Forwarded from Абай облысының әкімдігі
❤2
Forwarded from Абай облысының әкімдігі
Forwarded from Абай облысының әкімдігі
Бүгін облыс әкімі Берік Уәли «SEMEI» телеарнасының жұмысымен танысты.
2022 жылы Абай облысы қайта құрылғаннан кейін арнаның жаңа тынысы ашылды. Бүгінде «SEMEI» телеарнасы тәулігіне 14 сағат хабар таратып, 30-ға жуық авторлық бағдарламаны көрермен назарына ұсынып келеді. Цифрлық медианы дамыту мақсатында «Digital SEMEI» бөлімі ашылған. Жаңалықтар қызметі күніне 5 рет ақпарат таратады. Қазіргі таңда мұнда 50-ден астам адам еңбек етеді.
«SEMEI» телеарнасының тарихы терең. Биыл 60 жылдық мерейлі белесті атап өткелі отырсыздар. Өңірдегі, елдегі жаңалықтарды бірінші болып жұртшылыққа жеткізуге асығатын телеарнада білікті мамандар жұмыс істейді. Ұжымға келген жаңа басшылық креативті, танымдық дүниелерді көрерменге ұсынып жатыр. Жақында облыстың алдағы даму жоспарын жариялағанда телеарна ғимараты маңында журналистер аллеясын салу туралы айтқан болатынмын. Бұл жұмысты бастаймыз. Бүгінгі кездесуде айтылған ұсыныс-тілектеріңізді ескеріп, тиісті қолдау көрсетеміз» деді аймақ басшысы.
АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Семей қаласындағы Электротехникалық колледж базасында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында «Еңбекші жастар – 2025» қалалық фестивалі өтті.
Басты мақсат – еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтарды насихаттау, жастарды техникалық және жұмысшы кәсіптерге баулу, сондай-ақ еңбекке деген оң көзқарас қалыптастыру.
Іс-шараға Семей қаласы әкімінің орынбасары Қуаныш Әбілдаев, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айбек Ғапуов, колледж студенттері мен өңірдің еңбекші жастары қатысты.
«Жастардың еңбекке деген ықыласы, кәсіби шыңдалуға ұмтылысы – қаламыздың дамуының кепілі. Бүгінгі фестиваль – жұмысшы мамандықтардың қоғамдағы беделін арттыруға бағытталған маңызды қадам», – деді Қуаныш Әбілдаев.
Фестиваль аясында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Оған аймақтағы 20-дан астам ірі кәсіпорын мен жұмыс беруші мекемелер қатысып, жастарға тұрақты жұмыс пен тағылымдамадан өту мүмкіндіктерін ұсынды.
Сондай-ақ, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып жүрген еңбекші жастарға қала әкімінің орынбасары алғыс хаттар табыстады.
#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM