Семей қаласының әкімдігі
2.92K subscribers
10.9K photos
2.82K videos
9 files
941 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Мемлекет басшысы:

«Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы – егемендік тарихындағы айтулы оқиға. Бұл мерейтой әр азаматтың бақ-берекесін арттыру жолында ұлтымызды ұйыстыратын маңызды белеске айналады деп сенемін. Біз халқымыздың береке-бірлігін нығайтуға үлес қосқан азаматтарымызға әрдайым құрмет көрсетеміз. Отыз жылда жеткен жетістіктеріміз осындай абзал жандардың еселі еңбегінің жемісі екені сөзсіз.

Жұртымыз үшін ең үлкен марапат – елдің тыныштығы. Шын мәнінде, қоғамда татулық болмаса, басқа жұмыстың бәрі бекер болмақ. Береке-бірлігімізді сақтай алмасақ, қастерлі Тәуелсіздігіміздің баянды болуы да екіталай. Еліміздегі тұрақтылықты нығайту үшін Ассамблея мүшелері табанды еңбек етіп келеді. Мен баршаңызға шын жүректен алғыс айтамын. Алдағы уақытта да ел игілігін арттыруға мол үлес қоса бересіздер деп сенемін. Ассамблеяның мерейтойы құтты болсын! Бірлігіміз бекем болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Қастерлі Отанымыз – Қазақстан жасай берсін!»

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Глава государства:

«Год 30-летия Ассамблеи народа Казахстана является знаковой вехой нашей современной истории. Уверен, этот юбилей станет еще одним рубежным событием в процессе консолидации нашей нации во имя счастья и благополучия каждого гражданина. Мы всегда отдаем дань уважения нашим соотечественникам, которые внесли вклад в укрепление благосостояния и единства нашего народа. Несомненно, наши достижения за последние тридцать лет стали возможны благодаря упорному труду этих достойных граждан.

Самой высокой наградой для нашего народа является мир в стране. По сути, если не будет согласия в обществе, все остальные дела будут напрасными. Если мы не сможем сберечь наше благополучие и единство, вряд ли сохраним и нашу Независимость. Члены Ассамблеи неустанно работают во имя укрепления стабильности. Я искренне благодарю вас всех. Уверен, что вы и впредь будете самоотверженно трудиться на благо страны. Поздравляю Ассамблею с юбилеем! Пусть крепнет наше единство! Желаю всем мира и благополучия! Да здравствует наша священная Родина – Казахстан!».

t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📍Семейдің жасыл келешегі: «Согра» мен «Лаукар» шаруашылықтарының жұмыстарымен танысты
———
📍Зеленее будущее Семея: визит на хозяйства «Согра» и «Лаукар»
❗️Құрметті Семей қаласының тұрғындары!

25 сәуір күні сағат 15:00-де, «Абай облысы Семей қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-сі қала құрылысын жоспарлау секторының бас маманы Мағжан Елубекұлы Серікбосынов «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде материалдарды ұсыну» тақырыбында Семей қаласы әкімдігінің Instagram парақшасында тікелей эфирде сұрақтарға жауап беретін болады.
———
❗️Уважаемые жители города Семей!

25 апреля в 15:00 главный специалист сектора градостроительного планирования ГУ «Отдела архитектуры и градостроительства города Семей области Абай» Серікбосынов Мағжан Елубекұлы ответит на вопросы в прямом эфире, на странице акимата города Семей в Instagram на тему: «Предоставление исходных материалов при разработке проектов строительства и реконструкции (перепланировки и переоборудования)».

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
#АкиматГородаСемей
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔸«Халық қатысатын бюджет»: қала аулалары абаттандырылады

Семейде «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының жобалары талқыланды. Ерекшелігі – қандай жұмыс атқарылатынын тұрғындар өздері ұсына алады.

Қала әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев бастаған көшпелі кеңесте биыл жоба аясында абаттандырылатын аулаларды аралады. Нәтижесінде 9 аулада заманауи ойын және спорт алаңдары, ал тағы 4 аулаға тұрғындардың өтініші бойынша жарық шамдары орнатылмақ.

«Халық қатысатын бюджет» – тұрғындардың талабын ескеретін жоба. Аула – ең алдымен балалардың күліп ойнайтын, көршінің бас қосатын орны. Сондықтан әр бастама сапамен жасалуы қажет. Жұмысты бірге жоспарлап, бірге қадағалаймыз», - деді Бекжан Бапышев.

«Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында абаттандырылатын аулалар тізімі:

1) Сеченов к-сі, 7, 7А
2) Достоевский к-сі, 186
3) Дулат Бабатайұлы к-сі, 32А
4) Қабанбай батыр к-сі, 42
5) Ертіс к-сі, 11 және 27
6) Мичурин к-сі, 79А
7) Галетто к-сі, 22 және Глинка к-сі, 27
8) М. Бейсембаев к-сі, 1А
9) Титов к-сі, 137 және 139
10) Щорс к-сі, 132
11) Затон, Амбулатория к-сі, 2
12) Овражная к-сі, 1
13) Ш. Уәлиханов к-сі, 150

Сапар нәтижесінде Бекжан Бапышев мердігерге жұмыстарды сапалы жүргізуді тапсырды.

Еске сала кетейік, «Халық қатысатын бюджет» жобасына кез келген қала тұрғыны өтініш бере алады. Қаламызды бірге көркейтейік!

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM