Семей қаласының әкімдігі
2.89K subscribers
11K photos
2.84K videos
9 files
964 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
🌷Семейде «Бизнес әйелдер үшін» форумы өтті

Семей әкімдігінің ұйымдастыруымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Бизнес әйелдер үшін» форумы өтті. Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылған іс-шараға қала әкімі Талғат Мұратов, «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының Абай облыстық филиалының директоры Мақсат Сүйчинов, сондай-ақ кәсіпкер әйелдер қауымы қатысты.

Форум аясында «Әйелдер қолымен жасалған» көрмесі ұйымдастырылып, іскер әйелдердің еңбегі мен табысты кәсіпкерлік жобалары таныстырылды. Бүгінде Семей қаласында 32 мыңнан астам кәсіпкерлік нысан тіркелсе, оның ішінде 15 мыңға жуығы – нәзік жандылар. Бұл жалпы көрсеткіштің 46 пайызын құрайды.

«Нәзік жандылар шағын және орта бизнестен бастап, ірі кәсіпорындарды басқаруда. Қазір басшылық қызметте 2 мыңнан астам әйел еңбек етсе, орта бизнес саласында – 60, ал ірі кәсіпорындарда – 5 әйел басшылық қызмет атқарады. Бұл іскерлік қабілеттеріңіздің, табандылықтарыңыздың айқын дәлелі. Сіздерге зор денсаулық, отбасылық бақыт, табыс пен жаңа жетістіктер тілеймін!», – деді қала әкімі Талғат Мұратов.


Сонымен қатар, Семейде 900-ден астам мейрамхана және қонақүй бизнесі әйелдердің басқаруында. Бұл салада 20 мыңнан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Мұндай нәтиже кәсіпкерлік саласының өркендеуіне қосқан зор үлесін көрсетеді.

Форум аясында Талғат Мұратов Абай облысы әкімінің алғыс хаттарын және Семей қаласы әкімінің Құрмет грамоталарын табыстады.

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
🌷Семейде «Бизнес әйелдер үшін» форумы өтті Семей әкімдігінің ұйымдастыруымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Бизнес әйелдер үшін» форумы өтті. Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылған іс-шараға қала әкімі Талғат Мұратов, «Атамекен» Кәсіпкерлер…
🌷В Семее прошел форум «Бизнес для женщин»

В Семее состоялся форум «Бизнес для женщин», организованный городским акиматом в преддверии 8 Марта – Международного женского дня. Оно также прошло в рамках Года рабочих профессий. В форуме приняли участие аким города Талгат Муратов, директор областного филиала Палаты предпринимателей «Атамекен» по области Абай Максат Суйчинов, а также женщины-предприниматели.

В рамках форума была организована выставка «Сделано женскими руками», где были представлены труды деловых женщин и их успешные проекты. На сегодняшний день в Семее зарегистрировано более 32 тысяч субъектов предпринимательства, из которых почти 15 тысяч принадлежат женщинам. Это составляет 46% от общего показателя.

«Женщины не только успешно развивают малый и средний бизнес, но и управляют крупными предприятиями. Сегодня на руководящих должностях трудятся более 2 тысяч женщин: в среднем бизнесе – 60, в крупных компаниях – 5. Это яркое подтверждение ваших способностей и упорства. Желаю вам крепкого здоровья, семейного счастья, успехов и новых достижений!» – отметил аким города Талгат Муратов.


Кроме того, в Семее более 900 ресторанов и гостиниц находятся под управлением женщин. В этой сфере трудоустроено свыше 20 тысяч человек, что является значительным вкладом в развитие предпринимательства.

В завершение форума Талгат Муратов вручил благодарственные письма акима области Абай и почетные грамоты акима города Семей.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📍Семейде «Бизнес әйелдер үшін» форумы өтті
———
📍В Семее прошел форум «Бизнес для женщин»
👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
❗️❗️❗️❗️❗️

Құрметті семейліктер!

2025 жылдың қаңтар айында автокөлік көпіріне кешенді техникалық тексеру жүргізілді. Сарапшылар қорытындысына сәйкес, көпірдегі жүктемені азайтып, төрт жолақтан екі жолаққа шектеу қажет болды.

Орын алған өзгерістерге түсіністікпен қарауға шақырамыз! Себебі бұл қауіпсіздікті сақтау үшін керек.

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
❗️❗️❗️❗️❗️

Уважаемые жители города!

В январе текущего года был проведён комплексный технический осмотр автогужевого моста. По итогам экспертного заключения специалистами было рекомендовано снизить нагрузку на мост, организовав на нём двухполосное движение вместо привычных четырех.

Мы надеемся на ваше понимание в период адаптации к новым условиям движения. Это необходимо для обеспечения безопасности.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
2👍1
🗣️ Қала әкімі коммуналдық қызметтердің жұмысымен танысты

Семей қаласының әкімі Талғат Мұратов «Зеленстрой Семей» және «Семей Тазалық» компанияларына барып, техникалардың жағдайын тексерді. Бұл кәсіпорындар қаланы таза ұстау, санитарлық жұмыстар жүргізу, абаттандыру және көгалдандырумен айналысады.

Тексеріс барысында қала әкімі коммуналдық қызметтердің қысқы мезгілдегі жұмысының қарқынын бағалап, қар шығару мен көктемгі санитарлық тазалыққа дайындық барысын пысықтады.

«Қаланы күтіп ұстау кезінде коммуналдық қызметтердің жұмысы маңызды. Компанияға келгенде, барлық техника бір жерде тұрған жоқ, оның басым бөлігі қаланы қардан тазарту жұмыстарына жұмылдырылған. Бұл – үздіксіз жүргізіліп жатқан жұмыс. Қала тазалығы – басты назарымызда», – деді әкім.


Бүгінде «Зеленстрой Семей» ЖШС-інде 100-ге жуық арнайы техника мен 330-дан астам қызметкер еңбек етуде. Ал 2011 жылы құрылған «Семей Тазалық» компаниясында 200-ден астам азамат жұмыс істейді. Сонымен қатар, «Семей Тазалық» қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару жұмыстарын атқарады.

Сонымен қатар су тасқынының алдын алу үшін қосымша инертті материалдар дайындалуда. Ал алдағы көгалдандыру маусымына орай жылыжайларда гүл көшеттері өсіріліп жатыр.

❗️Күн жылыған сәтте қалада санитарлық тазалау жұмыстары басталатынын ескертеміз. Жұмыстардың барлығы қаланың тазалығы мен экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған.

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1