UKIMET
18.5K subscribers
10.8K photos
1.83K videos
8.27K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
UKIMET
Олжас Бектенов ТМД үкіметтері басшылары кеңесі отырысына қатысты 📍Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Душанбе қаласында (Тәжікстан) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ұйымына мүше елдер үкіметтері басшыларының кеңесінің отырысына қатысты.…
ҮБК отырысында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Қазақстанның ұйымды одан әрі дамытуға әрі оның әлеуетін нығайтуға жәрдемдесуге ниетті екенін атап өтті.
«Ынтымақтастықтың қалыптасқан тетіктерінің, елдер көшбасшыларының саяси ерік-жігері мен үкіметтерінің күш-жігері нәтижесінде ТМД кеңістігінде орнықты даму мен дәйекті экономикалық өсу қамтамасыз етілуде. Бұған өткен жылдың қорытындысы бойынша ТМД елдерінің жалпы ЖІӨ көлемінің 4,5%-ға артуы дәлел. Өзара сауда-саттық тұрақтыі өсуде. Өткен жылы Қазақстанның ТМД елдерімен тауар айналымы 1,2%-ға өсіп, $37,3 млрд-қа жетті. Бұл көрсеткіштер экономикалық байланыстардың тұрақтылығын ғана емес, сонымен қатар біздің экономикаларымыз арасындағы өзара толықтырудың жоғары деңгейін көрсетеді», —

деп атап өтті Олжас Бектенов. Ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында Қазақстан Премьер-министрі экономиканың келешегі зор салаларында бірқатар бастама көтерді.

🔺Жиында электронды сауда саласындағы өзара іс-қимылға назар аударылды. Қазақстанда өткен жылы e-commerce көлемі $6,2 млрд-ты құрады. ТМД-да электронды сауда әлеуетін толыққанды іске асыру үшін инфрақұрылымдық базаны дамыту, бизнесті қолдау, тұтыну құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру және тағы басқа бойынша шаралар түріндегі кешенді тәсілдің қажеттігі атап өтілді. Бұл шетелдік серіктестермен экономикалық ынтымақтастықты нығайтады және бизнес үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

🔸Көлік-транзиттік инфрақұрылым саласындағы ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан аумағында іске асырылатын аса маңызды жобалар атап өтілді. Бұл 2027 жылға қарай дәліздің өткізу қабілетін екі есеге арттыруға, Транскаспий халықаралық көлік бағыты негізгі буыны ретінде Трансқазақстандық теміржол дәлізін кеңейтуге, Астананы еліміздің батыс өңірлерімен және халықаралық бағыттармен байланыстыратын «Орталық – Батыс» күре жолын салуға бағытталған «Солтүстік – Оңтүстік» шығыс бағытын дамыту жөніндегі кешенді жол картасы. Аталған жобалар Қазақстан Президентінің ТМД-ға мүше мемлекеттердің аумағы арқылы өтетін күре жолдарды өзара ұштастыру тұжырымдамасын қалыптастыру жөніндегі бастамасын іске асыруда маңызды элементтер саналады.

Елдердің бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын стратегиялық сала – ауыр машина жасау. Қазақстанның ТМД елдерінің серіктестерімен ынтымақтастығын дамыту келешегі атап өтілді. Жеңіл өнеркәсіп саласында кооперацияны тереңдету, бірлескен өндірістік жобалар мен кластерлерді қолдау маңызды.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
ҮБК отырысында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Қазақстанның ұйымды одан әрі дамытуға әрі оның әлеуетін нығайтуға жәрдемдесуге ниетті екенін атап өтті. «Ынтымақтастықтың қалыптасқан тетіктерінің, елдер көшбасшыларының саяси ерік-жігері мен үкіметтерінің…
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
На заседании СГП Премьер-министр РК Олжас Бектенов отметил, что Казахстан заинтересован в дальнейшем развитии Организации и намерен содействовать укреплению ее потенциала.
«Благодаря наработанным механизмам сотрудничества, политической воле лидеров наших стран и усилий правительств, на пространстве СНГ обеспечивается устойчивое развитие и последовательный экономический рост. Свидетельством этого является увеличение суммарного ВВП стран СНГ по итогам прошлого года на 4,5%. Взаимная торговля также последовательно растет - в прошлом году товарооборот Казахстана со странами СНГ увеличился на 1,2%, достигнув $37,3 млрд. Эти показатели отражают не только устойчивость экономических связей, но и высокий уровень взаимодополняемости наших экономик», —

подчеркнул Олжас Бектенов. В целях дальнейшего укрепления сотрудничества Премьер-министр Казахстана озвучил ряд инициатив в перспективных отраслях экономики.

🔺Внимание уделено взаимодействию в области электронной торговли. В Казахстане объем e-commerce в прошлом году составил $6,2 млрд. Для полноценной реализации потенциала электронной торговли в СНГ отмечена необходимость комплексного подхода в виде мер по развитию инфраструктурной базы, поддержке бизнеса, совершенствованию механизмов защиты потребительских прав и др. Это укрепит экономическое сотрудничество с зарубежными партнерами и создаст новые возможности для бизнеса.

🔸В рамках сотрудничества в области транзитно-транспортной инфраструктуры отмечены ключевые проекты, реализуемые на территории РК. Это комплексная Дорожная карта по развитию восточного маршрута «Север-Юг», нацеленная на удвоение пропускной способности коридора к 2027 году, расширение Трансказахстанского железнодорожного коридора как ключевого звена ТМТМ, строительство автомагистрали «Центр-Запад», которая соединит Астану с западными регионами страны и международными маршрутами. Данные проекты являются важными элементами в реализации инициативы Президента Казахстана по формированию Концепции сопряжения транспортных артерий СНГ.

Стратегической отраслью, определяющей конкурентоспособность стран, является тяжелое машиностроение. Отмечены перспективы развития сотрудничества РК с партнерами из стран СНГ. В области легкой промышленности важным обозначено углубление кооперации, поддержка совместных производственных проектов и кластеров.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
ҮБК отырысында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Қазақстанның ұйымды одан әрі дамытуға әрі оның әлеуетін нығайтуға жәрдемдесуге ниетті екенін атап өтті. «Ынтымақтастықтың қалыптасқан тетіктерінің, елдер көшбасшыларының саяси ерік-жігері мен үкіметтерінің…
✔️Цифрлық саладағы озық шешімдермен тәжірибе алмасу бойынша ынтымақтастықты нығайтуға баса назар аударылуда. Қазақстанда құрылып жатқан Alem AI халықаралық жасанды интеллект орталығы денсаулық сақтау, білім беру, мемлекеттік басқару, өнеркәсіп және тағы басқа салаларға ЖИ енгізуді жеделдетуге мүмкіндік береді. Мемлекеттердің уәкілетті құрылымдарының киберқауіпсіздік және трансұлттық сипаттағы алаяқтық әрекеттермен күрес саласындағы өзара іс-қимылын жандандыру қажеттігі атап өтілді.

Отырыста ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев, Тәжікстанның өнеркәсіп және жаңа технологиялар министрі Шерали Кабир, Мемлекетаралық авиация комитетінің төрағасы Олег Сторчева, Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузов баяндама жасады.


✍🏻Отырыс соңында ТМД мемлекеттері арасындағы ауыр машина жасау салаларын дамытудағы ынтымақтастық туралы келісім; Жеңіл өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты дамыту тұжырымдамасы; ТМД елдерінің әуе қозғалысын ұйымдастырудың ұлттық жүйелерін үйлестіру тұжырымдамасы, Халықтың денсаулығын сақтау саласындағы ынтымақтастық тұжырымдамасы сияқты және басқа да бірқатар құжатқа қол қойылды.

❗️Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ұйымына мүше елдер үкіметтері басшылары кеңесінің келесі отырысы 2025 жылдың қыркүйек айында Минскіде өтеді.



✔️Акцентировано внимание на усилении сотрудничества по обмену передовыми решениями в цифровой сфере. Создаваемый в Казахстане международный центр искусственного интеллекта Alem AI позволит обеспечить ускорение внедрения ИИ в различные сферы, включая здравоохранение, образование, государственное управление, промышленность и др. Отмечена необходимость активизации взаимодействия уполномоченных структур государств в области кибербезопасности и борьбы с мошенническими действиями транснационального характера.

На заседании также заслушаны Генеральный секретарь СНГ Сергей Лебедев, министр промышленности и новых технологий Таджикистана Шерали Кабир, председатель Межгосударственного авиационного комитета Олег Сторчевой, председатель правления Евразийского банка развития Николай Подгузов.

✍🏻По итогам заседания подписан ряд документов, среди которых Соглашение о сотрудничестве государств СНГ в развитии отраслей тяжелого машиностроения; Концепция развития сотрудничества в области легкой промышленности; Концепция гармонизации национальных систем организации воздушного движения стран СНГ; Концепция сотрудничества в области охраны здоровья населения и др.

❗️Следующее заседание Совета глав правительств Содружества Независимых Государств состоится в сентябре 2025 года в Минске.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің Құрбан айт мерекесімен құттықтауы
 
Қадірлі отандастар!

Баршаңызды Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Ұлық мейрам қайырымды болу, имандылық пен жанашырлық сияқты халқымызға тән бірегей қасиеттерді дәріптейді.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық құрылтайда діннің аса маңызды миссиясы ұлтты ұйыстыру екенін атап өтті. Бұл орайда Құрбан айт ел бірлігін бекемдеп, асыл дініміздегі рухани-адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуда айрықша орын алады. Айт күндері ағайын-жұрт бір-біріне игі лебіздерін білдіріп, бауырмалдық пен өзара сыйластықтың шынайы үлгісін көрсетеді. Кемел келешектің кепілі ретінде бейбітшілік пен татулықтың маңызы арта түседі.

Қасиетті мереке елімізге ырыс-несібесін ала келсін. Халқымыздың ниеті қабыл болып, әр шаңырақ мол қуанышқа кенелсін.

Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға жақсылық тілеймін!
 


Поздравление Премьер-министра РК Олжаса Бектенова с праздником Курбан айт
 
Уважаемые соотечественники!


От всей души поздравляю вас со светлым праздником Курбан айт!

Этот священный день прославляет такие вечные ценности, как вера, милосердие, мир и доброта — качества, глубоко укоренившиеся в национальном характере нашего народа.

В своем выступлении на IV заседании Национального курултая Глава государства Касым-Жомарт Кемелевич Токаев отметил, что важнейшая миссия религии — консолидация нации.
Курбан айт играет особую роль в укреплении единства народа и духовно-нравственных ценностей общества. В эти праздничные дни люди с особой теплотой и уважением относятся друг к другу, проявляют братство, сострадание и заботу. Возрастает ценность стабильности, мира и согласия, как залога нашего общего светлого будущего.  

Пусть исполнятся ваши самые добрые пожелания и этот светлый праздник принесет в каждый дом здоровье, удачу, счастье и благополучие!

С праздником Курбан айт! Мира и добра вам и вашим близким!

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет меншігіне қайтарылған 12,2 млн гектар жердің жартысы игеруге берілді

🔸Бұл мәліметтер 5 маусымда Үкімет үйінде Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Жер ресурстарын ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі республикалық комиссия отырысында айтылды.

📌 Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің (ЖРБК) мәліметінше, 2022–2024 жылдары мемлекеттік меншікке қайтарылған 12,2 млн гектар жердің 5,9 млн гектары қайта бөлінді. Оның ішінде, елді мекен маңындағы 2 млн гектар жайылым жергілікті халықтың мал жаюы үшін ортақ пайдалануға берілді. Қалған 3,9 млн гектар жер ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері арасында конкурс арқылы таратылды. Соңғы үш жылда жергілікті инспекциялардың араласуынан кейін бұрын пайдаланылмай жатқан 3,8 млн гектар жерді бұрынғы жер иелері қайта игере бастады.

2025 жылы мемлекеттік меншікке қайтарылуы жоспарланған 2 млн гектар ауыл шаруашылығы айналымындағы жердің қазірдің өзінде 979,1 мың гектары қайтарылды.



Половина из возвращенных в госсобственность 12,2 млн гектаров земель распределена для пользования 

🔸Такие данные были озвучены на заседании республиканской комиссии по контролю за рациональным использованием земельных ресурсов, прошедшей 5 июня в правительстве под председательством вице-премьера – министра национальной экономики Серика Жумангарина.

📌 По информации Комитета по управлению земельными ресурсами (КУЗР) Министерства сельского хозяйства, из 12,2 млн гектаров земель, возвращенных в государственную собственность в 2022-2024 годах, уже перераспределены 5,9 млн гектаров. Из них 2 млн гектаров, расположенные вблизи населенных пунктов, в приоритетном порядке переданы в общее пользование для выпаса скота местных жителей. Остальные 3,9 млн гектаров распределены через конкурсы между сельхозпроизводителями. Также за последние три года 3,8 млн гектаров ранее неиспользуемых земель начали осваиваться прежними владельцами после вмешательства территориальных инспекций. 

Из планируемых к возврату в 2025 году 2 млн га сельхозземель в госсобственность уже возвращено 979,1 тыс. га. 

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов ICBC басшысы Лю Цзюньмен 1 млрд юаньнан астам инвестиция тарту мәселесін талқылады

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Industrial and Commercial Bank of China басқарма төрағасы Лю Цзюньмен кездесу өткізді. Онда инвестициялық ынтымақтастықты тереңдету перспективалары және ұзақмерзімді қаржыландыруды тарту мәселелері талқыланды.

🤝 2024 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты тауар айналымы $44 млрд-ты құрап, рекордтық көрсеткішке жетті. 2025 жылдың 4 айы қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі одан әрі өсіп, тауар айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,4%-ға өсті. Бүгінде Қытай Қазақстан экономикасындағы ең ірі инвесторлардың бестігіне кіреді, жинақталған капитал салымдарының көлемі $26 млрд-ты құрайды.

Премьер-министр Қытай Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық және инвестициялық серіктесі саналатынын атап өтті.
«Мемлекет басшысы экономикаға инвестиция тарту міндетін қойды. Үкімет халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастықты нығайту бағытында белсенді жұмыс жүргізуде.
Қазақстан мен Қытайдың екі ел көшбасшылары арасындағы тікелей достығына негізделген сенім мен сыйластық байланыстары тереңде жатыр. Біз ICBC-мен ұзақмерзімді стратегиялық серіктестікті дамытуға мүдделіміз. Жаңа бірлескен бастамаларды жүзеге асыру екі ел арасындағы қаржы-экономикалық байланыстарды нығайтуға және бірлескен дамудың жаңа көкжиектерін ашуға ықпал етеді», —

деп атап өтті Олжас Бектенов.

🔸Қазақстанда ICBC еншілес банкі – «Алматы қаласындағы Қытайдың сауда-өнеркәсіп банкі» АҚ еншілес банкі жұмыс істейді. Кездесуде ICBC экономиканың негізгі салаларын қолдауға қатысқаны, оның ішінде «Бәйтерек» холдингімен бірлескен жобаларды жүзеге асырғаны атап өтілді.

✔️Осылайша, 2025 жылдың наурыз айында Холдинг «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қаржыландыру үшін 430 млн юань тартты. Бұл Қазақстанның аграрлық саласын тұрақты түрде ұзақмерзімді қаржыландыруды қамтамасыз етудегі маңызды қадам болды.

Қазіргі уақытта «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ үшін 1 млрд юаньнан астам сомаға қосымша несие тарту мүмкіндігі пысықталуда. Сондай-ақ 5 млрд юаньға дейінгі көлемдегі облигацияларды орналастыру арқылы Қытайдың қарыз нарығына шығу перспективасы қарастырылуда.

📌 ҚР Үкіметінің тұрақты және «жасыл» қаржыландыру жобаларын қоса алғанда, жаңа құралдарды бірлесіп жүзеге асыруға ашықтығы, сондай-ақ өнеркәсіпті, инфрақұрылымды және экспорттық әлеуетті қолдау тетіктерін дамыту әзірлігі атап өтілді.

🇨🇳 Лю Цзюнь ICBC қаржы жүйесін қолдауға және инновацияларды дамытуға бағытталған ынтымақтастықты кеңейтуге ұмтылатынын атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан мен Қытайдың екіжақты қарым-қатынастарды, оның ішінде екі елдің бизнес-қоғамдастықтары арасындағы белсенді өзара іс-қимылы арқылы нығайтуға толық мүмкіндігі бар.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен жобаларды жүзеге асырудағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Олжас Бектенов ICBC басшысы Лю Цзюньмен 1 млрд юаньнан астам инвестиция тарту мәселесін талқылады Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Industrial and Commercial Bank of China басқарма төрағасы Лю Цзюньмен кездесу өткізді. Онда инвестициялық…
Олжас Бектенов обсудил с главой ICBC Лю Цзюнем перспективу привлечения инвестиций свыше 1 млрд юаней

Премьер-министр Республики Казахстан Олжас Бектенов провел встречу с председателем правления Industrial and Commercial Bank of China Лю Цзюнем. Обсуждены перспективы углубления инвестиционного сотрудничества и вопросы привлечения долгосрочного финансирования.

🤝 В 2024 году двусторонний товарооборот между Казахстаном и Китаем достиг рекордной отметки в $44 млрд. По итогам 4 месяцев 2025 года взаимная торговля продолжила рост: товарооборот увеличился на 3,4% по сравнению с аналогичным периодом прошлого года. Сегодня Китай входит в пятерку крупнейших инвесторов в экономику Казахстана, объем накопленных капиталовложений составляет $26 млрд.

Премьер-министр отметил, что Китай является ключевым торгово-экономическим и инвестиционным партнером Казахстана.
«Главой государства поставлена задача по привлечению в экономику инвестиций. Правительством ведется активная работа по укреплению сотрудничества с международными финансовыми институтами. 
Казахстан и Китай имеют долгую историю дружбы и сотрудничества, основанную на личных дружественных контактах лидеров двух стран. Мы заинтересованы в развитии долгосрочного стратегического партнерства с ICBC. Реализация новых совместных инициатив будет способствовать укреплению финансово-экономических связей между нашими странами и открытию новых горизонтов для совместного развития», —

подчеркнул Олжас Бектенов.

🔸ICBC представлен в Казахстане дочерним банком – АО «Торгово-промышленный Банк Китая в г. Алматы». На встрече отмечено участие ICBC в поддержке ключевых отраслей экономики, в том числе через реализацию совместных проектов с Холдингом «Байтерек».

✔️Так, в марте 2025 года Холдинг привлек 430 млн китайских юаней для финансирования АО «Аграрная кредитная корпорация». Это стало важным шагом в обеспечении устойчивого долгосрочного финансирования аграрной отрасли Казахстана.

В настоящее время прорабатывается возможность привлечения дополнительного займа на сумму свыше 1 млрд юаней для АО «Фонд развития промышленности». Также рассматривается перспектива выхода на долговой рынок Китая с размещением облигаций в объеме до 5 млрд юаней.

📌Отдельно подчеркнута открытость Правительства РК к совместной реализации новых инструментов, включая проекты устойчивого и «зеленого» финансирования, а также развитие механизмов поддержки промышленности, инфраструктуры и экспортного потенциала.

🇨🇳 Лю Цзюнь отметил, что ICBC стремится к расширению масштабов сотрудничества, нацелен на поддержку финансовой системы и развитие инноваций. По его словам, Казахстан и Китай имеют все возможности для укрепления двусторонних отношений, в том числе через активное взаимодействие бизнес-сообществ двух стран.

По итогам встречи стороны подтвердили намерение укреплять дальнейшее сотрудничество в реализации совместных проектов. 

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📌Аптаның қорытынды жаңалықтары – біздің дәстүрлі жексенбілік дайджесте

🔸Үкімет отырысы:

Отандық өндірісті дамыту және қолдау шаралары қаралды:

✔️ Олжас Бектенов өңдеуші сектор өнім шығару көлемі жағынан тау-кен саласын басып озғанын, осы қарқынды үдете түсу керек екенін атап өтті;

✔️ Адал қазақстандық отандық адал өндірушілер тізілімге автоматты түрде қосылады, «жалған өндірушілер» бұл тізілімге ене алмайды. Премьер-министр мемлекеттік қолдауды басқа елдерден импорттауға емес, жергілікті кәсіпорындар мен қазақстандық экономиканы қолдауға пайдаланылуы үшін құқықтық тетіктер құру қажеттігін атап өтті;

✔️ Ірі кәсіпорындар өздерінің айналасында ШОБ белдеуін құра отырып, Елішілік құндылық бағдарламаларын қабылдауы қажет — Олжас Бектенов;

✔️ Үкімет импорт алмастыратын өндірістерді ынталандыру үшін өнеркәсіптік кооперацияны дамыту бойынша нақты шаралар әзірлейді.

🔸Тәжікстанға жұмыс сапары:

✔️ Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Душанбедегі ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты, онда мүше елдер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты, өнеркәсіп саласын дамыту және әуе қозғалысын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

✔️ Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Беларусь Премьер-министрі Александр Турчин екіжақты кездесу өткізіп, онда сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері қаралды.

🔸Премьер-министр Industrial and Commercial Bank of China басқарма төрағасымен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту және ұзақмерзімді инвестиция тарту перспективаларын, оның ішінде «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ үшін 1 млрд юаньнан астам инвестиция тарту мәселесін талқылады.

🔸ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Астана халықаралық форумы аясында Нигерия Ифе Королі Адейейе Энитан Огунвусимен кездесті, онда сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері және екі мемлекет президенттерінің халықаралық саммит аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

🔸ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр «Байқоңыр» ғарыш айлағының 70 жылдығын мерекелеуге қатысты.

🔸Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен Жер ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі республикалық комиссия отырысы өтті. Сондай-ақ мал шаруашылығын дамытуға арналған кеңес өтті.

🔸Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі жобалық кеңсенің отырысында 2025 жылға арналған инвестициялық жоспар және энергетикалық секторды жаңғырту жөніндегі пилоттық жобаларды, сондай-ақ энергетика және су ресурстары саласындағы Power China Chengdu Engineering Corporation компаниясымен ынтымақтастық мәселесін талқылады.

🔸Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев елорданың әлеуметтік нысандарын аралап, оның барысында әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамту және инклюзия салаларында қызмет көрсететін мекемелер жұмысымен танысты.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📌Подводим итоги прошедшей недели в воскресном дайджесте

🔸Заседание Правительства:

Рассмотрены меры по развитию и поддержке отечественного производства:

✔️Олжас Бектенов отметил, что обрабатывающий сектор опережает по объему выпуска горнодобывающую отрасль, и эту тенденцию следует наращивать;

✔️Добросовестные казахстанские производители автоматически попадут в Реестр отечественных, а «лжепроизводители» - нет. Премьер-министр подчеркнул необходимость создания правовых механизмов, чтобы господдержка использовалась для поддержки местных предприятий и казахстанской экономики, а не для импорта из других стран;

✔️Всем крупным предприятиям необходимо разработать и принять программы внутриотраслевой ценности с созданием вокруг них малого и среднего бизнеса — Олжас Бектенов;

✔️Правительство подготовит конкретные меры по развитию промышленной кооперации для стимулирования импортозамещения.

🔸Рабочий визит в Таджикистан:

✔️Премьер-министр Казахстана Олжас Бектенов принял участие в заседании Совета глав правительств СНГ в Душанбе, где обсуждалось развитие торгово-экономического сотрудничества, промышленности и организации воздушного сообщения между странами-членами.

✔️Премьер-министры Казахстана и Беларуси — Олжас Бектенов и Александр Турчин — провели двустороннюю встречу, на которой рассматривались вопросы развития торгово-экономического взаимодействия.

🔸Руководитель Правительства обсудил с председателем правления Industrial and Commercial Bank of China перспективы расширения инвестиционного сотрудничества и привлечения долгосрочных инвестиций, включая свыше 1 млрд юаней для АО «Фонд развития промышленности».

🔸Премьер-министр РК Олжас Бектенов в рамках международного форума «Астана» встретился с Королем Ифе Нигерии Оони Адейейе Энитан Огунвуси, где обсуждались перспективы торгово-экономического сотрудничества и реализация договоренностей, достигнутых президентами двух государств на международных саммитах.

🔸Первый заместитель премьер-министра РК Роман Скляр принял участие в праздновании 70-летия космодрома Байконур.

🔸В Правительстве под председательством заместителя Премьер-министра Серика Жумангарина состоялось заседание Республиканской комиссии по контролю за рациональным использованием земельных ресурсов. Также прошло совещание, посвященное развитию животноводства.

🔸Заместитель Премьер-министра Канат Бозумбаев на заседании проектного офиса по модернизации энергетического и коммунального секторов обсудил План инвестиций на 2025 год и пилотные проекты по модернизации энергосектора, а также перспективы сотрудничества с Power China Chengdu Engineering Corporation в сфере энергетики и водных ресурсов.

🔸Заместитель Премьер-министра Ермек Кошербаев посетил социальные объекты столицы, где ознакомился с работой учреждений по социальной поддержке, занятости и инклюзии.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Елімізде қаржыландыру тәсілдерін қайта қарау нәтижесінде 2025 жылы егіс науқаны мерзімінде аяқталды

✔️Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша шаруаларды қаржыландыру тетігін қайта қарады. Осы жылдан бастап фермерлерге жеңілдетілген несиелер бұрынғыдай науқан басталған кезде наурыз айында емес, алдын ала 2024 жылдың желтоқсанынан бастап қолжетімді болды. Бұл шешім қажетті ресурстарды алдын ала сатып алуға мүмкіндік беру мақсатында қабылданды.

📌 Мемлекеттік қолдау шараларының, диқандар мен жергілікті атқарушы органдардың үйлесімді жұмысының арқасында егіс жұмыстары агротехникалық талаптарға сай әрі уақтылы жүргізіліп, науқан белгіленген мерзімінде аяқталды. Мұндай тәсіл негізгі дала жұмыстарын мерзімінен бұрын орындауға, стратегиялық маңызды дақылдардың егіс көлемін арттыруға және материалдық-техникалық базаны тиімді жаңартуға мүмкіндік берді. Соның нәтижесінде мол өнім алуға және ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына берік негіз қаланды.

🌾 2025 жылғы егіс науқаны елімізде егіншілікке деген жаңа көзқарас жағдайында өтті. Оның басты ерекшеліктерінің бірі – ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыруға және монодақылдарға тәуелділікті азайтуға басымдық берілуі. 6 маусымдағы жағдай бойынша жоспарланған көлемнің 100%-ы – 23,7 млн гектар алқап егілді.

🔺 Егіс алқаптарын неғұрлым тиімді әрі тұрақты дақылдарға қайта бөлуге ерекше назар аударылды. Бұл ауыл шаруашылығын климаттық өзгерістерге бейімдеуге ғана емес, сонымен қатар ғылыми негізделген ауыспалы егіс талаптарын сақтай отырып, нарықтық үрдістерді ескеруге мүмкіндік берді.

Нәтижесінде сұранысқа ие дақылдардың көлемі артты:
▪️майлы дақылдар – 3,4 млн гектар (былтырғыдан 0,5 млн гектарға артық),
▪️мал азығы дақылдары – 3,3 млн гектар (+114 мың гектар),
▪️дәндік жүгері – 167,5 мың гектар,
▪️көкөніс-бақша дақылдары – 222,3 мың гектар.

♦️ Әлеуметтік маңызы бар дақылдар көлемі де артуда: картоп алқабы 83,4 мың гектарға жетіп, өткен маусыммен салыстырғанда 11,3 мың гектарға көбейді.

Сонымен қатар ресурсты көп қажет ететін әрі баға өзгерісіне бейім дақылдардың – бидай, күріш, мақта – егіс көлемі қысқаруда. Мысалы, бидай алқабы 13 млн гектарды құрады, бұл өткен жылғыдан 187 мың гектарға кем.

🔹 Осылайша, егісті әртараптандыру стратегиясы еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға және агроөнеркәсіп кешенінің экспорттық әлеуетін дамытуға серпін беруде.

🌿Тұқым қорына келсек, 2025 жылғы егіс науқанына республика бойынша 2,3 млн тонна тұқым дайындалды. Бұл диқандардың дала жұмыстарына еш кідіріссіз, қажетті ресурстар тапшылығынсыз уақытында шығуына мүмкіндік берді.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Елімізде қаржыландыру тәсілдерін қайта қарау нәтижесінде 2025 жылы егіс науқаны мерзімінде аяқталды ✔️Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша шаруаларды қаржыландыру тетігін қайта қарады. Осы жылдан бастап фермерлерге жеңілдетілген несиелер бұрынғыдай…
За счет пересмотра подходов к финансированию посевная кампания-2025 в Казахстане завершена в срок

✔️По поручению Главы государства Правительством пересмотрен механизм финансирования аграриев. Начиная с текущего года, льготные кредиты для фермеров стали доступны с декабря 2024-го года, а не в момент посевной в марте, как было ранее. Это сделано для того, чтобы они могли заранее закупать необходимые ресурсы.

📌Благодаря мерам господдержки, слаженной работе аграриев и местных исполнительных органов посевная проведена и завершена в оптимальные агротехнические сроки. Такой подход позволил досрочно выполнить основные полевые работы, увеличить площади под стратегически важные культуры и обеспечить эффективное обновление материально-технической базы. Тем самым создан прочный фундамент для успешного урожая и дальнейшего развития сельского хозяйства.

🌾Посевная кампания 2025 года в Казахстане проходила в условиях изменения подходов к земледелию, с акцентом на диверсификацию сельскохозяйственного производства и снижение зависимости от монокультур. По данным на 6 июня, засеяно 23,7 млн гектаров – 100 % от запланированного объема.

🔺Особое внимание было уделено перераспределению посевных площадей в пользу более рентабельных и устойчивых культур. Это позволило не только адаптировать сельское хозяйство к климатическим вызовам, но и учесть рыночные тренды, следуя научно обоснованным нормам севооборота.

В результате были увеличены площади под востребованные культуры:
▪️масличные – 3,4 млн га (на 0,5 млн га больше, чем в прошлом году);
▪️кормовые – 3,3 млн га (плюс 114 тыс. га);
▪️кукуруза на зерно – 167,5 тыс. га;
▪️овощебахчевые – 222,3 тыс. га.

♦️ Также наблюдается рост по социально значимым культурам: картофель занимает 83,4 тыс. га – на 11,3 тыс. га больше по сравнению с прошлым сезоном.

В то же время продолжается сокращение площадей под ресурсоемкие культуры, подверженные ценовым колебаниям, такие как пшеница, рис и хлопчатник. Например, площадь под пшеницу составила 13 млн га – на 187 тыс. га меньше, чем в прошлом году.

🔹Таким образом, стратегия по диверсификации посевов укрепляет продовольственную безопасность страны и способствует развитию экспортного потенциала агропромышленного комплекса.

🌿Касательно семенного фонда, то к посевной кампании в 2025 году по республике было заготовлено 2,3 млн тонн семян. Это позволило аграриям своевременно выйти в поле без каких-либо задержек и дефицита ресурсов.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM