Семей қаласының әкімдігі
2.92K subscribers
10.9K photos
2.83K videos
9 files
949 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
🔔Семей қаласында «Жұлдызды жол – 2025» соңғы қоңырау салтанаты өтті

Семей қаласындағы «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Жұлдызды жол – 2025» атауымен соңғы қоңырау салтанатты шарасы жоғары деңгейде өтті.

Іс-шарада 84 мектеп түлегіне құрмет көрсетіліп, оларды жаңа өмірге салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Мектеп қабырғасында түрлі салада белсенділік танытып, жоғары нәтижелерге қол жеткізген оқушылардың жетістіктері атап өтіліп, ұстаздар мен ата-аналарға марапаттар табысталды.

Салтанатты жиынға Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев қатысып, жиналған қауымды оқу жылының аяқталуымен құттықтады.

💬«Баршаңызды оқу жылының аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – әр түлек үшін ерекше толқынысқа, қуаныш пен қимастыққа толы сәт. Биыл Семей қаласында 2 276 оқушы мектеппен қоштасып, үлкен өмірге жолдама алғалы отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ұлттың бәсекеге қабілеті – жастарының білім деңгейімен айқындалады» деген болатын. Расында да, білім – елдің болашағы мен дамуының негізі. Ата-ана мен ұстаздар сенімін ақтап, еліміздің ертеңіне үлес қосатын азамат болыңыздар. Сынақта сәттілік серіктеріңіз болсын!» – деді қала әкімінің міндетін атқарушы өз құттықтауында.


Мерекелік жиын барысында мектептің шығармашылық ұжымдары мен 1-сынып оқушыларының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды.

Сонымен қатар, Семей қаласындағы №5 мектеп-гимназиясы, Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясы және №17 мектепке «Үздік мектеп – 2025» ұлттық конкурсының жеңімпазы атанғаны үшін арнайы марапат табысталды. Бұл – білім беру сапасын арттыруға, оқушылардың жетістіктерін қолдауға және заманауи оқыту әдістерін енгізуге бағытталған жүйелі жұмыстың жарқын нәтижесі.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Семей қаласының әкімдігі
🔔Семей қаласында «Жұлдызды жол – 2025» соңғы қоңырау салтанаты өтті Семей қаласындағы «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Жұлдызды жол – 2025» атауымен соңғы қоңырау салтанатты шарасы жоғары деңгейде өтті. Іс…
🔔В Семее прошла торжественная линейка «Звёздный путь – 2025»

В коммунальном государственном учреждении «Гимназия №37 имени Ыбрая Алтынсарина» города Семей на высоком уровне состоялась торжественная линейка последнего звонка под названием «Звёздный путь – 2025».

В рамках мероприятия была оказана особая честь 84 выпускникам школы, состоялась торжественная церемония их провожания во взрослую жизнь. Отмечены достижения учащихся, проявивших активность в различных сферах и добившихся высоких результатов, вручены благодарственные письма педагогам и родителям.

На торжественном мероприятии присутствовал исполняющий обязанности акима города Семей Бекжан Бапышев, который поздравил собравшихся с окончанием учебного года.

💬«От всей души поздравляю вас с завершением учебного года! Это волнительный, радостный и в то же время трогательный момент для каждого выпускника. В этом году 2 276 учеников в Семее прощаются со школой и получают путёвку в большую жизнь. Глава государства Касым-Жомарт Токаев отметил: «Конкурентоспособность нации определяется уровнем образования её молодёжи». Действительно, образование – это основа будущего и развития страны. Желаю вам оправдать доверие родителей и учителей и стать достойными гражданами, вносящими вклад в процветание нашей Родины. Пусть удача сопутствует вам на всех жизненных экзаменах!» – сказал Бекжан Бапышев в своём поздравлении.


Праздничную атмосферу мероприятия дополнила концертная программа с участием творческих коллективов школы и учеников 1-х классов.

Кроме того, в этот день специальные награды были вручены школам города Семей – гимназии №5, гимназии имени Ыбрая Алтынсарина и школе №17, которые стали победителями республиканского конкурса «Лучшая школа – 2025». Эта награда стала ярким результатом системной работы по повышению качества образования, поддержке достижений учащихся и внедрению современных методов обучения.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#АкиматГородаСемей
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📍 Соңғы қоңырау: «Жұлдызды жол – 2025»
———
📍 Последний звонок: «Звездный путь – 2025»
2👍1