UKIMET
18.4K subscribers
10.7K photos
1.82K videos
8.27K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
Олжас Бектенов Роман Склярдың көлік-логистика инфрақұрылымын аралау қорытындысы бойынша есебін тыңдады

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының көлік-логистика саласын дамыту жөніндегі міндеттерін жүзеге асыру бойынша берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы тыңдады.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр инфрақұрылымды жаңғырту және теміржол, теңіз, әуе және автомобиль көліктерін дамыту, сондай-ақ саланы цифрландыру бағытындағы Президент тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын таныстырды.

🔷 Бұдан бөлек, Роман Скляр Қытаймен шекарадағы «Нұр Жолы» өткізу пунктіне жасаған жұмыс сапарының қорытындысын баяндады. Онда өткізу мүмкіндігін арттыру, логистикалық инфрақұрылымды жақсарту, кедендік рәсімдерді цифрлық технологиялар арқылы жеделдету бағытындағы жұмыстарды жүзеге асыру барысы қаралды. Атап айтқанда, осы жылдың соңына дейін «Нұр Жолы» өткізу пунктінде ірі жүктерге арналған айналма жол құрылысы аяқталады. Бұл жүк ағынын арттырып, қызмет сапасын жақсартады және Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық байланыстарға жаңа серпін бермек. Бүгінде қытайлық тараппен өткізу пункттерінің тәулік бойы жұмыс істеу мүмкіндігі және автокөлік құралдарын қабылдау көлемін ұлғайту мәселелері пысықталып жатыр.

Теміржол саласында 2025 жылғы желтоқсанға дейін «Достық – Мойынты» учаскесінде екінші жолдар және Алматы стансасының айналма теміржол желісі құрылысын аяқтау жоспарланған.

Теңіз көлігі саласында контейнерлерді өңдеу қуатын жылына 240 мың ЖФЭ (жиырма футтық контейнер) деңгейіне дейін жеткізу көзделген. Бұл мақсатта осы жылдың желтоқсанында жаңа терминал іске қосылады. Жоба Транскаспий халықаралық көлік бағдарының транзиттік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Автомобиль көлігі саласы бойынша Қазақстанның Қытай, Өзбекстан және Түрікменстанмен шекарадағы 5 автомобильдік кедендік бекетті: Темір баба, Қазығұрт, Тәжен, Майқапшағай және Бақты жаңғырту жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады. Сонымен қатар көлік құралдары мен жүктердің еліміздің аумағына кірген сәтінен бастап, бағыт бойындағы қозғалысы мен шығуына дейінгі аралықты бақылауға мүмкіндік беретін интеллектуалды бейнабақылау жүйелері кезең-кезеңімен енгізілуде.

Әуе көлігі саласында 2025 жылғы желтоқсанға дейін еліміздегі барлық әуежайда «e-Freight» ақпараттық жүйесі енгізіліп, ол «КЕДЕН» және «Agriculture» жүйелерімен толық интеграцияланады. Бұл қағазсыз құжат айналымына толық көшуді қамтамасыз етеді.

🔘 Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-министр Қазақстанның транзиттік-көліктік әлеуетін күшейтуге бағытталған барлық жобалардың уақтылы іске асырылуын бақылауда ұстауды тапсырды.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Олжас Бектенов Роман Склярдың көлік-логистика инфрақұрылымын аралау қорытындысы бойынша есебін тыңдады 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының көлік-логистика саласын дамыту жөніндегі міндеттерін жүзеге асыру бойынша берілген тапсырмалардың орындалу…
Олжас Бектенов заслушал доклад Романа Скляра по итогам рабочих объездов транспортно-логистической инфраструктуры

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов на рабочем совещании заслушал ход исполнения поручений, данных в целях реализации задач, поставленных Главой государства по развитию транспортно-логистической отрасли.

Первый заместитель Премьер-министра Роман Скляр представил План мероприятий по исполнению поручений Президента в области модернизации инфраструктуры и развития железнодорожного, морского, воздушного и автомобильного видов транспорта, а также цифровизации отрасли.

🔷 Кроме того, было доложено о результатах рабочей поездки Романа Скляра на казахстанско-китайский пункт пропуска «Нур Жолы». На месте были осмотрены проводимые работы по увеличению пропускной способности, улучшению логистической инфраструктуры, ускорению таможенных процедур посредством внедрения цифровых технологий. Так, до конца текущего года на территории пункта пропуска «Нур Жолы» планируется завершение строительства объездной дороги для негабаритных грузов. Это обеспечит увеличение грузопотока, улучшение сервиса и придаст новый импульс торгово-экономическим связям между РК и КНР. На сегодня совместно с китайской стороной прорабатываются возможности введения круглосуточного режима работы пунктов пропуска, а также увеличения приема автотранспортных средств.

➤ В сфере железнодорожного транспорта до декабря 2025 года запланировано завершение строительства вторых путей на участке «Достык – Мойынты» и обводной железнодорожной линии станции Алматы.

➤ В сфере морского транспорта – увеличение мощности морских портов по обработке контейнеров до 240 тыс. ДФЭ (двадцатифутовых контейнеров) посредством ввода в декабре текущего года нового терминала. Запуск данного объекта позволит увеличить транзитный потенциал Транскаспийского международного транспортного маршрута.

➤ В сфере автомобильного транспорта до конца текущего года будут завершены работы по модернизации 5 автомобильных таможенных постов на границе Казахстана с Китаем, Узбекистаном и Туркменистаном: Темир баба, Казыгурт, Тажен, Майкапчагай и Бахты. Кроме того, ведется поэтапная работа по оснащению интеллектуальными системами видеонаблюдения для мониторинга движения транспортных средств и грузов с момента въезда, маршрута следования и выезда из РК.

➤ В сфере воздушного транспорта до декабря 2025 года намечено внедрение информационной системы «e-Freight» во всех аэропортах страны с полной интеграцией с системами «КЕДЕН» и «Agriculture», что обеспечит полный переход на безбумажный документооборот.

🔘 По итогам совещания Премьер-министр поручил держать на контроле своевременность реализации всех проектов, нацеленных на укрепление транзитно-транспортного потенциала Казахстана.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов металлургия мен мұнай химиясы салаларындағы ірі жобаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов металлургия және мұнай химиясы салаларындағы ірі жобаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, энергетика министрі Ерлан Ақкенженов баяндама жасады. Сондай-ақ жоба бастамашылары Solidcore Recources бас атқарушы директоры Виталий Несис, «Татнефть» ЖАҚ бас атқарушы директоры Наиль Маганов, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновке сөз берілді.

🔘 Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін ашу бағытында жүйелі жұмыс атқаруда. Терең өңдеу тәсілін меңгеруге ерекше назар аудара отырып, 17 ірі жобаның тізімі анықталды.

✔️ Премьер-министрге инвестициялардың жалпы көлемі шамамен $19,5 млрд-ты құрайтын, 8 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 5 ірі бастаманың іске асырылу барысы туралы баяндалды. Бұған дейін биылғы 12 мамырда өткен жиында Үкіметте химия және металлургия салаларындағы 5 жоба қаралған болатын.

➡️ Павлодар облысында құрамында жоғары көміртекті сульфидті алтын бар концентраттарды өңдейтін «Ертіс гидрометаллургиялық комбинаты» құрылысы бойынша жұмыстар басталды. Кәсіпорын құрамында 300 мың тоннаға дейін алтыны бар концентратты өңдеп, Доре қорытпасы түрінде 15 тоннаға дейін алтын өндіреді. Инвестициялардың жалпы көлемі $978 млн-ды құрайды, 500 тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Жобаны іске асыру орны ретінде «Павлодар» АЭА таңдалды. Қазіргі уақытта инженерлік іздестіру жұмыстары аяқталды, уақытша ғимараттар мен құрылыстар жобасы бойынша экологиялық сараптамадан оң қорытынды алынды, жобаның инфрақұрылымын дайындау жұмыстары жүргізілуде.

➡️ Атырау облысында үш мұнай химиясы жобасын іске асыру көзделген. Қуаттылығы жылына 305 мың тоннаға дейін өнім шығаратын бутадиен және оның өнімдерін шығаратын зауыт салу жоспарланып отыр. Инвестиция көлемі $900 млн-ды құрайды, 750 тұрақты жұмыс орнын ашу көзделген. Кәсіпорынды пайдалануға беру 2028 жылға жоспарланған. Қазіргі уақытта қытайлық China Tianchen Engineering Corporation компаниясымен бірлесіп кеңейтілген базалық жоба әзірленуде.

➡️ KMG PetroChem қуаттылығы жылына 735 мың тоннаға дейін өнім шығаратын полиэтилентерефталат өндіретін зауыт салу жөніндегі жобаны іске асыруда. Инвестициялардың жалпы көлемі $1,5 млрд құрайды, 400 тұрақты жұмыс орнын құру көзделген.

➡️ Сонымен қатар өңірде полиэтилен өндірісі бойынша алғашқы интеграцияланған газ химиясы кешенін салу жобасының екінші кезеңі басталды. Инвестиция көлемі $7,4 млрд құрайды, зауыттың қуаттылығы жылына 1,25 млн тонна өнімге жетеді. 2029 жылы жобалық деңгейге шыққаннан кейін кәсіпорын премиумды қосқанда, сұранысқа ие полиэтиленнің 20-дан астам маркасын өндіретін болады. 800 тұрақты жұмыс орнын ашу қарастырылуда.

Газ химиясы кластерін қалыптастыру шеңберінде қуаттылығы 1,6 млн тоннаға дейін этан және жылына 355 мың тоннаға жуық пропан газын бөлу кешенін салу жоспарланып отыр. Инвестиция көлемі $2,7 млрд-ты құрайды, жоба 400-ден астам тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Құрылыс жұмыстарының басталуына дайындық жүргізілуде: жобалау аяқталды, сараптаманың оң қорытындысы алынды.

➡️ Бұдан басқа, Шымкент мұнай өңдеу зауытын жылына 6 млн-нан 12 млн тоннаға дейін кеңейту жөніндегі бастаманың іске асырылу барысы туралы баяндалды. Жоба мұнай өңдеу көлемін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді және шамамен 5,2 мың адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді. Жобаға салынатын инвестиция көлемі $6 млрд деп бағаланып отыр.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Олжас Бектенов металлургия мен мұнай химиясы салаларындағы ірі жобаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов металлургия және мұнай химиясы салаларындағы ірі жобаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.…
📌 Кеңес барысында металлургия мен мұнай химия саласында ауқымды өнеркәсіптік жобаларды жүзеге асыру өңдеу саласының өсуіне ғана емес, сонымен қатар қазақстандық өндірушілердің өнімдері мен қызметтеріне тұрақты сұранысты қалыптастыруға ықпал ететіні атап өтілді. Премьер-министр бұл отандық шағын және орта бизнестің өндірістік тізбектерге қатысуын айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
«Металлургия және мұнай химиясы – өнеркәсіптік өсім құрылатын, жұмыс орындары ашылып, қосылған құн қалыптастырылатын жүйе құраушы салалар. Қарастырылып отырған жобалар Қазақстанның ресурстарды өндіруден бастап, жаһандық нарықтарда сұранысқа ие толыққанды өнім өндіруге көшуін жеделдетеді.

Сондай-ақ олардың айналасында шағын және орта бизнестің кең экожүйесін дамыту маңызды әсер етуі керек. Біз әрбір кластерді логистика, жабдыққа қызмет көрсету, құрылыс, қаптама өндірісі және басқа да салаларда ондаған бизнесті тарту орталығы ретінде қарастырамыз»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

📌 Премьер-министр министрліктерге, әкімдіктерге және жауапты ведомстволарға жергілікті жерлерде жобалардың іске асырылуын тиісті үйлестіру мен бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды. Энергетика, өнеркәсіп және құрылыс, ұлттық экономика министрліктері барлық жобаны уақтылы іске қосу жөнінде шаралар қабылдауы қажет.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Олжас Бектенов металлургия мен мұнай химиясы салаларындағы ірі жобаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов металлургия және мұнай химиясы салаларындағы ірі жобаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.…
Олжас Бектенов провел совещание по вопросам реализации крупных проектов в металлургии и нефтехимии

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов провел совещание по вопросам реализации крупных проектов в металлургической и нефтехимической отраслях.

С докладами выступили министры промышленности и строительства Ерсайын Нагаспаев, энергетики – Ерлан Аккенженов. Также слово предоставлено инициаторам проектов: главному исполнительному директору Solidcore Recources Виталию Несису, главному исполнительному директору ПАО «Татнефть» Наилю Маганову, председателю правления АО «НК «КазМунайГаз» Асхату Хасенову.

🔘 По поручению Президента Правительством ведется последовательная работа по раскрытию промышленного потенциала страны. Определен перечень из 17 крупных проектов с особым акцентом на освоение высоких переделов.

✔️ Премьер-министру доложили о ходе реализации 5 крупных инициатив с общим объемом инвестиций порядка $19,5 млрд и созданием свыше 8 тыс. постоянных рабочих мест. Ранее в ходе совещания, прошедшего 12 мая т.г., в Правительстве также были рассмотрены 5 проектов в химической и металлургической отраслях.

➡️ В Павлодарской области начаты работы по строительству комбината по переработке высокоуглеродистых сульфидных золотосодержащих концентратов «Ертіс гидрометаллургический комбинат». Предприятие будет перерабатывать до 300 тыс. тонн золотосодержащего концентрата и выпускать до 15 тонн золота в виде сплава Доре. Общий объем инвестиций составляет $978 млн, планируется создание 500 постоянных рабочих мест. В качестве площадки для реализации проекта выбрана СЭЗ «Павлодар». В настоящее время завершены инженерные изыскания, получено положительное заключение экологической экспертизы по проекту временных зданий и сооружений, ведется подготовка инфраструктуры проекта.

➡️ В Атырауской области предусмотрена реализация трех нефтехимических проектов. Планируется строительство завода по производству бутадиена и его производных мощностью до 305 тыс. тонн продукции в год. Объем инвестиций составляет $900 млн, предусмотрено создание 750 постоянных рабочих мест. Ввод предприятия в эксплуатацию запланирован на 2028 год. В настоящее время ведется разработка Расширенного Базового проекта совместно с китайской компанией China Tianchen Engineering Corporation.

➡️ KMG PetroChem реализует проект по строительству завода по производству полиэтилентерафталата мощностью до 735 тыс. тонн продукции в год. Общий объем инвестиций составляет $1,5 млрд, предусмотрено создание 400 постоянных рабочих мест.

➡️ Вместе с тем в регионе стартовала вторая фаза проекта строительства первого интегрированного газохимического комплекса по производству полиэтилена. Объем инвестиций составляет $7,4 млрд, мощность завода достигнет 1,25 млн тонн продукции в год. После выхода на проектный уровень в 2029 году предприятие будет производить более 20 марок востребованного полиэтилена, включая премиальные. Планируется создание 800 постоянных рабочих мест.

В рамках формирования газохимического кластера планируется строительство газосепарационного комплекса мощностью до 1,6 млн тонн этана и около 355 тыс. тонн пропана в год. Объем инвестиций составляет $2,7 млрд, проект обеспечит более 400 постоянных рабочих мест. Ведется подготовка к началу строительных работ: завершено проектирование, получено положительное заключение экспертизы.

➡️ Кроме того, было доложено о ходе реализации инициативы по расширению Шымкентского нефтеперерабатывающего завода с 6 до 12 млн тонн в год. Проект позволит существенно увеличить объем переработки нефти и обеспечит стабильной занятостью порядка 5,2 тыс. человек. Объем инвестиций в проект оценивается в $6 млрд.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Олжас Бектенов провел совещание по вопросам реализации крупных проектов в металлургии и нефтехимии 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов провел совещание по вопросам реализации крупных проектов в металлургической и нефтехимической отраслях. С докладами выступили…
📌 В ходе совещания отмечено, что реализация масштабных промышленных проектов в металлургии и нефтехимии будет способствовать не только росту обрабатывающей отрасли, но и созданию устойчивого спроса на продукцию и услуги казахстанских производителей. Премьер-министр подчеркнул, что это позволит значительно расширить участие отечественного малого и среднего бизнеса в производственных цепочках.

«Металлургическая и нефтехимическая отрасли являются системообразующими секторами нашей экономики, на которых строится устойчивый промышленный рост, формируется добавленная стоимость и создаются качественные рабочие места. Рассматриваемые проекты ускорят переход Казахстана от добычи ресурсов к производству конечной продукции, востребованной на глобальных рынках.

Важным эффектом также должно стать развитие широкой экосистемы малого и среднего бизнеса вокруг них. Мы рассматриваем каждый кластер как центр притяжения для десятков предприятий в сферах логистики, обслуживания оборудования, строительства, производства упаковок и многого другого»,

– подчеркнул Олжас Бектенов.

📌 Премьер-министр поручил министерствам, акиматам и соответствующим организациям обеспечить надлежащую координацию и контроль за реализацией проектов на местах. Министерствам энергетики, промышленности и строительства, национальной экономики необходимо принять меры по своевременному запуску всех проектов.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов «Татнефть» бас директоры Наиль Магановпен мұнай-газ секторында бірлескен жобаларды жүзеге асыруды талқылады

📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов «Татнефть» ЖАҚ бас директоры Наил Магановпен кездесу өткізді. Атырау облысында бутадиен және синтетикалық каучук өндіру бойынша ірі инвестициялық жобаны іске асыру барысын қоса алғанда, мұнай-газ химиясы саласындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жоспарлар талқыланды.

🔷 «Татнефть» ЖАҚ бас директоры Наиль Маганов жобаның қазіргі жағдайы туралы хабарлады. Бүгінгі таңда мердігер – қытайлық China Tianchen Engineering Corporation инжинирингтік компаниясымен белсенді жұмыс жүргізілуде. Резеңке-техникалық өнеркәсіпте және шиналар өндірісінде пайдалану үшін 60 мың тонна дивинилстирол синтетикалық каучук (ДССК), жол жабындары мен пластмассаларға қажетті 40 мың тонна стирол-бутадиен-стирол каучук (СБС) және жыл сайын жоғары октанды бензин ретінде 40 мың тонна метил-трет-бутил эфирін шығару жоспарланған. Инвестициялық кезеңнің іске қосылуы осы жылдың 1 шілдесінде күтіліп отыр.

Кездесу барысында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-мен бірлесіп жүзеге асырылатын «Қаратон Подсолевой» учаскесінде геологиялық барлау жұмыстары талқыланды. Қазіргі уақытта 5,5 мың метрге терең барлау ұңғымасын бұрғылау жүріп жатыр.

🔘 Сондай-ақ терефтал қышқылы (ТФҚ) және полиэтилентерефталат (ПЭТФ) өндіру жобасына назар аударылды.

📌 Премьер-министр ҚР Үкіметі бірлескен жоспарларды іске асыруда және өзара тиімді ынтымақтастық үшін шешімдер іздеуде сындарлы диалогқа ашық екенін айтты. Қазақстанның отандық өнеркәсіпке «Татнефть» технологиялары мен сараптамасын енгізуге мүдделілігі атап өтілді.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Олжас Бектенов «Татнефть» бас директоры Наиль Магановпен мұнай-газ секторында бірлескен жобаларды жүзеге асыруды талқылады 📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов «Татнефть» ЖАҚ бас директоры Наил Магановпен кездесу өткізді. Атырау облысында…
Олжас Бектенов обсудил с генеральным директором «Татнефти» Наилем Магановым реализацию совместных проектов в нефтегазовом секторе

📌 Премьер-министр Республики Казахстан Олжас Бектенов провел встречу с генеральным директором ПАО «Татнефть» Наилем Магановым. Обсуждены планы по развитию сотрудничества в нефтегазохимической отрасли, включая ход реализации крупного инвестиционного проекта по производству бутадиена и синтетического каучука в Атырауской области.

🔷 Генеральный директор ПАО «Татнефть» Наиль Маганов проинформировал о текущем статусе проекта. На сегодня ведется активная работа с подрядчиком — китайской инжиниринговой компанией China Tianchen Engineering Corporation. Планируется выпуск 60 тыс. тонн дивинилстирольного синтетического каучука (ДССК) для использования в резинотехнической промышленности и производстве шин, 40 тыс. тонн стирол-бутадиен-стирольного каучука (СБС), необходимого для дорожных покрытий и пластиков, и 40 тыс. тонн метил-трет-бутилового эфира в качестве высокооктанового бензина ежегодно. Запуск инвестиционной фазы ожидается 1 июля т.г.

В ходе встречи также обсуждены геологоразведочные работы на участке «Каратон Подсолевой», реализация которых ведется совместно с АО «НК «КазМунайГаз». В настоящее время идет бурение глубокой разведочной скважины на 5,5 тыс. метров.

🔘 Внимание также уделено проекту производства терефталевой кислоты (ТФК) и полиэтилентерефталата (ПЭТФ).

📌 Премьер-министр подчеркнул, что Правительство РК открыто к конструктивному диалогу в реализации совместных планов и поиску решений для взаимовыгодного сотрудничества. Отмечена заинтересованность Казахстана во внедрении технологий и экспертизы «Татнефти» в отечественную промышленность.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Испаниялық компания Қазақстанның су инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған ұлттық жобаға қатысуға дайын

Әлемдік нарықта су тазарту және сумен жабдықтау технологиялары саласындағы ірі ойыншы – Aqualia компаниясы Қазақстанда кәріздік тазарту кешенінің құрылысы мен жаңғырту жобаларын жүзеге асыруға қызығушылық танытты.

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев делегациямен кездесу өткізді. Келіссөз барысында Aqualia компаниясының Орталық Азия бойынша бас директоры Хосе Мигель Сантос Гонсалес кәсіпорынның Еуропа, Латын Америкасы, Солтүстік Африка және Батыс Азияның 18 елінде жобаларды жүзеге асыру арқылы үлкен халықаралық тәжірибеге ие екенін атап өтті және Қазақстанның су инфрақұрылымын дамытуға үлес қосуға дайын екенін жеткізді.

Компанияның қарқынды дамып жатқан қалалар мен агломерацияларда инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға қатысу мүмкіндігін қарастыру туралы шешім қабылданды.

🌐 Толығырақ primeminister.kz сайтында.



Испанская компания готова участвовать в Нацпроекте для модернизации водной инфраструктуры Казахстана

Компания Aqualia, один из крупнейших мировых лидеров в сфере водоочистных технологий и водоснабжения, выразила заинтересованность в реализации проектов по строительству и модернизации канализационных очистных сооружений (КОС) в Казахстане.

Встречу с делегацией провел вице-премьер Канат Бозумбаев. В ходе переговоров генеральный директор Aqualia по Центральной Азии Хосе Мигель Сантос Гонсалес отметил, что компания обладает значительным международным опытом, реализуя проекты в 18 странах Европы, Латинской Америки, Северной Африки и Западной Азии и готова внести вклад в развитие водной инфраструктуры Казахстана.

Было принято решение по рассмотрению возможности участия компании в реализации инфраструктурных проектов в быстрорастущих городах и агломерациях.

🌐 Подробнее на сайте primeminister.kz

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қайтарылған активтер қаражаты есебінен Жамбыл облысында дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы басталды

📌 Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, елімізде халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға және елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жобаларды жүзеге асыру жалғасуда.

✔️ Үкімет Жамбыл облысының Қордай және Талас аудандарында екі дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстарын аяқтауға Арнаулы мемлекеттік қордан 319,5 млн теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Онда тәулігіне 45 келушіге қызмет көрсетіледі.

Нысандар «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» бағдарламасы аясында салынуда. Бағдарлама бойынша өңірде 30 нысан құрылысы жоспарланған, оның 28-і пайдалануға берілді. Қалған екеуі биыл тапсырылады.

Ұлттық жоба шеңберінде Қазақстанда 655 жаңа мекеме – медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар құрылысы жоспарлануда. Қазіргі уақытта 468 нысанда жұмыс аяқталды. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету мекемелерін салуға және ауруханаларды реконструкциялауға қаражат республикалық бюджеттен бөлінеді. Сонымен қатар қаржыландыру Арнаулы мемлекеттік қор есебінен жүзеге асырылады.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Қайтарылған активтер қаражаты есебінен Жамбыл облысында дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы басталды 📌 Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, елімізде халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға және елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік…
Из средств возвращенных активов начато строительство врачебных амбулаторий в Жамбылской области

📌 В соответствии с поручениями Главы государства в Казахстане продолжается реализация проектов, направленных на повышение качества жизни населения и развитие социальной инфраструктуры за счет возвращенных в страну незаконно выведенных активов.

✔️ Правительством принято решение о выделении из Специального государственного фонда 319,5 млн тенге на завершение работ по возведению двух врачебных амбулаторий в Кордайском и Таласском районах Жамбылской области. Они рассчитаны на 45 посещений в сутки.

Объекты возводятся в рамках программы «Модернизация сельского здравоохранения». По ней в регионе запланировано строительство 30 объектов, из которых 28 уже сданы. Остальные два введут в эксплуатацию в этом году.

В рамках нацпроекта в Казахстане планируется возведение 655 новых учреждений – медицинских и фельдшерско-акушерских пунктов, врачебных амбулаторий. В настоящий момент завершены работы на 468 объектах. Средства на создание учреждений первичной медико-санитарной помощи и реконструкцию больниц выделяются из республиканского бюджета. Кроме того, финансирование осуществляется за счет Специального государственного фонда.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM