Семей қаласының әкімдігі
2.9K subscribers
11K photos
2.83K videos
9 files
961 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
📢Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Құрбан айт мерекесін атап өту үшін мал сататын және мал соятын арнайы орындардың белгіленгенін хабарлаймыз!

Құрбандыққа шалынатын тірі малдарды сатуға арналған орындар:
1. «Северный» СЛО, мекен жайы: Северный промузел көшесі № 2;
2. «JOLAMAN» СЛО, мекен жайы: Семей - Алматы трассасы көшесі № 7/1.

Құрбандыққа шалынатын малдарды соятын арнайы орындар:
1. «Семей - Вет» ЖШС мал сою пункті, мекен жайы: Космонавтов көшесі № 1 үй (Дальняя ауданы);
2. «JOLAMAN» СЛО мал сою алаңы, мекен жайы: Семей - Алматы трассасы көшесі № 7/1;
3. «Saikan Agro» ЖШС мал сою пункті, мекен жайы: Байғожина көшесі №13.

❗️Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, белгіленбеген орындарда мал саудасын болдырмау жұмыстарын үйлестіру қалалық полиция басқармасы арқылы ұйымдастырылады.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Семей қаласының әкімдігі
📢Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Құрбан айт мерекесін атап өту үшін мал сататын және мал соятын арнайы орындардың белгіленгенін хабарлаймыз! Құрбандыққа шалынатын тірі малдарды сатуға арналған орындар: 1. «Северный» СЛО, мекен жайы: Северный…
📢Уважаемые жители и гости города!

В связи с празднованием Курбан айт сообщаем, что в городе определены специальные места для продажи и забоя жертвенных животных.

Места для продажи живого скота:
1. ТЛЦ «Северный», адрес: улица Северный промузел, д. 2;
2. ТЛЦ «JOLAMAN», адрес: улица трасса Семей — Алматы, д. 7/1.

Места для забоя жертвенных животных:
1. Пункт забоя ТОО «Семей-Вет», адрес: улица Космонавтов, д. 1 (район Дальняя);
2. Площадка для забоя «JOLAMAN», адрес: улица трасса Семей — Алматы, д. 7/1;
3. Пункт забоя ТОО «Saikan Agro», адрес: улица Б. Байгожиной, д. 13.

❗️Обеспечение общественного порядка и недопущение несанкционированной торговли животными будет осуществляться силами городского управления полиции.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#АкиматГородаСемей
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❗️МОСКИТ ТОРЫ – ҚОРҒАНЫС ҚҰРАЛЫ ЕМЕС!

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Егер үйде бала болса, терезені ашық күйде қалдырмаңыздар. Баланы ешқашан ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыздар!
———
❗️МОСКИТНАЯ СЕТКА – НЕ ЗАЩИТНЫЙ БАРЬЕР!

Уважаемые жители и гости города!

Никогда не держите окна открытыми, если дома ребенок! Никогда не оставляйте ребенка без присмотра взрослых!

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
❗️Құрметті қала тұрғындары!

Затон полиция бөлімі күн сайын санитарлық талаптарды сақтау және рұқсат етілмеген қоқыс тастауға жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Затон полиция бөлімі баршаңызды қоғамдық орындарда тазалық сақтауға шақырады. Көшелердегі қоқыс – бұл тек айналаңыздағы адамдарға деген құрметсіздік емес, сонымен қатар заң бұзушылық болып табылады.

📌Айналаны ластағаны үшін айыппұлдар қарастырылған. Бірақ ең бастысы – тазалық әрқайсымыздан басталады. Келіңіздер, ортақ үйімізді бірге күтейік!
———
❗️Уважаемые жители города!

Затонским ОП на ежедневной основе проводится разъяснительная работа по необходимости соблюдения санитарных норм и недопущению стихийных свалок. Затонский ОП призывает всех соблюдать чистоту в общественных местах. Мусор на улицах - это не только неуважение к окружающим, но и нарушение закона.

📌За загрязнение территории предусмотрены штрафы. Но главное - чистота начинается с каждого из нас. Убирай за собой, мы делаем город лучше. Давайте вместе беречь наш общий дом!

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Облыс әкімі инвесторлармен кездесті

Облыс әкімі Берік Уәли бүгін шет елдік инвесторлармен кездесті. Кездесуде қытайлық «China Global Sourcing Group» компаниясы өкілдерімен екі жақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

🗣Аймақ басшысы облыстың әлеуеті мен мүмкіндіктерін таныстырып, өңірде көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, туризм салаларында инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға болатынын атап өтті.

«Инвестиция тарту мақсатында өткен айда Абай облысының делегациясы Қытайдың Шыңжаң ұйғыр автономиялық өлкесіне жұмыс сапарымен барып, халықаралық «Үлкен Алтай» субөңірлік ынтымақтастық конференциясына қатысып қайттық. Шара аясында қытай инвесторларымен құны 1,5 млрд АҚШ долларын құрайтын 15 ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Осы сапардың нәтижесінде өткен аптада Семей қаласындағы өндірістік аймақта чиптер мен электронды қондырғыларды өндіретін зауыттың құрылысы басталды. Екі елдің Мемлекет басшылары арасындағы достық қарым-қатынастың арқасында енгізілген визасыз режим (30 күн) – бизнес, соның ішінде туризм саласындағы байланыстарды дамытуға үлкен мүмкіндік береді. Біз инвесторлармен жұмыс істеуге, оларға тиісті жағдай жасауға дайынбыз», – деді облыс әкімі.


🔺Өз кезегінде «China Global Sourcing Group» компаниясының өкілі Цуй Айго Семей қаласында салынатын жаңа ықшам ауданға қызығушылық танытып, осы бағытта бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін білдірді.

«Семей қаласының көлік-логистикалық әлеуеті зор. Біз «Смарт сити» жобасы аясында қаланың инфрақұрылымын жақсартуға өз үлесімізді қосқымыз келеді. Жобамен мұқият танысып, сіздерге нақты ұсыныстарымызды жолдайтын боламыз», - деді Цуй Айго.


АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Аким области встретился с инвесторами

Сегодня аким области Берик Уали провёл встречу с иностранными инвесторами. В ходе встречи были обсуждены вопросы двустороннего сотрудничества с представителями китайской компании «China Global Sourcing Group».

🗣Глава региона рассказал о потенциале и возможностях области, подчеркнув, что в регионе возможно совместное осуществление инвестиционных проектов в сферах транспортно-логистики, сельского хозяйства и туризма.

«С целью привлечения инвестиций в прошлом месяце делегация области Абай в рамках рабочего визита посетила Синьцзян-Уйгурский автономный район Китая и приняла участие в международной конференции субрегионального сотрудничества «Большой Алтай». В рамках мероприятия было подписано 15 меморандумов о сотрудничестве с китайскими инвесторами на общую сумму 1,5 млрд долларов США. В результате этой поездки на прошлой неделе в индустриальной зоне города Семей началось строительство завода по производству чипов и электронных устройств. Благодаря дружеским отношениям между главами наших государств был введён безвизовый режим сроком на 30 дней, что открывает большие возможности для развития деловых, в том числе туристических связей. Мы готовы работать с инвесторами и создать для них соответствующие условия», - отметил аким области.


🔺В свою очередь, представитель компании «China Global Sourcing Group» Цуй Айго выразил заинтересованность в строительстве нового жилого района в городе Семей и заявил о готовности к совместной работе в этом направлении.

«Город Семей обладает высоким транспортно-логистическим потенциалом. Мы хотим внести свой вклад в развитие городской инфраструктуры в рамках проекта «Умный город». Мы внимательно ознакомимся с проектом и направим вам конкретные предложения», - сказал Цуй Айго.


ПРЕСС-СЛУЖБА АКИМА ОБЛАСТИ АБАЙ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🚃Бекжан Бапышев «Семей машина жасау зауытының» жұмысымен танысты

Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев «Семей машина жасау зауытына» барып, кәсіпорынның жұмыс барысымен танысты. 1969 жылы негізі қаланған бұл зауыт – еліміздегі ірі өнеркәсіп орындарының бірі және шынжыр табанды көліктер мен оларға арналған қосалқы бөлшектерді шығаруға маманданған. Кәсіпорын машина жасау өндірісінің толық циклін жүзеге асыра алады.

Дегенмен бүгінде зауыттың өндірістік әлеуеті жоғары болғанымен, маман тапшылығына байланысты толық қуатында жұмыс істеп тұрған жоқ. Қазіргі таңда кәсіпорында 87 адам еңбек етеді, ал штаттық бірлік саны – 146. «Семей машина жасау зауыты» АҚ 2004 жылдан бері жүк вагондарына арналған люк қақпақтары, торлы және бойлық борттар, түрлі металл конструкциялар шығарады.

«Қаладағы өндіріс орындарын қолдау – біздің басты басымдықтарымыздың бірі. Осындай кәсіпорындар өңір экономикасының дамуына айрықша үлес қосады. Біз Семейіміздің өндірісімен әрқашан ынтымақтастыққа дайынбыз», – деді Бекжан Бапышев.


Сапар барысында қала аумағына арналған қоқыс контейнерлері мен жәшіктерін шығару мәселесі де қаралды. Бұл бастама, бір жағынан, зауыттың өндірістік жүктемесін арттырса, екінші жағынан, қаланың материалдық-техникалық базасын нығайтуға сеп болмақ.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
2
Семей қаласының әкімдігі
🚃Бекжан Бапышев «Семей машина жасау зауытының» жұмысымен танысты Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев «Семей машина жасау зауытына» барып, кәсіпорынның жұмыс барысымен танысты. 1969 жылы негізі қаланған бұл зауыт – еліміздегі ірі өнеркәсіп…
🚃Бекжан Бапышев ознакомился с работой Семипалатинского машиностроительного завода

Исполняющий обязанности акима города Семей Бекжан Бапышев посетил АО «Семипалатинский машиностроительный завод» и ознакомился с производственным процессом. Основанный в 1969 году, завод является одним из крупных промышленных предприятий страны, специализирующимся на выпуске гусеничной техники и запасных частей к ней. Предприятие располагает полным циклом машиностроительного производства.

Несмотря на высокий производственный потенциал, завод в настоящее время не работает на полную мощность из-за нехватки квалифицированных кадров. На сегодняшний день на предприятии трудятся 87 человек при штатной численности в 146 единиц. С 2004 года АО «Семипалатинский машиностроительный завод» выпускает люковые крышки, решетчатые и продольные борта для грузовых вагонов, а также различные металлические конструкции.

«Поддержка промышленных предприятий в городе — одно из наших главных приоритетных направлений. Такие заводы вносят весомый вклад в развитие региональной экономики. Мы всегда открыты к сотрудничеству с производственным сектором Семея», — отметил Бекжан Бапышев.


В ходе визита также была рассмотрена возможность выпуска контейнеров и урн для бытовых отходов, предназначенных для нужд города. Эта инициатива, с одной стороны, позволит загрузить производственные мощности завода, а с другой — укрепит материально-техническую базу города.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#АкиматГородаСемей
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Семейде облыстық прокуратураның жаңа ғимараты ашылды

Семейде облыстық прокуратураның жаңартылған ғимараты ашылды. Іс-шараға облыс әкімі Берік Уәли, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов және сала өкілдері қатысты.

🔺Әр жылдары әртүрлі мекемеге тиесілі болған нысан 40 жылдан астам уақыт бойы күрделі жөндеуден өтпеген. Облыстық прокуратура қарамағына берілгеннен кейін республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен толық жөнделіп, заманауи талаптарға сай жабдықталды. Ғимарат ішінде барлық қажетті техника мен құрал-жабдықтар орнатылған.

Салтанатты шарада облыс әкімі сөз сөйлеп, жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Көкшетауда өткен Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында «Біз тарих, дәстүр және қазіргі заман құндылықтарын әрдайым бірдей ұстанып келеміз. Жұртты саяси прагматизмге шақырып, қоғамда Заң мен тәртіпті орнықтыру маңызды» деп атап өткен болатын. Бас Прокурор Берік Ноғайұлының облысымызға жұмыс сапарына орай ашылып отырған ғимарат - құқықтық жүйенің дамуы мен тұрақтылық және болашаққа сенімнің символы деп білеміз. Себебі, сала қызметкерлері жұмысына қолайлы жағдай жасау «Әділетті Қазақстан» идеясымен үндесетін игі қадам. Облыс прокуратурасы ұжымы бұл ғимаратта қоғам өмірінің барлық салаларында азаматтарымыздың құқықтарын қорғау жолында аянбай қызмет ететініне сенемін», - деді аймақ басшысы.


🏓Шара аясында Ұлы Отан соғысының ардагері, заң саласында ұзақ жылдар қызмет Фазыл Әділбаевтің құрметіне ғимарат қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды.

➡️Облыс әкімі Қазақстан Республикасының Бас прокурорымен бірге 100 орынға арналған психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекеменің құрылыс алаңына барып, іргетасын қалау рәсіміне қатысты. Ғимарат прокуратура органдары мемлекетке қайтарған активтер есебінен бой көтеруде. Нысан іске қосылған соң жаңа жұмыс орындары ашылып, өңірдегі әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандарға сапалы қызмет көрсетілмек. Қазіргі таңда мұндай қызметке облыс бойынша 101 адам кезекте тұр.

➡️Айта кетейік, республика бойынша прокуратура органдары мемлекетке қайтарған активтер есебінен 333 әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда. Оның 15-і Абай облысына тиесілі. Медицина саласында үш жоба, ауыз сумен қамтамасыз етуге байланысты 12 жоба қолға алынады.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM