Семей қаласының әкімдігі
2.88K subscribers
11.2K photos
2.86K videos
9 files
974 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Семей қаласының әкімдігі
⚡️Кеңейтілген аппараттық жиын өтті Семей қаласы әкімдігінде кеңейтілген аппараттық жиын өтті. Қала басшысы Талғат Мұратовтың төрағалығымен өткен жиналысқа барлық бөлім және коммуналдық қызмет басшылары қатысты. Күн тәртібінде бюджет қаражатын игеру, үкіметтік…
⚡️Состоялось расширенное аппаратное совещание

В акимате города Семей под председательством главы города Талгата Муратова состоялось расширенное аппаратное совещание, в котором приняли участие руководители всех отделов и коммунальных служб.

На повестке дня были рассмотрены вопросы освоения бюджетных средств, взаимодействия и сотрудничества с неправительственными организациями, а также установления и корректировки границ города Семей.

Сегодня, в соответствии с постановлением Правительства РК от 7 ноября 2024 года № 825 «О генеральном плане города Семей области Абай», утверждён новый генеральный план, согласно которому площадь города составила 33,0 тыс. га. Новый генплан предусматривает расширение территории, обновленное функциональное зонирование, а также модернизацию инженерной и транспортной инфраструктуры.

В Семее насчитывается более 250 неправительственных организаций, в том числе 6 филиалов политических партий, более 30 молодежных объединений, 1 общественный совет, 30 религиозных и 23 этнокультурных объединений, также 7 профсоюзных организаций. Необходимо совершенствовать систему взаимодействия и сотрудничества государственных органов и неправительственных организаций, а также создавать условия для роста гражданской инициативы. В текущем году в нашем городе планируется реализовать 20 совместных социальных проектов.

«Вопросы, рассмотренные на сегодняшнем совещании, важны для развития города. Совместными усилиями мы сможем повысить качество жизни населения города», - сказал Талгат Муратов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📍Кеңейтілген аппараттық жиын өтті
———
📍Состоялось расширенное аппаратное совещание
📈Зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақы мөлшері өспек

Қаңтар айынан бастап зейнетақы төлемдерінің мөлшері 8,5 %-ға артты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Абай облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаменті басшысының орынбасары Әсем Ахметова мәлімдеді.

Қазірде елімізде 2,5 млн-ға жуық зейнеткерді әлеуметтік қамтамасыз етуге қаражат бөлініп отыр.

-Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап жасына байланысты жаңадан тағайындалған зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс 55 АЕК-ті құрайды. Ал ең төменгі зейнетақы мөлшері 62 771 теңге. Бұдан бөлек ең төменгі күнкөріс деңгейі 46 228 теңге болып бекітілді. Сонымен қатар, базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 32 360 теңге, - деп атап өтті Әсем Ахметова.


Атап өтсек, мүмкіндігі шектеулі жандар және асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері белгіленген инфляция деңгейіне 6,5%-ға артқан.

-Өткен жылы 1 топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар алатын жәрдемақы 95 мыңнан асса, ал биыл бұл сан 6 мың теңгеге көбейген. Дәл сондай 2 топтағы жандар үшін 76 мың теңгеден асса , биыл 81 мыңнан аспақ. Сонымен қатар, 3 топтағы жандардың да жәрдемақысы өскен. Былтыр олар 52 мың теңгеден артық қаражат алған болса, биыл 3 мың теңгеге артып отыр,- деді департамент басшысының орынбасары.


Сондай-ақ, зиянды еңбек жағдайларында еңбек еткен жұмысшыларға арнаулы кәсіптік төлем ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің ұлғаюына байланысты республикалық бюджеттен екі ең төменгі күнкөріс деңгейіне 92 456 теңгеге арттырылды.

-Бұдан бөлек, АЕК мөлшерінің өсуіне байланысты да көптеген жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер артты. Осыған сәйкес, ағымдағы жылы Күміс алқа иеленген аналардың жәрдемақы мөлшері 25 641 теңгені, Алтын алқа, Батыр ана және Ана даңқы ордендерімен марапатталған көп балалы аналардың жәрдемақысы 29 097 теңгеге жеткен. Баланың туылуына байланысты бірінші, екінші, үшінші балаға 149 416 теңге, төртінші және одан кейінгі балаларға 247 716 теңге мөлшерінде жәрдемақы төленеді,- деп қорытындылады спикер.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Семей қаласының әкімдігі
📈Зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақы мөлшері өспек Қаңтар айынан бастап зейнетақы төлемдерінің мөлшері 8,5 %-ға артты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Абай облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы…
📈Увеличатся размеры пенсий и социальных пособий

С января размер пенсионных выплат увеличился на 8,5%. Об этом на пресс-конференции на площадке Региональной службы коммуникаций сообщила заместитель руководителя департамента Комитета по регулированию и контролю в сфере социальной защиты населения по области Абай Асем Ахметова.

По словам спикера, в настоящее время в стране выделяются средства на социальное обеспечение порядка 2,5 млн пенсионеров.

– С января текущего года максимальный доход, учитываемый для расчета размера вновь назначенных пенсионных выплат по возрасту, составляет 55 МРП. Минимальный размер пенсии – 62 771 тенге. Кроме того, установлен прожиточный минимум в размере 46 228 тенге. При этом минимальный размер базовой пенсии составляет 32 360 тенге, – сообщила Асем Ахметова.


Отметим, что размер государственных социальных пособий по случаю потери кормильца и лиц с ограниченными возможностями увеличился на 6,5% к установленному уровню инфляции.

– В прошлом году пособия, которые получают люди с ограниченными возможностями 1 группы, превысили 95 тысяч, а в этом году это число увеличилось на 6 тысяч тенге. Имеющие 2 группу инвалидности в этом году будут получать более 81 тысячи тенге, выросли пособия и для лиц с инвалидностью 3 группы, – отметила заместитель руководителя департамента.


Кроме того, специальные профессиональные выплаты работникам, работающим во вредных условиях труда, увеличены из республиканского бюджета на 92 456 тенге до двух прожиточных минимумов в связи с увеличением размера прожиточного минимума.

– Кроме того, в связи с ростом размера МРП увеличилось большое количество пособий и социальных выплат. В соответствии с этим, в текущем году размер пособия матерей, удостоенных «Күміс алқа», составил 25 641 тенге, пособия многодетных матерей, награжденных орденами «Алтын алқа», «Батыр ана» и «Ана даңқы» – 29 097 тенге. В связи с рождением ребенка выплачивается пособие на первого, второго, третьего ребенка в размере 149 416 тенге, на четвертого и последующих детей в размере 247 716 тенге, – заключил спикер.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📢Дауылды ескерту!

12 ақпан күні Абай облысының солтүстігінде, орталығында бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады. Облыстың солтүстігінде, орталығында – 15-20 м/с.
———
📢Штормовое предупреждение!

12 февраля на севере, в центре области Абай ожидается низовая метель. Ночью и утром на востоке, юге области туман. Ветер южный, юго-восточный на севере, в центре области 15-20 м/с.

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔2👌1😍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
❄️Қар тазалау жұмыстары жалғасуда

Тұрғындардың күнделікті өміріне қолайсыздық туындамас үшін коммуналдық қызметтер тәулік бойы көшелерді қардан тазалау және қар шығару жұмыстарын жүргізуде.

Қыс басталғалы бері қаладан 53 мың текше метр қар шығарылды.
———
❄️Работы по уборке снега продолжаются

Коммунальные службы проводят круглосуточные работы по очистке улиц от снега и его вывозу, чтобы не создавать неудобства в повседневной жизни жителей.

С начала зимы из города уже вывезено 53 тысяч кубометров снега.

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥1🤔1
⚡️Бейбітшілік аралын абаттандыру жұмыстары жалғаспақ

Көшпелі кеңес аясында қала әкімі Талғат Мұратов Бейбітшілік аралында болып, мердігерлермен кездесіп, аумақты одан әрі дамытудың негізгі мәселелерін талқылады. Күн тәртібінде абаттандыру, жарықтандыру жүйесін жаңғырту, балалар темір жолын ұзарту және жаңа демалыс аймақтарын салу қаралды.

2024 жылдың қараша айында Бейбітшілік аралында 2 шақырымды құрайтын жаңа балалар темір жолы іске қосылған еді. Үш вагон мен бір тепловоз қызмет көрсететін пойызда 32 орын бар, жалпы сыйымдылығы – 70 адам. Сондай-ақ арал заманауи инфрақұрылыммен жабдықталып, кәсіби спорт, футбол, волейбол және стритбол алаңдары, воркаут аймақтары мен велосипед тұрақтары орнатылды.

«Бейбітшілік аралы тек демалу орны ғана емес, жасыл желек пен табиғаттың ортасы. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін ойын алаңдары, серуендеу жолдарының қолайлығы маңызды. Сонымен қатар, жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында көлік тұрақтарының орнын бекітіп, барлық жағдайды қарастыруымыз қажет», - деді қала әкімі.


Талғат Мұратов аралдағы ерекше орын этноауылды аралап, қайта жарықтандыру, абаттаныдыру қажеттігін жеткізді. Бүгінде аумақта жаңадан сахна орнатылуда.

Кеңес соңында әкім тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар беріп, мердігерлерді бірлесе жұмыс атқаруға шақырды. Аралды абаттандыру жоспары тұрғындардың тынығуы мен қоғамдық шараларға арналған кең әрі ыңғайлы алаңдар құруға бағытталған.

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Семей қаласының әкімдігі
⚡️Бейбітшілік аралын абаттандыру жұмыстары жалғаспақ Көшпелі кеңес аясында қала әкімі Талғат Мұратов Бейбітшілік аралында болып, мердігерлермен кездесіп, аумақты одан әрі дамытудың негізгі мәселелерін талқылады. Күн тәртібінде абаттандыру, жарықтандыру жүйесін…
⚡️Благоустройство острова Бейбітшілік продолжается

В рамках выездного совещания, аким города Талгат Муратов посетил остров Бейбітшілік, где встретился с подрядчиками и обсудил ключевые вопросы дальнейшего развития территории. На повестке дня – благоустройство, модернизация системы освещения, продление детской железной дороги и строительство новых зон отдыха.

Напомним, в ноябре 2024 года на острове была запущена детская железная дорога протяжённостью 2 км. Поезд состоит из трёх вагонов и одного тепловоза, при этом в каждом вагоне предусмотрено 32 сидячих места. Помимо этого, прошло оснащение современной инфраструктурой: установлены профессиональные спортивные тренажёры, футбольные, волейбольные и стритбольные площадки, зоны для воркаута и велопарковки.

«Остров Бейбітшілік – это не просто место для отдыха, это зелёное сердце города, уголок природы. Для жителей и гостей важен комфорт игровых площадок и прогулочных дорожек. Также необходимо особое внимание уделить безопасности дорожного движения, грамотно расположив парковочные зоны», – подчеркнул аким.


Талгат Муратов также посетил этноауыл и отметил необходимость установки дополнительного освещения и благоустройства на его территории. В настоящее время здесь устанавливается новая сцена.

По итогам совещания, аким дал поручения руководителям соответствующих отделов и призвал подрядчиков к совместной работе. План благоустройства острова направлен на создание просторных и удобных площадок для отдыха жителей и проведения общественных мероприятий.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📍Бейбітшілік аралын абаттандыру жұмыстары жалғаспақ
———
📍Благоустройство острова Бейбітшілік продолжается
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
❄️Қар тазалау жұмыстары жалғасуда

Тұрғындардың күнделікті өміріне қолайсыздық туындамас үшін коммуналдық қызметтер тәулік бойы көшелерді қардан тазалау жұмыстарын жүргізуде.
———
❄️Работы по уборке снега продолжаются

Коммунальные службы проводят круглосуточные работы по очистке улиц от снега, чтобы не создавать неудобств в повседневной жизни жителей.

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2🤔1
⚡️Қала әкімі Ипподром ауданында көшпелі кеңес өткізді

Қала әкімі Талғат Мұратов бөлім басшыларымен жұмыс сапары аясында көшпелі кеңес өткізді. Кеңес барысында мердігерлермен кездесіп, алдағы жоспарларды талқылады.

Бүгінде Ипподром ауданы қала тұрғындары үшін жаз айларында ерекше сұранысқа ие. Жасыл желекке оранған, әрі өзен жағасында отбасымен, достармен уақыт өткізуге қолайлы жер.

«Ертіс өзенінің жағалауы – үлкен әлеуеті бар ерекше орын. Бұл аумақты тиімді пайдаланып, абаттандырылған демалыс аймағына айналдыруымыз керек», – деп атап өтті.


Кеңес барысында Ертіс өзенінің жағасын абаттандыру жоспарлары талқыланды.

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
1👍1