Семей қаласының әкімдігі
2.91K subscribers
10.9K photos
2.83K videos
9 files
949 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
🇰🇿🇨🇳Абай облысының әкімі Шыңжаң ұйғыр өлкесінің партия комитетінің хатшысымен кездесті

Облыс әкімі Берік Уәли бастаған өңір делегациясы Қытайдың Шыңжаң ұйғыр автономиялық өлкесінің Алтай қаласына келді. Жүзге жуық адамнан құралған делегация құрамында мемлекеттік қызметкерлер, депутаттар, бизнес, білім саласының өкілдері бар.

✔️Бүгін делегация мүшелері Шығыс Қазақстан, Жетісу облыстарының өкілдерімен бірге Қытайдың Шыңжаң ұйғыр автономиялық өлкесінің партия комитетінің хатшысы Ма Синжуйдің төрағалығымен өткен кездесуге қатысты. Отырысқа Шыңжаң ұйғыр автономиялық өлкесінің Алтай, Тачэн, Бұратола округтерінің, Іле қазақ автономиялы облысының
басшылары қатысты.


Жиынды ашқан Қытайдың Шыңжаң ұйғыр автономиялық өлкесінің партия комитетінің хатшысы екі елдің арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейде екенін атап өтті. Шыңжаң ұйғыр автономиялық өлкесі Қазақстанның шекаралық аймақтарындағы облыстармен қарым-қатынасты одан әрі жандандыруға дайын екенін жеткізді.

📌Кездесуде облыс әкімі Берік Уәли сөз сөйледі. Аймақ басшысы қос елдің Мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпинмен
айқындалған достық байланыстар өңіраралық экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға негіз болатынын атап өтті.
Абай облысының географиялық және экономикалық мүмкіндіктеріне тоқталып, Қытаймен және Ресеймен шекаралас аймақ ретінде облыстың халықаралық бағыттарға ашық, көлік-логистикалық әлеуеті жоғары екенін айтты.

🔵Кездесу барысында облыс әкімі Қытайдың өңір үшін басты сауда серіктесі екенін атап өтті. 2024 жылы Абай облысы бойынша сыртқы сауда айналымының басым бөлігі — яғни 89 пайызы Қытаймен шекаралық сауда арқылы жүзеге асқан. Экспорт көлемі 2,1 миллиард АҚШ долларына жетіп, бір жылда бес есеге артқан.

Сонымен қатар, өңір басшысы қазіргі уақытта Қытай капиталы есебінен іске асып жатқан төрт ірі жобаны атады. Олар: құны 1,5 млрд долларды құрайтын мыс балқыту зауыты, жобасы 30,4 млн долларға бағаланған ағаш өңдеу комбинаты, 250 млн доллар тұратын көмір-химия кешені және 107 млн долларлық жел электр станциялары.

📊Облыс әкімі екі ел арасындағы сауда-логистикалық байланысты жандандыру мақсатында "Семей – Үрімші" және "Семей – Шәуешек" бағыттары бойынша тікелей әуе рейстерін ашуды ұсынды. "Аягөз-Тачен" темір жол желісінің өңір экономикасы үшін маңызды екенін атап өтті.

Курчатов қаласының ғылыми әлеуетіне тоқталған өңір басшысы Шыңжаңдағы технологиялық орталықтармен бірлескен ғылыми-инновациялық жобаларды жүзеге асыруға мүдделі екенін жеткізді.

«Жағрапиялық орналасуының қолайлылығын ескерсек, біздің облыстың Қытай, Ресей және Орталық Азияны жалғайтын көлік-логистикалық хаб ретінде дамуға толық мүмкіндігі бар. Бұл ірі халықаралық сауда дәліздеріне шығуға жол ашады. Сондықтан осы кездесудің ынтымақтастығымызға жаңа серпін беріп, бірлескен инвестициялық бастамалардың артуына ықпал ететініне сенімдімін. Осы сәтті пайдалана отырып, сізді Абай облысына ресми сапармен келуге шақырамын», – деді облыс әкімі.


🚛Шыңжаң ұйғыр автономиялық өлкесінің партия комитетінің хатшысы Ма Синжуй аймақ басшысының ұсынысына қолдау білдіріп, Қазақстанға жұмыс сапары аясында өңірге келуге дайын екенін жеткізді.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇨🇳Аким области Абай встретился с секретарём парткома Синьцзян-Уйгурского автономного района

Делегация области во главе с акимом Бериком Уали прибыла в китайский город Алтай, расположенный в Синьцзян-Уйгурском автономном районе. В состав делегации, насчитывающей около ста человек, вошли государственные служащие, депутаты, представители бизнеса и сферы образования.

🔵Сегодня члены делегации вместе с представителями Восточно-Казахстанской и Жетысуской областей приняли участие во встрече под председательством секретаря парткома Синьцзян-Уйгурского автономного района Ма Синжуя. На встрече присутствовали руководители округов Алтай, Тачэн, Буратола, а также Или-Казахского автономного округа.

Открывая встречу, секретарь парткома Синьцзян-Уйгурского автономного района подчеркнул высокий уровень сотрудничества между двумя странами и выразил готовность региона к дальнейшему укреплению связей с приграничными областями Казахстана.

✔️В ходе встречи аким области Абай Берик Уали выступил с докладом. Глава региона отметил, что дружественные отношения, обозначенные президентами Касым-Жомартом Токаевым и Си Цзиньпином, служат основой для развития межрегионального экономического сотрудничества. Он также остановился на географических и экономических возможностях области Абай, отметив, что, будучи приграничным регионом с Китаем и Россией, область обладает высоким транспортно-логистическим потенциалом и открыта к международному сотрудничеству.

📌Аким области подчеркнул, что Китай является основным торговым партнёром региона. В 2024 году 89% внешнеторгового оборота области Абай пришлось на приграничную торговлю с Китаем. Объём экспорта достиг 2,1 миллиарда долларов США, увеличившись за год в пять раз.

Кроме того, глава региона упомянул четыре крупных проекта, реализуемых с привлечением китайского капитала. Это: медеплавильный завод стоимостью 1,5 миллиарда долларов, деревообрабатывающий комбинат с оценкой в 30,4 миллиона долларов, углехимический комплекс за 250 миллионов долларов и ветряные электростанции на 107 миллионов долларов.

📊С целью активизации торгово-логистических связей между двумя странами аким предложил открыть прямые авиарейсы по маршрутам Семей – Урумчи и Семей – Шауешек. Он также подчеркнул важность железнодорожной линии «Аягоз – Тачэн» для экономики региона.

Остановившись на научном потенциале города Курчатов, аким выразил заинтересованность в реализации совместных научно-инновационных проектов с технологическими центрами Синьцзяна.

«Учитывая выгодное географическое расположение, наша область имеет все шансы развиваться как транспортно-логистический хаб, соединяющий Китай, Россию и Центральную Азию. Это откроет выход к крупным международным торговым коридорам. Уверен, что эта встреча даст новый импульс нашему сотрудничеству и станет толчком к увеличению совместных инвестиционных инициатив. Пользуясь случаем, приглашаю вас с официальным визитом в область Абай», — заявил аким области.


🚛Секретарь парткома Синьцзян-Уйгурского автономного района Ма Синжуй поддержал предложение главы региона и выразил готовность посетить область в рамках своей рабочей поездки в Казахстан.

Пресс-служба акима области Абай
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM