UKIMET
18.5K subscribers
10.9K photos
1.84K videos
8.29K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
Қазақстан мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді ұлғайтуда

Қазақстанда мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу белсенді дамып келеді. Ақтөбе облысындағы «КАФЕЛТЕК» ЖШС жүннен жылу оқшаулағыш материалдар өндіру жобасын жүзеге асыруда, ал Алматы қаласында «Iskefe Holding» ЖШС ауыл шаруашылығы жануарларының терісінен желатин өндіру жобасын іске асыруда. ҚР сауда және интеграция министрлігінің тері мен жүнге экспорттық кедендік баждарды алып тастауы жөніндегі ережелерді қабылдауы маңызды қадам болды. Бұл өнімді сатып алу және экспорттау бойынша 15 кәсіпорынның жұмысын жандандырды.



Казахстан наращивает переработку животноводческой продукции

В Казахстане активно развивается переработка животноводческой продукции. Запущены проекты по производству теплоизоляционных материалов из шерсти (ТОО «КАЗФЕЛТЕК», Актюбинская область) и желатина из шкур сельхозживотных (ТОО «Iskefe Holding», г. Алматы). Важным шагом стало принятие Министерством торговли и интеграции РК правил по отмене экспортных таможенных пошлин на шкуры и шерсть. Это активизировало работу 15 предприятий по закупу и экспорту продукции.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан бірқатар жануарлар аурулары бойынша қолайлы ел мәртебесін қалпына келтірді

Қазақстан аусыл, құс тұмауы, шошқаның африкалық обасы, шошқаның классикалық обасы және жылқының африкалық обасы бойынша қолайлы ел мәртебесін қалпына келтіруге және тануға мүмкіндік беретін Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымымен (ДДСҰ) табысты жұмыс жүргізді.

💬 Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың айтуынша, бұл мал шаруашылығы өнімдерін экспорттауға жаңа мүмкіндіктер берді. ЕО елдерінің тізілімдерінде бүгінде 62 қазақстандық кәсіпорын, ҚХР – да – 2649 кәсіпорын тіркелген.



Казахстан восстановил статус благополучной страны по ряду заболеваний животных

Казахстан успешно провел работы с Всемирной организацией здравоохранения животных (ВОЗЖ), что позволило восстановить и признать статус благополучной страны по ящуру, гриппу птиц, африканской чуме свиней, классической чуме свиней и африканской чуме лошадей.

💬 По словам Министра сельского хозяйства Айдарбека Сапарова, это дало новые возможности для экспорта животноводческой продукции. В реестрах стран ЕС на сегодня зарегистрировано 62 казахстанских предприятия, в КНР – 2649.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызметтердің 86%-ы онлайн режимінде ұсынылады

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мал шаруашылығын дамыту, ветеринариялық бақылауды күшейту және саланы цифрландыру мәселелері қаралды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев баяндама жасады.

Есепті жылы азаматтар мен ұйымдарға осы саладағы мемлекеттік қызметтердің 93 түрі қолжетімді болды, оның 51-і электрондық форматта. Барлығы 5,9 млн қызмет көрсетілді, оның 86%-ы (5,1 млн) онлайн режимінде ұсынылды.

Мал шаруашылығында асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы жануарлары туралы деректерді өзектендіру және оларды өсіру объектілеріне нөмір беру бойынша қызметтер үлкен сұранысқа ие болды. Ветеринария саласында өнім экспорты үшін паспорттар, анықтамалар мен сертификаттар беруде сұраныста.
Өтініштердің көп бөлігі экспорт кезінде тасымалдау және ветеринариялық талаптарды сақтау үшін міндетті құжаттарды рәсімдеумен байланысты.



86% госуслуг в сфере животноводства предоставляется онлайн

На заседании Правительства под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова рассмотрены вопросы развития животноводства, усиления ветеринарного контроля и цифровизации отрасли. С докладом выступил министр цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Жаслан Мадиев.

В отчетном году гражданам и организациям было доступно 93 вида государственных услуг в этой сфере, из которых 51 – в электронном формате. Всего оказано 5,9 млн услуг, при этом 86% из них (5,1 млн) предоставлены онлайн.

Наибольшим спросом в животноводстве пользовались услуги по развитию племенного животноводства, актуализации данных о сельхозживотных и присвоению номеров объектам по их выращиванию. В ветеринарной сфере ө выдача паспортов, справок и сертификатов для экспорта продукции.
Большая часть обращений связана с оформлением обязательных документов для ведения деятельности и соблюдения ветеринарных требований при перемещении продукции.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанда ветеринариядағы негізгі үдерістердің бірі автоматтандырылды

Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев ветеринария және мал шаруашылығы саласындағы бизнес-үдерістердің реинжинирингінің нәтижелерін ұсынды.

✔️Оның айтуынша, жұмыс аясында 31 бизнес-процеске кешенді шолу жүргізілді. Айқын мысалдардың бірі – «Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіруді жүргізу» рәсімін жаңғырту.

🔺Министрдің сөзінше реинжинирингке дейін бұл үдеріс деректерді қолмен енгізу, ақпараттың қағаз және электрондық тасымалдағыштарда қайталануы, сәйкестендіру құралдарын жеткізудегі кідірістер, сондай-ақ жеке ветеринариялық дәрігерлердің ақпараттық жүйеге қол жеткізе алмауы сияқты мәселелермен қатар жүрген.Бүгінде ол цифрлық, мобильді және толық автоматтандырылған.

Нәтижесінде электрондық ветеринариялық паспорт, ветеринария мамандары мен жануарлар иелеріне арналған мобильді қосымша, сондай-ақ деректерді оқу технологиясы енгізілді. Үдерістегі қадамдар саны 80%-ға, тартылған бизнес – рөлдер саны екі есеге қысқарды.

Жаслан Мәдиев реинжиниринг мамандардың жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, агросектордың негізгі бағыттарының бірінде ашықтықты, ыңғайлылық пен жеделдікті арттыруға мүмкіндік бергенін атап өтті. Бұл бүкіл саланы одан әрі цифрлық трансформациялау үшін берік негіз жасайды.



В Казахстане автоматизировали один из ключевых процессов в ветеринарии


На заседании Правительства министр цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Жаслан Мадиев представил результаты реинжиниринга бизнес-процессов в сфере ветеринарии и животноводства.


✔️По его словам, в рамках работы был проведён комплексный обзор 31 бизнес-процесса. Один из ярких примеров – модернизация процедуры идентификации сельскохозяйственных животных.

🔺Министр отметил, что ранее этот процесс сопровождался ручным вводом данных, дублированием информации, задержками в поставке бирок и отсутствием доступа к системе у частных ветеринаров. Сегодня он стал цифровым, мобильным и полностью автоматизированным.

В результате был внедрен электронный ветеринарный паспорт, мобильное приложение для ветеринарных специалистов и владельцев животных, а также технология считывания данных. Количество шагов в процессе сократилось на 80%, число задействованных бизнес-ролей – вдвое.

Жаслан Мадиев подчеркнул, что реинжиниринг позволил не только упростить работу специалистов, но и повысить прозрачность, удобство и оперативность в одном из ключевых направлений агросектора. Это создает прочную основу для дальнейшей цифровой трансформации всей отрасли.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанда мал мониторингі үшін смарт-трекерлер енгізілуде

Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру саласындағы отандық әзірлемені – ауыл шаруашылығы жануарларының жай-күйіне мониторинг жүргізу жүйесін ұсынды.

⚫️Смарт-трекер нақты уақыт режимінде негізгі көрсеткіштерді бақылауға мүмкіндік береді: тамақтану және физикалық белсенділік, дене температурасы, жануардың үдеуі және мінез-құлқы. Бұл фермерлерге денсаулық жағдайындағы ауытқуларды тез анықтауға және мал өлімінің алдын алуға мүмкіндік береді.

📌 Сонымен қатар жүйе ветеринарлық қызметті модернизациялаудың цифрлық негізін қалайды және оны мақсатты қаржыландыру мен мал шаруашылығын сақтандыру үдерістерін автоматтандыру үшін пайдалануға болады. Пилоттық енгізу қазірдің өзінде еліміздің үш өңірінде өтті және шешім дала жағдайында тұрақты тиімділікті көрсетеді.



В Казахстане внедряют смарт-трекеры для мониторинга скота

На заседании Правительства министр цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Жаслан Мадиев представил отечественную разработку в сфере цифровизации агропромышленного комплекса - систему мониторинга состояния сельскохозяйственных животных.

⚫️Смарт-трекер позволяет в режиме реального времени отслеживать ключевые показатели: пищевую и физическую активность, температуру тела, ускорение и поведение животного. Это позволяет аграриям оперативно выявлять отклонения в состоянии здоровья и предотвращать падеж скота.

📌 Кроме того, система закладывает цифровую основу для модернизации ветеринарной службы, а также может использоваться для автоматизации процессов целевого финансирования и страхования в животноводстве. Пилотное внедрение уже состоялось в трех регионах страны, и решение демонстрирует устойчивую эффективность в полевых условиях.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Live stream finished (50 minutes)
Қазақстан дәлме-дәл мал шаруашылығын дамытуға ниетті

Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев аграрлық секторды цифрландырудың келесі кезеңі – дәлме-дәл мал шаруашылығы (Precision Livestock Farming) технологияларын енгізу туралы айтты.

Заманауи шешімдерге автоматты азықтандыру, сумен жабдықтау, микроклиматты басқару және аурулар мен репродуктивті мінез-құлықты болжау үшін ЖИ қолдану кіреді. Дрондар мен жайылымдардың спутниктік мониторингі қосымша қолданылады. Мұндай технологиялар өнімділікті 10-25%-ға арттыруға және шығындарды 15%-ға дейін азайтуға мүмкіндік береді.

The Business Research Company болжамы бойынша, дәлме-дәл мал шаруашылығының әлемдік нарығы 2029 жылға қарай орташа жылдық өсімі 9,1%-бен $7,93 млрд-қа жетеді. ЭЫДҰ елдерінде бұл модель көміртегі ізін азайту және биоқауіпсіздікті арттыру құралы ретінде белсенді қолдау тапты.

📌 Қазақстан бұл шешімдерді енгізуді саланың тұрақты дамуының негізгі элементі ретінде қарастырады.



Казахстан намерен развивать прецизионное животноводство

На заседании Правительства министр цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Жаслан Мадиев рассказал о следующем этапе цифровизации аграрного сектора – внедрении технологий прецизионного животноводства (Precision Livestock Farming).

Современные решения включают автоматическое кормление, водоснабжение, управление микроклиматом, а также использование ИИ для прогнозирования заболеваний и репродуктивного поведения. Дополнительно применяются дроны и спутниковый мониторинг пастбищ. Такие технологии позволяют повысить производительность на 10-25% и сократить затраты до 15%.

По прогнозам The Business Research Company, мировой рынок прецизионного животноводства к 2029 году достигнет $7,93 млрд при среднегодовом росте в 9,1%. В странах ОЭСР эта модель активно поддерживается как инструмент снижения углеродного следа и повышения биобезопасности.

📌 Казахстан рассматривает внедрение этих решений как ключевой элемент устойчивого развития отрасли.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ветеринариялық қызметтер нарығының өсуі: Қазақстан өзінің цифрлық құралдарын дамытуды жоспарлап отыр

Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев жаһандық технологиялық трендтер контекстінде ветеринариялық қызметті жаңғыртудың негізгі бағыттарын белгіледі.

Precedence Research мәліметтері бойынша, әлемдік ветеринариялық қызметтер нарығының көлемі 2024 жылы $131 млрд-ты құрады, ал 2034 жылға қарай орташа жылдық өсім 5,9% болған кезде 233 млрд-қа дейін өседі деп болжануда. Бұл өсім зооноздармен, микробқа қарсы тұрақтылықпен күресте және экспорттық бақылауды қамтамасыз етуде ветеринариялық медицинаның рөлінің артуына байланысты.

Қазақстанда даму басымдықтарының қатарында фермерлер үшін телемедицинаны енгізу, қол жетімділігі қиын өңірлерде мобильді ветеринарлық клиникаларды орналастыру және вакцинация мен клиникалық мониторингті басқару үшін цифрлық платформалар құру бар.

✔️Халықаралық деңгейде ветеринариялық дәрілік заттарды, вакцинацияларды және аурулар ошақтарын есепке алуға арналған кешенді цифрлық жүйелер енгізілуде. Мысалы, Еуропалық Одақтағы TRACES жүйесі.Қазақстан ұлттық АӨК ерекшелігіне бейімделген өзінің цифрлық құралдарын дамытуды жоспарлап отыр.



Рост рынка ветуслуг: Казахстан планирует развивать собственные цифровые инструменты

На заседании Правительства министр цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Жаслан Мадиев обозначил ключевые направления модернизации ветеринарной службы в контексте глобальных технологических трендов.

По данным Precedence Research, объем мирового рынка ветеринарных услуг в 2024 году составил $131 млрд, а к 2034 году прогнозируется рост до $233 млрд при среднегодовом приросте в 5,9%. Такой рост обусловлен возрастающей ролью ветеринарной медицины в борьбе с зоонозами, антимикробной резистентностью и в обеспечении экспортного контроля.

Среди приоритетов развития в Казахстане - внедрение телемедицины для фермеров, развертывание мобильных ветклиник в труднодоступных регионах и создание цифровых платформ для управления вакцинацией и клиническим мониторингом.

✔️В международной практике уже используются аналогичные решения - например, система TRACES в ЕС, обеспечивающая прозрачность движения препаратов, учет вакцинаций и контроль вспышек заболеваний. Казахстан планирует развивать собственные цифровые инструменты, адаптированные к специфике национального АПК.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Animal welfare және смарт-ферма стандарттары: Қазақстанда мал шаруашылығы қалай өзгереді

Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев animal welfare стандарттарына баса назар аудара отырып, мал шаруашылығын цифрлық трансформациялаудың кешенді тәсілін ұсынды.

Жануарлар әл-ауқаты (animal welfare) стандарттарын сақтау – бүгінде тек этикалық талап қана емес, сонымен қатар экономикалық қажеттілікке айналуда. Eurotier 2024 мәліметтері бойынша, жануарларға қолайлы жағдай жасалған фермалар өлім-жітімнің төмендеуін, жоғары пайда мен саууды және ет пен сүт өнімдерінің сапасын жақсартады.

Жайлылықты қамтамасыз ететін автоматтандырылған жүйелер (желдету, еденді жылыту, музыка ойнату), тасымалдау кезінде стрессті азайту жүйелері, жануарлардың биологиялық мінез-құлқын ескеретін жетілдірілген ферма құрылымдары енгізілуде.

Аграрлық секторды басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында мал шаруашылығы мен ветеринария бойынша деректерді бірыңғай ақпараттық жүйеде шоғырландыру ұсынылады. Бұл шара фермерлік шаруашылықтардан бастап салалық ведомстволарға дейін барлық деңгейде үздіксіз есеп жүргізуді, кешенді талдауды және жедел басқарушылық шешімдер қабылдауды қамтамасыз етеді.

Мал шаруашылығында смарт-фермалар тұжырымдамасын енгізуге жәнеүдерітерді автоматтандыруға ерекше назар аударылады. Автоматтандырылған сауу, азықтандыру, климатты басқару, бейнебақылау жүйелері мен жануарлардың денсаулығын бақылауға арналған датчиктер сияқты роботтандырылған шешімдерді белсенді дамыту ұсынылады. Аталған шешімдерден алынған барлық деректер бірыңғай ветеринариялық жүйеге түсіп, табынның цифрлық профилін қалыптастыруы тиіс.



Стандарты animal welfare и смарт-фермы: как будет меняться животноводство в Казахстане

На заседании Правительства министр цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Жаслан Мадиев представил комплексный подход к цифровой трансформации животноводства с акцентом на стандарты animal welfare.

Соблюдение норм благополучия животных становится не только этическим стандартом, но и фактором повышения эффективности. По данным EuroTier 2024, фермы, где созданы комфортные условия для животных, демонстрируют меньшую смертность, более высокие привесы и надои, а также лучшее качество мясо-молочной продукции.

Внедряются технологии комфорта: автоматизированная вентиляция, обогрев полов, музыкальное сопровождение, системы снижения стресса при транспортировке и новые конструкции ферм, учитывающие биоповедение животных.

В рамках цифровизации агросектора предлагается создание единой информационной системы, объединяющей данные по животноводству и ветеринарии. Это обеспечит комплексную аналитику, точный учет и оперативное управление от фермы до министерства.
Отдельное внимание уделено концепции смарт-ферм: автоматизированная дойка, кормление, климат-контроль, датчики здоровья и видеонаблюдение. Все данные будут стекаться в единую систему, формируя цифровой профиль стада.

Такие меры должны способствовать устойчивому развитию агропромышленного комплекса и укреплению продовольственной безопасности страны.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Президенттің АӨК өнімін екі есеге арттыру жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру: Үкімет мал шаруашылығын субсидиялауды 43%-ға ұлғайтты, ІҚМ саны 9,6 млн басқа дейін өсті

Премьер-министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Президенттің 2029 жылға қарай ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемін екі есеге арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде мал шаруашылығы саласын дамыту мәселелері қаралды.

«Мал шаруашылығы – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған дәстүрлі сала.

Мемлекет басшысы биыл қаңтарда өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында мал шаруашылығына мемлекеттік қолдау қажеттігін атап көрсетті. Осы орайда жыл сайын саланы субсидиялау мен несиелеу жүргізілуде. Биыл бюджеттен шамамен 160 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр.

Бұл бізге мал басының және мал шаруашылығы өнімдерінің тұрақты өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

Бүгінгі таңда елімізде ірі қара мал саны 9,6 миллион басқа дейін өсті, жылқылардың саны 5 миллионға жетті.



Реализация поручения Президента по удвоению продукции АПК: Правительством увеличено субсидирование животноводства на 43%, численность КРС выросла до 9,6 млн голов

На заседании Правительства под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова рассмотрены вопросы развития отрасли животноводства в рамках исполнения поручения Президента по удвоению к 2029 году общего объема валовой продукции сельского хозяйства.

«Животноводство для Казахстана является исконно традиционной отраслью, которая обеспечивает продовольственную безопасность страны.

На расширенном заседании Правительства в январе текущего года Главой государства была подчеркнута необходимость государственной поддержки животноводства. Для этого осуществляется ежегодное субсидирование и кредитование отрасли. На эти цели в текущем году планируется выделить из бюджета порядка 160 млрд тенге.

Это позволяет нам обеспечить устойчивый рост поголовья скота и объемов производства продукции животноводства»,

– подчеркнул Олжас Бектенов.

📌 На сегодня численность крупного рогатого скота возросла до 9,6 млн голов, количество лошадей достигло 5 млн.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов: Мемлекеттік қорға қайтарылған пайдаланылмай жатқан 11 млн гектар ауыл шаруашылығы жерлері мал шаруашылығын дамыту мақсатында халыққа бөлініп берілді

Үкімет отырысы барысында Премьер-министр пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекеттік қорға қайтару жөніндегі жұмыстарға тоқталды. Мұндағы шешімдер, сондай-ақ, жемшөп базасын қалыптастыруға да бағытталып отыр.

«Тұрақты мал азығы қорын қалыптастыру мақсатында биыл жем-шөп дақылдарының егіс алқабы 3,3 миллион гектарға дейін ұлғайды.
Сондай-ақ пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекеттік қорға қайтару шараларының арқасында 2022 жылдан бастап 11 миллион гектар жайылымдық алқап кері қайтарылды. Оның көп бөлігі халыққа қайта бөлініп берілді»,

— деді Олжас Бектенов.

Сонымен қатар, Премьер-министр еліміздің мал шаруашылығы саласының ішкі әлеуеті зор екенін атап өтті. Мал басын көбейту жұмыстарын жалғастыра беру қажеттігіне назар аудартты. Оларды заңсыз әкетуге жол бермеу және аналық малды субсидиялауды қолдау маңызды екенін айтты, бұл өз кезегінде өнімнің негізгі түрлері бойынша импортты алмастыру мәселесін шешуге мүмкіндік бермек.



Олжас Бектенов: Возвращенные в госфонд 11 млн га неиспользуемых сельхозземель распределены населению на развитие животноводства


В ходе заседания Правительства Премьер-министр отметил работу по возврату в госфонд неиспользуемых сельскохозяйственных земель. Данное решение направлено в том числе на формирование кормовой базы.

«В целях формирования стабильной кормовой базы в этом году увеличены площади кормовых культур до 3,3 млн гектаров.
Также, благодаря мерам по возврату в госфонд неиспользуемых сельскохозяйственных земель с 2022 года возвращено 11 млн гектар пастбищных угодий. Из них больше половины уже перераспределены населению»,

— акцентировал внимание Олжас Бектенов.

Вместе с тем Премьер-министр подчеркнул имеющийся внутренний потенциал страны в отрасли животноводства.

«В настоящее время наблюдается недозагруженность перерабатывающих предприятий. Поэтому необходимо продолжать активно наращивать численность сельскохозяйственных животных, не допускать их незаконный вывоз и поддерживать субсидирование маточного поголовья.

Это также позволит решить вопрос импортозамещения по основным видам продуктов»,

— отметил Премьер-министр.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет АӨК-тегі инвестициялық жобаларды іске асыру жұмыстарын күшейтеді

Үкімет отырысында Премьер-министр Ауыл шаруашылығы министрлігіне өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп ауыл шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырды.

«Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемін 2 есеге ұлғайту міндеті инвестициялық жобаларды іске асырумен тікелей байланысты.

Сондықтан Ауыл шаруашылығы министрлігі өңір әкімдіктерімен бірлесіп, Жол картасында көзделген индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз етуге тиіс»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.



По поручению Президента Правительство усилит работу по реализации инвестпроектов в АПК


На заседании Правительства Премьер-министр поручил Министерству сельского хозяйства совместно с акиматами регионов усилить работу по реализации инвестпроектов в области сельского хозяйства.

«Задача по увеличению в 2 раза объема валовой продукции сельского хозяйства непосредственно связана с реализацией инвестиционных проектов.

Поэтому Министерству сельского хозяйства совместно с акиматами регионов требуется обеспечить достижение индикаторов, предусмотренных в Дорожной карте»,

— подчеркнул Олжас Бектенов.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов қыс айларында ауыл шаруашылығы жануарларын жем-шөппен үздіксіз қамтамасыз ету үшін 1 қазанға дейін мал азығын дайындау науқанын аяқтауды тапсырды

«Ауыл шаруашылығы министрлігі өңір әкімдіктерімен бірлесіп, қыс айларында ауыл шаруашылығы жануарларын жем-шөппен үздіксіз қамтамасыз ету үшін 1 қазанға дейін мал азығын дайындау науқанын аяқтасын»,

— деп тапсырды Премьер-министр Үкімет отырысы барысында.

📌 Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесе отырып, асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу үшін қолда бар ресурстар шеңберінде мал шаруашылығын жеңілдікпен несиелеудің жаңа бағыттарын енгізу мәселесін пысықтауы қажет.



Олжас Бектенов поручил завершить кормозаготовительную кампанию до 1 октября для бесперебойного обеспечения в зимний период


«Министерству сельского хозяйства совместно с акиматами регионов в срок до 1 октября завершить кормозаготовительную кампанию для бесперебойного обеспечения сельхозживотных в зимний период»,

— поручил Премьер-министр в ходе заседания Правительства.

📌 Вместе с тем Министерству сельского хозяйства совместно с заинтересованными госорганами и организациями необходимо проработать вопрос внедрения новых направлений льготного кредитования животноводства на приобретение племенного маточного поголовья в рамках имеющихся ресурсов.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов: Ветеринариялық қауіпсіздік - өнімнің экспорттық нарықтарға шығуының негізгі шарты. Саланы цифрландыру бойынша тапсырмалар берілді

Үкімет отырысы барысында, сондай-ақ, мал шаруашылығы саласындағы ветеринариялық қадағалау шараларына да назар аударылды.


«Саланың тұрақты жұмысы еліміздегі ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен де тікелей байланысты. Ол – халықтың денсаулығына тікелей әсер ететін өте маңызды мәселе. Сондықтан өңірлерде сапалы ветеринариялық инфрақұрылым жұмыс істеуге тиіс.

Бұдан бөлек, аурудың алдын алу мақсатында ветеринариялық екпелерді уақтылы жүргізу қажет. Ветеринариялық қауіпсіздік өнімді экспорттық нарықтарға шығару үшін негізгі шарт болып табылады. Сонымен қатар сырттан әкелінетін мал өнімдеріне бақылауды күшейту қажет.
Саланы цифрландыру мал өнімдерінің өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде ашықтықты қамтамасыз етуге тиіс.

Биыл жүргізіліп жатқан Ұлттық ауыл шаруашылығы санағының нәтижелері цифрлық платформаларға интеграциялануы керек»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.



Олжас Бектенов: Ветеринарная безопасность является ключевым условием выхода продукции на экспортные рынки. Даны поручения по цифровизации отрасли


В ходе заседания Правительства внимание уделено также мерам ветеринарного контроля в животноводческой отрасли.

«Важным фактором стабильного функционирования отрасли является обеспечение ветеринарной безопасности в стране. Это напрямую влияет на здоровье населения. Поэтому в регионах должна функционировать качественная ветеринарная инфраструктура.

В целях профилактики заболеваний необходимо своевременное проведение ветеринарной вакцинации. Ветеринарная безопасность является ключевым условием выхода продукции на экспортные рынки.

Одновременно, необходимо усилить контроль при ввозе животноводческой продукции из-за рубежа. Цифровизация отрасли должна обеспечить прозрачность всех этапов жизненного цикла продукции животноводства.

Результаты Национальной сельскохозяйственной переписи, проводимой в текущем году, должны быть интегрированы в цифровые платформы»,

– подчеркнул внимание Олжас Бектенов.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ветеринариялық бақылау саласындағы барлық процестер цифрландырылуы және синхрондалуы тиіс: Премьер-министр ауыл шаруашылығы жануарларының дерекқорын тексеруді тапсырды

Мал шаруашылығы саласында ветеринариялық бақылау шараларын іске асыру шеңберінде Премьер-министр Ауыл шаруашылығы жануарларын, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықтар сегментінде вакцинациялаумен толық қамтуды қамтамасыз етуді тапсырды.

«Сапалы әрі қолжетімді ветеринариялық құралдар барлық өңірде жеткілікті көлемде болуы тиіс. Ол үшін ең алдымен, отандық өндірушілерді ынталандыру қажет. Құралдарды жеткізу кезінде белгіленген мерзімдерді бұзуға және кешіктіруге болмайды»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

▫️Ауыл шаруашылығы министрлігінің алдына өңір әкімдіктерімен бірлесіп 1 қарашаға дейін ауыл шаруашылығы жануарларының дерекқорын тексеру міндеті қойылды.

▫️Ауыл шаруашылығы, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктеріне жыл соңына дейін жануарлар мен мал шаруашылығы өнімдерінің қозғалысына байланысты барлық процестерді жүз пайыз цифрландыру тапсырылды.

«Тікелей бақылау жүйесін енгізу және барлық дерекқорлардың (ескертпе - жануарлардың сәйкестігін анықтау, мал және мал шаруашылығы өнімдерінің қозғалысы бойынша) бірыңғай цифрлық платформаға интеграциясын қамтамасыз ету қажет»,

— деп тапсырды Премьер-министр.



Все процессы в сфере ветконтроля должны быть оцифрованы и синхронизированы: Премьер-министр поручил провести верификацию базы данных сельскохозживотных

В рамках реализации мер ветеринарного контроля в животноводческой отрасли Премьер-министр поручил обеспечить полный охват вакцинацией сельскохозяйственных животных, в том числе в сегменте личных подсобных хозяйств.

«Все регионы должны иметь в достаточном объеме качественные и доступные ветеринарные средства. Для этого, в первую очередь, нужно стимулировать отечественных производителей. Недопустимы срывы сроков и задержки в поставках»,

— отметил Олжас Бектенов.

▫️Перед Министерством сельского хозяйства совместно с акиматами регионов до 1 ноября поставлена задача — провести верификацию базы данных сельскохозяйственных животных.

▫️Министерствам сельского хозяйства, цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности также поручено до конца года обеспечить стопроцентную цифровизацию всех процессов, связанных с движением животных и животноводческой продукции.

«Требуется внедрить систему сквозной прослеживаемости и обеспечить интеграцию всех баз данных (прим. — по идентификации животных, движению животных и животноводческой продукции) в единую цифровую платформу»,

— поручил Премьер-министр.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Солтүстік Қазақстан облысында 17 млрд теңге инвестиция құйылған 22 ірі агрожоба жүзеге асырылуда

Солтүстік Қазақстан облысында агроөнеркәсіптік кешенде 22 ірі жоба іске асырылуда. Өңір басшысының мәліметінше, бұл мақсатқа 17 млрд теңге бөлінген. Жоспарланған нысандардың ішінде 7 мың бас ірі қара малға арналған және қуаттылығы жылына 47 мың тонна литр сүт құрайтын 11 сүт-тауар фермасы бар.

Бұған дейін өңірде жалпы көлемі 84,1 млрд теңге инвестиция салынған 23 сүт-тауар фермасы тұрғызылған болатын. 2 жыл ішінде оларға 5 мыңнан астам ірі қара мал әкелінді.

Бүгінгі таңда облыста ет көлемін 13,8%-ға, сүт көлемін 3,2%-ға, жұмыртқа санын 6,1%-ға көбейтуге қол жетіп отыр.



В Северо-Казахстанской области реализуют 22 крупные агропроекта с инвестициями 17 млрд тенге

В Северо-Казахстанской области реализуются 22 крупных проекта в агропромышленном комплексе. По информации главы региона, на эти цели выделено 17 млрд тенге. Среди запланированных объектов – 11 молочно-товарных ферм на 7 тыс. голов КРС и мощностью 47 тыс. тонн литров молока в год.

Ранее в регионе было построено 23 молочно-товарные фермы общим объемом инвестиций 84,1 млрд тенге. За 2 года на строящиеся фермы завезено более 5 тыс. голов КРС.

В области на сегодня обеспечен рост мяса на 13,8%, молока на 3,2%, яиц на 6,1%.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM