Семей қаласының әкімдігі
2.89K subscribers
11.1K photos
2.84K videos
9 files
968 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔂«Адал қызмет – Алаш аманаты»

Бүгін – ел мүддесі жолында аянбай еңбек етіп жүрген азаматтардың кәсіби мерекесі – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілер күні. Осы атаулы күнге орай Семей қаласында «Адал қызмет – Алаш аманаты» мерекелік іс-шарасы өтті.

Салтанатты жиынға Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Қайрат Сапарғалиев, қалалық мәслихат төрағасы Айболат Бекжасаров, мемлекеттік қызмет ардагерлері мен қазіргі қызметшілер қатысты.

«Әлихан Бөкейхан «Ұлтқа қызмет ету – білімнен емес, мінезден» деген. Бұл сөз – бүгінгі күнде де өз маңызын жоймаған асыл ұстаным. Білім мен тәжірибе маңызды, алайда елге шын ниетпен, адал жүрекпен қызмет ету – нағыз патриоттың ісі. Осы орайда, бүгінгі шарамызға қатысып отырған ардагер мемлекеттік қызметшілерге ерекше алғыс білдіргім келеді. Ұзақ жылдар бойы мемлекеттің дамуына, халықтың әл-ауқатын арттыруға қосқан үлестеріңіз – біз үшін өшпес өнеге. Сіздерге қарап бой түзейміз, сіздерден үйренеміз», – деді Бекжан Бапышев.


💬Іс-шара барысында бірқатар мемлекеттік қызметшілер мен ардагерлер Семей қаласы әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметке алғаш қадам басқан жас мамандар салтанатты түрде ант қабылдап, өздерінің азаматтық борышын адал атқаруға серт берді.

Мереке құтты болсын!

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Семей қаласының әкімдігі
🔂«Адал қызмет – Алаш аманаты» Бүгін – ел мүддесі жолында аянбай еңбек етіп жүрген азаматтардың кәсіби мерекесі – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілер күні. Осы атаулы күнге орай Семей қаласында «Адал қызмет – Алаш аманаты» мерекелік іс-шарасы…
🔂«Адал қызмет – Алаш аманаты»

Сегодня – профессиональный праздник граждан, которые добросовестно трудятся на благо страны – День государственного служащего Республики Казахстан. В честь этой знаменательной даты в городе Семей состоялось праздничное мероприятие «Адал қызмет – Алаш аманаты».

В торжественном мероприятии приняли участие исполняющий обязанности акима города Семей Бекжан Бапышев, заместитель руководителя Департамента Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы по области Абай Кайрат Сапаргалиев, председатель городского маслихата Айболат Бекжасаров, ветераны и действующие госслужащие.

«Алихан Бокейхан говорил: «Служить нации – это не вопрос знаний, а вопрос характера». Эти слова и сегодня не теряют своей актуальности. Знания и опыт важны, но искреннее и добросовестное служение Родине – дело настоящего патриота. В этой связи хочу выразить особую благодарность ветеранам государственной службы, присутствующим на сегодняшнем мероприятии. Ваш многолетний труд, вклад в развитие государства и улучшение благосостояния народа – это пример для подражания. Мы равняемся на вас и учимся у вас», -отметил Бекжан Бапышев.


💬В ходе мероприятия ряд государственных служащих и ветеранов был награжден Почетными грамотами и Благодарственными письмами акима города Семей. Также молодые специалисты, впервые поступившие на государственную службу, торжественно приняли присягу, обязуясь добросовестно исполнять свой гражданский долг.

С праздником, уважаемые государственные служащие!

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#АкиматГородаСемей
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👮Қазақстан полициясы күні: бүгінгі күннің батырлары марапатталды

Осыдан бірнеше күн бұрын Семей қаласында 7 жасар бала жоғалып, оны іздестіру жұмыстарына 1000-нан астам адам – полиция қызметкерлері, еріктілер және жергілікті тұрғындар жұмылдырылған еді. Ауқымды іздеу шаралары тәулік бойы үздіксіз жүргізілді.

💬Жоғалған баланы Затон полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары Бекен Асыл мен Дархан Жұмағалиев тауып, аман-есен отбасына қайтарды. Бұл – олардың кәсібилігі мен табандылығының, нағыз қызметтік ерліктің нәтижесі.

📶Қазақстан полициясы күніне орай көрсеткен жанқиярлығы үшін аталған полиция қызметкерлері Семей қаласы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Қоғам қауіпсіздігі мен адам өмірін қорғауда аянбай еңбек етіп жүрген осындай азаматтар – бүгінгі күннің шынайы батырлары.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👮День полиции Казахстана: награждены герои нашего времени

Несколько дней назад в городе Семей пропал 7-летний ребёнок. В поисковой операции приняли участие более 1000 человек — сотрудники полиции, волонтёры и местные жители. Масштабные поисковые мероприятия велись круглосуточно, без перерыва.

💬Пропавшего ребёнка нашли участковые инспекторы отдела полиции Затон — Бекен Асыл и Дархан Жумагалиев. Благодаря их профессионализму, настойчивости и самоотверженности поиски завершились благополучно, и мальчик был возвращён родным живым и невредимым.

📶За проявленный героизм и самоотдачу в честь Дня полиции Казахстана оба сотрудника были награждены Благодарственным письмом акима города Семей.

Такие люди, которые ежедневно стоят на страже общественной безопасности и спасают человеческие жизни – настоящие герои нашего времени.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#АкиматГородаСемей
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📢Құрметті Семей қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Семей қаласындағы аспалы көпірдің бір жағындағы жол жабынын жаңарту жұмыстары толық аяқталды.

Енді көпірге дейінгі жол учаскесінің жабынын жаңартуға байланысты техникалық шешімдер қабылданып, ұзындығы 600 метр болатын кіреберіс бөлікке жаңа асфальт төселмек.

💬Келесі кезеңде көпірдің қарсы бағыттағы жол бөлігінің асфальт жабыны ауыстырылады.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
Семей қаласының әкімдігі
📢Құрметті Семей қаласының тұрғындары мен қонақтары! Семей қаласындағы аспалы көпірдің бір жағындағы жол жабынын жаңарту жұмыстары толық аяқталды. Енді көпірге дейінгі жол учаскесінің жабынын жаңартуға байланысты техникалық шешімдер қабылданып, ұзындығы…
📢Уважаемые жители и гости города Семей!

Работы по обновлению дорожного покрытия на одной стороне подвесного моста в городе Семей полностью завершены.

В настоящее время приняты технические решения по замене покрытия на подъездном участке к мосту, протяжённостью 600 метров, где будет уложен новый асфальт.

💬На следующем этапе планируется замена асфальтового покрытия на противоположной стороне моста.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#АкиматГородаСемей
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👌2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🛣️Семей қаласында 40 шақырымнан астам жол жөнделмек

Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев жол жөндеу жұмыстары жүріп жатқан учаскелерді аралап шықты. Көшпелі кеңес барысында асфальт төселетін көшелерге барып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

Бүгінде бірнеше көшеде қиыршық тас төсеу аяқталған. Алдағы күндері асфальттау жұмыстары басталады.

💬Айта кетейік, биыл қалада жалпы ұзындығы 40 шақырымнан асатын 52 көшеде жол жөндеу жұмыстары жоспарланған.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
Семей қаласының әкімдігі
🛣️Семей қаласында 40 шақырымнан астам жол жөнделмек Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев жол жөндеу жұмыстары жүріп жатқан учаскелерді аралап шықты. Көшпелі кеңес барысында асфальт төселетін көшелерге барып, атқарылып жатқан жұмыстардың…
🛣️В Семее отремонтируют более 40 километров дорог

Исполняющий обязанности акима города Семей Бекжан Бапышев проинспектировал участки, где ведутся дорожные работы. В рамках выездного совещания посетил улицы, подлежащие асфальтированию, и ознакомился с ходом работ на месте.

На сегодняшний день на нескольких улицах завершено щебеночное основание. В ближайшие дни начнутся работы по укладке асфальта.

💬Отметим, что в этом году в городе запланирован ремонт дорог на 52 улицах общей протяжённостью более 40 километров.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#АкиматГородаСемей
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏓Семейде БАҚ қызметкерлері арасында үстел теннисі турнирі өтті

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай Семей қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Ақпарат және спорт: Достық турнирі» үстел теннисі жарысы өтті.

Аталған шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттап, журналистика саласында еңбек ететін азаматтар арасындағы әріптестік байланыстарды нығайту және кәсіби мерекені ерекше әрі есте қаларлық форматта атап өту болды.

💬Турнир барысында қатысушылар қызықты да тартысты ойын өрнегін көрсетіп, спорт алаңында да бірлікті, достықты, сергектікті паш етті.

Журналистер мен медиа саласының өкілдеріне белсенді қатысқандары үшін шынайы алғысымызды білдіреміз!

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM