Семей қаласының әкімдігі
3.05K subscribers
10.2K photos
2.74K videos
9 files
768 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Семейде 1 мың гектардан астам аумақты қамтитын жаңа ықшам ауданы салынады

Облыс әкімі Берік Уәли өңірдің алдағы жылдардағы дамуына арналған жиында осындай жаңалықты жеткізді.

Қаланың солтүстік бөлігінде орналасқан жаңа ауданда 75 мың тұрғынға арналған тұрғын үй кешендері, 40-тан астам әкімшілік, коммерциялық және әлеуметтік нысандар, саябақтар бой көтеретін болады. Жоба аясында жастар сарайы, Жекпе жек сарайы, ғалымдар үйі, медиа орталық, көрме орталығы, Достық үйі, инвесторлар орталығы, музыкалық мектеп, филармония, этносаябақ, стадион, колледж, музей, балабақшалар, қонақүйлер мен сауда кешендерін салу жоспарланған.

«Шаһардың солтүстік бөлігінде орналасқан жер көлемі мың гектардан асатын ықшам аудан тиімді көліктік дәліздерімен, ыңғайлы географиялық орналасумен ерекшеленеді. «Семей орманы» мемлекеттік табиғи резерватына жақын тұрғандықтан осы экологиялық жасыл аймаққа тоқтадық. Мұнда жасыл желекті көптеп отырғызуға баса мән беріледі, тұрғындарға жайлы саябақтар салынады. Бұл ықшам ауданда Мемлекет Басшысының қолдауымен «Абайға құрмет» республикалық акция аясында Ұлы Абайдың 180 жылдығына орай еліміздің өзге өңірлері сыйға тартатын маңызды әлеуметтік, мәдени нысандар бой көтеретін болады. Ұзақ мерзімге бағытталған жобаны жүзеге асыру өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен серпін береді, жаңа өндіріс орындары мен жаңа жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізеді. Өңірдің инвестициялық тартымдылығы, оның ішінде жеке инвестиция көлемі артады», - деді аймақ басшысы.

Облыс әкімі Семейдің басқа аудандары назардан тыс қалмайтынын атап өтті. Шаһардың бос аумақтарына облыстық көпсалалы аурухана, театр сынды маңызды әлеуметтік нысандар салынады.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📍Тұрғындардың өтініші назардан тыс қалмайды
———
📍Обращения жителей не останутся без внимания
Forwarded from 018.KZ — ABAI AQPARAT
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM