Семей қаласының әкімдігі
2.87K subscribers
11.6K photos
2.91K videos
9 files
1.07K links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Мұрат және Бобровка саяжайларының тұрғындарымен кездесу өтті

Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев Мұрат және Бобровка саяжайларының тұрғындарымен кездесу өткізді. Басқосу барысында тұрғындар өзекті мәселелерін көтерді. Атап айтқанда, электр желілерін жаңарту, ауызсу мәселесін шешу, жолдарды жөндеу, балалар ойын алаңдарын орнату, қоғамдық көлікпен қамту және аумақты абаттандыру сынды бірқатар маңызды мәселелер талқыланды.

Бүгінде екі саяжайда 6000-нан астам азамат тұрады. Осыған байланысты тұрғындар көтерген мәселелердің әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, нақты жауаптар берілді.

«Әр тұрғынның мәселесі біз үшін маңызды. Саяжай тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру үшін барлық қажетті жұмыстар кезең-кезеңімен іске асырылады. Бастысы — бірлесіп, нәтижеге қол жеткізу», - деді Бекжан Бапышев.

Кездесу нәтижесінде тиісті бөлім басшылары мен мердігер ұйымдарға нақты тапсырмалар жүктелді. Осыған дейін Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев Мұрат саяжайына барып, ауызсу мәселесі жөнінде көшпелі кеңес өткізген еді.
April 27
Семей қаласының әкімдігі
Photo
April 27
☘️Облыс әкімі: Семейді жасыл желекті қалаға айналдыруымыз керек

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Семейдегі Қарағайлы ықшам ауданында өткен сенбілікке қатысты. Аймақ басшысы мемлекеттік қызметкерлермен бірге «Арена» спорт кешені аумағындағы алаңқайға ағаш көшеттерін отырғызды. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы шара барысында 350 түп терек егілді.

⚡️Өңірімізде 5 сәуірде басталған жалпықалалық сенбілікке 20 мыңға жуық адам қатысты. 2500 текше метрден астам қоқыс қалалық полигонға шығарылды. Сенбілік барысында 15264 аула мен жалпы ұзындығы 4000 метрге жуық арық тазартылды.

⚡️Облыс әкімі қаланы көгалдандыру, абаттандыру бағытындағы жұмыстардың жалғасатынын атап өтті.

«Бұрын Семейдің жасыл желекті қала болғанын тарихтан білеміз. Соны қалпына келтіруіміз керек. Ағашты көп егуіміз қажет. Бізде бұған барлық мүмкіндік бар. Қасымызда қарағайлы орман тұр. Алдағы уақытта облыс орталығының көркін кіргізіп, ажарын ашу үшін қаланың шетіндегі мың гектардан астам аумақта жаңа ықшам аудан салуды жоспарлап отырмыз. Онда әкімшілік ғимараттар, мәдени-спорт нысандары, жаңа саябақтар бой көтереді. Төрт апта бойы жалғасқан сенбілік барысында қаламыз айтарлықтай тазарып қалды. Тұрғындар белсенді қатысуда. Әлі де бірлесе атқаратын жұмыс көп», – деді аймақ басшысы.


АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
April 27
☘️Аким области: мы должны превратить Семей в зелёный город

Сегодня аким области Берик Уали участвовал в субботнике, который проходил в микрорайоне Карагайлы г. Семей. Глава региона вместе с госслужащими на площадке спорткомлекса «Арена» посадил саженцы деревьев. В рамках программы «Таза Қазақстан» была совершена посадка 350 тополей.

⚡️В общерегиональной акции чистоты, которая стартовал 5 апреля, приняли участие около 20 тысяч человек. Более 2500 кубометров мусора вывезено на полигон ТБО. В ходе субботников было расчищено 15 264 дворов и около 4000 метров арыков.

⚡️Аким области отметил, что работы по озеленению и благоустройству Семея будут продолжены.

«Из истории мы знаем, что Семей был зелёным городом. Мы должны вернуть ему былую славу, посадить больше деревьев. Для этого есть все возможности: рядом находиться реликтовый бор. В дальнейшем мы планируем построить новый микрорайон на окраине города на площади более тысячи гектаров, что украсить областной центр. Здесь будут построены административные здания, культурно-спортивные объекты, новые парки. В течение субботников, которые проводились четыре недели, наш город стал заметно чище. Жители принимают в них активное участие. Предстоит еще много совместной работы», - сказал глава региона.


ПРЕСС-СЛУЖБА АКИМА ОБЛАСТИ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
April 27
⚡️Семейдегі Қарағайлы ықшам ауданында 18 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы Қарағайлы ықшам ауданында салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысымен танысты.

⚡️Қазіргі таңда аталған ықшам ауданда 9 қабатты 18 кредиттік тұрғын үй салынып жатыр. Оның он үшінің құрылысы былтыр басталған. Жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Ал қалған 5 үйдің құрылысы жазда аяқталады.

⚡️Биыл облыста жалдамалы тұрғын үйлерді сатып алуға республикалық бюджеттен 2 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Бұған 149 пәтерді сатып алу көзделген.

⚡️Облыс әкімі Қарағайлы ықшам ауданында салынып жатқан тұрғын үйлерді аралап, мердігерлерге құрылысты мерзімінде әрі сапалы аяқтауды тапсырды.

«Семей қаласында 14 мыңнан астам адам баспана кезегінде тұр. Сондықтан тұрғын үй құрылысының қарқынын арттыруымыз керек. Қарағайлыда салынып жатқан 18 үй мыңдаған отбасының баспаналы болуына мүмкіндік береді. Біз бұл бағыттағы жұмысты жалғастырамыз» деді аймақ басшысы.


АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
April 27