нысаны орнатылды.


#Семейқаласыәкімдігі
👍6🔥2🥰21
Семей қаласының әкімдігі
Photo
🔑 Семей қаласында жаңа жыл қарсаңында пәтер кілттері табысталды

🌇 Бүгін Семей қаласындағы «Қарағайлы» шағын ауданынан халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 64 отбасыға, көп балалы және жетім балаларға көпқабатты тұрғын үй пәтерінің кілті табыс етілді. Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов жаңа пәтер иелерін қоныс тойларымен құттықтап, құрылыс қарқыны өсетіні туралы атап өтті.

💬 «Жаңа жыл қарсаңында тұрғын-үйді қажет ететін азаматтарға қуаныш сыйлаған сәтке куә болып отырмыз. Ағымдағы жылдың қазан айында 64 отбасыға жаңа пәтердің кілттері табыс етілді. Бүгін тағы 64 отбасы пәтер кілттерін алып, баспаналы болмақ
 Пәтер иелерін – осындай айтулы күнмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жыл семейліктер үшін берекелі болып, барша шаңыраққа қуаныш әкелсін!»- деді қала әкімі.

🏗️ Семей қаласының оң жағалау бөлігінде бекітілген бас жоспарға сәйкес «Қарағайлы» тұрғын ауданын егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленді. Ол бойынша алдағы уақытта 35 мыңнан аса адам тұрып, 227 тұрғын үй салынады.

Қазір аудан су құбыры, канализация, телекоммуникация, жылу және электр энергиясының магистральдық желілерімен қамтамасыз етілген.

✔️ Шағын ауданда Назарбаев зияткерлік мектебі, 320 орындық балабақша, 5600 орындық «Арена» мәдени-спорттық кешені орналасқан.

#Семейқаласыәкімдігі
👍2