Семей қаласының әкімдігі
2.88K subscribers
11.2K photos
2.86K videos
9 files
974 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
👷🏻‍♂️2025 жылдың 11 ақпанында Семей қаласының Мәдениет үйінде «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді.

Жәрмеңке жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер үшін тиімді алаң болмақ. Қатысушылар бос орындар туралы ақпаратпен танысып, тікелей жұмыс берушілермен кездесуге мүмкіндік алады.

Өтетін орны: Семей қаласының Мәдениет үйі
Күні: 2025 жылғы 11 ақпан
Басталу уақыты: 10:00


❗️Баршаңызды жәрмеңкеге қатысуға шақырамыз!

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
👷🏻‍♂️11 февраля 2025 года в Городском дворце культуры города Семей в рамках Года рабочих профессий пройдет ярмарка вакансий.

Ярмарка станет эффективной площадкой как для соискателей, так и для работодателей. Участники смогут ознакомиться с актуальными вакансиями и получить возможность напрямую пообщаться с представителями предприятий.

Место проведения: Городской дворец культуры г. Семей
Дата: 11 февраля 2025 года
Время начала: 10:00


❗️Приглашаем всех принять участие в ярмарке вакансий!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏋🏻Классикалық пауэрлифтинг пен жатып штанга көтеруден облыстық чемпионат өтті

Семей қаласында классикалық пауэрлифтинг пен жатып штанга көтеруден облыстық чемпионат өтті. Іс-шараның ашылуына қала әкімі Талғат Мұратов қатысты. Семей қалалық мәслихатының депутаты Андрей Алтайбаев қала әкіміне спорттың дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстан Ұлттық Пауэрлифтинг Федерациясының төсбелгісін табыстады.

Чемпионатқа 80 спортшы қатысты. IPF ережесіне сәйкес классикалық пауэрлифтингтен 4 спортшыға және жатып штанга көтеруден 1 спортшыға спорт шеберлігіне үміткер атағы берілді.

«Бұл чемпионат тек үздік спортшыларды анықтауға мүмкіндік емес, сонымен қатар қиындықтарға қарамастан үздік нәтижелерге жету үшін табанды еңбек етіп жүргендерге қолдау көрсету. Біз жас спортшыларымыздың жетістіктерімен мақтанамыз және қаламыз бен облысымызда спорттың дамуын одан әрі қолдаймыз», - деді қала әкімі.


Турнир барысында 3 дүркін Азия чемпионы, спорт шеберлігіне үміткер Петр Мельниковқа қала әкімі пауэрлифтингке арналған тізе қап табыс етті. Спортшы балалар үйінің тәрбиеленушісі, чемпионатта 74 кг салмақ дәрежесінде жастар арасында өнер көрсетіп, облыс чемпионы атанды.

Чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының грамоталары мен медальдарымен марапатталды.

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
1
Семей қаласының әкімдігі
🏋🏻Классикалық пауэрлифтинг пен жатып штанга көтеруден облыстық чемпионат өтті Семей қаласында классикалық пауэрлифтинг пен жатып штанга көтеруден облыстық чемпионат өтті. Іс-шараның ашылуына қала әкімі Талғат Мұратов қатысты. Семей қалалық мәслихатының депутаты…
🏋🏻 Прошел чемпионат по классическому пауэрлифтингу и жиму штанги лежа

В городе Семей прошел областной чемпионат по классическому пауэрлифтингу и жиму штанги лежа среди всех возрастных категорий области Абай. Открытие мероприятия посетил аким города Талгат Муратов. Депутат маслихата города Семей Андрей Алтайбаев вручил нагрудной знак от Казахстанской Национальной Федерации Пауэрлифтинга в знак признания вклада акима города в развитие спорта.

В чемпионате приняли участие 80 спортсменов. Согласно версии IPF, на этом турнире были выполнены нормативы: 4 кандидата в мастера спорта по классическому пауэрлифтингу и 1 – по классическому жиму штанги лежа.

«Данный чемпионат – не только возможность выявить лучших спортсменов, но и поддержка тех, кто, не смотря на трудности, упорно трудится для достижения высоких результатов. Мы гордимся успехами наших молодых спортсменов и будем продолжать поддерживать развитие спорта в нашем городе и области», — отметил аким города.


В ходе турнира Мельникова Петра – 3-кратного чемпиона Азии, кандидату в мастера спорта были вручены наколенники для пауэрлифтинга от акима города. Спортсмен, воспитанник детского дома выступил на чемпионате среди юношей в весовой категории до 74 кг. Он показал отличные результаты и стал чемпионом области, набрав в сумме троеборья 455 кг.

Победители и призеры чемпионата награждены грамотами и медалями от Управления физической культуры и спорта области Абай.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📍Классикалық пауэрлифтинг пен жатып штанга көтеруден облыстық чемпионат өтті
———
📍Прошел чемпионат по классическому пауэрлифтингу и жиму штанги лежа
⚡️Кеңейтілген аппараттық жиын өтті

Семей қаласы әкімдігінде кеңейтілген аппараттық жиын өтті. Қала басшысы Талғат Мұратовтың төрағалығымен өткен жиналысқа барлық бөлім және коммуналдық қызмет басшылары қатысты.

Күн тәртібінде бюджет қаражатын игеру, үкіметтік емес ұйымдарымен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық, Семей қаласының шекараларын белгілеу және түзету туралы мәселелер қаралды.

Бүгінде ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 7 қарашадағы № 825 «Абай облысы Семей қаласының бас жоспары туралы» қаулысына сәйкес жаңа бас жоспар бекітіліп, қала аумағы 33,0 мың га құрады. Жаңа бас жоспар аумақты кеңейту, функционалды аймақтарды жаңарту, сондай-ақ инженерлік және көлік инфрақұрылымын жаңғыртуды қарастырады.

Сонымен қатар, Семейде 250-ден астам үкіметтік емес ұйым бар, оның ішінде 6 саяси партия филиалдары, 30-дан астам жастар бірлістіктері, 1 қоғамдық кеңес, 30 діни, 23 – этномәдени бірлестіктер және 7 кәсіподақ ұйым. Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жүйесін жетілдіру азаматтық бастамаларды дамыту үшін жағдай жасау қажет. Биыл қаламызда 20 әлеуметтік жобаны іске асыру жоспарлануда.

«Бүгінгі жиында қаралған мәселелер қала дамуы үшін маңызды. Бірігіп жұмыс істеу арқылы қала халқының өмір сапасын арттыра аламыз», - деді Талғат Мұратов өз сөзінде.


#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
1
Семей қаласының әкімдігі
⚡️Кеңейтілген аппараттық жиын өтті Семей қаласы әкімдігінде кеңейтілген аппараттық жиын өтті. Қала басшысы Талғат Мұратовтың төрағалығымен өткен жиналысқа барлық бөлім және коммуналдық қызмет басшылары қатысты. Күн тәртібінде бюджет қаражатын игеру, үкіметтік…
⚡️Состоялось расширенное аппаратное совещание

В акимате города Семей под председательством главы города Талгата Муратова состоялось расширенное аппаратное совещание, в котором приняли участие руководители всех отделов и коммунальных служб.

На повестке дня были рассмотрены вопросы освоения бюджетных средств, взаимодействия и сотрудничества с неправительственными организациями, а также установления и корректировки границ города Семей.

Сегодня, в соответствии с постановлением Правительства РК от 7 ноября 2024 года № 825 «О генеральном плане города Семей области Абай», утверждён новый генеральный план, согласно которому площадь города составила 33,0 тыс. га. Новый генплан предусматривает расширение территории, обновленное функциональное зонирование, а также модернизацию инженерной и транспортной инфраструктуры.

В Семее насчитывается более 250 неправительственных организаций, в том числе 6 филиалов политических партий, более 30 молодежных объединений, 1 общественный совет, 30 религиозных и 23 этнокультурных объединений, также 7 профсоюзных организаций. Необходимо совершенствовать систему взаимодействия и сотрудничества государственных органов и неправительственных организаций, а также создавать условия для роста гражданской инициативы. В текущем году в нашем городе планируется реализовать 20 совместных социальных проектов.

«Вопросы, рассмотренные на сегодняшнем совещании, важны для развития города. Совместными усилиями мы сможем повысить качество жизни населения города», - сказал Талгат Муратов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📍Кеңейтілген аппараттық жиын өтті
———
📍Состоялось расширенное аппаратное совещание
📈Зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақы мөлшері өспек

Қаңтар айынан бастап зейнетақы төлемдерінің мөлшері 8,5 %-ға артты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Абай облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаменті басшысының орынбасары Әсем Ахметова мәлімдеді.

Қазірде елімізде 2,5 млн-ға жуық зейнеткерді әлеуметтік қамтамасыз етуге қаражат бөлініп отыр.

-Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап жасына байланысты жаңадан тағайындалған зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс 55 АЕК-ті құрайды. Ал ең төменгі зейнетақы мөлшері 62 771 теңге. Бұдан бөлек ең төменгі күнкөріс деңгейі 46 228 теңге болып бекітілді. Сонымен қатар, базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 32 360 теңге, - деп атап өтті Әсем Ахметова.


Атап өтсек, мүмкіндігі шектеулі жандар және асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері белгіленген инфляция деңгейіне 6,5%-ға артқан.

-Өткен жылы 1 топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар алатын жәрдемақы 95 мыңнан асса, ал биыл бұл сан 6 мың теңгеге көбейген. Дәл сондай 2 топтағы жандар үшін 76 мың теңгеден асса , биыл 81 мыңнан аспақ. Сонымен қатар, 3 топтағы жандардың да жәрдемақысы өскен. Былтыр олар 52 мың теңгеден артық қаражат алған болса, биыл 3 мың теңгеге артып отыр,- деді департамент басшысының орынбасары.


Сондай-ақ, зиянды еңбек жағдайларында еңбек еткен жұмысшыларға арнаулы кәсіптік төлем ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің ұлғаюына байланысты республикалық бюджеттен екі ең төменгі күнкөріс деңгейіне 92 456 теңгеге арттырылды.

-Бұдан бөлек, АЕК мөлшерінің өсуіне байланысты да көптеген жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер артты. Осыған сәйкес, ағымдағы жылы Күміс алқа иеленген аналардың жәрдемақы мөлшері 25 641 теңгені, Алтын алқа, Батыр ана және Ана даңқы ордендерімен марапатталған көп балалы аналардың жәрдемақысы 29 097 теңгеге жеткен. Баланың туылуына байланысты бірінші, екінші, үшінші балаға 149 416 теңге, төртінші және одан кейінгі балаларға 247 716 теңге мөлшерінде жәрдемақы төленеді,- деп қорытындылады спикер.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM