UKIMET
18.5K subscribers
10.6K photos
1.81K videos
8.26K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
Ақмола облысында қайтарылған активтер есебінен салынған медициналық мекемелер пайдалануға берілді

📌 Мемлекет басшысының әлеуметтік инфрақұрылымды құру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Ақмола облысында екі денсаулық сақтау мекемесі – Аршалы ауданы Арнасай ауылында дәрігерлік амбулатория және Бұланды ауданы Алтынды ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды. Нысандар елге қайтарылған активтер есебінен салынған. Осы мақсатқа арнаулы мемлекеттік қордан 295 млн теңге бөлінді.

🔸 Аршалы ауданының Арнасай ауылындағы дәрігерлік амбулатория 2 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсетеді: Елток, Қойгелді, Бабатай стансалары және 42 разъезд. 450 м2 ғимарат бір ауысымда 45 келушіге арналған және ЭКГ аппаратын, дефибрилляторларды, физиотерапия және оңалту жабдықтарын қоса алғанда, заманауи жабдықтармен толық жабдықталған. Бұл ауыл тұрғындары үшін алғашқы медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

🔹 Бұланды ауданы Алтынды ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт Алтынды, Алакөл, Жаңаталап, Елтай және Боярка ауылдарынан 1 мыңға жуық адамға медициналық қызмет көрсетуге арналған. Нысан заманауи жабдықтармен жабдықталған, бұл халыққа уақтылы және сапалы медициналық көмек көрсетеді.

✔️ Медициналық мекемелердің ашылуына ҚР Бас прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев пен Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қатысты.

❗️Айта кетейік, Ақмола облысында тағы үш дәрігерлік амбулатория, төрт фельдшерлік-акушерлік және бір медициналық пункт құрылысы аяқталуда. Үкімет өңірде 10 денсаулық сақтау нысанын салуға Арнаулы мемлекеттік қордан шамамен 1,7 млрд теңге бөлді.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Ақмола облысында қайтарылған активтер есебінен салынған медициналық мекемелер пайдалануға берілді 📌 Мемлекет басшысының әлеуметтік инфрақұрылымды құру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Ақмола облысында екі денсаулық сақтау мекемесі – Аршалы ауданы…
Введены в эксплуатацию медицинские учреждения в Акмолинской области, построенные на возвращенные активы
 
📌 В рамках исполнения поручения Главы государства по созданию социальной инфраструктуры в Акмолинской области открыли два учреждения здравоохранения — врачебная амбулатория в селе Арнасай Аршалынского района и фельдшерско-акушерский пункт в селе Алтынды Буландынского района. Объекты построены за счет возвращенных в страну незаконно выведенных активов. На эти цели из Специального государственного фонда было выделено порядка 295 млн тенге.

🔸 Врачебная амбулатория в селе Арнасай Аршалынского района обслуживает более 2 тыс. жителей из близлежащих сел: Елток, Койгельды, станций Бабатай и 42 разъезда. Здание, площадью 450 м², рассчитано на 45 посещений в смену и полностью оснащено современным оборудованием, включая аппарат ЭКГ, дефибрилляторы, оборудование для физиотерапии и реабилитации. Это позволит повысить качество и доступность первичной медицинской помощи для сельских жителей.

🔹 Фельдшерско-акушерский пункт в селе Алтынды Буландынского района предназначен для оказания медицинских услуг около 1 тыс. человек из сел Алтынды, Алаколь, Жанаталап, Елтай и Боярка. Объект также оснащен современным оборудованием, что обеспечит своевременную и качественную медицинскую помощь населению.

✔️ В открытии медицинских учреждений приняли участие заместитель Генерального прокурора РК Галымжан Койгелдиев и аким Акмолинской области Марат Ахметжанов.

❗️Отметим, в Акмолинской области завершается строительство еще трех врачебных амбулаторий, четырех фельдшерско-акушерских и одного медицинского пункта. Правительством на возведение в регионе 10 объектов здравоохранения из Специального государственного фонда было выделено порядка 1,7 млрд тенге.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
✔️ Келіссөздер қорытындысы бойынша премьер-министрлер «Қазақстан – Словакия» бизнес-форумына қатысты.

📌 Екі елдің іскер топтарының өкілдері өзара қызығушылық тудыратын жаңа салалар бойынша қарым-қатынас орнату мәселелерін талқылады. Қазақстанда словак бизнесі денсаулық сақтау, энергетика, тамақ өнеркәсібі және тағы басқа салаларға белсенді түрде қатысуда.   

💬 Олжас Бектенов өз сөзінде инвесторлар мен словакиялық іскер топ өкілдерін жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға шақырды. Өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы, әскери-өнеркәсіптік кешен  сияқты және басқа да ынтымақтастық пен экономикалық дамуға негіз болатын ұзақмерзімді байланыстарды жандандырудың перспективалы бағыттары айқындалды. Қазақстан жүзеге асырып жатқан Су серіктестігі бастамасы аясында су ресурстарын басқару саласында тәжірибе алмасу маңызды,  соған сәйкес, су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту, заманауи ирригациялық және тағы басқа да жүйелерді енгізу көзделген. 

🌐 Сондай-ақ Қазақстанда IT мамандар үшін жасалған жағдайға назар аударылды. Astana Hub халықаралық технопаркі бүгінде 1,5 мыңнан астам стартапты, оның ішінде Google, Microsoft сияқты басқа да әлемдік технологиялық көшбасшыларды қолдайды. Словакияның  инновациалық IT секторы цифрлық экожүйеге негізделген стартаптарды іске асыруға шақырылды.

🔺 Форум жұмысын аяқтай отырып, Қазақстан мен Словакия премьер-министрлері жан-жақты өзара тиімді әріптестікті сапалы түрде кеңейтуге берік ұстанымдарын білдірді.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
✔️ По итогам переговоров премьер-министры приняли участие в бизнес-форуме «Казахстан – Словакия». 

📌 Представители деловых кругов двух стран обсудили вопросы налаживания связей в новых областях, представляющих взаимный интерес. Словацкий бизнес в РК активно представлен в таких сферах, как здравоохранение, энергетика, пищевая отрасль и др.   

💬 В своем выступлении Олжас Бектенов пригласил инвесторов и представителей словацкого бизнес-сообщества к совместной реализации проектов. Выделены перспективные направления для сотрудничества  и  активизации  долгосрочных связей, содействующих экономическому росту, такие как промышленность, энергетика, сельское хозяйство, военно-промышленный комплекс и др. Важным является обмен опытом в области управления водными ресурсами в рамках реализуемой Казахстаном Партнерской водной инициативы, согласно которой предусмотрена модернизация водохозяйственной инфраструктуры, внедрение современных ирригационных систем и др. 

🌐 Внимание также уделено созданным в Казахстане условиям для IT-специалистов. Международный технопарк Astana Hub на сегодня поддерживает более 1,5 тыс.  стартапов, в том числе таких мировых технологических лидеров, как Google, Microsoft и др. Инновационный IT-сектор Словакии приглашен к реализации стартапов на базе цифровой экосистемы. 

🔺Закрывая работу форума, премьер-министры Казахстана и Словакии выразили твердую нацеленность на качественное расширение всестороннего взаимовыгодного партнерства. 

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🪙2025 жылдың қаңтар-мамыр аралығында Қазақстанның ЖІӨ 6%-ға өсті
 
Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қаңтар-мамыр айларында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 6%-ға өскен.
Мұндай нәтижеге өнеркәсіп пен құрылыс салаларынан бастап сауда, көлік жәнебайланысқа дейінгі негізгі салалардағы өсім қарқынының жеделдеуі ықпал етті.
Өнеркәсіп өндірісі 6,4%-ға артты. Елдің 17 өңірінде өсім байқалды: ең жоғары өсім +22,9% көрсеткішімен кен өндіру, тыңайтқыштар, портландцемент пен қант өндірісінің белсенді дамуының нәтижесінде Жамбыл облысында тіркелді.  Түркістан және Жетісу облыстарында өндіріс 14,8%-ға, Алматы қаласында 14,1%-ға өсті. Шымкент қаласында өсім 18,9%-ға жетті.
Ауыл шаруашылығындағы өсім 4,0%-ды құрады (қаңтар-сәуір айларындағы 3,9%-бен салыстырғанда). Ең айқын өсім Атырау облысында (+10,4%), Солтүстік Қазақстан облысында (+7,5%) және Ақмола облысында (+6,5%) тіркелді, бұл негізінен мал мен құс сойымының артуы есебінен болды. Түркістан облысында өсім 6,3%-ды, Абай облысында – 3,6%-ды, ал Қостанай облысында – 4,8%-ды құрады.
Құрылыс саласы қарқынды дамып келеді, 15,4%-ға өсті. Он сегіз өңірде өсім тіркелді, ал Маңғыстау облысында мектептер, тұщытқыш зауыт, мұнай және су құбырларын қайта жаңарту, аудандық аурухана және автожолдарды жөндеу сияқты ауқымды жобалардың арқасында жұмыс көлемі екі есеге артты. Қызылорда облысында өсім 64,5%-ды, Қостанайда – 57,8%-ды, Астанада – 51,8%-ды, Түркістан облысында – 46,6%-ды құрады. Тұрғын үй құрылысы да қарқын алып келеді: бес айдың ішінде 6 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл былтырмен салыстырғанда 5,7%-ға көп. Ең белсенді құрылыс Түркістан облысында (+25,5%), Шымкент қаласында (+23,4%) және Алматы облысында (+20,4%) байқалды.
Негізгі капиталға салынған инвестиция18,2%-ға артты. Бұл өсім көлік, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымға, сондай-ақ жабдықтар мен жаңа өнеркәсіптік нысандарға бағытталған қаржы салымдарының есебінен қамтамасыз етілді.
Сауда айналымы 7,8%-ға артты (қаңтар-сәуір айының қорытындысындағы 7,0%-бен салыстырғанда). Ішкі сауда құрылымында көтерме сауданың үлесі шамамен 68%-ды құрайды. Ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында көтерме сауда 8,3%-ға, бөлшек сауда 6,5%-ға өсті.
Өсім қарқыны бойынша Түркістан облысы (+66,2%), Ақмола облысы (+48,9%) және Шымкент қаласы (+23,1%) алдыңғы қатарда.
Байланыс және телекоммуникация саласы 2,8%-ға өсті. Бұл Интернет желісі қызметтері есебінен (+13,9%).
Көлік саласы 23,1%-дық өсім көрсетті — бұл көбінесе жүк теміржол көлігінің (+17%) және құбыр арқылы тасымалдаудың өсуінебайланысты (+13,8%). Ең жоғары өсім Жетісу облысында (+39,1%), Абай облысында (+17,7%) және Ақтөбе облысында (+11,3%) тіркелді.
Үкімет елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету жөніндегі Президенттің тапсырмаларының орындалуын жеке бақылауда ұстауды жалғастырып келеді.

https://t.me/presseconomy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🪙ВВП Казахстана за январь–май 2025 г. вырос на 6%
 
По предварительным данным Бюро национальной статистики, валовой внутренний продукт Казахстана за январь–май 2025 года вырос на 6% по сравнению с аналогичным периодом прошлого года.
Такой результат стал возможен благодаря ускорению темпов в ключевых отраслях – от промышленности и строительства до торговли, транспорта и связи.
Промышленное производствоприбавило 6,4%. Рост отмечен в 17 регионах страны: лидером по динамике стала Жамбылская область с показателем +22,9% благодаря активному добыванию руды, выпуску удобрений, портландцемента и сахара. На 14,8% увеличили производство Туркестанская и Жетісу области, на 14,1% – г.Алматы, а в Шымкенте рост составил 18,9%.
Сельское хозяйство показало прибавку в 4,0% (против 3,9% в январе–апреле). Наиболее заметный рост в Атырауской области (+10,4%), Северо-Казахстанской (+7,5%) и Акмолинской (+6,5%) – в основном за счёт наращивания забоя скота и птицы. В Туркестанской области рост достиг 6,3%, в Абайской – 3,6%, в Костанайской – 4,8%.
Динамичное развитие показывает строительная отрасль: объёмы выросли на 15,4%. Восемнадцать регионов показали рост, а Мангистауская область удвоила объёмы работ благодаря масштабным проектам – школам, опреснительному заводу, реконструкции нефтепроводов и водоводов, районной больнице и ремонту автодорог. В Кызылординской области рост составил 64,5%, в Костанайской – 57,8%, в Астане – 51,8%, в Туркестанской – 46,6%.
Жилищное строительство продолжает набирать обороты: за пять месяцев введено в эксплуатацию более 6 млн кв. м жилья, что на 5,7% превосходит показатель прошлого года. Активнее всего строят в Туркестанской области (+25,5%), Шымкенте (+23,4%) и Алматинской области (+20,4%).
Инвестиции в основной капиталвыросли на 18,2%. Рост обеспечили вложения в транспортную, производственную и социальную инфраструктуру, а также в оборудование и новые промышленные объекты.
Торговля увеличила оборот на 7,8% (против 7,0% по итогам января-апреля). Доля оптовой торговли в структуре внутренней торговли составляет порядка 68%. В январе-мае т.г. оптовая торговля прибавила 8,3%, розничная – 6,5%.
В лидерах по темпам оказались Туркестанская область (+66,2%), Акмолинская (+48,9%) и Шымкент (+23,1%).
Связь и телекоммуникации прибавили 2,8% за счет услуг сети интернет (+13,9%).
Транспортная отрасль демонстрирует рост в 23,1% – это во многом результат роста грузового железнодорожного транспорта(+17%) и транспортировки по трубопроводу(+13,8%). Особо высокие темпы в Жетісу (+39,1%), Абайской области (+17,7%) и Актюбинской области (+11,3%).
Правительство продолжает держать под личным контролем реализацию поручений Президента по обеспечению устойчивого социально-экономического развития страны.

https://t.me/presseconomy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM