«Jolaman» СЛО (Семей-Алматы трассасы) аумағында 19 сәуір күні Абай ауданы және Семей қаласы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі.
Уақыты: 08:00-13:00 ——— 📢Уважаемые жители и гости города!
19 апреля на территории ТЛЦ «Jolaman» (трасса Семей–Алматы) состоится сельскохозяйственная ярмарка с участием сельхозтоваропроизводителей Абайского района и города Семей.
⚜️Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтті
Семей қаласында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты шара қалалық Мәдениет сарайында ұйымдастырылды. Іс-шара аясында мерекелік концерт қойылып, сала мамандарына құрмет көрсетілді.
Қала әкімінің орынбасары Қуаныш Әбілдаев тұрғын үй-коммуналдық сала қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, олардың қаланың күнделікті тіршілігін қамтамасыз етудегі еңбегіне алғысын білдірді.
«Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында қаланың жылу, су, жарықпен қамтамасыз етілуі, тазалығы мен абаттандырылуы қамтамасыз етіліп келеді. Бұл – әрбір тұрғынның жайлы өмір сүруінің кепілі», – деді қала әкімінің орынбасары.
Салтанатты шара барысында салада ұзақ жылдар еңбек етіп, өз қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген қызметкерлерге қала әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табысталды.
⚜️Отмечен профессиональный праздник работников жилищно-коммунального хозяйства
В городе Семей состоялось торжественное мероприятие, посвящённое Дню работников жилищно-коммунального хозяйства. Праздничная программа прошла в Городском дворце культуры, где для гостей был организован концерт.
С поздравительной речью выступил заместитель акима города Куаныш Абилдаев, выразив благодарность работникам сферы за их ежедневный вклад в обеспечение жизнедеятельности города.
«Благодаря вашему самоотверженному труду обеспечивается подача тепла, воды, электроэнергии, чистота и благоустройство города. Это — залог комфортной жизни каждого жителя», — отметил заместитель акима.
В завершение мероприятия отличившимся сотрудникам, проявившим себя в работе, были вручены Почетные грамоты и Благодарственные письма от имени акима города.
🛣️Семей қаласында жол жабынын ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды
Қала көшелеріндегі жол сапасын жақсарту мақсатында орташа жөндеуді қажет етпейтін учаскелерде жол жабынын (шұңқырларды) жөндеу жұмыстары басталды.
Биыл жөндеу түрін шамамен 50 көшеде жүргізу жоспарланған. Бүгінде жұмыстар Абай, Қабанбай батыр көшелерінде және Шәкәрім даңғылында жүргізілуде. ——— 🛣️В Семее начался ямочный ремонт дорожного покрытия
С целью улучшения качества городских дорог в Семее начаты работы по текущему ремонту дорожного покрытия на участках, не требующих среднего ремонта.
В этом году планируется провести ямочный ремонт примерно на 50 улицах. В настоящее время работы ведутся на улицах Абая, Кабанбай батыра и проспекте Шакарима.
Семей қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы белсенді түрде жалғасуда.
Акция аясында қаланың барлық аумақтарында сенбіліктер ұйымдастырылып, көшелер, саябақтар мен қоғамдық орындар қоқыстан тазартылуда. Мемлекеттік мекемелер, кәсіпкерлік субъектілері, оқу орындары, жастар ұйымдары мен қала тұрғындары белсене қатысуда.
Аталған акция – қоршаған ортаны қорғауға, қала тазалығын сақтауға және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған.
Туған қаламыздың көркеюі – баршамыздың қолымызда! ——— ♻️Общегородской субботник продолжается
В Семее продолжается экологическая акция «Таза Қазақстан».
В рамках акции во всех районах города организованы субботники — очищаются от мусора улицы, парки и общественные пространства. В мероприятии активно участвуют государственные учреждения, субъекты предпринимательства, учебные заведения, молодежные организации и жители города.
Данная акция направлена на охрану окружающей среды, поддержание чистоты в городе и повышение экологической культуры среди населения.
Благополучие и чистота нашего родного города — в наших руках!