UKIMET
18.4K subscribers
10.7K photos
1.82K videos
8.27K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
Премьер-министр Олжас Бектенов Қостанай облысының шаруаларымен мемлекеттік қолдау шаралары және АӨК-ті дамыту мәселесін талқылады

📌 Қостанай облысына жұмыс сапары аясында Премьер-министр Олжас Бектенов көктемгі дала жұмыстарының барысын тексеріп, өңірдің ауыл шаруашылығы құрылымдары өкілдерімен агроөнеркәсіп кешенін дамытудың өзекті мәселелерін талқылады.

🔷 Премьер-министрге «Село Восточное» ЖШС жұмысын көрсету арқылы саланы мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігі туралы баяндады. Ағымдағы егіс науқанында фермерлер тұқымдармен, дизель отыны және минералды тыңайтқыштармен толық қамтамасыз етілген. «Село Восточное» ЖШС директоры Иван Попович биыл жалпы жаздық егіс 54 мың гектарды құрайтынын хабарлады. Оның ішінде бидай 47 мың гектар алқапқа, арпа 5,3 мың гектарға егілді. Шаруашылық өсірілген астықты ішкі нарықтың қажеттіліктерін жабу үшін өткізеді.

Өз кезегінде Қостанай облысы әкімінің орынбасары Арман Әбенов өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының қарқыны туралы баяндады. Еліміздің ең ірі астықты өңірі биыл 5,1 млн гектар алқаптан өнім алады, оның ішінде дәнді және бұршақты дақылдар 4,2 млн гектарға егіледі деп жоспарлануда. Әртараптандыру шеңберінде майлы дақылдардың, әлеуметтік маңызы бар және жем-шөп дақылдарының үлесі артып келеді. Биыл фермерлер минералды тыңайтқыштарды енгізудің көлемін 1,3 есеге – 337,6 мың тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отыр. Қаржы институттары арқылы жеңілдетілген несиелеу бағдарламалары бойынша ауыл шаруашылығы құрылымдарына 91,5 млрд теңге бөлінді, бұл өткен жылдың деңгейінен 1,2 есе көп.

🔘 Сондай-ақ 2025 жылы өңірде АӨК саласында құны 52,5 млрд теңгені құрайтын 36 инвестициялық жобаны пайдалануға беру жоспарлануда, бұл 600-ден астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Бұл ретте 2027 жылға дейін 93 жоба мен 4,4 мың жұмыс орнын ашу көзделген.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📌 Егіс алқабында Премьер-министр Қостанай облысының ірі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесті. Ауыл шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелері, оның ішінде IV Ұлттық құрылтайда Президенттің жалпы өнім шығару мен еңбек өнімділігін арттыру және астықты терең өңдеу көлемін ұлғайту жөніндегі міндеттерін ескере отырып талқыланды. Өсімдік шаруашылығын ғана емес, ауылда жыл бойы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін сала ретінде мал шаруашылығын да дамытуға назар аударылуда. Кездесу барысында «Алтынсарино» ЖШС басшысы Борис Князев, «AB agro» ЖШС басшысы Нұрқанат Тәжнияз, «Сыма-К» ЖШС басшысы Манат Карбозов және басқалары сөз сөйледі. Айналым қаражатын толықтыру үшін шаруаларды субсидиялау, мал шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды жеңілдікпен қаржыландыру, сала үшін білікті мамандар даярлау, сондай-ақ ауылдық елді мекендерді дамытуға бизнестің белсенді қатысуы мәселелері көтерілді.

«Алтынсарино» ЖШС директоры Борис Князев жыл сайын көптеген кәсіпорындар пайдаланатын жеңілдетілген несиелеу бағдарламасының маңыздылығын атап өтті. Мәселен, шаруашылық техникасының негізгі бөлігі – 326 трактор, 56 тұқым себу кешені және 87 өнімділігі жоғары комбайндар мемлекеттік қолдау бағдарламалары арқылы сатып алынды.
«Біз ауыл шаруашылығын қолдауға 700 млрд теңге бөліп, бұл көрсеткішті 1 трлн теңгеге жеткізгіміз келеді деген шешімді қуана қабылдадық. Бұл өте жақсы. Біз әртүрлі салаларда – құрылыс, ЖЖМ, салықтар бойынша қолдауға ие болып отырмыз. Мемлекеттің қамқорлығына өнім өндірісін ұлғайту арқылы жауап беру қажет екенін түсінеміз. Сондай-ақ адамдарға, әлеуметтік мәдени өмірге қамқорлық жасау керек, бұған да назар аударамыз. Мысалы, біздің шаруашылық 10 абаттандырылған үй салып жатыр. Өткен жылы газдандыруға, асфальт төсеуге, үй салуға және абаттандыруға шамамен 1 млрд теңге жұмсалды. Мемлекет көмектессе, оған қоса өзіміз де инвестиция салсақ, жүк жеңіл»,

— деп атап өтті «Алтынсарино» ЖШС директоры Борис Князев.

«AB agro» ЖШС директоры Нұрқанат Тәжнияз 12 мың басқа арналған қой фермасын құру жоспарымен бөлісті. Өңірде жүзеге асырылып жатқан АӨК инвестициялық жобаларын қаржыландыру бойынша Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін кеңейту бағдарламасына қатысу мәселесі көтерілді.

«Сыма-К» ЖШС директоры Манат Карбозов өз кезегінде мемлекеттік қолдау шаралары аясында шаруашылық үш жыл ішінде мал басын екі есеге – 1,5 мың басқа дейін арттырғанын жеткізді.

🔻 Шаруалармен кездесу барысында Олжас Бектенов Үкімет агроөнеркәсіп кешенін қолдау бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатқанын айтты.
«Президенттің тапсырмасымен соңғы жылдары ауыл шаруашылығы саласына үлкен көңіл бөлініп жатқанын білесіздер. Былтырдан бері салаға қомақты қаржы құйылып жатыр. Салыстыратын болсақ, 2022 жылға дейін қаржыландыру көлемі 70 млрд теңгеден аспайтын. Биыл 700 млрд теңге инвестиция салып отырмыз. Мемлекеттік қолдау 10 есеге артты. Көрсеткіштерге сәйкес, ауыл шаруашылығының жалпы ішкі өнімі шамамен 4%-ды құрайды. Бұл – аса үлкен көрсеткіш емес, алайда, ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Біз өзімізді негізгі азық-түлік түрлерімен қамтамасыз етуіміз керек. Келесі жылы қолдау көлемін одан әрі арттырамыз»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

🔘 Сонымен қатар ауылдық аумақтарды дамытудың және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің маңыздылығы атап өтілді. Мемлекеттің қолдауына ие болып отырған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өз кезегінде ауылда өмір сүру сапасын арттыру үшін өз үлестерін қосып, барлық қажетті жағдайларды жасауға тиіс.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Премьер-министр Олжас Бектенов Қостанай облысының шаруаларымен мемлекеттік қолдау шаралары және АӨК-ті дамыту мәселесін талқылады 📌 Қостанай облысына жұмыс сапары аясында Премьер-министр Олжас Бектенов көктемгі дала жұмыстарының барысын тексеріп, өңірдің…
Премьер-министр Олжас Бектенов обсудил с аграриями Костанайской области меры господдержки и развитие АПК

📌 В рамках рабочей поездки в Костанайскую область Премьер-министр Олжас Бектенов проверил ход весенне-полевых работ и обсудил с представителями сельхозформирований региона актуальные вопросы развития агропромышленного комплекса.

🔷 На примере ТОО «Село Восточное» Премьер-министру доложили об эффективности мер господдержки отрасли. На текущую посевную кампанию аграрии полностью обеспечены семенами, дизельным топливом и минеральными удобрениями. Директор ТОО «Село Восточное» Иван Попович сообщил, что в текущем году общий яровой сев составляет 54 тыс. га. Из них пшеница будет высажена на площади 47 тыс. га, ячмень — 5,3 тыс. га. Выращиваемое зерно хозяйство реализует для покрытия потребностей внутреннего рынка.

В свою очередь заместитель акима Костанайской области Арман Абенов доложил о темпах весенне-полевых работ в регионе. Крупнейший зерносеющий регион страны в этом году даст урожай с площади 5,1 млн га, в том числе зерновых и зернобобовых планируется высадить на 4,2 млн га. В рамках диверсификации увеличивается доля масличных, социально значимых и кормовых культур. В текущем году фермерами планируется в 1,3 раза увеличить объемы вносимых минеральных удобрений — до 337,6 тыс. тонн. По программам льготного кредитования через финансовые институты сельхозформированиям выделено 91,5 млрд тенге, что в 1,2 раза больше уровня прошлого года.

🔘 Кроме того, в 2025 году в регионе планируется ввести в эксплуатацию 36 инвестпроектов в сфере АПК на 52,5 млрд тенге, что позволит создать свыше 600 новых рабочих мест. При этом до 2027 года предусмотрено создание 93 проектов и 4,4 тыс. рабочих мест.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Премьер-министр Олжас Бектенов обсудил с аграриями Костанайской области меры господдержки и развитие АПК 📌 В рамках рабочей поездки в Костанайскую область Премьер-министр Олжас Бектенов проверил ход весенне-полевых работ и обсудил с представителями сельхозформирований…
📌 На полях Премьер-министр встретился с крупными сельхозтоваропроизводителями Костанайской области. Обсуждены актуальные вопросы развития сельского хозяйства, в том числе с учетом поставленных Президентом на IV национальном Курултае задач по увеличению валового выпуска продукции, повышению производительности труда и наращиванию объемов глубокой переработки зерна. Внимание уделено развитию не только растениеводства, но и животноводства как отрасли, обеспечивающей круглогодичную занятость на селе. В ходе встречи выступили руководители ТОО «Алтынсарино» Борис Князев, «AB agro» Нурканат Тажнияз, ТОО «Сыма-К» Манат Карбозов и др. Подняты вопросы субсидирования аграриев для пополнения оборотных средств, льготного финансирования инвестпроектов в сфере животноводства, подготовки квалифицированных специалистов для отрасли, а также активного участия бизнеса в развитии сельских населенных пунктов.

В частности, директор ТОО «Алтынсарино» Борис Князев обозначил важность программы льготного кредитования, которой ежегодно пользуются многие предприятия. Так, основная часть техники фермерского хозяйства - 326 тракторов, 56 посевных комплексов и 87 высокопроизводительных уборочных комбайнов - приобретена с помощью государственных программ поддержки.
«Мы очень хорошо восприняли решение, что на поддержку сельского хозяйства хотят выделить 700 млрд тенге и довести эту цифру до 1 трлн. Это очень хорошо. Ощущаем поддержку в разных отраслях – в строительстве, по ГСМ, налогам. Понимаем, что на заботу государства нужно отвечать увеличением производства продукции. Также надо заботиться о людях, соцкультбыте, на это тоже обращаем внимание. К примеру, наше хозяйство строит 10 благоустроенных домов. В прошлом году затратили около 1 млрд тенге на газификацию, асфальтирование, строительство домов и благоустройство. Когда помогает государство, еще и сам вкладываешься, получается хороший результат. Вдвоем любой груз всегда легче нести»,

— отметил директор ТОО «Алтынсарино» Борис Князев.

Директор ТОО «AB agro» Нурканат Тажнияз поделился планами по созданию овцеводческой фермы на 12 тыс. голов. Поднят вопрос участия в реализуемой в регионе программе масштабирования опыта Северо-Казахстанской области по финансированию инвестиционных проектов в АПК.

Директор ТОО «Сыма-К» Манат Карбозов в свою очередь сообщил, что в рамках мер государственной поддержки хозяйство за три года вдвое увеличило поголовье скота — до 1,5 тыс. голов КРС.

🔻 В ходе беседы с фермерами Олжас Бектенов подчеркнул, что Правительство ведет последовательную работу по поддержке агропромышленного комплекса.
«Вы знаете, что по поручению Президента в последние годы мы уделяем большое внимание сфере сельского хозяйства. Начиная с прошлого года мы вкладываем внушительные средства. Если сравнивать, то до 2022 года финансирование не превышало 70 млрд тенге. В этом году мы вкладываем 700 млрд тенге. В 10 раз увеличена господдержка. Хотя если смотреть на цифры, валовая внутренняя продукция сельского хозяйства занимает порядка 4%. Не так много, но это вопрос национальной безопасности. Мы должны сами себя обеспечивать по основным видам продовольствия. В следующем году будем еще увеличивать объемы поддержки»,

— подчеркнул Олжас Бектенов.

🔘 Кроме того, отмечена важность развития сельских территорий и социальной ответственности бизнеса. Сельхозтоваропроизводители, получающие господдержку, в свою очередь должны вносить свой вклад в развитие и создавать все необходимые условия для повышения качества жизни на селе.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Адами капитал – басты назарда: Олжас Бектенов Қостанай облысында білім беру мен денсаулық сақтау сапасын арттыру шараларымен танысты

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысының білім беру мен денсаулық сақтау салаларының инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларының іске асырылуын тексерді.

🔷 Олжас Бектенов Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетіне барып, өңірдегі жоғары білім беруді дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Университеттің инфрақұрылымына оқу корпусы, 2 жатақхана, тәжірибе базасы, спорттық-сауықтыру кешені, мұражайлар мен медициналық кабинеттер кіреді. Мұнда 2,6 мыңнан астам студенттер мен магистранттар білім алады
Ы.Алтынсарин атындағы университет ректоры Талғат Ещжанов университет ғимараттарының бірін 20 зертханасы мен 15 дәріс залы бар заманауи оқу корпусына айналдыру мақсатында реконструкциялау жоспарлары туралы баяндады.
Бұл контингентті 2 есеге арттыруға және 5,2 мың студентке жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар IT, экономика, ауыл шаруашылығы және басқа да мамандықтар бойынша кадрлар даярлау үшін ЖОО-ның білім беру бағдарламалары мен ғылыми базаларын кеңейту жоспарланып отыр.

🔻 Премьер-министр экономикалық өсудің негізі ретінде адами капиталды дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

«Заманауи еңбек нарығы жаңа технологиялардың жедел дамуы аясында тез өзгеруде. Біз экономикамыз үшін басым салалар бойынша мықты әрі бәсекеге қабілетті мамандар даярлауымыз керек. Оған қол жеткізу үшін бізге, әсіресе, өңірлердегі білім беру инфрақұрылымын жақсарту маңызды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Арқалық педагогикалық университетін дамытуға, оның ішінде оқу ғимаратын реконструкциялауға Арнаулы мемлекеттік қордан 1,9 млрд теңге бөлінді. Жоғары сапалы база ЖОО-ға жаңа экономикалық идеяларды іске асыруға бағытталған ғылыми-зерттеу жобаларын белсенді түрде дамытуға мүмкіндік береді. Инновациялық технологияларды енгізуге және білім берудің заманауи әдістемелерін дамытуға назар аудару керек»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сондай-ақ Премьер-министр Арқалық қаласында Президенттің бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған №7 жалпы білім беретін мектепте болды. 300 орындық жайлы мектептің ашылуы заман талабына сай сапалы білім алуды қамтамасыз етті. Оқушылар үшін робототехника кабинеттері, STEM зертханасы, цифрлық кітапхана, музыка кабинеті, спорт, шығармашылық және ғылыми үйірмелер жұмыс істейді. Сонымен қатар инклюзивті білім беруді дамытуға баса назар аударылады.

✔️ Жалпы Қостанай облысында 2024–2025 жылдары «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 3 300 орындық 4 мектеп қолданысқа берілді. Бүгінде 7 мектептің құрылысы жүргізілуде, оның ішінде екі ыңғайлы мектеп (Рудный қаласында 900 орындық және Әулиекөл ауданының Құсмұрын ауылында 300 орындық).

✔️ 3 240 орындық 5 жалпы білім беру мекемесін 2025 жылы тапсыру жоспарлануда. Жалпы Қазақстан бойынша 2025 жылдың соңына дейін 217 жайлы мектептің құрылысы жоспарланған, оның ішінде 105 мектеп пайдалануға берілген.

Сондай-ақ Премьер-министр Арқалықта азаматтарға көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыру шараларын тексерді. Атап айтқанда, бүгінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Арқалық өңірлік ауруханасының перзентхана ғимаратына барды. Перзентхана ғимараты төбесі, қабырғалары қалпына келтіріліп, жылу, су, кәріз жүйелерін жаңартумен қатар, заманауи құрылғылармен жабдықталмақ. Жобаның жалпы құны шамамен 1,2 млрд теңгені құрайды. Бүгінгі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары 70%-ға аяқталды. Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша жақын арада медициналық нысанда күрделі жөндеуді аяқтау үшін қаражат бөлінетін болады.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Адами капитал – басты назарда: Олжас Бектенов Қостанай облысында білім беру мен денсаулық сақтау сапасын арттыру шараларымен танысты 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысының білім беру мен денсаулық сақтау…
Человеческий капитал – в приоритете: Олжас Бектенов ознакомился с мерами по повышению качества образования и здравоохранения в Костанайской области

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов в ходе рабочей поездки в Костанайскую область проверил реализацию поручений Главы государства по развитию инфраструктуры сфер образования и здравоохранения.


🔷 На примере Аркалыкского педагогического университета им.И.Алтынсарина Премьер-министр ознакомился с проводимой в регионе работой по развитию высшего образования. Инфраструктура университета включает в себя учебный корпус, 2 общежития, базу практик, спортивно-оздоровительный комплекс, музеи и медицинские кабинеты. Здесь обучаются более 2,6 тыс. студентов и магистрантов. Ректор университета им. И. Алтынсарина Талгат Ещжанов доложил о планах по реконструкции одного из зданий университета с целью его преобразования в современный учебный корпус с 20 лабораториями и 15 лекционными залами. Это позволит увеличить контингент в 2 раза и довести до 5,2 тыс. студентов. Кроме того, планируется расширение образовательных программ и научных баз вуза для подготовки кадров в области IT, экономических, сельскохозяйственных и других специальностей.

🔻 Премьер-министр подчеркнул важность проводимой работы по развитию человеческого капитала как основы роста экономики.
«Современный рынок труда быстро меняется с учетом развития новых технологий. Мы должны готовить сильных и конкурентоспособных специалистов по приоритетным для нашей экономики отраслям. Для этого нам важно улучшать образовательную инфраструктуру, особенно в регионах. По поручению Главы государства на развитие Аркалыкского педагогического университета, в том числе реконструкцию здания учебного корпуса, из Специального государственного фонда выделено 1,9 млрд тенге. Качественная база позволит вузу активнее развивать научно-исследовательские проекты, направленные на реализацию новых экономических идей. Внимание должно быть уделено внедрению инновационных технологий и развитию современных методик обучения»,

– подчеркнул Олжас Бектенов.

В городе Аркалык Премьер-министр также посетил общеобразовательную школу №7, построенную в рамках реализации инициированного Президентом Национального проекта «Комфортная школа». Открытие комфортной школы на 300 мест обеспечило получение качественного образования в соответствии с современными требованиями. Для учащихся здесь функционируют кабинеты робототехники, STEM-лаборатория, цифровая библиотека, музыкальный кабинет, спортивные секции, творческие и научные кружки. Кроме того, внимание уделяется развитию инклюзивного образования.

✔️ Всего в Костанайской области в 2024-2025 гг. в рамках нацпроекта «Комфортная школа» сданы 4 школы на 3 300 мест. На сегодня ведется строительство 7 школ, в том числе двух комфортных (в г. Рудном на 900 мест и п. Кушмурун Аулиекольского района на 300 мест). 5 общеобразовательных учреждений на 3 240 мест планируется сдать в 2025 году. В целом по Казахстану до конца 2025 года запланировано строительство 217 комфортных школ, из которых 105 школ уже сданы в эксплуатацию.

Также в Аркалыке Премьер-министр проверил меры по повышению качества оказываемых гражданам медицинских услуг. В частности, посещено здание родильного дома Аркалыкской региональной больницы, где на сегодня проводится капитальный ремонт. Помимо реконструкции кровли, стен, обновления систем отопления, водоснабжения и канализации, роддом будет оснащен современным оборудованием. Общая стоимость проекта составляет порядка 1,2 млрд тенге. На сегодняшний день строительно-монтажные работы завершены на 70%. По поручению Премьер-министра в ближайшее время будут выделены средства на завершение капитального ремонта медицинского объекта.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM