Семей қаласының әкімдігі
2.91K subscribers
10.9K photos
2.82K videos
9 files
945 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
🐄Өңірде ауыл шаруашылығын дамытудың 2028 жылға дейінгі моделі әзірленді

Облыс әкімі Берік Уәли өңірдің алдағы үш жылдық даму жоспары туралы баяндамасында ауыл шаруашылық саласындағы жобаларға тоқталды. Биыл облыста ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 486 миллиард теңгеге жетіп, өсім 103 пайызды құрады. Ірі қара мал саны 743 мың басқа жетіп, республика бойынша 3-орында тұр.

➡️Өңірде ауыл шаруашылығын дамытудың 2028 жылға дейінгі моделі әзірленді. Ет кластерін құру, сүтті-тауарлы фермаларын салу, ет құс шаруашылығын дамыту және суармалы егіншіліктің әлеуеті сияқты бағыттарды қамтиды. Бұл бағытта ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру бағдарламасы аясында 13 миллиард теңгеге ет комбинаты, бордақылау алаңдары, сүтті тауарлы фермалары, су үнемдеу технологиялары, қой шаруашылығы, тауарлы балық өсіру жобалары іске асырылуда. Аталған бастамаларды қолдау үшін 13 млрд теңгеге жобалар қаржыландырылып, жыл соңына дейін қосымша 8 млрд теңге бөліну жоспарланып отыр.

🥩Ет кластерін дамыту аясында Жаңасемей ауданы Шақаман ауылында «ЕвразияАгроСемей» ЖШС тәулігіне 35 тонна ет өңдейтін кешеннің құрылысы басталды. Мұнда жылына 12,6 мың тонна ет өнімдері шығарылып, 7 мың бас қойға арналған бордақылау алаңы дайындалған.

«Бұл кәсіпорындар жаңа жұмыс орындарын ашып, өңірдің азық-түлікпен қамтылуына үлес қосады. Осы бағытта жұмысты жалғастырып, әкімдік тарапынан тиісті қолдау көрсетуге дайынбыз», - деді облыс әкімі.


АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Абай облысының әкімдігі
🐄Өңірде ауыл шаруашылығын дамытудың 2028 жылға дейінгі моделі әзірленді Облыс әкімі Берік Уәли өңірдің алдағы үш жылдық даму жоспары туралы баяндамасында ауыл шаруашылық саласындағы жобаларға тоқталды. Биыл облыста ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 486…
🐄В области Абай разработана модель развития сельского хозяйства до 2028 года

Аким области Берик Уали в докладе о предстоящем трехлетнем плане развития региона остановился на проектах в сфере сельского хозяйства.

➡️ В этом году общий объем сельхозпродукции в области достиг 486 миллиардов тенге, рост составил 103 процента. Поголовье крупного рогатого скота достигло 743 тыс. голов и занимает 3-е место по республике.

➡️В регионе разработана модель развития сельского хозяйства до 2028 года. Включает такие направления, как создание мясного кластера, строительство молочно-товарных ферм, развитие мясного птицеводства и расширение орошаемых земель.

🟢В этом направлении в рамках программы финансирования крупных инвестиционных проектов реализуются проекты по развитию мясокомбината, откормочных площадок, молочно-товарных ферм, водосберегающих технологий, овцеводства, товарного рыбоводства на сумму 13 миллиардов тенге. До конца года планируется дополнительно выделить 8 млрд тенге. В рамках развития мясного кластера начато строительство мясоперерабатывающего комплекса ТОО «ЕвразияАгроСемей» мощностью 35 тонн мяса в сутки в селе Шакаман Жанасемейского района. Здесь планируется производить 12,6 тыс. тонн мясной продукции в год, подготовлена откормочная площадка на 7 тыс. голов овец.

«Эти предприятия создадут новые рабочие места и внесут свой вклад в продовольственную безопасность региона. Мы готовы продолжить работу в этом направлении и оказать соответствующую поддержку», - сказал аким области.


ПРЕСС-СЛУЖБА АКИМА ОБЛАСТИ АБАЙ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏫Абай облысында 75 мектеп күрделі жөндеуден өтеді

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес алдағы үш жылда 75 мектеп күрделі жөндеуден өтеді. Биыл жөнделетін 11 мектеп қатарында Аягөз, Үржар, Семей, Жаңасемей, Бесқарағай аудандарының білім мекемелері бар. Бұл туралы облыс әкімі Берік Уәли өңірдің алдағы үш жылдық даму жоспары туралы жиында айтты.

🛍Сонымен қатар, алдағы үш жылда 150 жаңа модификациялы кабинет пен заманауи интерактивті тақталар орнатылады. Биылдың өзінде 19 мектепке 55 кабинет, 68 мектепке 68 тақта сатып алынады. «Қазақстан халқына» қоры арқылы 33 ауыл мектебі заманауи кабинеттермен жабдықталады.

«Мектептерді күрделі жөндеуден өткізсек те, облыстың барлық мектептерінде оқушылар жабдығының тозығы мәселесі шешімін таппай отыр. Бұл мәселені де алдағы үш жылда кезең-кезеңімен шешетін боламыз. Балалардың қосымша білім алуына жағдай жасау үшін Семей қаласында биыл оқушылар сарайының құрылысын аяқтаймыз», - деді аймақ басшысы.


📈Мемлекет басшысының бастамасымен іске асырылып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Семей қаласының Қарағайлы тұрғын ауданында 1200 орындық, Бесқарағай ауылында 300 орындық мектеп ашылды. Биыл Аягөзде 600 орындық, Семей қаласының Шығыс кентінің оң жағалауында 300 орындық мектеп пайдалануға беріледі.

⚡️Мектепке дейінгі білім беру тапшылығын шешу үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 2 мың орындық 8 балабақша салу жоспарланған. Қарағайлы ықшам ауданында 320 орындық балабақша құрылысы басталды.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Абай облысының әкімдігі
🏫Абай облысында 75 мектеп күрделі жөндеуден өтеді Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес алдағы үш жылда 75 мектеп күрделі жөндеуден өтеді. Биыл жөнделетін 11 мектеп қатарында Аягөз, Үржар, Семей, Жаңасемей, Бесқарағай аудандарының білім мекемелері бар.…
🏫В области Абай капитально отремонтируют 75 школ

В соответствии с поручением Главы государства в ближайшие три года капитально отремонтируют 75 школ. В числе 11 школ, которые будут отремонтированы в этом году, учреждения образования Аягозского, Урджарского, Жанасемейского, Бескарагайского районов и г. Семей. Об этом сообщил аким области Берик Уали на совещании о предстоящем трехлетнем плане развития региона.

🛍Кроме того, в ближайшие три года будет установлено 150 кабинетов новой модификации и современных интерактивных досок. Уже в этом году будет приобретено 55 кабинетов для 19 школ, 68 досок для 68 школ. Через фонд «Қазақстан халқына» 33 сельские школы будут оснащены современными кабинетами.

«Несмотря на капитальный ремонт школ, во всех школах области не решается проблема износа оборудования. Этот вопрос мы будем решать поэтапно в ближайшие три года. Для создания условий для дополнительного образования детей в Семее в этом году завершим строительство Дворца школьников», - сказал глава региона.


📈В рамках национального проекта «Комфортная школа», реализуемого по инициативе Главы государства, в жилом районе Карагайлы города Семей открыта школа на 1200 мест, в селе Бескарагай на 300 мест. В этом году будет введена в эксплуатацию школа на 600 мест в Аягозе, на правом берегу в поселке Восточный в Семее на 300 мест. Для сокращения дефицита мест в учреждениях дошкольного образования в рамках государственно-частного партнерства планируется строительство 8 детских садов на 2 тыс. мест. В микрорайоне Карагайлы начато строительство детского сада на 320 мест.

ПРЕСС-СЛУЖБА АКИМА ОБЛАСТИ АБАЙ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏖️Алакөл жағалауы абаттандырылады

Облыс әкімі Берік Уәли өңірдің алдағы үш жылдық даму жоспары туралы баяндамасында туризм өңір экономикасының маңызды бағытына айналуы тиіс екенін атап өтті. Осы мақсатта Туризм басқармасы құрылып, кешенді жұмыстар қолға алынуда.

📍Биыл Қабанбай ауылындағы Алакөл жағалауын абаттандыру мен туристік аймақтың бас жоспарын өзгертуге 430 млн теңге бөлінді. Сонымен қатар өңірдің тарихи, мәдени нысандарының инфрақұрылымы кезең-кезеңімен дамытылады. Олардың қатарында Барлық-Арасан шипажайы, Абайдың Жидебай-Бөрілі музейі, Қоңыр-Әулие үңгірі, Қозы Көрпеш – Баян Сұлу ескерткіші, Бесқарағайдағы Тұзды көл, Киелі бұлақ, Ырғызбай, Баянбай ата кесенелері және Елеке сазы қорғандары бар.

«Туристік әлеуетті арттыру мақсатында Семей, Аягөз, Шар қалаларының және Ақтоғай кентінің, Жалаңашкөл, Дегелен, Үшбиік, Жарма, Белағаш, Ауыл станцияларындағы теміржол вокзалдары жаңғыртылады. Қосымша әуе бағыттарын ашу бағытында жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, Семей–Астана-Семей бағытына «Южное-Небо» компаниясының рейсі іске қосылды, Семей–Қарағанды-Семей бағытын ашу көзделіп отыр. Нәтижесінде облысқа келетін туристер саны 300 мың адамнан 600 мыңға жетіп, қызмет көрсету көлемі 5,3 млрд теңгеден 1,5 есеге артады», - деді облыс әкімі.


📎Туристер үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында Семейде «Semey Mall» сауда-ойын-сауық орталығы мен «PANA» қонақ үй кешенінің құрылысы басталады.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Абай облысының әкімдігі
🏖️Алакөл жағалауы абаттандырылады Облыс әкімі Берік Уәли өңірдің алдағы үш жылдық даму жоспары туралы баяндамасында туризм өңір экономикасының маңызды бағытына айналуы тиіс екенін атап өтті. Осы мақсатта Туризм басқармасы құрылып, кешенді жұмыстар қолға алынуда.…
🏖️Набережную озера Алаколь благоустроят

Аким области Берик Уали в своем докладе о предстоящем трехлетнем плане развития региона отметил, что туризм должен стать важным направлением экономики региона. С этой целью создано Управление туризма, ведется комплексная работа.

📍В этом году на благоустройство побережья Алаколь в селе Кабанбай и изменение генерального плана туристской зоны выделено 430 млн тенге. Также поэтапно будет развиваться инфраструктура исторических, культурных объектов региона. Среди них санаторий Барлык Арасан, музей Абая Жидебай-Борили, пещера Коныр-Аулие, памятник Козы Корпеш – Баян Сулу, соленое озеро в Бескарагае, мавзолеи Киелі Булак, Иргизбай, Баянбай ата и курганы Елеке сазы.

«В целях повышения туристского потенциала будут модернизированы железнодорожные вокзалы городов Семей, Аягоз, Шар и п. Актогай, на станциях Жаланашколь, Дегелен, Ушбиик, Жарма, Бельагаш, Аул. Ведется работа по открытию дополнительных воздушных маршрутов. К примеру, запущен рейс компании «Южное Небо» на маршрут Семей-Астана-Семей, планируется открытие маршрута Семей–Караганда-Семей. В результате количество туристов, прибывающих в область, достигнет 600 тыс. человек с 300 тыс. человек, а объем услуг увеличится в 1,5 раза с 5,3 млрд тенге», - сказал аким области.


📎Для создания комфортной и безопасной среды для туристов в Семее начнется строительство торгово-развлекательного центра «Semey Mall» и гостиничного комплекса «PANA».

ПРЕСС-СЛУЖБА АКИМА ОБЛАСТИ АБАЙ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Семейде 1 мың гектардан астам аумақты қамтитын жаңа ықшам ауданы салынады

Облыс әкімі Берік Уәли өңірдің алдағы жылдардағы дамуына арналған жиында осындай жаңалықты жеткізді.

Қаланың солтүстік бөлігінде орналасқан жаңа ауданда 75 мың тұрғынға арналған тұрғын үй кешендері, 40-тан астам әкімшілік, коммерциялық және әлеуметтік нысандар, саябақтар бой көтеретін болады. Жоба аясында жастар сарайы, Жекпе жек сарайы, ғалымдар үйі, медиа орталық, көрме орталығы, Достық үйі, инвесторлар орталығы, музыкалық мектеп, филармония, этносаябақ, стадион, колледж, музей, балабақшалар, қонақүйлер мен сауда кешендерін салу жоспарланған.

«Шаһардың солтүстік бөлігінде орналасқан жер көлемі мың гектардан асатын ықшам аудан тиімді көліктік дәліздерімен, ыңғайлы географиялық орналасумен ерекшеленеді. «Семей орманы» мемлекеттік табиғи резерватына жақын тұрғандықтан осы экологиялық жасыл аймаққа тоқтадық. Мұнда жасыл желекті көптеп отырғызуға баса мән беріледі, тұрғындарға жайлы саябақтар салынады. Бұл ықшам ауданда Мемлекет Басшысының қолдауымен «Абайға құрмет» республикалық акция аясында Ұлы Абайдың 180 жылдығына орай еліміздің өзге өңірлері сыйға тартатын маңызды әлеуметтік, мәдени нысандар бой көтеретін болады. Ұзақ мерзімге бағытталған жобаны жүзеге асыру өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен серпін береді, жаңа өндіріс орындары мен жаңа жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізеді. Өңірдің инвестициялық тартымдылығы, оның ішінде жеке инвестиция көлемі артады», - деді аймақ басшысы.

Облыс әкімі Семейдің басқа аудандары назардан тыс қалмайтынын атап өтті. Шаһардың бос аумақтарына облыстық көпсалалы аурухана, театр сынды маңызды әлеуметтік нысандар салынады.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
👍3🤩1
В Семее построят новый жилой микрорайон на территории более 1000 гектаров

Аким области Берик Уали сообщил об этом на встрече, посвящённой планам развития региона на ближайшие годы.

Новый район, который появится в северной части города, рассчитан на проживание 75 тысяч человек. Здесь будут возведены жилые комплексы, более 40 административных, коммерческих и социальных объектов, а также парковые зоны.

В рамках проекта планируется строительство Дворца молодежи, Дворца единоборств, Дома учёных, медиацентра, выставочного центра, Дома дружбы, центра для инвесторов, музыкальной школы, филармонии, этнопарка, стадиона, колледжа, музея, детских садов, гостиниц и торговых комплексов.

«Микрорайон, расположенный в северной части города, выделяется удобным географическим положением и эффективной транспортной связью. Мы выбрали именно эту экологически благоприятную зону рядом с государственным природным резерватом «Семей орманы». Здесь будет уделено особое внимание озеленению и созданию комфортных парков для жителей. В этом районе, при поддержке Президента страны, в рамках республиканской акции «Абайға құрмет», приуроченной к 180-летию со дня рождения великого Абая, появятся важные социальные и культурные объекты, которые будут подарены другими регионами страны. Реализация этого долгосрочного проекта даст мощный импульс социально-экономическому развитию области, поспособствует открытию новых производств и созданию рабочих мест. Увеличится инвестиционная привлекательность региона, в том числе объём частных инвестиций», — подчеркнул глава области.


Аким также отметил, что другие районы Семея не останутся без внимания. На свободных участках города будут построены важные социальные объекты, такие как многопрофильная областная больница и театр.

ПРЕСС-СЛУЖБА АКИМА ОБЛАСТИ АБАЙ
👍51
▶️Тұрғындардың өтініші назардан тыс қалмайды

Семей қаласының әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев жеке қабылдау барысында көтерілген тұрғындардың өтінішін бақылауға алып, Первомайская көшесі, 37 мекенжайындағы аулаға барды. Тұрғындармен кездесіп, аула аумағының қазіргі жай-күйімен танысты.

Кездесу барысында тұрғындар ауланың тозғанын, абаттандыруды қажет ететінін айтты. Атап айтқанда, ойын алаңын жарықтандыру, жаяу жүргіншілер жолын салу, аулалық жолдарды асфальттау қажеттігі көтерілді. Сондай-ақ ойын алаңы маңындағы алынып, бірақ шығарылмаған жиек тастары да тұрғындардың алаңдаушылығын туғызуда.

💬«Биыл ауланы тұрғындардың өтінішімен абаттандырамыз. Асфальт төселіп, жаяу жүргіншілер жолы салынады. Сонымен бірге қараусыз жатқан жиек тастары шығарылып, тиісті шаралар қабылданады», – деді Бекжан Бапышев тұрғындармен кездесу барысында.


Бүгінде ауланы абаттандыру бойынша тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар берілді. Жұмыстар кезегімен атқарылатын болады.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
3👍1