UKIMET
18.2K subscribers
10K photos
1.72K videos
8.1K links
ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК

🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz
🔗 https://t.me/ukimet_points
Download Telegram
UKIMET
📌 Кездесу барысында денсаулық сақтау саласына инвестиция тарту перспективаларынан басқа түйткілді мәселелер мен оларды бизнеспен диалог арқылы шешу жолдары талқыланды.

Қазақстандағы Америка Сауда палатасының атқарушы директоры Джефф Эрлих Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерді атап өтті. Ол елімізде болған 20 жылдан астам уақыт ішінде ұлт денсаулығына оң әсерін тигізетін елеулі жетістіктерге куә болғанын айтты. Ол денсаулық сақтау көрсеткіштерінің өсуі жаңа технологиялар мен сапалы құрал-жабдықтарды енгізумен қатар жүретініне тоқталды. Сондай-ақ Джефф Эрлих еркін сауданың маңыздылығына назар аударды және АҚШ Сауда палатасының Қазақстанмен сауда қатынастарын нығайтуға дайын екенін жеткізді.

АҚШ-тың Қазақстандағы Уақытша сенімді өкілі Дебора Робинсон дәрілік заттарға зияткерлік меншік құқығын қорғауды күшейту және халықаралық стандарттар мен озық тәжірибелерге сәйкес келетін реттеу тетіктерін енгізу мәселелеріне тоқталды.

Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшісі Алешка Симкич өз сөзінде ЕО мен Қазақстан арасындағы денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықтың оң нәтижелерін атап өтті. Атап айтқанда, Қазақстанда және Орталық Азияда ДДҰ қолдауымен іске асырылатын Еуроодақ жобасына, сондай-ақ «ЕО – Қазақстан» жоғары деңгейлі платформасы және денсаулық сақтау және денсаулық сақтау саясаты саласындағы нарыққа қол жеткізу жөніндегі екіжақты жұмыс тобы арқылы өзара іс-қимылға жоғары баға берілді.

Канаданың Қазақстандағы және Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстандағы елшісі қызметін қоса атқарушы Кристофер Дагган инвесторлар тарту және дарынды мамандарды қолдау үшін инновациялық технологияларды дамытудағы ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды. Атап айтқанда, Канаданың Қазақстанмен білім беру, озық технологияларды енгізу арқылы денсаулық сақтау жүйесін трансформациялаудағы стратегиялық әріптестікке мүдделі екені айтылды.

Johnson & Johnson компаниясының Қазақстандағы бас директоры Әділет Назарбаев мемлекеттік қаржыландыру аясында онкологиялық препараттардың емделушілер үшін қолжетімділігі мәселесін көтерді. Қатерлі ісікпен ауыратын науқастар тіркелген сәттен бастап, дәрі қабылдағанға дейінгі кезеңді 100 күнге дейін қысқартудың маңыздылығы атап өтілді – бүгінде Денсаулық сақтау министрлігі тиісті жұмыстар жүргізуде.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
UKIMET
📌 В ходе встречи помимо перспектив привлечения инвестиций в сферу здравоохранения были обсуждены проблемные вопросы и пути их решения в диалоге с бизнесом.

Исполнительный директор Американской торговой палаты в Казахстане Джефф Эрлих отметил имеющийся прогресс Казахстана в сфере здравоохранения. По его словам, за более чем 20 лет, проведенные в стране, он стал свидетелем значительных улучшений, которые положительно отражаются на здоровье нации. Он подчеркнул, что рост показателей здравоохранения сопровождается внедрением новых технологий и качественного оборудования. Джефф Эрлих также акцентировал внимание на важности свободной торговли и подтвердил готовность Торговой палаты США укреплять торговые отношения с Казахстаном.

Временная поверенная в делах США в РК Дебора Робинсон затронула вопросы усиления защиты прав интеллектуальной собственности на лекарственные средства и внедрения регуляторных механизмов, соответствующих международным стандартам и лучшим практикам.

Посол Европейского Союза в РК Алешка Симкич в своей речи отметила положительные результаты сотрудничества между ЕС и Казахстаном в секторе здравоохранения. В частности, высокая оценка дана проекту Евросоюза, реализуемого при поддержке ВОЗ в Казахстане и Центральной Азии, а также взаимодействию через Платформу высокого уровня ЕС-Казахстан и двустороннюю Рабочую группу по вопросам доступа к рынку в сфере здравоохранения и здравоохранительной политики.

Посол Канады в Казахстане и по совместительству в Кыргызстане, Таджикистане, Туркменистане, Узбекистане Кристофер Дагган подчеркнул важность сотрудничества в области развития инновационных технологий для привлечения инвесторов и поддержки талантливых специалистов. В частности, отмечена заинтересованность Канады в стратегическом партнерстве с Казахстаном в области трансформации системы здравоохранения через образование, внедрение передовых технологий и др.

Генеральный директор Johnson & Johnson в Казахстане Адилет Назарбаев актуализировал вопрос доступности онкопрепаратов для пациентов в рамках государственного финансирования. Отмечена важность сокращения периода с момента регистрации до приема лекарства онкобольными до 100 дней – на сегодня Министерством здравоохранения проводится соответствующая работа.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Үкімет Аппараты «Таза Қазақстан»экологиялық бастамасы аясында сенбілікке қатысты

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов бастаған Үкімет Аппаратының қызметкерлері Мемлекет басшысы жариялаған «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында сенбілікке қатысты.

🌲 Жалпы ауданы 68,5 мың шаршы метрден асатын EXPO саябақ аймағының аумағында қарағай, қайың және басқа да ағаш түрлерінің көшеттері отырғызылды. Көрме алаңын көгалдандыру жұмыстарының нәтижесінде жалпы көлемі 9,2 мың ағаш, 25,5 мың көпжылдық бұта отырғызылған.

✔️ «Таза Қазақстан» аясында «Бүкіл қазақстандық ағаш егу күні» экологиялық акциясы өтуде. Бір апта ішінде барлық өңірлерде 200-ге жуық экологиялық іс-шара өтті. Қоғамдық кеңістіктерді тазарту және ағаш отырғызу бойынша акциялар ұйымдастырылды, 5 мыңнан астам тарихи-мәдени мұра нысандары ретке келтірілді, өзендер, көлдер және басқа да су айдындарының айналасындағы 5,8 млн шаршы метрден астам аумақ тазартылды. Жалпы биыл экология және табиғи ресурстар министрлігі өңірлерге 300 мыңнан астам көшет жіберді. 2024 жылы қалалық орта мен экология саласындағы мәселелерді шешуге өтінім беруді жеңілдету үшін @TazaQazBot чат-боты жұмыс істейді.

✔️ «Таза Қазақстан» бастамасы іске қосылған сәттен бастап оған 6 млн-нан астам адам қатысты. Бір жыл ішінде шамамен 1,6 млн жасыл желек отырғызылып, 5,8 млн шаршы метрден астам жағалау аймақтары ретке келтірілді, 1,1 млн тонна қоқыс жиналды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM