UKIMET
18.5K subscribers
10.6K photos
1.81K videos
8.26K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесі отырысын өткізді

📍Премьер-министр Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесі отырысын өткізді. Мемлекет басшысының экономиканың басым салаларына ірі инвестициялық жобаларды енгізу жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру барысы туралы Қор басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың баяндамасы тыңдалды. Қордың негізгі қаржылық, өндірістік көрсеткіштеріне және сатып алу процесін жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға назар аударылды.

✔️«Самұрық-Қазына» басшысы директорлар кеңесіне мұнай-газ, мұнай химиясы, энергетика, көлік-логистика, тау-кен және басқа да салалардағы инвестициялық 46 жобаны жүзеге асыру туралы айтты. Биылғы 4 айда олар бойынша қаржының игерілуі 98%-ды құрады.

Осы жылы жалпы құны 355 млрд теңгеге жуық 5 жоба пайдалануға берілді. 

🔺 Ақтау портында контейнерлік хаб іске қосылды. Нысан теміржол құрамдарын қабылдауға, жүктерді өңдеу және оларды теңіз көлігі арқылы әрі қарай жөнелтуге қауқарлы. Каспий теңізі су аймағындағы ең ірі контейнерлік хаб жүк тасымалдау көлемін арттырып, Қазақстанның халықаралық бағыттардағы ұстанымын нығайтуға мүмкіндік береді. 

🔸Алматыда жобалық қуаты 115 мың ЖФЭ (жиырма футтық контейнерлер) Zhetysu халықаралық логистикалық терминалы пайдалануға берілді. Сиань портымен (ҚХР) бірлесіп іске асырылған жоба Қазақстанның Қытаймен және Еуропа елдерімен көлік байланысын нығайтады. 

🔹Ақтаудағы CASPI BITUM зауытын жаңғырту жұмыстары аяқтал, қуаттылығын жылына 750 мың тоннаға дейін, 50%-ға арттырды.

Алматыда 350 төсек-орынға арналған инфекциялық аурулардың жоғары технологиялық ғылыми орталығы салынды.

♦️Кендірліде су тұщыту зауытының құрылысы аяқталуға жақын, нысанда іске қосу-баптау жұмыстары және жабдықтарды жұмысқа дайындау жүргізілуде. 

📈 Бұдан басқа, Жетісу облысында ұзындығы 302,4 км «Талдықорған – Үшарал» магистралды газ құбырының желілік бөлігінің құрылысы кестеден озып аяқталып, полиэтилен және «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистралды газ құбырының екінші желісін өндіруге арналған газ бөлу кешенінің жобалары бойынша ерте құрылыс жұмыстары басталды.

❗️Премьер-министр Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» басшылығы мен жауапты министрліктерге инвестициялық жобалардың уақтылы іске асырылуын және отандық тауар өндірушілерді қолдау тетіктерін одан әрі жетілдіруді қамтамасыз етуді тапсырды.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесі отырысын өткізді 📍Премьер-министр Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесі отырысын өткізді. Мемлекет басшысының экономиканың басым салаларына ірі инвестициялық жобаларды енгізу жөніндегі тапсырмаларын…
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров «Самрук-Қазына»

📍Премьер-министр Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров АО «Самрук-Қазына». Заслушан отчет председателя правления Фонда Нурлана Жакупова о ходе реализации поручений Главы государства по вводу крупных инвестиционных проектов в приоритетных отраслях экономики. Внимание уделено ключевым финансовым и производственным показателям Фонда и проводимой работе по совершенствованию процесса закупок. 

✔️ Руководство «Самрук-Қазына» доложило Совету директоров о  реализации 46 инвестиционных проектов в нефтегазовом, нефтехимическом, энергетическом, транспортно-логистическом, горнорудном и других секторах. Освоение средств по ним за 4 месяца текущего года составило 98%.

В текущем году введены в эксплуатацию 5 проектов на общую сумму порядка 355 млрд тенге. 

🔺 Запущен в работу контейнерный хаб в порту Актау. На объекте обеспечена возможность приема железнодорожных составов, обработки грузов и их дальнейшей отправки морским транспортом. Крупнейший в акватории Каспийского моря контейнерный хаб позволит увеличить объем грузоперевозок и укрепить позиции Казахстана на международных маршрутах. 

🔸 Сдан в эксплуатацию международный логистический терминал Zhetysu проектной мощностью 115 тыс. ДФЭ (двадцатифутовых контейнеров) в Алматы. Проект, реализованный совместно с портом Сиань (КНР), усилит транспортную связанность Казахстана с Китаем и странами Европы.  

🔹 Завершены работы по модернизации завода CASPI BITUM в Актау с увеличением мощности на 50% – до 750 тыс. тонн битума в год.

Построен высокотехнологичный научный центр инфекционных болезней в Алматы на 350 койко-мест. 

♦️ На стадии завершения – строительство опреснительного завода в Кендерли, на объекте ведутся пуско-наладочные работы и настройка оборудования.

📈 Кроме того, с опережением графика завершено строительство линейной части магистрального газопровода «Талдыкорган – Ушарал» протяженностью 302,4 км в области Жетісу и начаты ранние строительные работы по проектам газосепарационного комплекса для производства полиэтилена и второй нитки магистрального газопровода «Бейнеу – Бозой – Шымкент». 

❗️Премьер-Министр Олжас Бектенов поручил руководству «Самрук-Қазына» и профильным министерствам обеспечить своевременную реализацию инвестиционных проектов и дальнейшее совершенствование механизмов поддержки отечественных товаропроизводителей.  

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ТХКБ-ға шығатын «Орталық – Батыс» көлік дәлізінің құрылысы басталды

🚧 Қостанай облысында «Орталық – Батыс» автожол дәлізінің құрылысы басталды.

📌 Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында қолға алынды және еліміздің көлік инфрақұрылымын дамыту мен транзиттік әлеуетін арттыру жөніндегі Үкімет жоспарларына енгізілген.

Құрылыс жұмыстары бір уақытта екі нүктеде – Қостанай облысының Арқалық қаласы мен Жанкелдин ауданына қарасты Торғай ауылында басталды. Құрылыс «Астана – Жәнтеке – Егіндікөл – Арқалық – Торғай – Ырғыз» бағыты бойынша жүргізіліп жатыр. Жолдың жалпы ұзындығы 865 шақырымды құрайды.

🚘 Жаңа жол дәлізі еліміздің орталық бөлігін батыс өңірлермен тікелей байланыстырмақ. Сонымен қатар ол Қазақстанды Транскаспий халықаралық көлік бағытына (ТХКБ) шығуға мүмкіндік береді. Жаңа бағыттың арқасында Астана мен Ырғыз арасындағы арақашықтық 573 шақырымға қысқарады.

🌿 Құрылыс жұмыстарының барысында экологиялық мәселелерге ерекше көңіл бөлінуде. Киіктердің қоныс аудару аймақтарында жолдың көлденең профилін өзгерту қарастырылған, 1:10 еңіс жануарлардың еркін әрі кедергісіз қозғалуына мүмкіндік береді.

Құрылыстың басталуына негізделген салтанатты шараға ҚР көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев пен өңір басшысы Құмар Ақсақалов қатысты.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
ТХКБ-ға шығатын «Орталық – Батыс» көлік дәлізінің құрылысы басталды 🚧 Қостанай облысында «Орталық – Батыс» автожол дәлізінің құрылысы басталды. 📌 Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында қолға алынды және еліміздің көлік инфрақұрылымын дамыту мен транзиттік…
Начато строительство коридора «Центр - Запад» с выходом на ТМТМ

🚧 В Костанайской области дан старт строительству автодорожного коридора «Центр – Запад».

📌 Проект реализуется по поручению Главы государства и входит в планы Правительства по развитию транспортной инфраструктуры и транзитного потенциала страны.

Начало работ состоялось одновременно в городе Аркалык и в селе Торгай Жангельдинского района Костанайской области. Строительство охватывает автодорогу по маршруту «Астана – Жантеке – Егиндиколь – Аркалык – Торгай – Иргиз» общей протяженностью 865 км.

🚘 Новый автомобильный коридор обеспечит прямое сообщение между центром и западом страны, а также создаст выход на Транскаспийский международный транспортный маршрут (ТМТМ). Благодаря реализации проекта расстояние между Астаной и селом Иргиз сократится на 573 км.

🌿 Особое внимание при строительстве уделено вопросам экологичности. В зонах миграции сайгаков предусмотрено изменение поперечного профиля дороги, что минимизирует барьерный эффект и обеспечит безопасное пересечение дороги животными.

В церемонии старта приняли участие вице-министр транспорта Сатжан Аблалиев и аким региона Кумар Аксакалов.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📌Аптаның қорытынды жаңалықтары – біздің дәстүрлі жексенбілік дайджесте

🔸Үкімет отырысы:

Өндірісте қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету, еңбек саласын цифрландыру, сондай-ақ елімізде туристердің жайлы және қауіпсіз болуын қамтамасыз ету мәселесі қаралды:

✔️Жұмыс берушілер жарақаттануға, әсіресе адам өліміне алып келетін жағдайларды болдырмайтын еңбек қауіпсіздігін, автоматтандыру мен цифрландыруды қамтамасыз етуге міндетті, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

✔️ҚР Премьер-министрі еңбек заңнамасының бұзылуына қатысты, оның ішінде кәсіпорындардың цифрлық картасын пайдалана отырып, мониторинг жүргізуді күшейтуді тапсырды.

✔️Еліміздегі кәсіпорындарға өнеркәсіптік қауіпсіздік нормаларына сәйкестігі тұрғысынан тексеру жүргізіледі.

✔️Туристердің еліміздегі жайлы әрі қауіпсіз демалысын қамтамасыз ету — Үкімет отырысында Президент тапсырмаларын орындау шаралары қаралды.

✔️Олжас Бектенов туристерді келген сәттен бастап, бүкіл сапар маршруты бойынша және елден кеткенге дейін қолайлы жағдаймен қамтамасыз етуді тапсырды.

🔶Өзбекстанға жұмыс сапары:

✔️Премьер-министрі Олжас Бектенов IV Ташкент халықаралық инвестициялық форумының пленарлық отырысында сөз сөйлеп, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен келіссөздер жүргізді.

🔸Екіжақты кездесу:

Олжас Бектенов пен Болгария Президенті Румен Радев сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

✔️Қазақстан және Словакия премьер-министрлері сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылап, бірлескен бизнес-форумға қатысты.

✔️ҚР Премьер-министрі және East Hope Group қытай корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы елімізде «жасыл» алюминий өндіру жобасын жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

✔️Премьер-министр Олжас Бектенов Roca Group директорлар кеңесінің төрағасы Сантьяго де Гомар Рокамен Қызылорда облысында сантехникалық бұйымдар шығаратын зауыт салу жобасын жүзеге асыру мәселесін талқылады.

✔️Премьер-министр Олжас Бектенов ауыл шаруашылығы жихады министрі Голамреза Нури Гезельдже бастаған Иран Ислам Республикасы делегациясымен кездесті.

🔸Премьер-министр көлік саласындағы ірі инвестициялық жобалар бойынша кеңес өткізді. Онда Қауіпсіздік Кеңесі отырысында айтылған Президент тапсырмаларының орындалу барысы қаралды.

🔸Олжас Бектенов Geo-Jade Petroleum басшысы Ван Вэньтаомен «Созақ» кен орнында газ өндіру жобасын жүзеге асыру барысын талқылады.

🔸Премьер-министр Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесі отырысын өткізді. Онда Мемлекет басшысының экономиканың басым салаларына ірі инвестициялық жобаларды енгізу жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру барысы қаралды.

🔸Қанат Бозымбаев Атырауда өткен көшпелі отырыста облыс әкімдерімен батыс өңірлерін кешенді дамыту мәселесін талқылады

🔸ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев Ұлттық нейрохирургия орталығында болды.

🔸Ақмола облысында қайтарылған активтер қаражаты есебінен салынған медициналық мекемелер пайдалануға берілді.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📌Подводим итоги прошедшей недели в воскресном дайджесте

🔸Заседание Правительства:

Рассмотрены меры по обеспечению безопасных условий труда, цифровизации трудовой сферы, а также создани
ю благоприятных условий для пребывания туристов в Казахстане:

 
✔️Работодатели обязаны обеспечивать безопасность труда, автоматизацию и цифровизацию, исключающие травматизм и гибель человека - Олжас Бектенов.
 
✔️Усилить мониторинг нарушений трудового законодательства с использованием Цифровой карты предприятий поручил Премьер-министр РК.
 
✔️Проверку предприятий на предмет соответствия нормам промышленной безопасности проведут в Казахстане.
 
✔️Обеспечение комфортного и безопасного пребывания туристов - на заседании Правительства рассмотрены меры по исполнению поручений Президента.
 
✔️Олжас Бектенов поручил создать комфортные условия для туристов - начиная с их прибытия, на всем протяжении маршрута пребывания и до момента отбытия.
 
🔸Рабочий визит в Узбекистан:

✔️
Премьер-министр Олжас Бектенов выступил на пленарной сессии IV Ташкентского международного инвестиционного форума и провел переговоры с Президентом Узбекистана Шавкатом Мирзиёевым.
 
🔸Двусторонние встречи:

✔️
Олжас Бектенов и Президент Болгарии Румен Радев обсудили вопросы торгово-экономического сотрудничества.
 
✔️Премьер-министры Казахстана и Словакии обсудили торгово-экономическое сотрудничество и приняли участие в совместном бизнес-форуме.
 
✔️Перспективы реализации в Казахстане проекта по производству «зеленого алюминия» обсудили Премьер-министр РК и председатель Совета директоров китайской корпорации East Hope Group.
 
✔️Руководитель Правительства Олжас Бектенов обсудил с председателем Совета директоров Roca Group Сантьяго де Гомар Рока реализацию проекта строительства завода по производству сантехники в Кызылординской области.
 
✔️Премьер-министр Олжас Бектенов провел встречу с делегацией Исламской Республики Иран во главе с министром сельскохозяйственного джихада Голамрезой Нури Гезельдже.
 
🔸Руководитель Правительства провел совещание по крупным инвестиционным проектам в сфере транспорта. Рассмотрен ход исполнения поручений Президента, озвученных на заседании Совета Безопасности.
 
🔸Олжас Бектенов обсудил с главой Geo-Jade Petroleum Ван Вэньтао реализацию проекта добычи газа на месторождении «Созак».
 
🔸Премьер-министр Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров АО «Самрук-Қазына», на котором рассмотрен ход реализации поручений Главы государства по вводу крупных инвестиционных проектов.
 
🔸Комплексное развитие западных регионов обсудил Канат Бозумбаев с акимами областей на выездном заседании в Атырау.
 
🔸Заместитель Премьер-министра РК Ермек Кошербаев посетил Национальный центр нейрохирургии.
 
🔸Введены в эксплуатацию медицинские учреждения в Акмолинской области, построенные на возвращенных активах.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов Shandong Energy Group Co. басшысы Ли Вэймен 1,5 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін көмір химия зауытын салу мәселесін талқылады

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Shandong Energy Group Co. басқарма төрағасы Ли Вэймен кездесу өткізді. Онда энергетика саласындағы ынтымақтастық, оның ішінде Қазақстанда көмір химия зауытын салу бойынша бірлескен жобаны жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

🔎 QazaqGaz және Shandong Energy Group Co. компанияларының Қарағанды облысындағы көмірден газ өндіретін көмір химия зауытының құрылысы бойынша бірлескен жоспарларына назар аударылды. Жобалық қуаты жылына 2 млрд м3 газды құрайды. Өндірісті іске қосу Қазақстанның көмір-химия саласының дамуына жаңа серпін береді. Газдың қосымша көлемі, 1,5 мың тұрақты жұмыс орнын ашу, экономиканы әртараптандыру, жаңа технологияларды дамыту, сондай-ақ еліміздің экспорттық әлеуетін күшейтеді деп күтілуде.

🔺ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Қазақстан Үкіметі Қытай Халық Республикасымен экономиканың түрлі салаларында, оның ішінде көмір химиясы саласында өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға баса мән беретіне тоқталды.

🔸Shandong Energy Group Co. басқарма төрағасы Ли Вэй Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға және өнеркәсіптің келешегі зор бағытына инвестиция салуға мүдделі екенін айтты.

🔹Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар бірлескен жоспарды жүзеге асыру үшін сындарлы диалогқа ниетті екенін жеткізді.

Анықтама: Shandong Energy Group Co. (SEG) – Қытайдың энергетика, көмір және көмір химиясы саласында көп жылдық тәжірибесі бар жүйе құраушы кәсіпорын. Инновациялық тәсіл арқылы компания ҚХР-да көміртегі, метанол және көмір негізінде өндірілетін басқа да химиялық өнімдерді өндіруде көшбасшы болды. SEG-тің ҚХР провинцияларында және 17 елде орналасқан 608 еншілес кәсіпорны бар. 

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Олжас Бектенов Shandong Energy Group Co. басшысы Ли Вэймен 1,5 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін көмір химия зауытын салу мәселесін талқылады Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Shandong Energy Group Co. басқарма төрағасы Ли Вэймен…
Олжас Бектенов обсудил с главой Shandong Energy Group Co. Ли Вэем строительство углехимического завода с созданием 1,5 тыс. рабочих мест

Премьер-министр Республики Казахстан Олжас Бектенов провел встречу с председателем правления Shandong Energy Group Co. Ли Вэем. Обсуждены вопросы сотрудничества в энергетической отрасли, в том числе по реализации совместного проекта строительства углехимического завода в РК. 

🔎 Внимание уделено совместным планам QazaqGaz и Shandong Energy Group Co. по строительству в Карагандинской области углехимического завода по производству газа из угля. Проектная мощность – 2 млрд м3 газа в год. Запуск производства придаст новый импульс развитию углехимической отрасли Казахстана. Ожидается эффект в виде дополнительных объемов газа, создания 1,5 тыс. постоянных рабочих мест, экономической диверсификации, развития новых технологий, а также усиления экспортного потенциала страны.

🔺Премьер-министр РК Олжас Бектенов отметил, что Правительство Казахстана придает большое значение развитию взаимовыгодного сотрудничества с Китайской Народной Республикой в разных сферах экономики, в том числе в углехимической отрасли.   

🔸Председатель правления Shandong Energy Group Co. Ли Вэй подчеркнул заинтересованность в развитии сотрудничества с Казахстаном и инвестировании в перспективное направление промышленности. 

🔹По итогам переговоров стороны подтвердили приверженность конструктивному диалогу для реализации совместных планов. 

Справочно: Shandong Energy Group Co. (SEG) – системообразующее предприятие в энергетической отрасли Китая, имеющее многолетний опыт в угольной и углехимической индустрии. Посредством инновационного подхода компания стала лидером в КНР по производству карбамида, метанола и другой химической продукции, производимой на основе угля. SEG имеет 608 дочерних предприятий, расположенных в провинциях КНР и 17 странах. 

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM