Семей қаласының әкімдігі
2.92K subscribers
10.9K photos
2.83K videos
9 files
949 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
⚡️Семейде отбасын қолдау орталығы ашылды

Облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты. Аймақ басшысы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада болды.

➡️Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана - республика бойынша теңдесі жоқ инклюзивті жобалардың бірі. Екі қабатты кітапхананың жалпы аумағы – 800 шаршы метр. Нысан «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қаржылай қолдауымен бой көтерген.

📚Кітапхананың ішкі құрылымы ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бейімделген. Онда компьютер мен смартфон пайдалануға үйрететін тифлотехнология кабинеті, брайль жүйесі бойынша оқу-жазуға баулитын кабинет, дыбысталған әдебиеттер қоры, брайль қарпімен жазылған 40 мыңнан астам кітап, coworking және оқу залдары, библиографиялық ақпараттар бөлімі мен әдебиеттерді өңдеу және толықтыру бөлімі бар.

🔼Қазіргі таңда қала әкімдігі ғимараттың ауласына абаттандыру, көғалдандыру жұмыстарын жүргізуде. Облыс әкімі ғимараттың кітапханасын, оқу залдарын көріп, қызметкерлермен пікірлесіп, алдағы уақытта да әкімдік тарапынан тиісті көмек көрсетілетінін айтты.

Аймақ басшысы қаланы аралау барысында жақында ашылған отбасын қолдау орталығының жұмысымен танысты.

🔵Бұл орталық қазіргі таңда қаладағы қиын жағдайға тап болған азаматтарға кешенді қолдау көрсететін негізгі мекемелердің біріне айналып отыр. Мұнда күн сайын 50-ге жуық азамат қабылдауға келеді. Орталықта психолог, заңгер, әлеуметтік қызметкер, жұмыспен қамту орталығы, білім және денсаулық сақтау саласының мамандары, сондай-ақ «Отбасы банк» өкілдері «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетеді.

⚡️Бес жүз шаршы метр аумақта орналасқан орталықта азаматтарды қабылдау залы, тренингтер мен семинарлар өткізуге арналған бөлме, бала күтімі мен ойын бөлмесі, психолог кабинеті және ана мен балаға арналған арнайы бөлмелер бар.

«Осындай орталықтар өте қажет. Адамдар әртүрлі қиындықтарға тап болған кезде ақыл-кеңес берудің, психологиялық қолдау көрсетудің маңызы зор», – деді облыс әкімі.


АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️В Семее открылся Центр поддержки семьи

Аким области Берик Уали ознакомился с работой социальных объектов в городе Семей. Глава региона побывал в специальной библиотеке для незрячих и слабовидящих граждан.

Специальная библиотека для незрячих и слабовидящих граждан - один из уникальных инклюзивных проектов по всей стране. Общая площадь двухэтажной библиотеки - 800 квадратных метров. Объект построен при финансовой поддержке Фонда национального благосостояния «Самрук-Казына».

📚Внутренняя планировка библиотеки адаптирована для людей с особыми потребностями. В библиотеке есть кабинет тифлотехнологий, где обучают использованию компьютера и смартфона, кабинет для обучения чтению и письму по системе Брайля, фонд аудиокниг, более 40 тысяч книг, написанных шрифтом Брайля, coworking и читальные залы, библиографический отдел, а также отдел обработки и пополнения литературных ресурсов.

В настоящее время акимат города проводит работы по благоустройству и озеленению территории вокруг здания.

Аким области осмотрел библиотеку, читальные залы, пообщался с сотрудниками и отметил, что в дальнейшем со стороны акимата будет оказываться необходимая поддержка.

Глава региона во время объезда города ознакомился с работой недавно открывшегося Центра поддержки семьи.

🔼Данный центр в настоящее время является одним из основных учреждений, оказывающих комплексную поддержку гражданам, оказавшимся в трудной жизненной ситуации в городе. Сюда ежедневно приходят на приём около 50 человек. В центре по принципу «одного окна» оказывают услуги психолог, юрист, социальный работник, специалисты Центра занятости, сфер образования и здравоохранения, а также представители «Отбасы банка».

🔵Центр, расположенный на площади пятьсот квадратных метров, включает в себя зал для приёма граждан, комнату для проведения тренингов и семинаров, комнату для присмотра и игр с детьми, кабинет психолога, а также специальные помещения для матери и ребёнка.

«Такие центры очень необходимы. Когда люди сталкиваются с различными трудностями, важно оказать им консультационную и психологическую поддержку», — сказал аким области.


ПРЕСС-СЛУЖБА АКИМА ОБЛАСТИ АБАЙ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM