Семей қаласының әкімдігі
2.88K subscribers
11.1K photos
2.85K videos
9 files
970 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Семейге Маңғыстау облысының делегациясы келді

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли өңірімізге Маңғыстау облысынан арнайы келген делегация мүшелерімен кездесті. Кездесуге Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергенов, облыс әкімінің орынбасары Тілеген Әбішев, қоғамдық кеңес төрағасы Бекмұрат Жүсіпов және мемлекеттік қызмет ардагері Даржок Сейбағытов қатысты.

✔️Облысымызда Абайдың 180 жылдығына орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен «Абайға құрмет» акциясы басталған болатын. Акция аясында еліміздің әр өңірі Абай облысына бір нысаннан тарту етеді.

➡️Кездесуде облыс әкімі Маңғыстау облысының игі бастамаға алғаш болып қолдау танытқаны үшін алғысын жеткізді.

«Маңғыстау облысы әкімдігі акцияға қолдау білдіріп, облыс орталығы Семей қаласына Достық үйін салып беру үшін арнайы делегация жіберіп отыр. Өздеріңізбен жүздесіп отырғаныма қуаныштымын. Бүгінгі кездесу еліміздің қос қиырының бірлігі мен ұлттық бірегейлігінің жарқын көрінісі деп білемін. Маңғыстау мен Абай облысы батыс пен шығыс шекарада жатқан шалғай аймақ болса да, ниеті ортақ, тілеуі бір екенін көрсетті. Маңғыстау халқына, Мемлекет басшысының бастамасын алғашқы болып қолдаған Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Игілікұлына айрықша алғыс айтамыз» деді аймақ басшысы.


⚡️Облыс әкімі «Абайға құрмет» акциясын еліміздің барлық өңірлері қызу қолдап жатқанын, Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Павлодар, Жетісу, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау, Жамбыл, Ақмола облыстары мен Шымкент, Алматы, Астана қалалары тиісті жұмыстарды бастап кеткенін айтты.

Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергенов мұнайлы өлке жұртының сәлемін жеткізді.

«Көршісі шаруа бастап жатса, қасынан құр өтіп кетпейтін қазақпыз ғой. Әр облыстың тарту жасауы өте дұрыс қабылданған шешім деп есептейміз. Өйткені бұл нысандар халықтың игілігіне жұмыс істейтін болады. Игі бастамаларыңызға сәттілік тілейміз» деді ол.


📍Кездесуден кейін маңғыстаулық делегация 75 мың тұрғынға арналған «Semey Smart City» шағын ауданы салынатын құрылыс алаңына барды. Облыс әкімі қонақтарға жаңа ықшам ауданның жобасын таныстырды.

«Бұл жаңа ықшам ауданды 17 мамырда облыстың алдағы даму жоспарын жариялағанда таныстырғанбыз. Маңайы қарағайлы орман, таза ауа, Ертіс өзенінен 44 метр биіктікте орналасқан. Жаңа ықшам аудан Семей қаласының жаңа келбеті болатыны анық. «Абайға құрмет» акциясы аясындағы ғимараттар негізінен осы ауданда салынады. Қазіргі таңда дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Киелі Маңғыстау жерінен, Бекет ата елінен келген азаматтардың бірінші болып келіп, құрылыс алаңын көріп жатқанын жақсылыққа жорып тұрмыз» деді аймақ басшысы.


🔴Мың гектардан астам аумақты қамтитын ықшам ауданда тұрғын үй кешендері, 40-тан астам әкімшілік, коммерциялық және әлеуметтік нысандар, саябақтар бой көтереді. Жоба аясында болашақта жастар сарайы, Жекпе жек сарайы, ғалымдар үйі, медиа орталық, көрме орталығы, Достық үйі, Инвесторлар орталығы, музыкалық мектеп, филармония, этносаябақ, стадион, колледж, музей, балабақшалар, қонақүйлер мен сауда кешендерін салу жоспарланып отыр.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В Семей прибыла делегация из Мангистауской области

Сегодня аким области Берик Уали провёл встречу с делегацией из Мангистауской области. В её состав вошли первый заместитель акима Мангистау Ербол Избергенов, заместитель акима Тлеген Абишев, председатель общественного совета Бекмурат Жусипов и ветеран госслужбы Даржок Сейбагытов.

✔️В области стартовала акция «Абайға құрмет», инициированная при поддержке Президента Касым-Жомарта Кемелевича Токаева в честь 180-летия Абая. В рамках акции регионы страны преподносят области Абай по одному социально значимому объекту.

На встрече аким области выразил благодарность Мангистау за то, что регион первым поддержал инициативу.

«Акимат Мангистауской области поддержал акцию и направил специальную делегацию в областной центр – город Семей – для строительства Дома дружбы. Рад встрече с вами. Считаю, что сегодняшняя встреча – яркий пример единства и национальной идентичности нашей страны. Хотя Мангистау и Абай – отдалённые регионы на западе и востоке страны, их объединяет общее стремление и общие ценности. Особую благодарность выражаю народу Мангистау и лично акиму Нурдаулету Игиликулы за поддержку инициативы Президента», – отметил глава региона.


🗣️Берик Уали также сообщил, что акцию «Абайға құрмет» активно поддерживают все регионы. В частности, работы уже начали представители Туркестанской, Актюбинской, Кызылординской, Павлодарской, Жетысуской, Алматинской, Атырауской, Жамбылской, Акмолинской, Северо-Казахстанской, Западно-Казахстанской, Восточно-Казахстанской областей, а также Шымкента, Алматы и Астаны.

Первый заместитель акима Мангистауской области Ербол Избергенов передал приветствие от жителей нефтяного края.

«Мы, казахи, не проходим мимо, если сосед начинает доброе дело. Считаем, что инициатива каждой области внести свой вклад – очень правильное решение. Ведь эти объекты будут служить на благо народа. Желаем успехов в ваших добрых начинаниях», – сказал он.


➡️После встречи делегация из Мангыстау посетила строительную площадку нового жилого района «Semey Smart City», рассчитанного на 75 тысяч жителей. Аким области представил гостям проект нового микрорайона.

«Мы представили этот новый микрорайон 17 мая, когда озвучивали планы по дальнейшему развитию региона. Он расположен среди соснового леса, на свежем воздухе, на высоте 44 метров над уровнем реки Иртыш. Уверены, что этот микрорайон станет новым обликом города Семей. В рамках акции «Абайға құрмет» большинство объектов будет построено именно здесь. Сейчас мы проводим подготовительные работы. То, что первые, кто приехал и ознакомился со строительной площадкой – это уважаемые гости из священной земли Мангыстау, мы воспринимаем как добрый знак», – отметил глава региона.


⚡️В рамках проекта предполагается строительство Дворца молодежи, Дворца единоборств, Дома учёных, медиацентра, выставочного центра, Дома дружбы, Инвесторского центра, музыкальной школы, филармонии, этнопарка, стадиона, колледжа, музея, детских садов, гостиниц и торговых комплексов.

ПРЕСС-СЛУЖБА АКИМА ОБЛАСТИ АБАЙ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді ұлттық рухты ұлықтайтын – Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік іс-шараларға шын жүректен шақырамыз!

Ата-баба аманатын ардақтап, төл өнерімізді насихаттайтын бұл мерекеде Сіздерді қызықты бағдарламалар күтіп тұр.

➡️Шара аясында:
• ұлттық нақыштағы мерекелік концерттер,
• түрлі танымдық ойындар мен викториналар,
сауалнамалар мен челлендждер ұйымдастырылады.

Бәріңізге көтеріңкі көңіл күй, шынайы қуаныш пен шабыт сыйлайтын күндер болмақ!
———
⚡️Уважаемые жители и гости города!

Приглашаем вас на праздничные мероприятия, посвящённые Национальному дню домбры – символу нашей культуры и духовного наследия!

➡️В этот день вас ждёт насыщенная программа, включающая:
праздничные концерты с участием талантливых артистов,
• увлекательные интеллектуальные и народные игры,
опросы, челленджи и множество других интересных активностей.

Вместе насладимся красотой народной музыки и создадим теплую, праздничную атмосферу для себя и близких!

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Мұрат саяжайындағы жарық мәселесі шешімін табуда

Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев Мұрат саяжайына барып, трансформатор орнату жұмыстарының барысымен танысты.

Бүгінде Бобровка және Мұрат саяжай алаптарында электр желілерін тарту жобалары жүзеге асырылып жатыр.

«Бобровка және Мұрат саяжайларындағы өзекті мәселе – электрмен қамтамасыз ету. Бүгінде Мұрат саяжайына 6 трансформатор орнатылды. Қазіргі кезде мердігер мекеме қайта қосу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Келесі кезеңде Бобровка саяжайында жұмыс басталады», - деді Бекжан Бапышев.


➡️Жұмыстар өз кезегінде мерзімге сай атқарылатын болады.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
4
Семей қаласының әкімдігі
Мұрат саяжайындағы жарық мәселесі шешімін табуда Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев Мұрат саяжайына барып, трансформатор орнату жұмыстарының барысымен танысты. Бүгінде Бобровка және Мұрат саяжай алаптарында электр желілерін тарту жобалары…
Решается вопрос электроснабжения в дачном массиве Мурат

Исполняющий обязанности акима города Семей Бекжан Бапышев посетил дачный массив Мурат и ознакомился с ходом установки трансформаторов.

В настоящее время реализуются проекты по строительству линий электропередачи в дачных массивах Бобровка и Мурат.

«Наиболее актуальной проблемой в массивах Бобровка и Мурат является обеспечение электроэнергией. На сегодняшний день в Мурате установлено 6 трансформаторов. В настоящее время подрядная организация проводит работы по переподключению. Следующим этапом станет начало работ в массиве Бобровка», - отметил Бекжан Бапышев.


➡️Работы будут выполнены в соответствии с установленными сроками.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#АкиматГородаСемей
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Құрметті семейліктер және қала қонақтары!

Сіздерді ұлттық домбыра күніне орай ұйымдастырылып отырған «Даланың үні – домбыра» мерекелік концертімізге шақырамыз.

Кеш қонақтары ҚР еңбек сіңірген қайраткері Гүлмира Сарина, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Рысқали, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Айбек Бекбосын, ҚР мәдениет саласының үздіктері Қадылбек-Маржан Омаровтар, Халықаралық байқаулардың лауреаттары Біржан мен Диана дуэті және өңіріміздің талантты өнерпаздары.

Күні: 6 шілде
Уақыты: 17:00
Өтетін орны: Орталық Арбат алаңы


Үн арқылы ұғысқан, күй арқылы табысқан әдемі кештің куәсі болыңыздар!

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
2
Облыс әкімі Семейдегі арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының өзекті мәселелерімен танысты

Облыс әкімі Берік Уәли Семейдегі арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының тыныс-тіршілігімен танысты. Аймақ басшысы әуелі №2 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында, яғни Қарттар үйінде болды.

🌐Ғимарат 1985 жылы салынған. Мекеме 155 орынға арналған. Қазіргі таңда мұнда 152 адамға қызмет көрсетілуде. Оның 87-сі егде жаста, 65-і мүгедектігі бар азаматтар. Арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін 5 бөлімше жұмыс істейді. 11 арнайы кабинет бар. 113 бейнебақылау камерасы орнатылған.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Айман Нұрлыбек облыс әкіміне мекеменің өзекті мәселелерін жеткізді. Нысан аумағы абаттандыруды қажет етеді. Сонымен қатар мекемедегі бөлмелерге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жиһаз бен есіктерді ауыстырып, желдеткіштер мен жаңа терезелер орнату керек.

🗣️Аймақ басшысы Қарттар үйін аралап көріп, қариялармен пікірлесті.

«Мереке қарсаңында жұмыстарыңызбен танысайын деп арнайы келіп отырмын. Бұл жердегі адамдардың тағдырлары әртүрлі. Қарттар үйі дейміз, бірақ 1-інші, 2-інші топтағы мүгедек жандар да бар. Халық Қарттар үйі дегенде бала-шағасы қалдырып, қарамай кеткен қариялар ғана тұрады деп қабылдайды. Бұл жердегі 152 адамның бәрі ондай емес. Шын мәнісінде, бала-шағасы жоқ, жалғызбасты қариялар да бар. Бір өкініштісі, соңғы жылдары қарагөздеріміздің саны артып келе жатыр. Мекемеде ер адамдар көп екен. Мемлекет өз тарапынан қарастырылған міндеттемелердің барлығын орындайды. Қарттар үйіне әкімдік тарапынан тиісті көмекті көрсетеміз», - деді облыс әкімі.


Аймақ басшысы №1 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына да барып, өзекті мәселелерімен танысты.

Мекеме 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді. Қазіргі уақытта мұнда 399 қызмет алушы бар. Олармен 190 қызметкер жұмыс істейді.

🏓Орталықтың екі корпусы бар. Бірі 1964 жылы, екіншісі 1970 жылы салынған. Алғашқы корпусқа 2023 жылы ағымдағы жөндеу жүргізілген. Соңғы күрделі жөндеу 2014 жылы жасалған.

Мекеме директоры Айдынбек Нұрдыбаевтың айтуынша, орталықта бірқатар өзекті мәселелер бар. Қызметтік көліктердің көпшілігі тозған. Қолданыстағы санитарлық «Газель» көлігі күрделі жөндеуді қажет етеді. Арнайы инватакси қарастырылмаған. Сондай-ақ қызметкерлерге арналған бақылау-өткізу пункті мен келушілермен кездесу ғимаратын салу, мекеме ғимараттарының қасбеттері мен қызмет алушылардың жатын бөлмелерін жөндеу мәселесі де күн тәртібінде тұр.

📌Облыс әкімі орталықтағы өзекті мәселелерді жақсы білетінін айтып, әлеуметтік саладағы осындай маңызды мекемелерге әкімдік тарапынан тиісті қолдау көрсетілетінін атап өтті.

«Орталыққа ағымдағы жөндеу жүргізу үшін облыстық бюджеттен 141 миллион теңге бөлінді. Техникамен қамтамасыз ету бойынша тиісті қолдау көрсетеміз. Қазіргі уақытта прокуратура органдары мемлекетке қайтарған активтер есебінен мекеме аумағында 100 орындық жаңа ғимарат салынып жатыр. Үш жүз адамға арналған орталықтың бүгінде 400 адамға қызмет көрсетіп жатқанын ескерсек, жаңа ғимарат мекеменің жүктемесін жеңілдететіні сөзсіз. Облыс орталығындағы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының тыныс-тіршілігімен, мәселелерімен танысайын деп арнайы келдім. Мұндай орталықтарда заман талабына сай қызмет көрсетілуі керек. Екі мекемедегі жағдайды жақсарту үшін тиісті шараларды қабылдаймыз. Жеке бақылауымда болады», – деді аймақ басшысы.


АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM