UKIMET
18.2K subscribers
10K photos
1.72K videos
8.09K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Қауіпсіздік Кеңесі отырысында берген тапсырмаларын орындау бойынша кеңес өткізді

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Қауіпсіздік Кеңесі отырысында берген тапсырмаларын орындау бойынша Көлік, Қаржы министрліктері басшылығының, «Самұрық-Қазына» қоры, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізді.

🔷 Президент тарапынан айтылған сынды ескере отырып, негізгі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру мерзімдерін қысқарту мәселелері қаралды. Қазақстан аумағында орналасқан өткізу пункттерін жаңғырту бойынша көрші елдермен уағдаластықтарды сапалы әрі уақтылы іске асыруға назар аударылды.

Еліміздің нарығын қолжетімді бағадағы авиациялық отынмен қамтамасыз ету үшін отандық мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртуды жеделдету туралы шешім қабылданды.

📌 Премьер-министр «жасыл дәліздерді» ұйымдастыру және тиімділігін арттыру жөніндегі жұмыстардың нәтижелері азаматтар мен бизнес үшін айқын болуы тиіс екенін атап өтті. Тиісті органдарға транзиттік жүктер үшін кедендік тексерусіз тетікті енгізу тапсырылды. Сыртқы қазақстандық терминалдарды қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

🔘 Президенттің тапсырмаларын ескере отырып теміржол (20,5%) және құбыр көлігімен (19,5%) жүк тасымалдау көлемінің ұлғаюы аясында Көлік, Қаржы министрліктеріне мүдделі ұйымдармен бірлесіп бір апта мерзімде сауда және транзит ағынына әсер ететін басым жобаларды қаржыландыруды қамтамасыз ету тапсырылды.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға екі күн мерзімде жергілікті жерлердегі жұмыстарды бақылау мақсатында өңірлерге барып, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралардың егжей-тегжейлі жоспарын дайындау тапсырылды.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Қауіпсіздік Кеңесі отырысында берген тапсырмаларын орындау бойынша кеңес өткізді 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Қауіпсіздік Кеңесі отырысында берген тапсырмаларын орындау бойынша Көлік, Қаржы министрліктері…
Олжас Бектенов провел совещание по исполнению поручений Главы государства, данных на заседании Совета Безопасности

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов провел совещание с участием руководства министерств транспорта, финансов, Фонда «Самрук-Қазына», Национальной компании «Қазақстан темiр жолы», Пограничной службы Комитета национальной безопасности по исполнению поручений Главы государства, данных на заседании Совета Безопасности.

🔷 С учетом озвученной Президентом критики рассмотрено сокращение сроков реализации ключевых инфраструктурных проектов. Внимание уделено качественной и своевременной реализации договоренностей с соседними странами по модернизации пропускных пунктов, находящихся на казахстанской территории.

Для обеспечения отечественного рынка авиационным топливом по доступным ценам принято решение об ускорении модернизации отечественных нефтеперерабатывающих заводов.

📌 Руководитель Правительства подчеркнул, что результаты работы по организации и повышению эффективности «зеленых коридоров» должны быть ощутимы для граждан и бизнеса. Соответствующим органам поручено внедрить механизм без таможенного досмотра для транзитных грузов. Ведется работа по формированию внешних казахстанских терминалов.

🔘 С учетом поручений Президента и на фоне увеличения объемов грузоперевозок железнодорожным (20,5%) и трубопроводным транспортом (19,5%) министерствам транспорта, финансов совместно с заинтересованными организациями поручено в недельный срок обеспечить финансирование приоритетных проектов, влияющих на торговый и транзитный поток.

Первому заместителю Премьер-министра Роману Скляру поручено в двухдневный срок подготовить детальный план мероприятий по исполнению поручений Главы государства с последующим выездом в регионы в целях контроля работ на местах.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📌 Қостанай облысында Премьер-министр сондай-ақ жылумен үздіксіз қамтамасыз ету және өңірді жаңа жылыту маусымына дайындау жөніндегі шаралардың іске асырылу барысын тексерді. Атап айтқанда, Арқалық ЖЭО қызметімен және жылу желілерін жаңғырту жоспарларымен танысты. Станса 375 ғимаратқа қызмет көрсетеді. ЖЭО коммуникациялардың тозу деңгейінің жоғарылығына байланысты тәуекелі жоғары қызыл аймақтағы жылу көздерінің тізіміне кіреді. Әкімдіктің мәліметінше, соңғы екі жылда 17 шақырымнан астам жылу желілері ауыстырылды, бұл 2024-2025 жылыту маусымын апатты жағдайда тоқтап қалуынсыз өткізуге мүмкіндік берді. Биыл тағы 9,9 шақырым жылу трассасын жөндеу жоспарланып отыр. Жаңғырту жобасын іске асыру қорытындысы бойынша Арқалықтағы жылу желілерінің тозуы 12%-ға төмендейді деп күтілуде. «Арқалық жылу энергетикалық компаниясы» МКК директоры Жасұлан Әбдірахманов сұйық отын ретінде пайдаланылған мазуттан көмірге көшудің арқасында кәсіпорын шығындарын 2,2 млрд теңгеге азайтуға қол жеткізілгенін баяндады.

Жалпы облыс бойынша 2024-2025 жылыту кезеңіне дайындық шеңберінде жабдыққа, жылу желілеріне және электр беру желілеріне күрделі жөндеу жүргізілді. Өңірде тозу көрсеткішін әрі қарай төмендету мақсатында биыл жалпы ұзындығы 27,9 шақырым жылу трассасын қайта жаңарту бойынша 22 жоба іске асырылуда.

🔘 Сонымен қатар Премьер-министрге өңірдегі «жасыл» энергетиканы дамыту бойынша жоспарлар таныстырылды. Қостанай облысында энергия жинақтау жүйесі бар қуаты 1 ГВт жел электр стансасын салу жөніндегі бастамаға назар аударылды. 2025–2028 жылдары 165 жел генераторын орнату қарастырылуда. Жел электр стансасының құрылысы көміртегі қалдықтарын жылына 3,3 млн тоннаға азайтуға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, Арқалық қаласы мен Қостанай ауданында қуаттылығы 150 МВт болатын үш жел электр стансасының құрылысы көзделген. Жалпы, алдағы екі жылда ЖЭК саласында жиынтық қуаты 1,2 ГВт болатын 6 жаңа жоба іске асырылады. Бастамаларды жүзеге асыру қорытындысы бойынша өңірде электр энергиясын өндіру 10 есеге артады. Электр энергиясын қосымша өндіру өнеркәсіпті дамыту жөніндегі жоспарларды ескере отырып, өңірдің өсіп келе жатқан қажеттіліктерін жабуға мүмкіндік береді. 2028 жылға қарай Қостанай облысының баламалы энергия көздерінің жалпы өнімділігін 1,3 ГВт-қа дейін жеткізу жоспарлануда.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
📌 В Костанайской области Премьер-министр также проверил ход реализации мер по обеспечению бесперебойного теплоснабжения и подготовке региона к новому отопительному сезону. В частности, ознакомился с деятельностью Аркалыкской ТЭЦ и планами по модернизации теплосетей. Станция обслуживает 375 зданий. ТЭЦ входит в перечень теплоисточников в красной зоне риска по причине высокого износа коммуникаций. По данным акимата, за последние два года произведена замена более 17 км теплосетей, что позволило провести отопительный сезон 2024–2025 без аварийных отключений. В текущем году планируется ремонт еще 9,9 км тепловых трасс. По итогам реализации проекта модернизации ожидается снижение износа теплосетей в Аркалыке на 12%. Директор ГКП «Аркалыкская теплоэнергетическая компания» Жасулан Абдрахманов доложил, что благодаря переходу с мазута, использовавшегося в качестве жидкого топлива, на уголь, затраты предприятия удалось сократить на 2,2 млрд тенге.

В целом по области в рамках подготовки к отопительному периоду 2024–2025 проведен капитальный ремонт оборудования, тепловых сетей и линий электропередач. Для дальнейшего снижения износа в регионе в текущем году реализуются 22 проекта по реконструкции теплотрасс общей протяженностью 27,9 км.

🔘 Вместе с тем Премьер-министру представили планы по развитию «зеленой» энергетики в регионе. Внимание уделено инициативе по строительству ветроэлектростанции мощностью 1 ГВт с системой накопления энергии в Костанайской области. В 2025–2028 годы планируется установка 165 ветрогенераторов. Строительство ветроэлектростанции позволит сократить выбросы углерода на 3,3 млн тонн в год.

Кроме того, в городе Аркалыке и Костанайском районе запланировано строительство трех ветровых электростанций мощностью 150 МВт. В целом, в ближайшие два года будут реализованы 6 новых проектов в сфере ВИЭ суммарной мощностью 1,2 ГВт. По итогам реализации инициатив производство электроэнергии в регионе увеличится в 10 раз. Дополнительная выработка электроэнергии позволит покрыть растущие потребности региона с учетом планов по развитию промышленности. К 2028 году общую производительность альтернативных источников энергии Костанайской области планируется довести до 1,3 ГВт.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM