Семей қаласының әкімдігі
2.96K subscribers
10.8K photos
2.8K videos
9 files
907 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Талғат Мұратов оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды

Қала басшысы Талғат Мұратов Семей қаласындағы бірқатар білім беру мекемелерінің жағдайымен танысу үшін жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында ол №45, 40, 33 және IT мектептерін аралап, мектеп басшылары мен мамандардан жол, жарықтандыру, жаяу жүргіншілер жолы және басқа да инфрақұрылымдық мәселелер туралы ақпарат алды.

№45 мектептің маңындағы жолдың тарлығы және кешкі уақыттағы көлік кептелісі тұрғындардың ыңғайсыздығына әкеліп соғатыны айтылды. Сонымен қатар, №40 мектептің айналасындағы аумақ оқушылардың қауіпсіздігі үшін қоршауды қажет етуде. Ал №33 мектептің жанында орналасқан қараусыз қалған ескі ғимараттың шатыры құлауға жақын. Осыған байланысты, қала әкімінің тапсырмасы бойынша бұл нысанның шатырын алып тастауға шешім қабылданды.

Жаңадан салынған IT-мектептің ауласы да бірнеше маңызды мәселелерді шешуді қажет етеді. Мұнда жарықтандыру, жаяу жүргіншілер жолын салу, кедергі келтіріп тұрған ағаштарды кесу сияқты жұмыстар қолға алынбақ.

Қала әкімінің тапсырмасымен, аталған мектептердегі инфрақұрылымдық мәселелерді шешу үшін тиісті бөлімдерге нақты тапсырмалар берілді. Бұл жұмыстар мектептердің ауласын абаттандырып, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Семей қаласының әкімдігі
Талғат Мұратов оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды Қала басшысы Талғат Мұратов Семей қаласындағы бірқатар білім беру мекемелерінің жағдайымен танысу үшін жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында ол №45, 40, 33 және IT мектептерін аралап, мектеп…
Талгат Муратов поручил обеспечить безопасность школьников

Глава города Талгат Муратов посетил ряд образовательных учреждений города Семей с рабочим визитом, чтобы ознакомиться с их состоянием. В ходе поездки он посетил школы №45, 40, 33 и IT-школу, где получил информацию от руководителей школ и специалистов о проблемах с дорогами, освещением, пешеходными дорожками и других инфраструктурных вопросах.

Было отмечено, что узкие дороги вокруг школы №45 и заторы в вечернее время создают неудобства для жителей. Кроме того, территория школы №40 требует установки ограждения для обеспечения безопасности учащихся. Вблизи школы №33 находится заброшенное старое здание, крыша которого находится в аварийном состоянии и может обрушиться. В связи с этим по поручению главы города было принято решение о демонтаже крыши этого объекта.

Также новая IT-школа нуждается в решении ряда важных вопросов, включая освещение, установку пешеходных дорожек и обрезку деревьев, создающих препятствия.
По поручению городского акима были даны конкретные задания соответствующим отделам для решения инфраструктурных проблем в указанных школах. Эти работы направлены на благоустройство школьных территорий и обеспечение безопасности учащихся.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📍 Талғат Мұратов оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды

📍 Талгат Муратов поручил обеспечить безопасность школьников
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📍Қала әкімі Орталық саябақтың жағдайымен танысты
-----
📍Аким города ознакомился с состоянием Центрального парка
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Саябақтардағы вандализмге жол бермеу керек

Қала әкімі Талғат Мұратов бөлім басшыларымен бірге өткізген көшпелі жұмыс кеңесі барысында Семей қаласындағы бірқатар саябақтар мен алаңдарды аралап, олардың жағдайын тексерді. Қала басшысы атап өткендей қаладағы қоғамдық орындар тұрғындар үшін қолайлы болуы шарт.

Әкім атап айтқанда, Жамақаев көшесінің бойында орналасқан саябақ, Мұхтар Әуезов алаңы және «Абай жолы» аллеясын аралап көрді. Бұл саябақтар мен алаңдар қала тұрғындарының күнделікті өмірінде маңызды орын алады, өйткені бұл нысандар демалыс орындары ретінде танымал. Ал Қабанбай көшесі мен Шәкәрім даңғылының қиылысында орналасқан Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткішіне мердігер өз қаражаты есебінен ескерткіштің айналасына жарықтандыру жұмыстарын жүргізген.

Жұмыс кеңесінде қала әкімінің тарапынан нысандарды абаттандыру және күтіп ұстау мәселелері талқыланды. Себебі бүгінде Жамақаев көшесіндегі саябақта орналасқан аркаларды бүлдіріп, вандализм жайттары байқалды. Осыған орай әкім тұрғындарды қаламызды күтіп ұстауға, оны таза әрі көрікті етіп сақтауға шақырды. Сонымен қатар, қала тазалығы мен көркейту жұмыстарының тек коммуналдық қызметтердің ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін жеткізді.

#СемейҚаласыныңӘкімдігі