UKIMET
18.5K subscribers
10.8K photos
1.83K videos
8.27K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
Президент тапсырмасы бойынша 1,3 млрд-тан астам көшет отырғызылып, жаңа орман тәлімбақтары құрылуда

📌 Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Таза Қазақстан» бастамасы аясында 2027 жылға дейін 2 млрд ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілуде.

🌳 Бүгінгі таңда экология және табиғи ресурстар министрінің мәліметінше, мемлекеттік орман қоры аумағында 1,3 млрд көшет отырғызылды, оның ішінде Арал теңізінің құрғаған табанына 48,7 млн сексеуіл көшеті отырғызылды.

⚫️Сонымен қатар, елді мекендер аумағында 15 млн ағаш отырғызу бойынша тапсырма орындалды.

2024 жылдан бастап орман мелиорациялық жұмыстардың едәуір көлемі ірі компаниялардың қатысуымен бюджеттен тыс қаражат есебінен жүзеге асырылуда. Жерсінуі мен өміршеңдік деңгейі жоғары сапалы отырғызу материалымен қамтамасыз ету мақсатында орман тәлімбақтарын құру жұмыстары жүргізілуде.

🍀 Қазалы қаласындағы 33 гектар алаңда қуаттылығы жылына 3 млн көшет болатын орман тәлімбағының құрылысы аяқталды. Биыл ауданы 15 гектар жаңа тәлімбақты жобалау бойынша жұмыстар жүргізілуде, сондай-ақ орман мелиорациялық жұмыстармен айналысатын қызметкерлер үшін өндірістік модульдерді жеткізу жүзеге асырылды.



По поручению Президента высажено более 1,3 млрд саженцев и создаются новые лесные питомники

📌 В рамках инициативы «Таза Қазақстан» осуществляется работа по поручению Главы государства о высадке 2 млрд деревьев до 2027 года.

🌳 На сегодня, по данным министра экологии и природных ресурсов, на территории государственного лесного фонда высажено 1,3 млрд сеянцев, среди которых на осушенном дне Аральского моря реализована посадка 48,7 млн сеянцев саксаула.

⚫️Кроме того, выполнено поручение по посадке 15 млн деревьев на территории населенных пунктов.

С 2024 года значительный объем лесомелиоративных работ осуществляется за счет внебюджетных средств при участии крупных компаний. В целях обеспечения качественным посадочным материалом с высокими показателями всхожести и приживаемости ведется создание лесных питомников.

🍀 Завершено строительство лесного питомника мощностью 3 млн сеянцев в год на площади 33 га в городе Казалинск. В текущем году ведутся работы по проектированию нового питомника площадью 15 га, а также реализована поставка производственных модулей для сотрудников, занимающихся лесомелиоративными работами.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында 7 мыңнан астам қазақстандық экологиялық науқанға қосылды

Үкімет отырысында мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны аясындағы азаматтық белсенділік туралы айтты. Қоршаған ортаны қорғауға жұртшылықты тартуға ерекше назар аударылды.

💬 Министрдің айтуынша, «Қоғамдық эко-бақылау» акциясына қоғамдық кеңестердің 4 мыңға жуық мүшесі қатысты. Бастама шеңберінде тарихи-мәдени мұра және туризм нысандарына мониторинг жүргізілді, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану саласындағы абаттандыру мен қызметке қоғамдық бақылау ұйымдастырылды. Сонымен қатар 3 мыңнан астам адам әлеуметтік желілердегі «10 экологиялық әдет» еріктілердің эко-челленджіне қосылды.

🌿Сондай-ақ «Таза жағалаулар» ауқымды эко-марафоны аясында бүкіл еліміз бойынша 80-нен астам іс-шара өткізілді.

📍Жастарға ерекше көңіл бөлінуде. 21 сәуірде Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясының белсенді қатысушыларына алғыс хаттар табыс етті. 2025 жылы 35 мыңнан астам жасты маусымдық жұмыспен қамту жоспарлануда. Ал 2026 жылдан бастап инженерлік-техникалық, аграрлық, құрылыс және педагогикалық бағыттағы жастардың еңбек жасақтарының желісі кеңейтілетін болады.



Более 7 тыс. казахстанцев присоединились к эко-кампании в рамках инициативы Президента «Таза Қазақстан»


На заседании Правительства министр культуры и информации Аида Балаева рассказала о гражданской активности в рамках экологической кампании «Таза Қазақстан». Особый акцент был сделан на вовлечение общественности в защиту окружающей среды.


💬 По словам министра, в акции «Общественный эко-контроль» приняли участие около 4 тыс. членов общественных советов. В рамках инициативы проведен мониторинг объектов историко-культурного наследия и туризма, а также организован общественный контроль за благоустройством и деятельностью в сфере недропользования. Кроме того, более 3 тыс. человек присоединились к волонтерскому эко-челленджу «10 экологических привычек» в соцсетях.

🌿 Также в рамках масштабного эко-марафона «Чистые берега» проведено свыше 80 мероприятий по всей стране.

📍Отдельное внимание уделяется молодежи. 21 апреля Глава государства вручил благодарственные письма наиболее активным участникам акции «Таза Қазақстан». В 2025 году сезонной занятостью планируется охватить свыше 35 тыс. молодых людей. А с 2026 года будет расширена сеть молодежных трудовых отрядов инженерно-технической, аграрной, строительной и педагогической направленности.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
«Таза Қазақстан» президенттік бастамасы аясында жас ұрпақ экологиялық мәдениетті қалыптастыруда

📌 Оқу-ағарту министрлігі «Таза Қазақстан» бастамасы аясында балалардағы экологиялық жауапкершілікті тәрбиелеу бойынша жұмыс жүргізуде. Қазіргі таңда 77 мектепке дейінгі білім беру ұйымы «жасыл балабақша» бағытымен жұмыс істейді. 2024-2025 оқу жылында мектептерде 4 мыңнан астам «Жасыл клуб» құрылып, 125 мыңнан астам оқушыны қамтыды.

🔺Практикалық экологиялық акцияларға ерекше назар аударылады. Ұлттық науқан аясында 185 мыңнан астам жас түлек ағаш көшеттерін отырғызды, осылайша елді көгалдандыруға үлес қосты.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленіп, барлық білім беру ұйымдарында іске асырылып жатқан «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасынан айқын көрініс тауып отыр. Тәуелсіздік және отаншылдық, заң және тәртіп, әділдік және жауапкершілік, бірлік және ынтымақ, еңбекқорлық және кәсіби біліктілік, жаңашылдық және жасампаздық сияқты құндылықтар арқылы біз қоғамның мызғымас тірегіне айналатын адал азаматтарды тәрбиелейміз», —

деп атап өтті Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаев.



В рамках президентской инициативы «Таза Қазақстан» у молодого поколения формируют экологическую культуру

📌 Министерство просвещения в рамках инициативы «Таза Қазақстан» ведет работу по воспитанию экологической ответственности у детей. Уже более 77 дошкольных учреждений работают по принципу «зеленых садов», а в школах создано свыше 4 тыс. «зеленых клубов», в которых участвуют более 125 тыс. учеников.

🔺Особое внимание уделяется практическим экологическим акциям. В рамках национальной кампании более 185 тысяч молодых выпускников высадили саженцы деревьев, тем самым внося вклад в озеленение страны.

«По поручению Главы государства инициатива «Таза Қазақстан» реализуется во всех образовательных учреждениях в рамках единой воспитательной программы «Адал азамат». Через такие ценности, как независимость и патриотизм, закон и порядок, справедливость и ответственность, единство и согласие, трудолюбие и профессионализм, инновационность и созидание, мы воспитываем честных граждан, становящихся надежной опорой общества», —

отметил министр просвещения Гани Бейсембаев.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 240 мыңнан астам студент қатысты

✔️ Үкімет отырысында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жоғары білім беру жүйесінде «Таза Қазақстан» тұжырымдамасының іске асырылуы туралы айтты. Оның айтуынша, 2024 жылдан бастап «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы шеңберінде жоғары білім беру саласы бойынша 1 индикатор және 11 іс-шараны іске асыру жоспарланған.

«Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясын жариялағаннан бері жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушыларының қатысуымен 1500-ға жуық әртүрлі іс-шаралар өткізілді. Бұл шараларға жоғары оқу орындарынан 240 мыңнан аса адам қатысты. Барлық жоғары оқу орындары студенттері арасында «Taza Like» іс-шарасы шеңберінде экосағаттар өткізілді», —

деді Саясат Нұрбек.

🔸 2024–2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы шеңберінде велосипед күні, жасыл энергетика жүйесін құру, қоқыссыз кампус, саябақтар құру т.б. сияқты бірнеше тармақ іске асырылуда. Осылайша, «Экологиялық білім беру» бағыты аясында халықтың экологиялық білімі мен мәдениетін арттыру жұмыстары жүргізілуде.



Более 240 тыс. студентов приняли участие в инициативе Президента «Таза Қазақстан»

✔️ На заседании Правительства министр науки и высшего образования Саясат Нурбек рассказал о реализации концепции «Таза Қазақстан» в системе высшего образования. По его словам, с 2024 г. в рамках инициативы запланирована реализация одного ключевого индикатора и 11 мероприятий, охватывающих экологическое просвещение студентов.

«В целом с момента объявления Главой государства акции «Таза Қазақстан»» проведено около 1,5 тыс. различных мероприятий с участием студентов и преподавателей высших учебных заведений. В данных мероприятиях приняли участие более 240 тыс. человек из высших учебных заведений. В рамках акции «Taza Like» среди студентов всех высших учебных заведений проведены экочасы», -

отметил Саясат Нурбек.

🔸 Также в рамках концепции на 2024-2029 г.г. реализуются несколько пунктов: день велосипеда, создание системы зеленой энергетики, создание кампуса без мусора, парков и др. Таким образом, в рамках направления «Экологическое образование» проводится работа по повышению экологического образования и культуры населения.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасы аясында жаңа буын экологтарын дайындауда

🔸Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысы барысында ел Президенті бастамашылық еткен «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде қоршаған ортаны қорғау саласында кадрларды жүйелі даярлау туралы айтты.

⚫️Министрдің айтуынша, міндеттердің бірі экологтарды даярлауға кәсіби стандарттарды енгізу болды. Бүгінгі таңда экологиялық бағыттар бойынша оқыту еліміздің 35 жоғары оқу орнында жүргізілуде. Тізілімге 143 білім беру бағдарламасы енгізілген, оның 70-і бакалавриат, 52-сі магистратура және 21-і докторантура деңгейінде.

Инновациялық бағдарламалар қатарында «Табиғи-техногендік қауіптер», «Гидроэкология және трансшекаралық су қауіпсіздігі», «Табиғатты пайдалану және экологиялық қауіпсіздік», «Экологиялық сараптама және тұрақты даму», сондай-ақ Environmental Sciences сияқты бағыттар бар.

🔺2024-2025 оқу жылына «Қоршаған орта» бағыты бойынша 1796 мемлекеттік грант бөлінген. Оның ішінде бакалавриат – 1506, магистратура – 245, докторантура – 45.

Сонымен қатар «Экология және тіршілік қауіпсіздігі» пәні барлық мамандықтардың жалпы білім беру цикліне енгізілді.



Казахстан готовит экологов нового поколения в рамках инициативы Главы государства «Таза Қазақстан»

🔸Министр науки и высшего образования Саясат Нурбек в ходе заседания Правительства рассказал о системной подготовке кадров в сфере охраны окружающей среды в рамках реализации концепции «Таза Қазақстан», инициированной Президентом страны.

⚫️По словам министра, одной из задач стало внедрение профессиональных стандартов в подготовку экологов. Сегодня обучение по экологическим направлениям ведется в 35 вузах страны. В реестр включены 143 образовательные программы, из них 70 – на уровне бакалавриата, 52 – магистратуры и 21 – докторантуры.

Среди них – инновационные курсы, ориентированные на современные вызовы: «Природные и техногенные опасности», «Гидроэкология и безопасность трансграничных вод», «Экологическая экспертиза и устойчивое развитие», Environmental Sciences и др.

🔺На 2024-2025 учебный год по направлению «Окружающая среда» предусмотрено 1796 государственных грантов: 1506 – для бакалавриата, 245 – для магистратуры и 45 – для докторантуры.

Кроме того, в общеобразовательный цикл всех специальностей включен предмет «Экология и безопасность жизнедеятельности».

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанда Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында 380-ден астам жоба жүзеге асырылуда

Үкімет отырысында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану» бағыты Қазақстанның 2025-2027 жылдарға арналған ғылыми дамуының 7 басымдығының қатарына кіргенін хабарлады.

💬 Оның айтуынша осы бағыт бойынша 3 жылдық гранттық қаржыландыру аясында 318 жоба, ал бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде 43 бағдарлама іске асырылуда. Сонымен қатар ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру конкурсы аясында жасыл технологияларға қатысты 23 жоба жүзеге асырылып жатыр.

Мысалы, маңызды жобалардың бірі – «Электр көліктерін зарядтау станцияларын жаңғырту». Бұл жоба аясында республика бойынша 16 зарядтау стансасы орнатылып, жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді жеткізуге келісімшарттар жасады. Жоба электр көліктеріне арналған инфрақұрылымды дамытуға және көміртегі шығарындыларын азайтуға бағытталған.

🔺Тағы бір жоба – «Жасыл» технология стандарттарына сәйкес келетін газ тазарту жабдықтарын енгізу бойынша жаңа өндірісті ұйымдастыру». Жобаның негізгі артықшылығы – өнімділігі жоғары, пайдалану шығындары төмен заманауи газ тазарту жүйелерінің жобасын әзірлеу.

🔸 Сондай-ақ ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру шеңберінде бірқатар жоғары оқу орындарында экологиямен байланысты жобалар іске асырылуда. Мысалы, Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ботаникалық бағында кептірілген алма өндіру жобасы жүзеге асырылып жатыр. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ботаникалық бағында қияр, болгар бұрышы және көк шөп жылына екі рет, қызанақ бір рет жиналады. Саясат Нұрбек мұндай жобалар білім беру мен өндірістің байланысын нығайтатынын атап өтті.



В Казахстане реализуется более 380 проектов в рамках инициативы Президента «Таза Қазақстан»

На заседании Правительства министр науки и высшего образования Саясат Нурбек сообщил, что направление «Экология, охрана окружающей среды и рациональное использование природных ресурсов» вошло в число 7 приоритетов научного развития Казахстана на 2025–2027 г.г.

💬 По его словам, по данному направлению реализуется 318 проектов в рамках 3-летнего грантового финансирования, а также 43 программы в рамках программно-целевого финансирования. Кроме того, в рамках конкурса на коммерциализацию научных результатов реализуется 23 проекта, связанных с зелеными технологиями.

Например, одним из важных проектов является «Модернизация станций зарядки электромобилей на основе внедрения протоколов передачи данных». В рамках этого проекта было установлено 16 зарядных станций по всей стране и заключены контракты на поставку оборудования и программного обеспечения. Проект направлен на развитие инфраструктуры для электромобилей и сокращение выбросов углерода.

🔺Еще один проект – Организация нового производства по внедрению газоочистного оборудования, соответствующего стандартам «Зеленых» технологий. Главным преимуществом проекта является разработка проекта современных систем газоочистки с высокой производительностью и низкими эксплуатационными затратами.

🔸 Также в рамках коммерциализации научных разработок в ряде вузов реализуются проекты, связанные с экологией. Например, в Ботаническом саду Международного казахско-турецкого университета имени Х. А. Ясави реализуется проект по производству сушеных яблок. В ботаническом саду Кызылординского университета им. Коркыт Ата урожай огурцов, болгарского перца и зелени собирают дважды в год, а помидоров — один раз. Саясат Нурбек подчеркнул, что такие проекты укрепляют связь образования и производства.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Елімізде «Таза Қазақстан» Президент бастамасы аясында экологиялық, аграрлық туризм мен бұқаралық спортты дамыту шаралары жүзеге асырылуда

🔺Қазақстанда «Таза Қазақстан» бастамасы аясында экологиялық, аграрлық туризм мен бұқаралық спортты дамыту шаралары жүзеге асырылуда. Бұл туралы Үкімет отырысында туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді.

💬 Ведомство басшысы халықаралық тәжірибе мен заңнамаға назар аудара отырып, экологиялық туризмнің ұлттық стандарттары жаңартылып жатқанын айтты. Негізгі принциптерге табиғатқа әсерді азайту, рекреациялық жүктемені сақтау және жергілікті қауымдастықтарды тарту кіреді. 14 ұлттық саябақта инфрақұрылымды белсенді дамыту жүргізілуде, бұл 2023 жылы 2,4 млн туристті тартуға мүмкіндік берді, 2024 жылы 2,8 млн-ға дейін өсті.

Туристік қызмет шеңберінде 17 визит-орталық және 137 бағыт жұмыс істейді. Жаңа экологиялық бағыттар ашу және ұлттық парктерді дамыту үшін инвесторларды тарту жоспарлануда.

✔️Аграрлық және этнотуризм саласында фермерлерді туристік қызметке тартуға ықпал ететін заңнамалық база бойынша жұмыс жүргізілуде. 900-ден астам ауыл тұрғындары агротуризм бойынша оқытылды, сондай-ақ Community based Tourism бағдарламасы бойынша 10 үйлестіруші оқыды. «Алатау аманаты» жобасы аясында Алматы қаласы мен облысына 1200 шақырымнан астам туристік соқпақтарды төсеу жоспарланып отыр.



В Казахстане в рамках президентской инициативы «Таза Қазақстан» ведется развитие экологического, аграрного туризма и массового спорта

🔺В Казахстане в рамках инициативы «Таза Қазақстан» осуществляется развитие экологического, аграрного туризма и массового спорта. Об этом на заседании Правительства сообщил министр туризма и спорта Ербол Мырзабосынов.

💬 Глава ведомства доложил, что обновляются национальные стандарты экологического туризма, ориентируясь на международный опыт и законодательство. Основные принципы включают минимизацию воздействия на природу, соблюдение рекреационной нагрузки и вовлечение местных сообществ. В 14 национальных парках ведется активное развитие инфраструктуры, что позволило привлечь 2,4 млн туристов в 2023 году, с прогнозом роста до 2,8 млн в 2024 году.

В рамках туристической деятельности функционируют 17 визит-центров и 137 маршрутов. Планируется создание новых экомаршрутов и привлечение инвесторов для развития национальных парков.

✔️ В сфере аграрного и этнотуризма ведется работа над законодательной базой, способствующей вовлечению фермеров в туристическую деятельность. Более 900 сельских жителей прошли обучение по агротуризму, а также обучены 10 координаторов по программе Community based Tourism. В рамках проекта «Алатау Аманаты» планируется обустройство более 1200 км туристских троп в Алматы и области.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Live stream finished (1 hour)
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Қостанай облысында 300 мыңнан астам ағаш отырғызылды

Үкімет отырысында Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыру абаттандыру және өңір аумақтарын тазарту жұмыстары туралы баяндады.

⚫️Оның мәліметінше, 2,5 жыл ішінде 87 саябақ пен шағын бақтар абаттандырылып, 293 балалар мен спорт алаңдары орнатылды. Бұл орындар отбасылық демалыс пен қарым-қатынас орталықтарына айналды.

4 мың көшеге 48 мыңнан астам шам орнатылды. Көшені жарықтандыру деңгейі 2023 жылдан бастап 57%-дан 90%-ға дейін өсті, бұл елді мекендерді жайлы әрі қауіпсіз етті. Биыл жарықтандыру жұмыстары аяқталады.

🛠191 көппәтерлі үй жөнделді: шатырлар, балкондар, қасбеттер жаңартылды, сәулеттік жарықтандыру орнатылды. Бұл қалалар мен ауылдардың заманауи, таза келбетін қалыптастырады.

🌲Қостанай облысында көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінеді. 2,5 жыл ішінде 338 мыңнан астам ағаш пен бұта отырғызылды.



Более 300 тыс. деревьев высажено в Костанайской области в рамках инициативы Президента «Таза Қазақстан»


Аким Костанайской области Кумар Аксакалов на заседании Правительства рассказал о работе по озеленению благоустройству общественных пространств и очистке территорий региона в рамках инициативы Президента «Таза Қазақстан».

⚫️По его данным, за 2,5 года благоустроено 87 парков и скверов, установлены 293 детские и спортивные площадки. Эти места стали центрами семейного отдыха и общения.

На 4 тыс. улиц установлено более 48 тыс. светильников. Уровень уличного освещения с 2023 года вырос с 57% до 90%, что сделало населенные пункты комфортнее и безопаснее. В этом году работы по освещению завершатся.

🛠 Отремонтирован 191 многоквартирный дом: обновлены кровли, балконы, фасады, установлена архитектурная подсветка. Это формирует современный, аккуратный облик городов и сел.

🌲Особое внимание в Костанайской области уделяется озеленению. За 2,5 года высажено более 338 тыс.. деревьев и кустарников.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыруға Қостанай облысының кәсіпкерлері белсенді қатысуда

📌 Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Үкімет отырысында Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы іс-шараларды жүзеге асыруға бизнестің белсенді қатысуы туралы айтты.

💬 Оның айтуынша, бизнес өкілдері нысандарды салуға және жөндеуге, абаттандыруға қатысады, көгалдандыруға және басқа да шараларға қолдау көрсетеді. Олар экология ұғымын аумақтарды дамыту және өз қызметкерлері мен олардың отбасыларының өмірін жақсарту жауапкершілігі ретінде қабылдайды.

Мәселен, өңірдің ауыл шаруашылығы құрылымдары өткен жылы 7 млрд теңгеден астам сомаға меморандумдарды жүзеге асырды. Жалпы, облыс бойынша бағдарламаны жүзеге асыруға 26 млрд теңге бағытталды.

2024 жылы Абаттандыру ережелері және бизнестің қоршаған ортаны таза ұстау жауапкершілігі туралы шешім қабылданды.

🔹Экологиялық мәдениетті қалыптастыруда халықтың қоршаған ортаның ластануының кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілік танытуы маңызды аспект болып қала береді.



Бизнес Костанайской области активно участвует в реализации инициативы Главы государства «Таза Қазақстана»


📌 Аким Костанайской области Кумар Аксакалов на заседании Правительства рассказал об активном участии бизнеса реализации мероприятий в рамках инициативы Президента «Таза Қазақстана».

💬 По его словам, представители бизнеса участвуют в строительстве и ремонте объектов, благоустройстве, оказывают поддержку при озеленении и многое другое. Все чаще воспринимают экологию как свою ответственность в развитии территорий и улучшении жизни своих работников и их семей.

Так, сельхозформированиями региона за прошедший год реализованы меморандумы на сумму более 7 млрд. тенге. В целом, по области на реализацию программы направлено 26 млрд тенге.

В 2024 году приняты Правила благоустройства и решение об ответственности бизнеса за поддержание чистоты на прилегающих территориях.

🔹В формировании экологической культуры немаловажным аспектом остается нетерпимость населения к любым проявлениям загрязнения окружающей среды.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ақмола облысында «Таза Қазақстан» бастамасы шеңберінде қоқыс сұрыптау кешендерін салу және қайта өңдеу инфрақұрылымын дамыту бойынша жобалар іске асырылуда

🔸«Таза Қазақстан» президенттік бастамасы аясында Көкшетауда елді мекендерді, жағалау аймақтары мен жалпы пайдаланылатын аумақтарды тұрмыстық қатты қалдықтардан тазарту бойынша акциялар іске асырылуда. Жиналған қоқыс жергілікті полигонға өтеусіз негізде шығарылады.

✔️ Бұдан бөлек, өңірде қалдықтарды сұрыптау мен қайта өңдеудің, соның ішінде пластикті, ағаш материалдарын және құрылыс қалдықтарын қайта өңдеудің заманауи технологиялары көзделген қоқыс сұрыптау және қайта өңдеу кешендерін салу жөніндегі жоба іске асырылуда.

«Жалпы құны 7,2 млрд теңге болатын жоба «Жасыл Даму» жеңілдікті қаржыландыру және өңір әкімдігімен мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар Щучье-Бурабай курорттық аймағында контейнерлер мен электр қоқыс таситын көліктер сатып ала отырып, қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастыру бойынша пилоттық жоба жоспарлануда, бұл қатты тұрмыстық қалдықтармен жұмыс істеудің толық циклін қамтамасыз етеді және өңірдің экологиялық жауапкершілігін арттырады», —

деп хабарлады Үкімет отырысында «Эко-DUMP» директоры Мәриям Әбішева.



В Акмолинской области реализуются проекты по строительству мусоросортировочных комплексов и развитию перерабатывающей инфраструктуры, поддерживаемые инициативой «Таза Қазақстан»


🔸В рамках президентской инициативы «Таза Қазақстан» в Кокшетау реализуются акции по очистке населенных пунктов, прибрежных зон и территорий общего пользования от твердых бытовых отходов. Собранный мусор вывозится на местный полигон на безвозмездной основе.

✔️ Кроме того, в регионе идет реализация проекта по строительству мусоросортировочных и перерабатывающих комплексов, где предусмотрены современные технологии сортировки и переработки отходов, включая переработку пластика, древесных материалов и строительных отходов.

«Проект стоимостью 7,2 млрд тенге осуществляется через льготное финансирование “Жасыл Даму” и государственно-частное партнерство с акиматом региона. В дополнение планируется пилотный проект по организации раздельного сбора отходов в Щучинско-Боровской курортной зоне с приобретением контейнеров и электромусоровозов, что обеспечит полный цикл обращения с твердыми бытовыми отходами и повысит экологическую ответственность региона», —

сообщила на заседании Правительства директор «Эко-DUMP» Мариям Абишева.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов: Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы экологиялық мәдениетті, туған жерімізге деген жанашырлық сезімді қалыптастырады

📌 Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру мәселесі қаралды.

Премьер-министр «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті арттыруға және табиғатқа, туған жерімізге деген жанашырлық сезімді қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті. Президент бастамасы бүгінде үлкен қоғамдық қозғалысқа және мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналды.

«Еліміздің экологиялық мәселелерін шешуге және табиғи байлығымызды сақтауға тұрғындар да барынша атсалысып келеді.
Білім ошақтарында “Адал азамат” бірыңғай бағдарламасы аясында балаларға экологиялық тәрбие беру жұмыстары жүргізіледі. Аталған іске ата-аналар мен ұстаздар қауымы да қатысуда. Мұндай экологиялық мәдениет қазіргі Қазақстан қоғамының күнделікті өмір салтына айналуы қажет.
Тазалық тазартылған жерде емес, қоқыс тасталмаған жерде. Бәріміз осы бір қарапайым ғана қағиданы үнемі жадымызда ұстағанымыз абзал. Әлемнің дамыған елдерінде бұл қалыпты жағдайға айналған. Біз де табиғаттың бір бөлшегіміз, сондықтан оны көздің қарашығындай сақтауымыз керек. Өскелең ұрпақтың бойында осы қасиеттерді оятуға тиіспіз», —

деп атап өтті Олжас Бектенов.



Олжас Бектенов: Президентская инициатива «Таза Қазақстан» формирует экологическое мышление общества

📌 На заседании Правительства под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова рассмотрен вопрос реализации инициативы Главы государства «Таза Қазақстан».

Премьер-министр подчеркнул, что «Таза Қазақстан» направлена на формирование экологической культуры и бережного отношения к природе. На сегодня президентская инициатива уже стала полноценным общественным движением и частью повседневной культуры.

«Население всё больше вовлекается в решение экологических проблем и сохранение природных богатств нашей страны.
В учебных заведениях в рамках единой программы “Адал Азамат” проводится экологическое воспитание детей. В этом процессе также участвуют родители и учителя. Такая экологическая культура должна стать неотъемлемой частью современного общества Казахстана.
Необходимо понять простую философию: чисто не только там, где постоянно убирают, но и где не мусорят. В развитых странах мирах это является нормой. Мы должны привить детям понятие, что мы часть природы, поэтому должны беречь ее», —

отметил Олжас Бектенов.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы адамның ішкі мәдениетін тәрбиелеу арқылы өмір салтына айналуы тиіс — Олжас Бектенов

Үкімет отырысында Премьер-министр экологиялық мәдениетті қалыптастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың маңыздылығына тоқталды.

«Президентіміздің идеясы – "Таза Қазақстан" бастамасын табиғатты қорғау үшін ғана емес, сонымен қатар ойдың да, бойдың да тазылығын сақтап, адамның ішкі мәдениетін тәрбиелеу арқылы оны дұрыс өмір салтына айналдыру. Руханияттың дамуына ерекше көңіл бөлу керек.
Айналаңдағы адамдарға, дәстүрлі құндылықтарға құрметпен қарау, қоғамдық жауапкершілікті дамыту және еңбекқорлық Мемлекет басшысының “Таза Қазақстан” бастамасын іске асырудың маңызды бағыттары болуы тиіс», —

деп атап өтті Олжас Бектенов.



Инициатива Президента «Таза Қазақстан» должна стать частью внутренней культуры человека — Олжас Бектенов

В ходе заседания Правительства Премьер-министр акцентировал внимание на важности проводимой работы по формированию экологической культуры.

«Идея нашего Президента сделать инициативу «Таза Қазақстан» частью культуры и воспитания не только для сохранения нашей природы, но и для поддержания чистоты ума и помыслов, внутренней культуры человека. Надо акцентировать внимание на развитии духовности.
Уважительное отношение к окружающим и принятым ценностям, развитие общественной ответственности и трудолюбия должны стать важными направлениями реализации инициативы Главы государства «Таза Қазақстан», –

отметил Олжас Бектенов.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов мемлекеттік органдарға «Таза Қазақстан» Президент бастамасының рухани-адамгершілік құрамдас бөлігін дамытуды тапсырды

«Үлкенді сыйлау мәдени мұра нысандары мен инфрақұрылымға ұқыпты қарау, дәстүрлі отбасылық құндылықтарды дамыту жаңа тәрбие беру парадигмасының құрамдас бөлігіне айналуы керек.
Бүгіннің өзінде осы бағытта түрлі акциялар, таза ауада жаппай сауықтыру жаттығулары, дөңгелек үстелдер, флешмобтар мен басқа да іс-шаралар өткізіліп жатыр.
Үлгі боларлық мысалдар мен қоғамдық маңызы бар бастамалар арқылы тәртіпке, салауатты өмір салтына, экологиялық мәдениетке, рухани дамуға бағытталған орнықты, позитивті күн тәртібін қалыптастырған жөн», —

деп Олжас Бектенов Үкімет отырысында атап өтті.

🔺Президент бастамасын жүзеге асыру аясындағы іс-шараларды республикалық және өңірлік деңгейде белсенді ақпараттық қолдаудың маңыздылығы атап өтілді.



Олжас Бектенов поручил госорганам развивать духовно-нравственную составляющую президентской инициативы «Таза Қазақстан»

«Почитание старших, бережное отношение к объектам культурного наследия и инфраструктуры, развитие традиционных семейных ценностей должны стать неотъемлемой частью новой парадигмы воспитания.
Уже сегодня в этом ключе проводятся различные акции, массовые оздоровительные тренировки на свежем воздухе, круглые столы, флешмобы и другие мероприятия.
Следует создать устойчивые позитивные повестки, направленные на ответственное поведение, здоровый образ жизни, экологическую культуру, духовное развитие, за счет позитивных примеров и общественно-значимых инициатив», –

подчеркнул Олжас Бектенов на заседании Правительства.

🔺Отмечена важность активной информационной поддержки мероприятий в рамках реализации президентской инициативы как на республиканском, так и на региональном уровнях.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов «Таза Қазақстан» Президент бастамасына енгізілген елжандылық пен экологиялық мәдениет құндылықтарын тәрбие бағдарламасына енгізуді тапсырды

🔹 Үкімет отырысында Премьер-министр Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктеріне жас ұрпақты экологиялық мәдениетке тәрбиелеуге қоғамды, қауымдастықтар мен бірлестіктерді белсенді тартуды қамтамасыз етуді тапсырды.

«Ортақ іске бар күшті жұмылдыра отырып, отбасылық дәстүрлі құндылықтарды, қоғамдағы дұрыс мінез-құлықты, мәдени мұраларға ұқыпты көзқарасты, отаншылдық қасиеттерді сіңіруге тиіспіз.
Аталған бағыттарды “Адал азамат” тәрбиелік бағдарлаМасында ескеру қажет», —

деп атап өтті Олжас Бектенов.



Олжас Бектенов поручил включить заложенные в президентской инициативе «Таза Қазақстан» ценности патриотизма и экокультуры в воспитательную программу


🔹 На заседании Правительства Премьер-министр поручил министерствам просвещения, науки и высшего образования обеспечить активное привлечение общественности, ассоциаций и объединений к воспитанию у молодого поколения экологической культуры.

«Надо общими усилиями прививать традиционные ценности семьи, правильное поведения в обществе, бережное отношение к культурным ценностям, патриотизм к своей родной земле.
Необходимо учесть данные направления в воспитательной программе «Адал азамат», –

отметил Олжас Бектенов.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасы аясында табиғатқа жанашырлықпен қарау құндылықтары: Премьер-министр негізгі экотуризм нысандары картасын жасауды тапсырды

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру мәселесі бойынша бірқатар тапсырма берді.

⚫️Президент бастамасына, оның ішінде табиғат пен мәдени мұра нысандарына ұқыпты қарау бойынша құндылықтарды ескере отырып, Туризм министрлігі алдына облыстар мен қалалар әкімдіктерімен бірлесіп, әрбір елді мекен бойынша барлық бұқаралық спорттық іс-шараның бірыңғай күнтізбесін әзірлеу міндеті қойылды.

🔺Орналасқан жері, туристік нысандар және басқа да қажетті мәліметтер көрсетіле отырып, жалпыға бірдей пайдалануға арналған негізгі экотуризм нысандарының картасын жасаудың маңыздылығы атап өтілді.

⚫️Сонымен қатар Мәдениет министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, бір ай мерзімде халық арасында экологиялық және рухани мәдениетті тәрбиелеу жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеу міндетін қойды.

⚫️Жұмыс қорытындысы бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасын өзектендіру тапсырылды.



Ценности бережного отношения к природе в рамках президентской инициативы «Таза Қазақстан»: Премьер-министр поручил сформировать карту основных объектов экотуризма


В ходе заседания Правительства по вопросу реализации инициативы Главы государства «Таза Қазақстан» Премьер-министр Олжас Бектенов дал ряд поручений.

⚫️С учетом ценностей, заложенных в президентскую инициативу, в том числе по бережному отношению к природе и объектам культурного наследия, перед Министерством туризма совместно с акиматами областей и городов поставлена задача разработать единый календарь всех массовых спортивных мероприятий в разрезе каждого населенного пункта.

🔺Отмечена важность формирования карты основных объектов экотуризма для всеобщего пользования с описанием мест, туристических объектов и другой необходимой информацией.

⚫️Вместе с тем перед Министерством культуры совместно с заинтересованными государственными органами поставлена задача в месячный срок выработать конкретные предложения по воспитанию экологической и духовной культуры населения.

⚫️По итогам работы поручено актуализировать Концепцию развития экологической культуры «Таза Қазақстан».

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM