UKIMET
18.5K subscribers
10.6K photos
1.81K videos
8.26K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
Олжас Бектенов Президенттің негізгі көлік жобаларын жүзеге асыру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов көлік саласындағы ірі инвестициялық жобалар бойынша кеңес өткізді. Онда Қауіпсіздік Кеңесі отырысында айтылған Президент тапсырмаларының орындалу барысы қаралды. 

📄 Жиында көлік министрінің міндетін атқарушы Мақсат Қалиақпаров, сондай-ақ «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев баяндама жасады.

🏗️ Көлік министрлігінің деректері бойынша 2025 жылға қарай 13 мың шақырым автожол, 6,1 мың шақырым темір жол жұмысымен қамтылған және 6 әуежайды жаңғыртылып, салынып жатыр, сонымен қатар су көлігі саласында 2 жоба жүзеге асырылуда.

🚆
Теміржол көлігі саласында жалпы құны 2,3 трлн теңгені құрайтын бес ірі жоба: «Достық – Мойынты» учаскесінің (836 км) екінші жолдың құрылысы, Алматы стансасының айналма жолы (75 км), «Дарбаза – Мақтаарал» темір жол желісінің (152 км) құрылысы жүзеге асырылуда. «Қызылжар – Мойынты» учаскесінде жұмыстар басталды: ҚТЖ деректері бойынша бірінші жартыжылдықта аяқталады деп күтілуде. Сондай-ақ  «Бақты – Аягөз» (272 км) жобасы туралы айтылды. «Достық – Мойынты» және Алматы стансасы айналма жолы жобалары мерзімінен бұрын орындалуда.

✔️ Сонымен қатар жұмыс теміржол желісінің жекелеген учаскелерін қамтиды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2029 жылға дейін жалпы 11 мың шақырым темір жолды жөндеуден өткізу жоспарланса, биыл жалпы сомасы 177 млрд теңгеге 1 480 шақырым жол жаңғыртылады. Сонымен қатар 2025 жылы аяқталатын 125 вокзал кешенін реконструкциялау жұмыстары жүргізіледі.

🔺 Автожол құрылысы саласында биыл 13 мың шақырымға жұмыс жүргізу жоспарлануда, оның ішінде 2,2 мың шақырымы – реконструкциялау бойынша жобалар, 6,6 мың шақырымы – жөндеу, сондай-ақ 4,2 мың шақырымы – жергілікті желіні жөндеу жұмыстары. Қазіргі уақытта 9 мың шақырым жол жаңғыртылуда. Ұзындығы 1 083 шақырымды құрайтын ауыспалы жобаларды реконструкциялау жалғасуда, оның ішінде жыл соңына дейін 847 шақырым жол жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Жаңа жобалар қатарында «Орталық – Батыс» күре жолының құрылысы бар, ол Астанадан Ақтау порты бағытындағы транзиттік бағыттардың қашықтығын 889 шақырымға қысқартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ «Ақтөбе – Ұлғайсын» (234 км), «Қарағанды – Жезқазған» (572 км) учаскелері бойынша жұмыстар басталды.
UKIMET
Олжас Бектенов Президенттің негізгі көлік жобаларын жүзеге асыру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов көлік саласындағы ірі инвестициялық жобалар бойынша кеңес өткізді. Онда Қауіпсіздік Кеңесі отырысында айтылған…
Олжас Бектенов проверил ход исполнения поручений Президента по реализации ключевых транспортных проектов

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов провел совещание по крупным инвестиционным проектам в сфере транспорта. Рассмотрен ход исполнения поручений Президента, озвученных на заседании Совета Безопасности. 

📄 Заслушан доклад и.о. министра транспорта Максата Калиакпарова, а также председателя правления АО «НК «КТЖ» Нурлана Сауранбаева, председателя правления АО «НК «КазАвтоЖол» Дархана Иманашева.

🏗️ По данным Министерства транспорта, на 2025 год охвачено работами 13 тыс. км автомобильных, 6,1 тыс. км железных дорог, ведется модернизация и строительство 6 аэропортов, реализуются 2 проекта в области водного транспорта.

🚆 В сфере железнодорожного транспорта ведется реализация пяти крупных проектов общей стоимостью 2,3 трлн тенге: строительство вторых путей участка Достык – Мойынты (836 км), обводной дороги станции Алматы (75 км), ж/д линии Дарбаза – Мактаарал (152 км). Начаты работы на участке Кызылжар-Мойынты: по данным КТЖ, завершение ожидается в первом полугодии. Также было доложено о проекте Бахты – Аягоз (272 км). Проекты Достык – Мойынты и обводной дороги станции Алматы ведутся с опережением графика.

✔️ Кроме того, работами охвачены отдельные участки ж/д сети. В соответствии с поручением Главы государства всего до 2029 года планируется ремонт 11 тыс. км железных дорог. В текущему году будут модернизированы 1 480 км на общую сумму 177 млрд тенге. Параллельно проводится реконструкция 125 вокзальных комплексов с завершением в 2025 году.

🔺 В сфере автодорожного строительства в текущем году планируется охватить работами 13 тыс. км, из них 2,2 тыс. км – это проекты по реконструкции, 6,6 тыс. км – ремонт, а также 4,2 тыс. км – ремонт местной сети. В настоящее время модернизацией охвачены 9 тыс. км. Продолжается реконструкция переходящих проектов протяженностью 1 083 километра, из них до конца года планируется завершить работы на 847 км дорог. В числе новых проектов — строительство магистрали Центр – Запад, которая позволит сократить расстояние транзитным маршрутам в направлении порта Актау с Астаны на 889 километров. Также запущены работы по участкам Актобе – Улгайсын (234 км), Караганда – Жезказган (572 км) и др. 
Қазақстан жолдарында автожолдар сапасы мен көліктердің шамадан тыс жүктелуін бақылау үшін 220 автожүйе орнатылады

2024 жылғы наурызда Атырауда өткен Ұлттық құрылтай отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке автожолдар сапасын жақсартуға баса назар аудара отырып, ауқымды құрылыс және жөндеу жұмыстарын бастауды тапсырған болатын.

Аталған тапсырма шеңберінде Көлік министрлігі Үкімет атынан құрылысты жетілдіруге, жолдарды пайдалану стандарттарының сақталуын қамтамасыз етуге де бағытталған шаралар кешенін әзірлеп, жүзеге асыруда.

🔸Басым бағыттардың бірі – көлікті бақылау жүйесін кеңейту. 2026 жылдың соңына дейін бүкіл ел бойынша 220-ға жуық автоматтандырылған өлшеу стансаларын (АӨС) орнату жоспарлануда. Республикалық маңызы бар автожолдарда 126 АӨС орнатылады. Бұл стансалар жергілікті тас жолдарда да пайда болады. Орнату жұмыстарымен Көлік министрлігі және өңір әкімдіктері айналысуда.

🔺АӨС фото және бейнежазбалар түсіріп, көліктің маркасын, мемлекеттік тіркеу нөмірін, салмағы мен габариттік параметрлерін, осьтік жүктемелері мен жылдамдығын тіркейді.

📸 Көліктің шамадан тыс жүктелуі анықталған кезде жүйе автоматты түрде фотофиксация жасайды, содан кейін ақпарат көлік дерекқорының ақпараттық-аналитикалық жүйесіне жіберіледі. Бұл Көлік комитетіне салмақ нормаларының асып кетуіне байланысты құқық бұзушылықтар туралы хабарламаларды жедел жіберуге мүмкіндік береді.

📍Тиісті көлік бақылауды қамтамасыз ету үшін автоматтандырылған өлшеу стансаларының санын едәуір арттыру жоспарлануда. Елордаға кіре берісте 9 жаңа автоматтандырылған станса орнатылған. Еліміз бойынша АӨС-тің жалпы саны 50 бірліктен асады. Көлік бақылау ведомствосы қызметкерлерінің айтуынша, бұл шаралар ауыр жүк көліктерінің жүруін бақылау мәселелерін шешу және көліктік бақылау кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту үшін жоспарланған.

♦️Сонымен қатар Көлік министрлігі жол жұмыстарының сапасын бақылаудың бес сатылы жүйесін енгізді, бұл мердігерден тапсырыс берушіге дейінгі барлық кезеңдерді қамтиды:

▫️Бірінші кезең – материалдардың сапасына үздіксіз бақылау жүргізетін және атқарушылық-техникалық құжаттаманы жүргізетін мердігер ұйымның өзі.

▫️Екінші кезең – күнделікті жедел бақылауды жүзеге асырады және жасырын жұмыстар мен орындалған көлемдерді куәландыратын техникалық қадағалау қызметі.

▫️Үшінші кезең – жобалық шешімдердің сақталуын бақылайтын және қажет болған жағдайда жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізетін авторлық қадағалау қызметі.

▫️Төртінші кезең – уәкілетті органнан жұмыстар мен материалдардың сапасын іріктеп бақылауды жүзеге асыратын Ұлттық сапа орталығы.

▫️Бесінші кезең – жобаны жүзеге асырылуына жалпы бақылауды, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етуді, аяқталған жұмыстарды қабылдауды жүзеге асыратын және бюджет қаражатының жұмсалуын бақылайтын тапсырыс беруші.

✔️ Көп деңгейлі тәсіл барлық нормативтік талаптың қатаң сақталуын қамтамасыз етуге және жол төсемінің беріктігін арттыруға арналған.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Қазақстан жолдарында автожолдар сапасы мен көліктердің шамадан тыс жүктелуін бақылау үшін 220 автожүйе орнатылады 2024 жылғы наурызда Атырауда өткен Ұлттық құрылтай отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке автожолдар сапасын жақсартуға баса…
220 автосистем установят на дорогах Казахстана для контроля за качеством автодорог и перегрузом транспорта

В марте 2024 года на заседании Национального курултая в Атырау Глава государства Касым-Жомарт Токаев поручил Правительству начать масштабное строительство и ремонт автодорог с акцентом на повышение их качества.

В рамках этого поручения Правительством в лице Министерства транспорта разработан и реализуется комплекс мер, направленный как на улучшение строительства, так и на обеспечение соблюдения стандартов эксплуатации дорог.

🔸 Одним из ключевых направлений стало расширение системы транспортного контроля. До конца 2026 года по всей стране планируется установить порядка 220 автоматизированных станций измерения (АСИ). 126 АСИ установят на трассах республиканского значения. Также эти станции появятся на местных трассах. Установкой занимаются Министерство транспорта и акиматы регионов.

🔺АСИ снимают фото и видео, фиксируют марку, государственный регистрационный знак, весовые и габаритные параметры автомобилей, осевые нагрузки и скорость.

📸 При выявлении перегруза автомобиля система автоматически делает фотофиксацию, после чего информация передается в информационно-аналитическую систему транспортной базы данных. Это позволяет Комитету транспорта оперативно направлять уведомления о правонарушениях, связанных с превышением весовых норм.

📍Для обеспечения должного транспортного контроля планируется значительно увеличить количество автоматизированных станций измерения. На въездах в столицу установлены 9 новых автоматизированных станций. Общее количество АСИ по стране более 50 единиц. По словам сотрудников ведомства транспортного контроля, данными мерами планируется решить вопросы контроля за проездом тяжеловесных автомобильных транспортных средств и минимизировать коррупционные риски при транспортном контроле.

♦️Одновременно с этим Министерством транспорта внедрена пятиступенчатая система контроля качества дорожных работ, которая охватывает все этапы – от подрядчика до заказчика:

▫️Первая ступень – сама подрядная организация, которая проводит сплошной контроль качества материалов и ведет исполнительно-техническую документацию.

▫️Вторая ступень – служба технического надзора, которая на ежедневной основе осуществляет операционный контроль и освидетельствует скрытые работы и выполненные объемы.

▫️Третья ступень – служба авторского надзора, которая ведет контроль за соблюдением проектных решений и при необходимости вносит изменения в проектно-сметную документацию.

▫️Четвертая ступень – Национальный центр качества, который осуществляет выборочный контроль качества работ и материалов от Уполномоченного органа.

▫️Пятая ступень – заказчик, который осуществляет общий контроль реализации проекта, обеспечение взаимодействия с госорганами, осуществление приемки выполненных работ и контроль расходования бюджетных средств.

✔️ Многоуровневый подход призван обеспечить строгое соответствие всем нормативным требованиям и повысить долговечность дорожного полотна.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов Geo-Jade Petroleum басшысы Ван Вэньтаомен «Созақ» кен орнында газ өндіру жобасын жүзеге асыру барысын талқылады

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Hong Kong Sino-Science Oil and Gas Co., Ltd. (Geo-Jade Petroleum) компаниясының президенті Ван Вэньтаомен кездесу өткізді.

♦️Жиында мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық және күрделі жолмен алынатын газды өндіру жобасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Аталған жоба Қызылорда облысындағы «Созақ» кен орнында жүзеге асырылуда.

✔️Қазақстан энергетикалық қауіпсіздікті нығайту және еліміздің экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін өзара тиімді шарттарда ынтымақтастықты жалғастыруға және дәстүрлі емес ресурстардың әлеуетін ашуға мүдделі.

Талқылау қорытындысы бойынша жұмыс топтары деңгейінде жұмыс жалғасатынын атап өтті.

Анықтама:
Geo-Jade Petroleum – Қазақстанда 10 жылдан астам жұмыс істеп келе жатқан мұнай мен газды барлау және өндіру бойынша ірі қытайлық компания. Бұған дейін кәсіпорын Қазақстанда $3 млрд-тан асатын бірқатар ірі жобаны жүзеге асырып, 1 мыңға жуық тұрақты жұмыс орнын ашқан.



Олжас Бектенов обсудил с главой Geo-Jade Petroleum Ван Вэньтао реализацию проекта добычи газа на месторождении «Созак»


Премьер-министр Республики Казахстана Олжас Бектенов провел встречу с президентом компании Hong Kong Sino-Science Oil and Gas Co., Ltd. (Geo-Jade Petroleum) Ван Вэньтао.

♦️Обсуждены вопросы сотрудничества в нефтегазовом секторе и реализации проекта по добыче сложноизвлекаемого газа. Данный проект реализуется на месторождении «Созак» в Кызылординской области.

✔️Казахстан заинтересован в продолжении сотрудничества на взаимовыгодных условиях и в раскрытии потенциала нетрадиционных ресурсов для укрепления энергетической безопасности и обеспечения экономического роста страны.

По итогам обсуждения стороны отметили, что работы будут продолжены на уровне рабочих групп.

Справочно: Geo-Jade Petroleum – крупнейшая китайская компания по разведке, добыче нефти и газа, которая работает в Казахстане более 10 лет. Ранее компанией реализован в РК ряд крупных проектов на сумму свыше $3 млрд и создано порядка 1 тыс. постоянных рабочих мест для местного населения.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қанат Бозымбаев Атырауда өткен көшпелі отырыста облыс әкімдерімен батыс өңірлерін кешенді дамыту мәселесін талқылады

📌
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев жұмыс сапарымен Атырау облысына барып, Батыс өңірлерін әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі шұғыл шаралар жоспарын, «Ауыл аманаты» жобасын және бюджеттік жоспарлау саласындағы реформаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Бюджет кодексін реформалау және бюджеттік жоспарлауды Өңірлік стандарттар жүйесімен (ӨСЖ) ұштастыру мәселесі талқыланды. Аталған жүйе қаржыландыруды инфрақұрылым алшақтықтары бар өңірлерге басымдықпен бағыттауға мүмкіндік береді.



Комплексное развитие западных регионов обсудил Канат Бозумбаев с акимами областей на выездном заседании в Атырау


📌Заместитель Премьер-министра Канат Бозумбаев с рабочей поездкой посетил Атыраускую область, где провел заседание, посвященное реализации Плана срочных мер социально-экономического развития западных регионов, проекта «Ауыл Аманаты» и реформам в бюджетном планировании.

Обсуждалась реформа Бюджетного кодекса и увязка бюджетного планирования с Системой региональных стандартов (СРС), которая позволит направлять финансирование в регионы с наибольшими инфраструктурными разрывами.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесі отырысын өткізді

📍Премьер-министр Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесі отырысын өткізді. Мемлекет басшысының экономиканың басым салаларына ірі инвестициялық жобаларды енгізу жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру барысы туралы Қор басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың баяндамасы тыңдалды. Қордың негізгі қаржылық, өндірістік көрсеткіштеріне және сатып алу процесін жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға назар аударылды.

✔️«Самұрық-Қазына» басшысы директорлар кеңесіне мұнай-газ, мұнай химиясы, энергетика, көлік-логистика, тау-кен және басқа да салалардағы инвестициялық 46 жобаны жүзеге асыру туралы айтты. Биылғы 4 айда олар бойынша қаржының игерілуі 98%-ды құрады.

Осы жылы жалпы құны 355 млрд теңгеге жуық 5 жоба пайдалануға берілді. 

🔺 Ақтау портында контейнерлік хаб іске қосылды. Нысан теміржол құрамдарын қабылдауға, жүктерді өңдеу және оларды теңіз көлігі арқылы әрі қарай жөнелтуге қауқарлы. Каспий теңізі су аймағындағы ең ірі контейнерлік хаб жүк тасымалдау көлемін арттырып, Қазақстанның халықаралық бағыттардағы ұстанымын нығайтуға мүмкіндік береді. 

🔸Алматыда жобалық қуаты 115 мың ЖФЭ (жиырма футтық контейнерлер) Zhetysu халықаралық логистикалық терминалы пайдалануға берілді. Сиань портымен (ҚХР) бірлесіп іске асырылған жоба Қазақстанның Қытаймен және Еуропа елдерімен көлік байланысын нығайтады. 

🔹Ақтаудағы CASPI BITUM зауытын жаңғырту жұмыстары аяқтал, қуаттылығын жылына 750 мың тоннаға дейін, 50%-ға арттырды.

Алматыда 350 төсек-орынға арналған инфекциялық аурулардың жоғары технологиялық ғылыми орталығы салынды.

♦️Кендірліде су тұщыту зауытының құрылысы аяқталуға жақын, нысанда іске қосу-баптау жұмыстары және жабдықтарды жұмысқа дайындау жүргізілуде. 

📈 Бұдан басқа, Жетісу облысында ұзындығы 302,4 км «Талдықорған – Үшарал» магистралды газ құбырының желілік бөлігінің құрылысы кестеден озып аяқталып, полиэтилен және «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистралды газ құбырының екінші желісін өндіруге арналған газ бөлу кешенінің жобалары бойынша ерте құрылыс жұмыстары басталды.

❗️Премьер-министр Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» басшылығы мен жауапты министрліктерге инвестициялық жобалардың уақтылы іске асырылуын және отандық тауар өндірушілерді қолдау тетіктерін одан әрі жетілдіруді қамтамасыз етуді тапсырды.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесі отырысын өткізді 📍Премьер-министр Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесі отырысын өткізді. Мемлекет басшысының экономиканың басым салаларына ірі инвестициялық жобаларды енгізу жөніндегі тапсырмаларын…
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров «Самрук-Қазына»

📍Премьер-министр Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров АО «Самрук-Қазына». Заслушан отчет председателя правления Фонда Нурлана Жакупова о ходе реализации поручений Главы государства по вводу крупных инвестиционных проектов в приоритетных отраслях экономики. Внимание уделено ключевым финансовым и производственным показателям Фонда и проводимой работе по совершенствованию процесса закупок. 

✔️ Руководство «Самрук-Қазына» доложило Совету директоров о  реализации 46 инвестиционных проектов в нефтегазовом, нефтехимическом, энергетическом, транспортно-логистическом, горнорудном и других секторах. Освоение средств по ним за 4 месяца текущего года составило 98%.

В текущем году введены в эксплуатацию 5 проектов на общую сумму порядка 355 млрд тенге. 

🔺 Запущен в работу контейнерный хаб в порту Актау. На объекте обеспечена возможность приема железнодорожных составов, обработки грузов и их дальнейшей отправки морским транспортом. Крупнейший в акватории Каспийского моря контейнерный хаб позволит увеличить объем грузоперевозок и укрепить позиции Казахстана на международных маршрутах. 

🔸 Сдан в эксплуатацию международный логистический терминал Zhetysu проектной мощностью 115 тыс. ДФЭ (двадцатифутовых контейнеров) в Алматы. Проект, реализованный совместно с портом Сиань (КНР), усилит транспортную связанность Казахстана с Китаем и странами Европы.  

🔹 Завершены работы по модернизации завода CASPI BITUM в Актау с увеличением мощности на 50% – до 750 тыс. тонн битума в год.

Построен высокотехнологичный научный центр инфекционных болезней в Алматы на 350 койко-мест. 

♦️ На стадии завершения – строительство опреснительного завода в Кендерли, на объекте ведутся пуско-наладочные работы и настройка оборудования.

📈 Кроме того, с опережением графика завершено строительство линейной части магистрального газопровода «Талдыкорган – Ушарал» протяженностью 302,4 км в области Жетісу и начаты ранние строительные работы по проектам газосепарационного комплекса для производства полиэтилена и второй нитки магистрального газопровода «Бейнеу – Бозой – Шымкент». 

❗️Премьер-Министр Олжас Бектенов поручил руководству «Самрук-Қазына» и профильным министерствам обеспечить своевременную реализацию инвестиционных проектов и дальнейшее совершенствование механизмов поддержки отечественных товаропроизводителей.  

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM