Семей қаласының әкімдігі
2.93K subscribers
10.9K photos
2.82K videos
9 files
939 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Forwarded from EDU NEWS | ABAI OBLYSY
February 7
Forwarded from EDU NEWS | ABAI OBLYSY
February 7
February 7
Семей қаласының әкімдігі
🔺Қала әкімі орташа жөндеу жүргізілетін көшелерді аралады Қала басшысы Талғат Мұратов 2025 жылы орташа жөндеу жүргізілетін көшелерді аралап шықты. Сапар барысында Ұшақтар кентіндегі 14-ші және 15-ші Юность көшелері, сондай-ақ Комсомол кентіндегі Янушкевич…
February 7
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
February 7
🚦Қауіпсіз қала: Семейде 1551 «Сергек» бейнекамерасы жұмыс істейді

Семей қаласының әкімі Талғат Мұратов бейнебақылау жүйесі орналасқан ситуациялық орталыққа барып, оның жұмысымен танысты.

Қазір қалалық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін «Сергек» жүйесіне қосылған 1551 бейнекамера жұмыс істейді. Оның ішінде қоғамдық тәртіпті сақтау үшін 775, ал жол қауіпсіздігі үшін 776 камера бар.

Сондай-ақ Семей қаласының барлық жерасты өткелдері «Сергек» жүйесіне қосылған, бұл қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезінде тұрақты мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.

Бүгінде ситуациялық орталықта 47 қызметкер жұмыс істейді. Олардың міндеттеріне бейнебақылау жүйесін бақылау және қала тіршілігін қамтамасыз ету ғана емес, азаматтардың тәулік бойы жүгінуіне мүмкіндік беретін «109» бірыңғай байланыс орталығының жұмысы да кіреді.

📌2025 жылы қауіпсіздік деңгейін күшейту мақсатында тағы 380 камера орнату жоспарлануда.

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
February 7
Семей қаласының әкімдігі
🚦Қауіпсіз қала: Семейде 1551 «Сергек» бейнекамерасы жұмыс істейді Семей қаласының әкімі Талғат Мұратов бейнебақылау жүйесі орналасқан ситуациялық орталыққа барып, оның жұмысымен танысты. Қазір қалалық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін «Сергек» жүйесіне қосылған…
🚦Безопасный город: в Семее работает 1551 видеокамера «Сергек»

Аким города Семей Талгат Муратов посетил ситуационный центр, где расположена система видеонаблюдения, и ознакомился с ее работой.

В настоящее время работают 1551 видеокамера, подключённые к системе «Сергек», обеспечивая городскую безопасность, защиту инфраструктуры и жителей. В том числе 775 камер для поддержания общественного порядка и 776 – для обеспечения дорожной безопасности.

Также все подземные переходы города Семей подключены к данной системе. Это позволяет осуществлять постоянный мониторинг в местах, где особенно важно обеспечивать безопасность граждан.

На данный момент в ситуационном центре работают 47 сотрудников. В их обязанности входит не только контроль за работой системы видеонаблюдения, но и обеспечение функционирования Единого контакт-центра «109», куда граждане могут круглосуточно обратиться по вопросам жизнеобеспечения города.

📌В текущем году планируется установить ещё 380 камер, что позволит повысить уровень безопасности и сделать город ещё более защищённым.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
February 7
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
February 7
💡Жарықтандыруды қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда

Семей қаласында «Шығыс Қазақстан облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ балансындағы көше жарықтарын қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Бүгінде Садовая және Сәтпаев көшелерінде жарықтандыру қалпына келтірілді. Екі көше бойынша орнатылған жарық шамдарының жалпы саны – 127.

Осыған дейін Қабанбай Батыр, Дулатов және Гагарин көшелерінде жарықтандыру қалпына келтірілген еді. Бұл жұмыстар қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету және Семей қаласының сыртқы көрінісін жақсарту үшін маңызды қадам.

📌Жақында Актюбинская көшесінде жарықтандыруды қалпына келтіру жұмыстары басталады, онда жаңа жарық шамдарын орнату жоспарланып отыр.

Жарықтандыру жүйесін қалпына келтіру және жаңғырту жұмыстары қалалық инфрақұрылымның маңызды бөлігі, бұл өз кезегінде тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
February 7