Семей қаласының әкімдігі
3.04K subscribers
10.2K photos
2.75K videos
9 files
783 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
🔺Семей жастары Бейбітшілік аралын тазартуға жұмылды

«Таза Қазақстан – жастар таңдауы» атауымен Семей қаласындағы Бейбітшілік аралында кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Аталған экологиялық шараға жастар белсене атсалысты.

Сенбілікке 1000-нан астам адам қатысты. Олардың қатарында жастар ұйымдарының мүшелері, еріктілер, студенттер, мемлекеттік қызметкерлер мен қала тұрғындары бар.

Іс-шара барысында арал аумағы тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, жасыл аймақтар абаттандырылды. Жиналған қоқыстар арнайы техниканың көмегімен шығарылды.

Мұндай сенбіліктер қаланың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, жастардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Тазалық – әр азаматтың ортақ міндеті екенін естен шығармайық.
———
🔺Молодежь Семея приняла участие в уборке острова Бейбітшілік

В Семее на острове Бейбітшілік прошел масштабный субботник под названием «Таза Қазақстан – жастар таңдауы».

В субботнике приняли участие более 1000 человек. Среди них — члены молодежных организаций, волонтеры, студенты, государственные служащие и жители города.

Во время мероприятия территория острова была очищена от бытового мусора и благоустроены зелёные зоны. Собранные отходы были вывезены с помощью специальной техники.

Подобные субботники способствуют формированию экологической культуры города и повышению ответственности молодежи за окружающую среду. Не будем забывать, что чистота — это общее дело каждого гражданина.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚜️Семей қаласының аулаларында сенбілік өтті

Семей қаласының аулаларында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті.

Тазалық жұмыстарына ПИК мекемелері, еріктілер, тұрғындар мен жастар ұйымдары қатысты. Сенбілік барысында аулалар мен көшелер қоқыстан тазартылып, жаяу жүргіншілер жолдары мен ойын алаңдары ретке келтірілді.

Шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру және қаланың көрікті келбетін сақтау.

Сенбілік жұмыстары қала аумағында алдағы уақытта да жалғасын табады. Қаламыздың тазалығына әрбір азамат үлес қосуы тиіс.
———
⚜️В дворах города Семей прошёл субботник

Во дворах города Семей в рамках экологической акции «Таза Қазақстан» прошёл субботник.

В работах по очистке территории приняли участие сотрудники КСК, волонтёры, местные жители и молодежные организации. В ходе субботника были очищены дворы и улицы от мусора, приведены в порядок пешеходные дорожки и детские площадки.

Основная цель мероприятия — защита окружающей среды, повышение экологической культуры населения и сохранение благоустроенного облика города.

Субботники в городе будут продолжены. Внести вклад в чистоту нашего города должен каждый житель.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
#АкиматГородаСемей
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
♻️Сенбілік нәтижесі: Тазалықты ту еткен күн

Табиғатты аялауға, туған қаламыздың тазалығына бейжай қарамайтын 20 мыңға жуық семейлік сенбілікке белсене атсалысты.

Қала көшелері мен аулаларын, қоғамдық орындар мен жасыл аймақтарды тазалау жұмыстарына 75 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 16 саябақ тазартылып, жалпы көлемі 1000 шаршы метрден астам қатты тұрмыстық қалдық шығарылды.

Бұл сенбілік – тек тазалық шарасы ғана емес, бірлік пен жауапкершіліктің, қоршаған ортаға деген қамқор көзқарастың көрінісі болды. Семейліктердің белсенділігі мен ауызбіршілігі қаламыздың келбетін жақсартуға зор үлес қосты.

Тазалық – әрбіріміздің ортақ міндетіміз. Алда әлі талай игі істер күтіп тұр. Сенбіліктер 31 мамырға дейін жалғасатын болады. Табиғатты аялап, қоршаған ортаға жанашыр болайық!

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM