UKIMET
18.5K subscribers
10.9K photos
1.84K videos
8.29K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
Олжас Бектенов Президенттің туризм саласындағы тапсырмаларын орындау бойынша жиын өткізді

Премьер-министр Олжас Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың туристік саладағы тапсырмаларының орындалу барысы туралы жиын өткізді.

📊Онда Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевтың, туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың Алакөл көлінің жағалауындағы ахуал туралы, сондай-ақ туристік инфрақұрылым, сервис және қауіпсіздік мәселелерін қоса алғанда, еліміздің туристік аймақтарында жазғы демалыс пен қолайлы жағдайларды ұйымдастыру жөніндегі баяндамалары тыңдалды.

🔹Премьер-министр өңір әкімдері мен министрлерге бұл бағыттағы жұмысты күшейтуді тапсырды. Бірқатар тапсырма берілді.

📌Мемлекет басшысы берген ескертулерді жедел жою үшін жергілікті жерлерде жұмыстарды үйлестіру мақсатында Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев пен туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов өңірлерге жіберіледі. Оның қорытындысы бойынша кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс берілмек.

🏔Сонымен қатар жиын барысында Алматы тау кластерін дамыту мәселелері қаралды. Бұл жоба аса маңызды инвестициялық бастамалар тізіміне кіреді. Бастапқы кезеңде инфрақұрылымдық жұмыстар жоспарланған, олардың ішінде электрмен, газбен жабдықтау, кәріз желілері мен автожолдар салу, сондай-ақ іргелес аумақтарды абаттандыру және одан әрі жалпы әлемдік деңгейдегі курортты қалыптастыру үшін жағдайлар жасау.

🔸Жоба сонымен қатар жазғы инфрақұрылымды дамытуды, орнықты даму қағидаттарын енгізуді, қоршаған ортаның цифрлық мониторингін және нысандардың инклюзивтілігін қамтамасыз етуді көздейді.



Олжас Бектенов провел совещание по исполнению поручений Президента в сфере туризма


Премьер-министр Олжас Бектенов провел совещание о ходе исполнения поручений Президента Касым-Жомарта Токаева в туристической сфере.

📊 Заслушаны доклады заместителя Премьер-министра Ермека Кошербаева, министра туризма и спорта Ербола Мырзабосынова о ситуации на побережье озера Алаколь, а также по организации летнего отдыха и условиям, созданных в турзонах страны, включая вопросы туристической инфраструктуры, сервиса и безопасности.

🔹Премьер-министр поручил акимам регионов и министрам усилить работу. Дан ряд поручений.

📌Для координации работы по оперативному устранению замечаний, обозначенных Главой государства, заместитель Премьер-министра Ермек Кошербаев и министр туризма и спорта Ербол Мырзабосынов направляются в регионы. По итогам будет внесено представление о привлечении виновных должностных лиц к ответственности.

🏔 Кроме того, в ходе совещания рассмотрены вопросы развития Алматинского горного кластера. Данный проект входит в перечень важнейших инвестиционных инициатив. На начальном этапе запланированы инфраструктурные работы, среди которых строительство линий электроснабжения, канализации, газоснабжения и автодорог, а также благоустройство прилегающих территорий и далее в целом создание условий для формирования курорта мирового класса.

🔸Проект также предусматривает развитие летней инфраструктуры, внедрение принципов устойчивого развития, цифрового мониторинга окружающей среды и обеспечение инклюзивности объектов.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Президент тапсырмаларын орындау: Ақтау қаласының жылу желілерін реконструкциялауға Үкімет резервінен шамамен 3,6 млрд теңге бөлінді

📌 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылыту маусымында халықты жылумен үздіксіз қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы 9,2 шақырым магистральдық жылу желілерін реконструкциялау жұмыстарын аяқтауға Үкімет резервінен шамамен 3,6 млрд теңге бөлінді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды.

🚧 Жалпы құны 13,8 млрд теңге болатын бұл жобаны іске асыру 2024 жылы басталды. Бүгінде жоба аясында екі құбырлы жүйемен 5,5 шақырым жылу желісі тартылды. Ескі болат құбырлар бөлшектеліп, олардың орнына 530 мм-ден 1020 мм-ге дейінгі диаметрлі көбікті полиуретан оқшаулағышпен жабдықталған заманауи құбырлар орнатылып жатыр. Сондай-ақ 2024-2025 жылғы жылыту маусымында анықталған 375 ақау толығымен жөнделді.

📊 Ақтау қаласының жылу желілерінің жалпы ұзындығы 562 шақырым. Тозу деңгейі – 79%. Аталған жоба іске асырылғаннан кейін желілердің тозу деңгейі 75%-ға дейін қысқарады. Бұл тұрғындарды жылыту маусымында үздіксіз жылумен қамтамасыз етуге, ыстық су жеткізу өткізу қабілетін арттыруға және пайдалану шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

📈 Алдағы уақытта «Энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асыру аясында 2025-2029 жылдарға арналған қаржыландыру көлемін айқындай отырып, 2029 жылға дейін 175 шақырым жылу желілері мен жылумен жабдықтау көздерін реконструкциялау және салу жоспарланып отыр. Жоба желілердің тозуын азайтуға және инвестиция тарту арқылы коммуналдық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған.



Исполнение поручений Президента: из резерва Правительства выделено 3,6 млрд тг на реконструкцию теплосетей г. Актау

📌 В рамках исполнения поручений Главы государства Касым-Жомарта Токаева по обеспечению населения надежной системой подачи тепла в отопительный период, из резерва Правительства выделено порядка 3,6 млрд тг на завершение реконструкции 9,2 км магистральных тепловых сетей г. Актау Мангистауской области. Соответствующее постановление подписано Премьер-министром Олжасом Бектеновым.

🚧 Реализация данного проекта началась в 2024 году. На сегодня проложено 5,5 км тепловых сетей в двухтрубном исполнении. Старые стальные трубы демонтируются и заменяются современными трубами в пенополиуретановой изоляции диаметром от 530 до 1020 мм. Также полностью устранены 375 дефектов, выявленных в отопительный сезон 2024–2025 года.

📊 Общая протяженность теплосети г. Актау составляет 562 км. Износ – 79%. Реализация данного проекта позволит снизить износ тепловых сетей города до 75%, повысить надежность и качество теплоснабжения для потребителей, увеличить пропускную способность подачи горячей воды и сократить эксплуатационные затраты.

📈 В дальнейшем, в рамках реализации Национального проекта «Модернизация энергетического и коммунального секторов» до 2029 года планируется реконструкция и строительство 175 км сетей и источников теплоснабжения с определением объема финансирования на 2025–2029 годы. Проект направлен на снижение износа сетей и повышение качества коммунальных услуг через привлечение инвестиций.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Үкіметте Президенттің ашықтықты арттыру үшін бюджеттік саясатқа цифрлық теңгені интеграциялау жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы қаралды

Премьер-министр Олжас Бектенов цифрлық теңгенің көмегімен ақшаны таңбалауға және қадағалауға байланысты пилоттық жобаларды жүзеге асыру жөнінде жиын өткізді. Бұл Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында атап өткен қаржы жүйесін цифрлық трансформациялау және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру үшін озық технологияларды енгізу бөлігіндегі міндеттерге сәйкес келеді.

💻 Жиында мемлекеттік жұмсау үдерістеріне ұлттық цифрлық валютаны енгізудің барысы қаралды.

👥 Талқылауға сондай-ақ Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова, қаржы министрі Мәди Тәкиев және бейне конференция байланысы арқылы ішкі істер министрі Ержан Сәденов, мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай қатысты.

💬Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов бүгінгі таңда айналымға 257,5 млрд цифрлық теңге шығарылғанын хабарлады. Платформа қазір тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалану кезеңінде, алдағы желтоқсан айында оны толыққанды іске қосу жоспарланып отыр.

🔹 Ұлттық банктің цифрлық трансформациялау жетекшісі Бинұр Жаленов баяндағандай, цифрлық теңге бүгінде оннан астам бағыт бойынша сыналған. Атап айтқанда, цифрлық ҚҚС салықты қайтару мерзімін 75-тен 5 жұмыс күніне дейін қысқартуға мүмкіндік туды. Жолдарды жөндеуге арналған қаражатты таңбалау 2 өңірде – Павлодар мен Атырауда («Мұқыр - Құлсары») жобалар мысалында сыналды. Сондай-ақ «Достық – Мойынты» темір жолының және «Талдықорған – Үшарал» газ құбыры учаскесінің құрылысын қоса алғанда, Ұлттық қордан қаржыландырылатын жобаларға бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуын бақылау үшін де пайдаланылуда. Алдағы уақытта «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырын, газ бөлу кешені және «Бақты – Аягөз» теміржол учаскесі сияқты жобаларды жүзеге асыру жоспарда тұр. Бұдан басқа, «Ауыл аманаты» шағын несиелеу бағдарламасы аясында қаражатты уақытша бұғаттау тетігі сынақтан сәтті өтті.

📲 Цифрлық теңгені енгізу, сондай-ақ жылжымайтын мүлікпен және автокөлікпен мәмілелер жасау, мектептегі тамақтану, қымбат тауарларды сатып алу, агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік несиелеу құралдары сияқты басқа да бағыттарда пысықталып жатыр.

📑 Жиында сондай-ақ нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруге де назар аударылды. Бүгінгі таңда «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңға, цифрлық шот ұғымын және басқа да ілеспе нормаларды енгізуді қоса алғанда, бірқатар түзетулер дайындалған.

💬 Премьер-министр цифрлық теңгенің негізгі артықшылықтарын атап өтті. Олар – бағдарламалауға және таңбалауға икемдігі. Бұл қаражаттың қозғалысын қадағалауға және мақсатсыз пайдаланудың алдын алуға мүмкіндік береді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, цифрлық теңгенің көмегімен ақшаны таңбалау және қадағалау бойынша пилоттық жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Цифрлық теңге бюджет қаражатын мақсатты пайдалануда толық ашықтықты және жүйелі бақылауды қамтамасыз етеді. Ақшаны таңбалауды кеңейтуді тиімді жүзеге асыру үшін ақпараттық жүйелердің «Цифрлық теңге» платформасымен уақтылы интеграциялануын қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ тиісті нормативтік құқықтық базаны пысықтау талап етіледі. «Боялған ақша» тетігін енгізу сапалы және толық көлемде жүзеге асырылуы тиіс. Жақын арада Ұлттық қор мен бюджет есебінен қаржыландырылатын кемінде жүз ірі жобаны «цифрлық теңге» форматына ауыстыруды тапсырамын»

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

Жиын қорытындысы бойынша Премьер-министр мемлекеттік органдарға Ұлттық банкпен және мүдделі ұйымдармен бірлесіп, экономиканың жекелеген секторларына цифрлық теңгені кең көлемде жедел интеграциялау жөніндегі Жол картасын әзірлеуді тапсырды.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Үкіметте Президенттің ашықтықты арттыру үшін бюджеттік саясатқа цифрлық теңгені интеграциялау жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы қаралды Премьер-министр Олжас Бектенов цифрлық теңгенің көмегімен ақшаны таңбалауға және қадағалауға байланысты пилоттық…
В Правительстве рассмотрено исполнение поручений Президента по интеграции цифрового тенге в бюджетную политику для повышения прозрачности

Премьер-министр Олжас Бектенов провел совещание по реализации пилотных проектов, связанных с маркировкой и отслеживанием денег с помощью цифрового тенге. Это соответствует задачам, обозначенным Главой государства в Послании народу Казахстана, в части цифровой трансформации финансовой системы и внедрения передовых технологий для повышения эффективности государственного управления.

💳 Рассмотрен ход внедрения национальной цифровой валюты в процессы государственного расходования.

👥 В совещании приняли участие заместитель Премьер-министра – министр национальной экономики Серик Жумангарин, министр цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Жаслан Мадиев, министр труда и социальной защиты населения Светлана Жакупова, министр финансов Мади Такиев; в режиме видеоконференцсвязи – министр внутренних дел Ержан Саденов, председатель агентства по делам государственной службы Дархан Жазыкбай.

💬 Председатель Национального Банка Тимур Сулейменов сообщил, что на сегодня в оборот выпущено 257,5 млрд цифровых тенге. Платформа находится в опытно-промышленной эксплуатации, в декабре текущего года планируется ее полноценный запуск.

📊 Как доложил руководитель цифровой трансформации Национального Банка Бинур Жаленов, цифровой тенге апробирован по более чем десяти направлениям. В частности, цифровой НДС позволил сократить срок возврата налога с 75 до 5 рабочих дней. Маркировка средств на ремонт дорог апробирована на примере проектов в 2 регионах – Павлодаре и Атырау («Мукур-Кульсары»). Также цифровой тенге используется для контроля целевого расходования средств в рамках проектов, финансируемых из Национального фонда, включая строительство участка железной дороги «Достык–Мойынты» и газопровода «Талдыкорган–Ушарал». В перспективе — реализация таких проектов, как газопровод «Бейнеу–Бозой–Шымкент», газосепарационный комплекс и участок ж/д «Бахты–Аягоз». Кроме того, в рамках программы микрокредитования «Ауыл Аманаты» успешно протестирован механизм временного блокирования средств.

📲Внедрение цифрового тенге также прорабатывается в других направлениях: сделки с недвижимостью и автотранспортом, школьное питание, закупки дорогостоящих товаров, а также инструменты госкредитования в агропромышленном комплексе.

📑 Внимание уделено совершенствованию нормативно-правовой базы. На сегодня подготовлены поправки в Закон «О платежах и платежных системах», включая введение понятия цифрового счета и иных сопутствующих норм.

🔸 Премьер-министр подчеркнул ключевые преимущества цифрового тенге – возможность программируемости и маркировки, что позволяет отслеживать движение средств и предотвращать нецелевое использование

«По поручению Главы государства поэтапно реализуются пилотные проекты по маркировке и отслеживанию денег с помощью цифрового тенге. Цифровой тенге обеспечит полную прозрачность и системный контроль за целевым использованием бюджетных средств. Для эффективного масштабирования маркировки денег необходимо обеспечить своевременную интеграцию информационных систем с платформой “Цифрового тенге”. Также требуется проработать соответствующую нормативную правовую базу. Внедрение механизма “окрашенных денег” должно быть осуществлено качественно и полномасштабно. Поручаю в ближайшее время перевести в формат “цифрового тенге” не менее ста крупных проектов, финансируемых за счет Нацфонда и бюджета»,

— подчеркнул Олжас Бектенов.

По итогам совещания Премьер-министр поручил государственным органам совместно с Национальным Банком и заинтересованными организациями разработать Дорожную карту по масштабной ускоренной интеграции цифрового тенге в отдельные секторы экономики.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов Президенттің «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы шеңберінде әділет органдарында цифрлық шешімдерді енгізу барысымен танысты

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасын орындау аясында әділет органдарын цифрландыру мәселелері бойынша жиын өткізді.
Онда құқықтық жүйенің негізгі бағыттарына цифрлық шешімдерді енгізу қарқынын пысықтау, атқарушылық іс жүргізудің ашықтығы мен тиімділігін арттыру, сот-сараптама қызметін жаңғырту және халықтың құқықтық көмекке қолжетімділігін кеңейту жөніндегі шаралар қаралды.

💬 Олжас Бектенов цифрландыру мен жасанды интеллект элементтерін енгізу барлық саланың даму тиімділігін арттыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

«Мемлекет басшысы күні кеше іске қосқан суперкомпьютер еліміздегі цифрлық дамудың жаңа парағын ашып отыр. Бұл - Орталық Азиядағы алғашқы суперкомпьютерлік кластер, сондай-ақ, аймақтағы ең қуатты есептеп шығару құрылғысы. Оның мүмкіндіктері мемлекеттік органдар, ғылыми институттар, жоғары оқу орындары мен бизнес үшін қолжетімді болмақ. Сондықтан барлық ведомстволар осы бағыттағы жұмысты жандандыруы тиіс»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

📑 Жиында әділет министрі Ерлан Сәрсембаев саланың цифрлық трансформациясы және жаңа сервистерді енгізу туралы баяндама жасады.

🖥 Оның айтуынша, «E-нотариат» жүйесінде 2025 жылдың 1 сәуірінен бастап «Тараптардың жеке кабинеті» пайда болды. Функция борышкерге атқарушы жазбаға онлайн режимде келісім немесе қарсылық білдіруге мүмкіндік береді. Биометриялық сәйкестендіру және аумақтылықтың сақталуын бақылау қамтамасыз етіледі.

📨 Осы сервисті енгізудің арқасында 450 мыңнан астам азамат хабарлама алды, оның ішінде 43 мыңнан астамы қарсылық білдіру мүмкіндігін пайдаланды. Нәтижесінде осы бағыт бойынша шағымдар саны 20%-ға қысқарды.

⚖️ Атқарушылық іс жүргізу саласында «Цифрлық ассистент» көмекшісі енгізілді. Жүйе қаулыларды бақылауға және қарызды онлайн төлеуге мүмкіндік береді, жеке сот орындаушылары (ЖСО) үшін орындау мерзімі туралы еске салу функциясы енгізілді. Сонымен бірге ЖСО-лар арасында атқарушылық құжаттарды автоматты түрде бөлу тетігі іске қосылды, бұл заңсыз уағдаластықтар мүмкіндігін болдырмайды және әкімшілік жүктемені азайтады.

🔬 Ерлан Сәрсембаев сондай-ақ «Е-Сараптама» жүйесінде тірі адамдарды куәландыру бойынша пилоттық модуль іске қосылғанын хабарлады. Мұндай цифрлық шешім ұйғарым беруді және тексеру шаблондарын пайдалануды автоматтандыру есебінен сот сараптамаларының сапасын арттыруға бағытталған.

🤖 Сонымен қатар бұл модульдің адами факторды азайту және ашықтықты арттыру мақсатында жасанды интеллект функцияларын пайдаланатын жаңа нұсқасы әзірленуде.

📲 Халыққа құқықтық көмек көрсету шеңберінде осы жылдың мамыр айынан бастап «Әділет» және «Е-Заң көмегі» жүйелерінде жасанды интеллект базасында «Цифрлық консультант» іске қосылғаны атап өтілді. Сервис азаматтарға типтік үлгідегі құқықтық сұрақтар бойынша автоматты түрде ақыл-кеңес береді, осылайша мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне түсетін жүктемені азайтады.

🧾 Сондай-ақ құқықтық нормалар шығармашылығы саласында да цифрлық шешімдер әзірленуде. Министрлік авторлық құқықтарды ұжымдық негізде басқару үшін зияткерлік меншік бойынша Бірыңғай цифрлық платформа құру туралы заң жобасына бастамашылық жасады. Сервистің тұсаукесері 2026 жылға жоспарланған.

🔸Премьер-министр әділет органдарының еліміздің құқық жүйесіндегі маңызды рөлін ерекше атап өтті. Құқықтық рәсімдердің ашықтығын, қолжетімділігі мен жеделдігін арттыратын заманауи құралдарсыз тиімді құқық қолдану практикасын жүзеге асыру мүмкін еместігі атап өтілді.

📌 Бұл салада цифрлық шешімдерді енгізу Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында ерекше маңызға ие.
UKIMET
Олжас Бектенов Президенттің «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы шеңберінде әділет органдарында цифрлық шешімдерді енгізу барысымен танысты Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасын орындау аясында әділет органдарын цифрландыру мәселелері бойынша…
⬆️⬆️⬆️
«Мемлекет басшысы барлық салаларды цифрландырудың тұтас жүйесін құру қажеттігін атап өтті. Үкімет мемлекеттік органдарда жасанды интеллект технологиясын енгізуге кірісті. Бұл жұмыс барлық жерде жүргізілуде. Әділет органдарын цифрландыру – бүгінде құқықтық жүйені реформалаудың негізгі бағыттарының бірі және заң үстемдігін қамтамасыз етудің маңызды құралы. Бізге жедел, ашық және тиімді құқықтық шешімдер қажет»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

🔍 Премьер-министр цифрлық шешімдерді жүзеге асыру адам игілігіне бағытталған қағидатқа негізделуі тиіс екендігіне назар аударды. Бұл азаматтардың мемлекетпен өзара іс-қимылын жеңілдетуге, рәсімдердің ашықтығын арттыруға және азаматтардың құқықтарын сенімді қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жиын қорытындысы бойынша жасанды интеллектті қолдануды кеңейтуге, жаңа цифрлық шешімдерді енгізуге және әділет саласындағы заңнамалық бастамаларды ілгерілетуге бағытталған тапсырмалар берілді.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM