Семей қаласының әкімдігі
2.91K subscribers
10.9K photos
2.83K videos
9 files
949 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышевтың азаматтарды қабылдауы: өзекті мәселелерді шешу

Бүгін Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев азаматтарды қабылдап, қала тұрғындарының сұрақтары мен ұсыныстарын тыңдады. Қабылдау барысында абаттандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, әлеуметтік сала және өзге де өзекті мәселелер талқыланды.

Бекжан Бапышев әрбір азаматтың өтінішін мұқият тыңдап, халықпен тұрақты диалог орнатудың жергілікті атқарушы органдардың жұмысындағы маңызды бағыт екенін атап өтті. Қабылдау нәтижесінде көтерілген мәселелерді жан-жақты зерттеп, шешу үшін тиісті қызметтерге нақты тапсырмалар берілді.

Айта кетейік, азаматтарды қабылдау әр апта сайын бейсенбі күні өтеді.
Қабылдауға жазылу үшін Мәңгілік ел көшесі, 4-үй, 109-кабинетке жазбаша өтініш қалдыру қажет.
Қосымша ақпаратты 52-35-08 нөмірі арқылы алуға болады.
Семей қаласының әкімдігі
Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышевтың азаматтарды қабылдауы: өзекті мәселелерді шешу Бүгін Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев азаматтарды қабылдап, қала тұрғындарының сұрақтары мен ұсыныстарын тыңдады. Қабылдау барысында…
Приём граждан и.о. акима города Семей: решение актуальных вопросов

Сегодня исполняющий обязанности акима города Семей Бекжан Бапышев провёл приём граждан, в ходе которого жители города смогли задать вопросы и обсудить важные для них темы. В ходе встречи были рассмотрены обращения, касающиеся вопросов благоустройства, жилищно-коммунального хозяйства, социальной сферы, а также другие волнующие горожан проблемы.

Бекжан Бапышев выслушал каждого обратившегося, подчеркнув, что диалог с населением - ключевой элемент в работе местных исполнительных органов. По итогам приёма даны поручения соответствующим службам по изучению и решению поднятых вопросов.

Отметим, что приём граждан проходит каждый четверг недели.
Для записи на приём необходимо лично оставить письменное заявление по адресу: здание городского акимата, улица Мангилик ел, 4, кабинет 109.
Для получения дополнительной информации звоните по телефону: 52-35-08.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
📍Бекжан Бапышевтың азаматтарды қабылдауы: өзекті мәселелерді шешу
———
📍Приём граждан: решение актуальных вопросов
Семейде «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» табысталды

Семей қаласындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары мен отбасыларына қолдау көрсету орталығында ел Президентінің Жарлығына сәйкес көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградалары салтанат түрде табысталды. Марапаттау рәсіміне қала әкімінің орынбасары Қуаныш Әбілдаев қатысып, аналарды құттықтады.

«Кеуделеріңізде жарқыраған бұл алқалар – тек марапат емес, өмір бойғы еңбектің, мейірім мен сабырдың, аналық махаббаттың белгісі. Тәуелсіз еліміздің болашағын тәрбиелеуге қосқан үлестеріңіз ұмытылмай, ардақты есімдеріңіз әрқашан құрметпен атала берсін!», – деді Қуаныш Әбілдаев.


Жиын барысында 2 анаға «Алтын алқа», 11 анаға «Күміс алқа» табысталды.

Құрметті алтын құрсақты аналар!

Сіздерге зор денсаулық, отбасыңызға береке-бірлік тілейміз. Жүздеріңізден күлкі кетпесін!

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
3